5) салық заңдарын бұзған ұйымдарға, лауазымды тұлғалар мен азаматтарға осы Жарлыққа сәйкес салық санкциясын және қолданылып жүрген заңдарда көзделген айыппұл салуды қолдануға;
6) ұйымдардың лауазымды тұлғалары мен азаматтардың салық заңдарын бұзу фактілері бойынша осы тармақтың 4), 5) тармақшаларында және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген негiздер бойынша салық қызметi органының басшысы немесе оның орынбасарлары бекiтетiн актiлер (хаттама) жасауға және қаулы шығаруға;
7) сауда ұйымдары мен басқа да ұйымдардан, жеке кәсiпкерлерден тауарларды (өнiмдердi), атқарылатын жұмыс пен көрсетiлетiн қызметтi бақылау ретiнде сатып алуға;
8) басқа заңды тұлғалардан, биржалардан және азаматтардан мәлiметтердi, анықтамаларды, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызмет туралы құжаттарды тек қана қызмет бабындағы мақсатта және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып алуға;
8-1) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтаЙ отырып, банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан тексеру жүргiзiлетiн заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша оның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен оның ақша қозғалысы туралы мәлiметтердi, сондай-ақ тексеру жүргiзiлетiн тұлғаның банктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтарында және үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлкінің сипаты және құны туралы қолда бар мәлiметтердi алуға;
9) ұйымдардың біліктi мамандарын, басқа да бақылаушы органдардың қызметкерлерiн салық қызметi органдарының қаражаты есебiнен ақы төлей отырып, тексерулер мен сараптамалар жүргiзуге тартуға;
10) қолданылып жүрген заңдарды сақтай отырып, өз өкiлеттiгiн жүзеге асырған кезде ұйымдар мен азаматтардың табыс түсiру үшiн пайдаланатын не тұрған жерiне қарамастан салық салынатын объектiлердi ұстауға байланысты кез келген өндiрiстiк, қойма, сауда және басқа үй-жайларын тексеруге құқығы бар.
11) Салық төлеушiлерден Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленген нысандар бойынша электрондық құжаттар түрiнде ақпарат алуға.
2. Аумақтық салық органдарының:
1) белгiленген мерзiмде төленбеген салықты, айыппұлды және өсiмдi, сондай-ақ әкiмшiлiк жолымен салынған айыппұлды ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларымен азаматтардан бiрiншi кезектi тәртiппен өндiрiп алуға, салық салу кезеңi аяқталғаннан кейiн 5 жыл iшiнде бұрын есептелген салық сомасын есептеуге немесе қайта қарауға;
2) салық, айыппұл және өсiм белгiленген мерзiмде төленбеген жағдайда Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес ұйымдар мен азаматтардың жылжымалы және жылжымайтын мүлкiн ақшасын хаттауға құқығы бар;
3) Салық комитетi органдарының басшылары осы Заңның ережелерiне сәйкес ұйымдар мен азаматтардың бюджетке салықтар мен басқа да төлемдер жасау мерзiмiн ұзартуға және оларды дүркiн-дүркiн бөлiп төлеуге мұрсат бередi.
3. Қаржы полициясы органдарының:
1) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес салық тексерiстерiн жүргiзуге;
2) егер азаматтар мен лауазымды адамдар қылмыс жасады деп күдiктенетiн жеткiлiктi негiздер болса немесе олар әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жағдайда қаржы полицияларының бөлiмшелерi арқылы олардың жеке басын анықтау үшiн қажеттi құжаттарды талап етiп алуға және тексеруге;<*<
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiзде және тәртiппен қаржы полицияларының бөлiмшелерiмен жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға;
4) салықтардың төленбеуiне, салық салудан жалтаруға немесе мемлекет алдындағы басқа қаржылық мiндеттемелердiң орындалмауына, байланысты қылмыстар туралы iстер жөнiнде, мемлекетке зиян келтiруге әкеп соққан өзге де қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды қаржы полицияларының бөлiмшелерiмен анықтау мен алдын ала тергеудi жүзеге асыруға;
5) салық полициялары бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiзде және тәртiппен қаруды, арнаулы құралдарды сақтауға, алып жүруге, оларды қолдануға және күш жұмсауға;
6) салық полициялары бөлiмшелерiнiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға, әкiмшiлiк ұстауды жүзеге асыруға, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарда көзделген басқа да шараларды қолдануға;
7) салық төлеуден жалтаруға байланысты қылмыс белгілерін көрсететін жеткілікті негіздер болған кезде салық органдарының нұсқамалары негізінде салық органдарымен бірлесіп салық тексерістерін жүргізуге құқығы бар.
Ескерту. 171-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 171-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 19.06.1997 № 134-I Заңымен - бұл толықтырулар 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Ескерту. 171-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 171-баптың 2-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 171-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 171-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 29.03.2000 № 42 Заңымен.
Ескерту. 171-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
Ескерту. 171-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 12.07.2001 № 240 Заңымен.
172-бап. Салық қызметi органдарының жауапкершiлiгi
1. Салық қызметi органдары лауазымды тұлғасының қызмет бабындағы мiндеттерiн атқармауы немесе тиiсiнше атқармауы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiптiк, материалдық немесе өзге жауапкершiлiкке әкеп соғады.
2. Салық қызметi қызметкерлерiнiң заңсыз iс-әрекетi салдарынан салық төлеушiге келтiрiлген зиян сот шешiмi бойынша республикалық бюджеттен (бес жылдан аспайтын кезең үшiн) төленедi.
Ескерту. 172-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 172-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 172-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
173-бап. Салық қызметi органдарының басқа мемлекеттік органдармен және өзара қарым-қатынастары
1. Салық қызметi органдары орталық және жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарымен, құқық қорғау, қаржы және басқа да мемлекеттік бақылау органдарымен өзара iс-қимыл жасап отырады, бiрлескен бақылау шараларын қолданады, осы Заңның 174-бабының ережелерiн ескере отырып, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.
2. Мемлекеттік органдар салық қызметi органдарына Қазақстан Республикасының салық заңдары мен мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелер туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі мiндеттердi атқаруына, салық құқық бұзушылықтары мен қылмыстарына қарсы күресте жәрдемдесiп отыруға мiндеттi.
3. Салықтың, бюджетке төленетiн басқа да төлемдердiң және мемлекет алдындағы өзге де қаржылық мiндеттемелердiң толық және уақытылы төленуiне мемлекеттік бақылау жасауды қамтамасыз етуге салық қызметiнiң органдары ғана уәкiлеттi.
4. Салық қызметi органдары өздерiне жүктелген мiндеттердi өзара iс-қимыл жасай отырып атқарады.
5. Салық қызметі және қаржы полициясы органдары жедел деректер алған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы істерді қозғауға себептер мен негіздер болған кезде салық төлеушiлердi бiрлесiп тексерудi жүзеге асыру үшiн өздерiнiң лауазымды адамдарын жiбередi.
Өздерiнiң лауазымды адамдарын жiберу туралы шешiм тиiстi сұрау салу келiп түскен күннен бастап бес күн iшiнде қабылданады.
6. Аумақтық салық органдары заңдарда қаржы полициясы органдарының тергеуiне жатқызылатын қылмыстар жасалды деп жорамалдауға мүмкiндiк беретiн фактiлердi ашу кезiнде аталған фактiлер ашылған күннен бастап үш күн iшiнде олар жөнiнде анықтау, алдын ала тексеру жүргiзудi және заңдарға сәйкес шешiм қабылдауды жүзеге асыру үшiн тиiстi қаржы полициясы органына материалдарды жолдауға мiндеттi.
7. Салық қызметi органдары өздерiнiң арасындағы келісім бойынша белгiленген тәртiппен салық жолсыздықтары мен қылмыстар туралы өздерiнде бар материалдар мен олардың жолын кесу жөнiнде қолданылған шаралар, өздерi жүргiзген бақылаушылық салық тексерулерi туралы бiрiне-бiрi хабарлап отырады, сондай-ақ өздерiне жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында басқа да қажеттi ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
Ескерту. 173-баптың 6-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 173-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 12.07.2001 № 240 Заңымен.
174-бап. Мүдделер кереғарлығы
Салық қызметiнiң қызметкерлерiне салық төлеушiге қатысты кәсiби мiндеттерiн жүзеге асыруға:
1) егер бұл қызметкердiң онымен тiкелей туыстық қатысы болса;
2) қызметкердiң немесе оның жақын туысының оған қатысты тiкелей немесе жанама қаржылық мүдделiлiгi болса тыйым салынады.
175-бап. Мәлiметтер құпиясы
1. Салық қызметi және оның қызметкерлерi болып табылатын немесе болған барлық адамдар салық төлеушiлер туралы өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау барысында алған мәлiметтердi құпия ұстауға мiндеттi және осы ақпаратты мына адамдарға ғана:
1) салық қызметiнiң басқа қызметкерлерiне олардың осы Жарлыққа сәйкес өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау барысында және мақсатында;
2) салық құқық бұзушылығы мен қылмыс жасаған адамдарды қудалауы үшiн құқық қорғау органдарына;
3) салық тәртібін бұзғаны және қылмысы үшiн салық төлеушiнiң салық мiндеттемелерiн немесе жауапкершiлiгiн белгiлеу туралы iстi қарау барысында соттарға;
4) халықаралық шарттарға сәйкес басқа елдердiң салық органдарына беруге құқылы.
1-1. Жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушi төлеген салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жалпы сомасы туралы мәлiметтер құпия болып табылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес мәлiмет алған аталған органдардың қызметкерлерi, мұндай ақпаратты ашуға рұқсат етiлген мақсатқа қол жеткізу үшiн қажеттi дәрежеде ғана ақпарат берудi қоспағанда, осы баптың ережелерiне сәйкес осы мәлiметтердi құпия сақтауға мiндеттi.
Ескерту. 175-бап 1-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
46-тарау. САЛЫҚ ҚЫЗМЕТIНIҢ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIН
ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ
Ескерту. 46-тараудың тақырыбы өзгерді - Қазақстан Республикасының 12.07.2001 № 240 Заңымен.
176-бап. Салық қызметiнiң және қаржы полициясының қызметкерлерiн құқықтық және әлеуметтiк қорғау
1. Салық қызметiнiң және қаржы полициясының қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқару барысында заңмен қорғалады.
2. Салық қызметiнiң және қаржы полициясының қызметкерлерi республикалық бюджет қаражаты есебiнен мiндеттi түрде жеке сақтандырылуға тиiс.
3. Қызметiн жүзеге асыруына байланысты салық қызметiнiң және қаржы полициясының қызметкерлерiне ауырлығы орташа дене жарақаты түсiрiлген жағдайда, оған республикалық бюджет қаражатынан есебiнен бес айлық жалақы мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы төленедi, кейiн бұл сома Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес кiнәлi адамдардан өндiрiлiп алынады.
4. Қызметiн жүзеге асыруына байланысты салық қызметiнiң және қаржы полициясының қызметкерiне кәсiби қызметiмен одан әрi шұғылдануына мүмкiндiк бермейтiн ауыр дене жарақаты түсiрiлген жағдайда, оған республикалық бюджет қаражатынан бесжылдық ақшалай үлесi мөлшерiнде, кiнәлi адамдардан сомасы кейiн өндiрiлiп алынатын, бiржолғы жәрдемақы берiледi, сондай-ақ оның лауазымдық жалақысы мен зейнетақысының мөлшерi арасындағы айырма (өмiр бойы) төленедi.
5. Жұмыс iстеген кезінде және жұмыстан босағаннан кейiн өз қызметiн жүзеге асыруына байланысты салық қызметiнiң және қаржы полициясының қызметкерi қаза тапқан жағдайда қаза тапқан адамның (қайтыс болған адамның) отбасына немесе оның асырауындағы жандарға (мұрагерлерiне):
1) қаза тапқан адамның (қайтыс болған адамның) соңғы лауазымы бойынша республикалық бюджет қаражатынан онжылдық ақшалай үлес мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы төленедi;
2) асыраушысынан айрылуына байланысты қаза тапқан адамның (қайтыс болған адамның) соңғы лауазымы бойынша республикалық бюджет қаражатынан айлық ақшалай үлесi мөлшерiнде мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақы тағайындалады.
6. Қызметтiк мiндетiн орындауына байланысты салық қызметi қызметкерiнiң мүлкiне келтiрiлген зиян, сондай-ақ салық қызметi қызметкерiнiң отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиян, осы соманы кейiн кiнәлi адамдардан өндiрiп ала отырып, республикалық бюджет қаражатынан толық көлемiнде өтеледi.
7. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi үшiн бiрыңғай киiм нысаны мен мынадай атақтар берiледi:
кiшi басшы құрам:
қаржы полициясының прапорщигi;
қаржы полициясының аға прапорщигi;
орта басшы құрам:
қаржы полициясының кiшi лейтенанты;
қаржы полициясының лейтенанты;
қаржы полициясының аға лейтенанты;
қаржы полициясының капитаны;
аға басшы құрам:
қаржы полициясының майоры;
қаржы полициясының подполковнигi;
қаржы полициясының полковнигi;
жоғары басшы құрам:
қаржы полициясының генерал-майоры;
салық полициясының генерал-лейтенанты.
Кiшi, орта және аға басшы құрам арнаулы атақтары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн Қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ережеге сәйкес берiледi.
Қаржы полициясы органы қызметкерi лауазымына тұңғыш рет тағайындалып отырған адам мәтiнiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн ант қабылдайды.
8. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтiк жәрдемақы төлеу iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн заң актілерінде белгiленген тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
9.
Ескерту. 176-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 176-баптың 7-тармағы алынып тасталды, 8,9,10-тармақтар тиiсiнше 7,8,9-тармақтар болып саналды, 8-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 176-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 19.06.1997 № 134-I Заңымен - бұл өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Ескерту. 176-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 176-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 Заңымен.
Ескерту. 176-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 12.07.2001 № 240 Заңымен.
177-бап. Салық қызметi және қаржы полициясы қызметкерлерiне еңбекақы төлеу және олардың жұмыс iстеу шарттары
1. Салық қызметi және қаржы полициясы қызметкерлерiне еңбекақы төлеу шарттарын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Осы баптың 3-тармағында көзделгеннен басқа жағдайларда салық қызметi қызметкерлерiне:
1) басқа ұйымдарда жұмыс iстеуге;
2) кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануға тыйым салынады.
3. Салық қызметi қызметкерлерiне салық органдарындағы қызметтен басқа ғылыми және оқытушылық қызметпен шұғылдануға рұқсат етiледi.
Ескерту. 177-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 12.07.2001 № 240 Заңымен.
Ескерту. 177-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 10.10.2001 № 247 Заңымен.
178-бап. Салық қызметі және қаржы полициясы органдарын қаржыландыру және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету
Салық қызметі және қаржы полициясы органдарын қаржыландыру мен материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Ескерту. 178-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 178-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 19.06.1997 № 134-I Заңымен.
Ескерту. 178-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 178-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.12.22. № 327 Заңымен.
Ескерту. 178-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 12.07.2001 № 240 Заңымен.
XIII-бөлiм. КҮШIНЕ ЕНГIЗУ
Ескерту. Жаңа XIII-бөлiм енгiзiлдi, оған 179-бап кiргiзiлдi - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 Заңымен.
179-бап. Күшiне енгізу тәртібі
1. Осы Заң 1995 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енгiзiледi.
2. Заңды және жеке тұлғалар 1995 жылғы 9 тамыздағы жағдай бойынша салық және кеден органдары деректерiнiң негiзiнде 1995 жылғы 1 шiлдеге дейiн пайда болған құқық қатынастары бойынша есептелген айыппұлдар мен өсiмдер жөніндегі берешек сомаларын төлеуден босатылады.
3. Заңды және жеке тұлғалар 1995 жылғы 9 тамыздағы жағдай бойынша салық органдары деректерiнiң негiзiнде 1995 жылғы 1 шiлдеге дейiн пайда болған құқық қатынастары бойынша есептелген Экономиканы жаңғырту қоры мен Кәсiпкерлiктi қолдау және бәсекелестiктi дамыту қорына төлемдер бойынша, қоғамдық қалалық көлiктi дамытуға заңды тұлғалардан алынатын алымдар бойынша және тұтынуға жұмсалатын қаражаттың олардың нормативтiк шамасынан асып түскен сомасынан алынатын пайдаға салынатын салық бойынша (тұтыну қоры), сондай-ақ 1997 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша аталған берешектер жөнiнде айыппұлдар мен өсiмнiң есептелген сомаларын төлеу бойынша берешек сомаларын төлеуден босатылады.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметінiң немесе Құзыреттi орган мен отандық немесе шетелдiк жер қойнауын пайдаланушылардың арасында 1996 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда, сондай-ақ осы жер қойнауын пайдаланушылармен бұрын жасалған келісім-шарттарды орындау үшiн аталған күннен кейiн жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда және 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалып, мiндеттi салық сараптамасынан өткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда айқындалған салық салу талаптары сақталады және олардың қолданылуының күллi белгiленген мерзiмi бойы күшiнде болады.
4-1. Акцизделетiн өнiм өндiрушiлерге 1994 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған келісім-шарттарға сәйкес тiкелей салықтар бойынша берiлген салық режимi осы келісім-шарттарда белгiленген талаптарда сақталады.
4-2. Осы баптың 4-3-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар мынадай шарттарды орындаған жағдайда:
1) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен келісім-шарттарда белгіленген салық режиміне өзгерістер енгізгенде. Бұл ретте, өзгертілген салық режимі 2001 жылғы 1 шілдеден бастап қолданылады;
2) жер қойнауын пайдаланушылар 2001 жылғы 1 шілдеден бастап өзгерістер енгізілген күнге дейін өсім мен айыппұл санкцияларын қолданбай, салық режимінің өзгеруіне байланысты бюджет алдындағы міндеттемелер бойынша қайта есептеу жүргізгенде, 2001 жылғы 1 шілдеден бастап қосылған құн салығына 16 процент, әлеуметтік салыққа 21 процент мөлшерінде ставка қолданады.
4-3. Кең таралған пайдалы қазбаларды және (немесе) жерасты суларын барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбалардың басқа түрлерін барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізбеген жағдайда, осы жер қойнауын пайдаланушылар 2001 жылғы 1 шілдеден бастап қосылған құн салығына 16 процент, әлеуметтік салыққа 21 процент мөлшерінде ставка қолданады.
5. Осы Заңның 94-104-баптары Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан жер қойнауын пайдаланушылармен тиiстi контрактiлер жасасуына қарай күшiне енедi.
6. Осы Заңның II бөлiмiнiң ережелерi үшiн 1995 жылғы 1 шiлдеден 31 желтоқсанға дейiнгi уақыт салық жылы болып саналсын.
7. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн 1997 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша пайда болған мерзiмi өткен және мерзiмi ұзартылған салық төлемдерi бойынша өсiм есептеу тоқтатыла тұрады.
1997 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша есептелген айыппұлдар мен өсiмдер салық қызметi органдарының 1997 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша пайда болған, төленген мерзiмi өткен және мерзiмi ұзартылған салық төлемдерiнiң сомасына барабар кемiтiлуге тиiс.
8. Осы тармақ күшiне енгiзiлген кездегi жағдай бойынша есептелген және төленбеген мерзiмi өткен салық төлемдерi бойынша өсiмақыларды аумақтық салық органдары есептен шығаруға тиiс.
9. Осы Заңның 152-бабының ережелерiне қарамастан машина жасау, тоқыма, тiгiн, былғары-аяқ киiм, резинадан және пластмассадан жасалған бұйымдарды өндiру немесе химия өнеркәсiбi салаларындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалардың осы тармақ күшiне енгiзiлген кездегi жағдай бойынша пайда болған салықтарын және айыппұл санкцияларын (жергiлiктi бюджеттерге толық көлемде түсетiн салықтар мен акциздердi қоспағанда) төлеу мерзiмi, осындай қызметтен түсетiн табыстар өсiмақыны есептемей жиынтық жылдық табыстың көлемiнде кемiнде 51 проценттi құраған жағдайда, 2003 жылдың 1 қаңтарына дейiн ұзартылады. Осы тармақтың ережелерi акцизделетiн тауарларды өндiретiн және (немесе) сататын және (немесе) импорттайтын заңды тұлғаларға қолданылмайды.
10. Жер негізгі өндіріс құралы болып табылатын немесе қызметі ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін жерді пайдаланумен байланысты ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне - заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін өңдеушілерге 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жинақталған салықтар мен айыппұл санкцияларын төлеу мерзімдері, осы Заңның 152-бабының ережелеріне қарамастан, өсім есептелмей, 3 жыл мерзімге ұзартылады.
Осы тармақтың ережесі акцизделетін тауарларды өндіретін және (немесе) импортқа шығаратын заңды және жеке тұлғаларға қолданылмайды.
11. Заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент еместері 2001 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей салық органдарына мынадай ақпаратты табыс етуге міндетті:
1) 2001 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қолда бар деп есептелетін негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, тауар-материалдық запастардың қалдықтары туралы мәліметтер;
2) көрсетілген күні жауапты сақтаудағы негізгі құралдар, тауар-материалдық запастар туралы мәліметтер. Аталған мәліметтерді тауарларды жауапты сақтауға тиеп жіберген салық төлеушілер де, тауарларды жауапты сақтауға қабылдаған салық төлеушілер де табыс етеді;
3) көрсетілген күні жолда келе жатқан негізгі құралдар, тауар-материалдық запастар туралы мәліметтер;
4) өнеркәсіптік ұқсатуға арналып импортталған шикізат пен материалдар, сондай-ақ 2001 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша осы Заңның 71-1-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеу мерзімін үш айға кейінге қалдыруға рұқсат берілген және салықтың кейінге қалдырылған сомасы бойынша көрсетілген күнге берешек өтелмеген импортталған су, газ және электр энергиясы туралы мәліметтер;
5) 2001 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ұйымның бухгалтерлік балансы.
Осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер осы Заңның 64-бабына сәйкес есепке жатқызылуға тиіс қосылған құн салығымен сатып алынған негізгі құралдар, материалдық емес активтер, тауар-материалдық запастар бойынша табыс етіледі. Мәліметтер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген тәртіппен және нысанда табыс етіледі.
12. 2001 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша есепке жатқызылуға тиіс қосылған құн салығының сомасы есептелген салық сомасынан асып кеткен салық төлеушілер сол асып кеткен соманы осы баптың 11-тармағында көрсетілген мәліметтерге енгізілген тауар-материалдық запастардың өндірістік қызметте пайдаланылуына және (немесе) сатылуына қарай қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер есебіне жатқызады.