30-тарау. ОРМАН ҚОРЫНЫҢ ЖЕРЛЕРIНЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚ
119-бап. Салық салуға жататын орман қорының жерлерi
Орман қорының:
1) ауыл шаруашылығы мақсаты үшiн пайдаланылатын;
2) орман шаруашылығы органдарының үйлерi, ғимараттары және басқа да объектiлерi тұрған;
3) ағаш дайындаушы кәсiпорындардың пайдалануына берiлген жерлерi салық салуға жатады.
120-бап. Салық төлету тәртібі мен шарттары
1. Орман қоры жерлерiнiң құрамына кiретiн және ауыл шаруашылығы мақсатына пайдаланылатын учаскелер осы Заңның 108 және 109-баптарында көзделген тәртiп пен шарттар негiзiнде салық салуға жатады.
2. Орман шаруашылығы органдарының үйлерi, ғимараттары және басқа объектiлерi тұрған орман қоры жерлерi осы Заңның 114 және 115-баптарында көзделген тәртiп пен шарттар негiзiнде салық салуға жатады.
3. Орман қоры жерлерiне салынатын салық ағаш дайындау үшiн пайдалануға арналып игерiлген әрбiр орман алқабынан орманды пайдалану кезеңiне белгiленедi және оны пайдаланғаны үшiн төлемақы құрамында өсiп тұрғанда босатылатын ағаштың кесiмдi құнының бес процентi мөлшерiнде төлетiледi.
31-тарау. СУ ҚОРЫНЫҢ ЖЕРЛЕРIНЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚ
121-бап. Салық салуға жататын су қорының жерлерi
Су қорының:
1) ауыл шаруашылық мақсаты үшiн пайдаланылатын;
2) су шаруашылығы органдарының үйлерi, ғимараттары және басқа объектiлерi тұрған жерлерi салық салуға жатады.
122-бап. Салық төлету тәртібі мен шарттары
1. Су қоры жерлерiнiң құрамына кiретiн және ауыл шаруашылық мақсатына пайдаланылатын учаскелер осы Заңның 108 және 109-баптарында көзделген тәртiп пен шарттар негiзiнде салық салуға жатады.
2. Су шаруашылығы органдарының үйлерi, ғимараттары және басқа объектiлерi тұрған су қорының жерлерi осы Заңның 114 және 115-баптарында көзделген тәртiп пен шарттар негiзiнде салық салуға жатады.
Ескерту. 122-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
32-тарау. ЖЕР САЛЫҒЫ БОЙЫНША ЖЕҢIЛДIКТЕР
123-бап. Салық төлеуден босату
1. Қорға деп сақталған жерлер және әдетте, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы, орман және су қорының жерлерi, осы Заңның 117, 119, 121-баптарында көрсетiлген жерлерден басқасына, салық салуға жатпайды.
2. Мынадай:
1) елдi мекендердiң жалпы пайдаланымындағы;
2) жалпы пайдаланымдағы мемлекеттік автомобиль жолдарының желiлерi алып жатқан;
3)
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша тұмшаланып отырған объектiлерi алып жатқан;
5) «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы аумағындағы құрылыс жүзеге асырылатын немесе аталған аймақ жұмыс iстеп тұрған кезеңде онда инфрақұрылым объектiлерi, әкiмшiлiк және тұрғын үй кешендерi салынған жер учаскелерiнен салық алынбайды.
3. Жер салығын төлеуден:
1) балаларды сауықтыру мекемелерi, қорықтар, ұлттық, дендрологиялық және зоологиялық парктер, ботаника бақтары, зираттар;
2) мемлекеттік мекемелер;
2-1) қызметінің негізгі түрі ғылым және кітапхана қызметін көрсету саласындағы жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;
2-2) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын;
2-3) қызметінің негізгі түрі театр-ойын-сауық және (немесе) концерттік шараларды жүзеге асыру, тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау жөнінде, балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру саласында, спорт саласында қызметтер көрсету болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;
3) Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Ақыл-есi мен дене бiтiмiнiң кемiстiгi бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және еңбек ету қабiлетiн қалпына келтiру орталығы, Ауғанстан соғысы ардагерлерiнiң Қазақ республикалық ұйымы (кәсiпорындарсыз) Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай және Қызыл крест ұлттық қоғамы (кәсiпорындарсыз) және балалардың қайырымдылық қорлары (кәсiпорындарсыз);
4) мүгедектер жалпы қызметкерлер санының кемiнде 50 процентiн құрайтын өндiрiстiк кәсiпорындар мен ұйымдар - есептi кезеңде алынған табыстың кемiнде 50 процентiн мүгедектерге әлеуметтiк қорғауға нақтылы пайдаланған жағдайда;
5) Қазақстан Ұлттық Банкi оның филиалдары, өкiлдiктерi және ұйымдары;
6) ауыл шаруашылық мақсаты үшiн иеленуге немесе пайдалануға бүлiнген немесе өнiмдiлiгi аз жерлердi алған Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары, пайдаланудың алғашқы он жылында;
6-1) «Байқоңыр» кешенi объектiлерiнiң мүлкi негiзiнде құрылған республикалық мемлекеттік кәсiпорын «Байқоңыр» кешенiне енгiзiлген жер учаскелерi бойынша;
7) осы Заңның 34-бабының 4-тармағына сәйкес табыс салығы бойынша жеңiлдiктерді пайдаланатын жеке тұлғалар;
8) салық төлеушілер инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған келісім-шартқа сәйкес келісім-шарт жасалған кезден бастап 5 жылға дейінгі мерзімге жер салығын төлеуден босатылуы мүмкін;
Жер салығы жөнiнде жеңiлдiктер берудiң нақты мерзiмi келісім-шартта әрбiр салық төлеушi бойынша және негізгі капитал мен экономиканың басым секторына инвестициялардың көлеміне қарай белгiленедi.
Аталған жеңiлдiк сәйкестендiрiлiп берiлген келісім-шарт бұзылған жағдайда жер салығы осы Заңда көзделген тиiстi айыппұл санкциялары қолданыла отырып, салық төлеушiнiң бүкiл қызмет ету кезеңiне есептелуге және бюджетке енгiзiлуге тиiс.
9) түзеу мекемелері, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесi түзеу мекемелерiнiң республикалық мемлекеттік кәсiпорындары;
10) мектепке дейiнгi тәрбиелеу және оқыту, жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары білім беру саласында медициналық көмек (косметологиялық қызмет көрсетуді қоспағанда) және (немесе) білім беру қызметін көрсетуге байланысты жұмысты қызметтің осы түрлерін жүргізуге құқық беретін тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асыратын ұйымдар, осындай қызметтен алынатын табысы жылдық жиынтық табыс көлемінің кем дегенде 50 процентін құраған жағдайда босатылады.
4. Осы баптың 3-тармағының 1)-5), 9), 10) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар жерге салынатын салықтан оны пайдалануға немесе жалға берген кезде босатылмайды.
Ескерту. 123-баптың 3-тармағы 7-тармақшамен толықтырылсын - ҚР Президентінің 26.01.1996 № 2827 жарлығымен. 123-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 123-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 123-баптың 3-тармағы 10-тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 28.02.1997 № 76-I Заңымен.
Ескерту. 123-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 11.07.1997 № 154 Заңымен.
Ескерту. 123-бап 4-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 123-баптың 2-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 Заңымен.
Ескерту. 123-баптың 3-тармағының 2)-тармақшасы өзгертiлдi және 9)-10)-тармақшалармен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 24.12.1998 № 333 Заңымен.
Ескерту. 123-баптың 3-тармағы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 355 заңымен.
Ескерту. 123-баптың 3-тармағы толықтырылды және өзгертілді - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 заңымен.
Ескерту. 123-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 123-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 02.08.1999 № 466 Заңымен.
Ескерту. 123-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 22.11.1999 № 485 Заңымен.
Ескерту. 123-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 123-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
Ескерту. 123-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 11.06.2001 № 207 Заңымен.
Ескерту. 123-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 05.07.2001 № 223-II Заңымен.
Ескерту. 123-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 16.07.2001 № 244 Заңымен.
33-тарау. ЖЕР САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУ МЕН ТӨЛЕУ ТӘРТIБI
124-бап. Салықты есептеу
1. Заңды тұлғалар ақы төлеуге жататын жер салығының мөлшерiн дербес есептейдi және жыл сайын, ағымдағы жылдың бiрiншi шiлдесiнен кешiктiрмей, өзi тұрған жердегi аумақтық салық органдарына әрбiр жер учаскесi бойынша есептелетiн салықтың декларациясын берiп отырады. Жаңадан бөлiнген жер учаскелерi бойынша салық сомасының есебi олар берiлген сәттен бастап бiр ай iшiнде табыс етiледi.
2. Азаматтарға жер салығын есептеудi аумақтық салық органдары жүргiзiп, ағымдағы жылдың бiрiншi тамызынан кешiктiрмей оларға салықты төлеу туралы төлем хабарламасын тапсырып отырады.
3. Төлеушiлердiң есебiн алу және жер салығын есептеу жыл сайын ағымдағы жылдың бiрiншi маусымындағы жағдай бойынша жүргiзiледi.
4. Заңды және жеке тұлғалардан алынатын жер салығы оларға жер учаскесi берiлген айдан кейiнгi айдан бастап есептеледi.
Ескерту. 124-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 124-бап 1,2-тармақтары өзгертілді - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
125-бап. Салық төлеу тәртібі
1. Жер салығын ауыл шаруашылық жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылар және жеке тұлғалар - жер учаскелерінiң иелерi ағымдағы жылдың бiрiншi қазанынан кешiктiрмей төлейдi.
Ауыл шаруашылығына арналмаған жердi пайдаланушы - заңды тұлғалар жер салығын ағымдағы жылдың жиырмасыншы ақпанында, жиырмасыншы мамырында, жиырмасыншы тамызында және жиырмасыншы қарашасында тең үлеспен төлейдi.
Салықтарды төлеу жер учаскелерi орналасқан жерде жүргiзiледi.
2. Жер учаскесiн иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер салығы учаскенi пайдаланудың нақты мерзiмi үшiн төленедi. Артық төленген салық сомасы төлеушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша оған қайтарылады.
Ескерту. 125-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
YII-I Бөлім. Бірыңғай жер салығы
Ескерту. Жаңа YII-I бөліммен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
33-1-тарау. Бiрыңғай жер салығы бойынша жалпы ережелер
125-1-бап. Салық төлеушiлер
Жер пайдалану құқығында жер учаскелерi бар шаруа (фермер) қожалықтары бiрыңғай жер салығын төлеушiлер болып табылады.
Ескерту. 125-1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
125-2-бап. Салық салынатын объектi
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен айқындалатын жер пайдалану құқығындағы жер учаскесiнiң бағалау құны салық салынатын объектi болып табылады.
Ескерту. 125-2-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
33-2-тарау. Салық төлеу
125-3-бап. Салық ставкасы
Бiрыңғай жер салығы осы Заңның 125-4-бабында көзделген тәртiппен және шарттарда жер пайдалану құқығындағы жер учаскесiн бағалау құнының 0,1 процент ставкасы бойынша жыл сайын төленедi.
Ескерту. 125-3-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
125-4-бап. Салықты есептеу, төлеу және декларация тапсыру тәртібі
1. Салық төлеушiлер бiрыңғай жер салығын жердi пайдалану құқығындағы жер учаскесiнiң бағалау құнын және салық ставкасын ескере отырып есептейдi.
2. Бiрыңғай жер салығы жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша тиiстi бюджетке екi мерзiмде - ағымдағы есептi кезеңнiң 20 қазанынан және есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 20 наурызынан кешiктiрiлмей төленедi.
Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер төлемнiң бiрiншi мерзiмiнде ағымдағы есептi кезеңде есептелген бiрыңғай жер салығы жалпы сомасының кемiнде 1/2 бөлiгiн төлейдi. 20 қазаннан кейiн құрылған бiрыңғай жер салығын төлеушiлер ағымдағы есептi кезең үшiн төленуге тиiс салықтың жалпы сомасын есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төлейдi.
Декларация бойынша бiрыңғай жер салығының қалдық сомасын төлеу есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жүргiзiледi.
3. Салық төлеушiлер жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша аумақтық салық органдарына есептi кезең үшiн бiрыңғай жер салығы бойынша декларацияны есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 15 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тапсырады.
Ағымдағы есептi кезеңге арналған тиiстi құжаттармен бiрге салық сомасының есебі де ағымдағы жылдың 15 наурызынан кешiктірiлмей тапсырылады.
Декларацияның және салық сомасы есебiнiң нысанын, оларды толтыру тәртібін, сондай-ақ салық есебiмен бiрге тапсырылатын тиiстi құжаттардың тiзбесiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң келісімi бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі белгiлейдi.
Жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы есептi кезеңге арналған қосымшаларымен бiрге салық бойынша есептi жеке кәсiпкердi мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк алған кезде тапсырады.
Салық төлеушiлер қызметiн тоқтатқан кезде бiрыңғай жер салығын төлеу бойынша декларацияны жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша аумақтық салық органына қызметтiң тоқтатылғаны туралы шешiм қабылданған кезден бастап 15 күн мерзiмде тапсырады.
4. Салық төлеушiлер жер учаскесiн жер пайдалану құқығында иеленудiң нақты кезеңi үшiн (салық салу объектiсiнiң өзгерістерiн ескере отырып) бiрыңғай жер салығын есептейдi және төлейдi.
5. Шаруа (фермер) қожалығы жер учаскесiн басқа шаруа (фермер) қожалығына кейiнгi пайдалануға берген кезде тараптардың әрқайсысы жер учаскесiн иеленудiң нақты кезеңi үшiн бiрыңғай жер салығын есептейдi және төлейдi.
6. Шаруа (фермер) қожалығы жер учаскесiн кейiнгi пайдалануға бiрыңғай жер салығын төлеушi болып табылмайтын басқа салық төлеушiге берген кезде, берiлген жер учаскесi бойынша бiрыңғай жер салығын жалға берушi төлейдi.
7. Осы баптың 5 және 6-тармақтарында белгiленген жағдайларда жалға берушi жер учаскелерiн жалға беруден алынған табыстар бойынша тиiстi салық пен бюджетке төлемдердi жалпы белгiленген тәртiппен төлейдi. Жер учаскесiн иеленудiң нақты кезеңiн айқындау үшiн жер учаскесiн жалға беру жүргiзiлген ай жалға берушiнiң иелену кезеңiне қосылады.
Ескерту. 125-4-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
125-5-бап. Бiрыңғай жер салығы бойынша есептi кезең
Бiрыңғай жер салығы бойынша бюджетпен iс жүзiнде есеп айырысу жөніндегі есептi кезең салық жылы болып табылады.
VIII бөлiм
КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫНА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ
34-тарау. КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫНА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ
ЖӨНIНДЕГI ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
126-бап. Салық төлеушiлер
Мемлекет есебiнде тұрған, меншiк иесi, меншiктi сенiм бiлдiрiп басқару, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы көлiк құралдары бар заңды және жеке тұлғалар көлiк құралдарына салынатын салықты төлеушiлер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн көлiк құралдарына қажеттiлiк нормативтерi шегiнде бiрыңғай жер салығын төлеушiлер көлiк құралдарына салық төлеушiлерге жатпайды. Қажеттiлiктiң белгiленген нормативтерiнен жоғары көлiк құралдары бойынша салық осы бөлiмге сәйкес төленедi.
Ескерту. 126-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
127-бап. Салық салынатын объектiлер
Осы Заңның 128-бабында атап көрсетiлген, Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiк құралдарының барлық түрi салық салынатын объектiлер болып табылады.
35-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУ
128-бап. Салық ставкалары
1. Көлік құралдарына салынатын салық жылына бір рет төленіп отырады және айлық есептік көрсеткіштен мынадай ставкалар бойынша есептеледі:
____________________________________________________________________
| Салық салынатын объект |Салық мөлшері (айлық есептік |
| |көрсеткішпен) |
|_________________________________|__________________________________|
| 1. Жеңіл автомобильдер: | |
|қоса алғанда 1100 ) -ге дейін | 4,0 |
|1100-ден жоғары - 1500-ді қоса | 6,0 |
|алғанда | |
|1500-ден жоғары - 2000-ды қоса | 7,0 |
|алғанда | |
|2000-нан жоғары - 4000-ды қоса | 22,0 |
|алғанда | |
|4000-нан жоғары | 117,0 |
| 2. Жүк автомобильдері: | |
|жүк көтерімділігі | |
|1,5 тоннаға дейін | 9,0 |
|жүк көтерімділігі | |
|1,5 тоннадан 5 тоннаға дейін | 12,0 |
|жүк көтерімділігі | |
|5 тоннадан жоғары | |
| | 15,0 |
|3. Пайдаланылу мерзімі 6 жылдан | |
|асатын жеңіл автокөлік құралдары | |
|бойынша салық төлеудің белгілен. | |
|ген мерзімі аяқталғанға дейін мы.| |
|надай түзету коэффициенттері қол.| |
|данылады: | |
|ТМД елдері шығарған машиналар үшін: |
|6 жылдан 20 жылға дейін - | 0,3 |
|20 жылдан 30 жылға дейін - | 0,2 |
|30 жылдан астам - | 0,1 |
|двигателінің көлеміне қарай қалған машиналар үшін: |
|3000 текше сантиметрге дейін - | 0,5 |
|3000-нан 4000 текше сантиметрге | |
|дейін - | 0,7 |
|4000-нан және одан да жоғары - | 1,0 |
| | |
| | 3,0 |
| 4. Автобустар: | |
| 12 отыру орнына дейінгі | 9,0 |
| 12 отыру орнынан 25 отыру | |
| орнына дейінгі | 14,0 |
| 25 отыру орнынан жоғары | 20,0 |
| 5. Мотоциклдер, мотороллерлер,| |
|мотошаналар, шағын кемелер | |
| (двигателінің қуаты | |
|55 кВт-тан кем). | 1,0 |
| 6. Катерлер, кемелер, | |
|буксирлер, баржалар, яхталар: | |