31) 34-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Байланыс жүйелерін, навигация мен бақылауды ұсынудан тұратын ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз етуді азаматтық және (немесе) мемлекеттік авиация ұйымдарының радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтері жүзеге асырады.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) азаматтық және эксперименттік авиация үшін Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес;»;
32) 35-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өкілетті метеорологиялық органның функцияларын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азаматтық және эксперименттік авиацияның ұшуларын метеорологиялық қамтамасыз етуді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілер жүзеге асырады.
Мемлекеттік авиацияның ұшуын метеорологиялық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
33) 35-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«35-1-бап. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау
1. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілер аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарына сай болуға тиіс.
Авиациялық қызмет көрсетуді берушілердің сәйкестігі аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын оның қолданылу саласы мен рұқсат етілген қызмет түрлері (кіші түрлері) көрсетіле отырып берумен расталады.
Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сертификаттау талаптарынан уақытша ауытқуларға, егер мұндай ауытқулар белгіленген ұшу қауіпсіздігінің деңгейіне баламалы деңгейді қамтамасыз ететін қосымша шаралар енгізіліп өтелетін болса, жол беріледі.
2. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттаудан өткізу, сертификат беру не оны тоқтата тұру (кері қайтарып алу), оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттау қағидаларында айқындалады.
3. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беруден бас тарту өтініш беруші қойылатын сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда жүргізіледі.
4. Сертификаттау талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган үздіксіз аэронавигациялық қызмет көрсету мақсатында мынадай тәртіппен әрекеттер қабылдайды:
1) аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші сертификатының иесінен осы Заңның 16-3-бабына сәйкес түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуды және оны орындауды талап етеді;
2) түзету іс-қимылдарының жоспары орындалмаған не тиісінше орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік іс жүргізуді қозғайды;
3) егер әкімшілік жауаптылыққа тартылған күннен бастап кейінгі алты ай ішінде сертификаттау талаптарын бұзушылықтар жойылмаса, бұзушылықтың сипатына қарай аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын кері қайтарып алады не мұндай сертификаттың (немесе сертификатта көрсетілген рұқсат етілген қызмет түрлері (кіші түрлері) қолданылу аясын толығымен немесе ішінара тоқтата тұрады.
Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші сертификатының қолданылуы аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттау қағидаларына сәйкес оның иесінің өтініші бойынша да толығымен не ішінара шектелуі мүмкін.»;
34) мынадай мазмұндағы 35-2-баппен толықтырылсын:
«35-2-бап. Әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелерінде өзгеріс болған кезде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету
1. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілер ұшу қауіпсіздігіне байланысты әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелеріне өзгерістер енгізілгенге дейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органды мұндай өзгерістер туралы аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттау қағидаларында белгіленген тәртіппен алдын ала хабардар етеді.
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен алдын ала келісуге жататын әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелеріндегі өзгерістердің тізбесі, сондай-ақ мұндай келісудің тәртібі мен шарттары аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттау қағидаларында айқындалады.
3. Осы баптың ережелерін бұзғаны үшін аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылықта болады.»;
35) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«36-бап. Әуе трассаларын пайдалануға рұқсат ету
Әуе трассаларын пайдалануға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен әуе трассаларын пайдалануға рұқсат ету қағидаларына сәйкес рұқсат беріледі.
Әуе трассалары туралы мәліметтер аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.»;
36) 37-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қолданылатын өлшем жүйелері Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында көрсетіледі.»;
37) 42-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық әуе кемелерінің сыныптамасы әуе кемесінің ұшу-техникалық сипаттамаларына және деректеріне қарай Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларында айқындалады.»;
38) 44-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларына сәйкес жүргізеді.»;
39) 45-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«45-бап. Әуе кемелерін, оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азаматтық әуе кемелері азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға құқықтарды, сондай-ақ оларға құқықтарды куәландыратын құжаттардың нысандарын мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде мемлекеттік тіркелуге жатады.
Азаматтық әуе кемесі оның иесінің өтініші бойынша немесе иесінің, оны пайдаланушының келісімімен, егер:
1) әуе кемесі басқа мемлекетте тіркелмеген;
2) әуе кемесінің иесі немесе пайдаланушысы Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасы болып табылған;
3) әуе кемесі типінің сертификатын немесе соған ұқсас басқа құжатты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген немесе жарамды деп таныған жағдайда ғана Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеледі.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тіркелген азаматтық әуе кемесін пайдаланушыға (оның иесіне) азаматтық әуе кемесінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік береді.
Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілетін әуе кемесі Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларына және ұшуға жарамдылықты айқындайтын пайдалану-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келуге тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Егер әуе кемесі ұшуға жарамдылық талаптарына сәйкес келмесе, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган азаматтық әуе кемесін тіркеуден бас тартады.
2-2. Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген кезден бастап азаматтық әуе кемесі Қазақстан Республикасының ұлттық тиесілігін иеленеді.
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік әуе кемесінің бортында болады.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларының меншiгiндегi азаматтық әуе кемелеріне құқықтар, сондай-ақ қайтарылмайтын өкілеттіктер азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiнде тіркеуіне жатады.»;
4-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Пилотсыз ұшу аппараттары пайдалану мақсатында меншік құқығын иеленген кезден бастап Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға құқықтарды, сондай-ақ оларға құқықтарды куәландыратын құжаттардың нысандарын мемлекеттік тіркеу қағидаларында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларында белгіленген тәртіппен азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкілетті органдарда есепке алуға жатады.
Есепке алуға жататын пилотсыз ұшу аппараттарының санаттары Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға құқықтарды, сондай-ақ оларға құқықтарды куәландыратын құжаттардың нысандарын мемлекеттік тіркеу қағидаларында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларында айқындалады.
Пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану мақсатында иеленетін тұлғалар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға есепке қою туралы өтініш береді.»;
40) 46-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
5) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) әуе кемесі хабарсыз жоғалып кеткен деп танылған;»;
41) 47-бапта:
2-тармақта:
үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшқан кезде шетелдік әуе кемесінің Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары негізінде шет мемлекет берген ұшуға жарамдылық сертификаты мен шуыл бойынша сертификаты болуға тиіс.
Ұшуға жарамдылық сертификаты Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемелеріне:
1) азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына және осындай типтік конструкция үшін мақұлданған пайдалану құжаттамасына сәйкестігі немесе пайдалануға жарамдылық туралы расталған бағалау актісіне сәйкес басқа да осыған ұқсас құжаттар негізінде;
2) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына сәйкес;
3) жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларына сәйкес беріледі.»;
мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарту тәртібі және мұндай ұйымдардың мамандарына қойылатын біліктілік талаптары жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларында айқындалады.»;
4, 5 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Азаматтық әуе кемелерін Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу кезінде азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылық сертификаттарын тану Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Азаматтық әуе кемесін және оның құрамдастарын ұшуға жарамдылықта ұстау Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және жөндеу қағидаларының талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Жеңіл және аса жеңіл авиацияның коммерциялық әуе тасымалдарына қатыспайтын әуе кемелерін пайдалануға рұқсат ету жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
«7. Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесінің иесі немесе пайдаланушысы Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының жай-күйі, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізілгендігі туралы ақпаратты, сондай-ақ оны пайдалану жөніндегі деректерді береді.»;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Арнайы ұшуға рұқсат қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификаты жоқ, бірақ пайдаланушының және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бағалауы негізінде төменде белгіленген жағдайларда және мынадай:
1) жаңа әуе кемелері шығарылғаннан кейінгі ұшу сынақтары;
2) пайдалану (жөндеу) құжаттамасына сәйкес техникалық қызмет көрсетуден және (немесе) жөндеуден кейінгі ұшу сынақтары;
3) әуе кемесін жеткізу немесе экспорттау;
4) тапсырыс берушінің немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бағалауы үшін әуе кемесінің ұшуы;
5) көрмелер мен авиашоу;
6) әуе кемесінің техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді орындау орнына немесе сақтау орнына ұшып баруы;
7) қону үшін тиісті жағдайы немесе тиісті отын мөлшері жоқ аймақтарда су үстімен немесе жер үстімен қауіпсіз ұшу қашықтығының шегінен тыс ұшулар үшін әуе кемесінің сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасымен ұшуы;
8) рекордтарға қол жеткізу, авиациялық жарыстарға және соған ұқсас жарыстарға қатысу;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұшуға жарамдылық сертификаты немесе соған ұқсас басқа да құжат талап етілмейтін, Қазақстан Республикасының аумағындағы әуе кемелерінің немесе әуе кемелері типтерінің қызметі мақсатында қауіпсіз ұшуды орындай алатын әуе кемесіне беріледі.
Арнайы ұшуға рұқсаттар Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына сәйкес күнтізбелік отыз күннен аспайтын кезеңге беріледі.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуе кемесінің арнайы ұшуына рұқсат беру кезінде оны пайдалануға қажетті шектеулерді белгілеуге құқылы. Арнайы ұшуды орындау кезінде әуе кемесінің бортында жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Егер азаматтық әуе кемелерінде радиомен хабарлау аппаратурасы орнатылған болса, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына сәйкес осындай аппаратураны пайдалануға рұқсат береді.»;
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Борт журналының нысаны мен мазмұны азаматтық және мемлекеттік авиацияда ұшуды жүргізу қағидаларында белгіленеді.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығарылған азаматтық әуе кемесін экспорттау үшін ұшуға жарамдылықтың экспорттық сертификатын береді.»;
42) 48-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және жөндеу қағидаларына сәйкес авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйымдар жүргізеді. Коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асырмайтын жеңіл және аса жеңіл азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді осы Заңның 54-бабына сәйкес берілген қолданыстағы куәлігі немесе шет мемлекет берген және осы Заңның 55-бабына сәйкес танылған куәлігі бар авиация персоналы орындайды.
2. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету азаматтық әуе кемесі тіркелген мемлекет бекітетін техникалық қызмет көрсету бағдарламалары (регламенттері) бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету бағдарламасын (регламентін) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Коммерциялық әуе тасымалдарына қатыспайтын жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасын (регламентін) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның келісуі бойынша әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйым әзірлейді және бекітеді.»;
5-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шетелдік ұйымдардың авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификаттарын танудың тәртібі азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында айқындалады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыратын азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қызметтер көрсететін, авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйым әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгілік нұсқаулыққа сәйкес, орындалатын жұмыстардың көлемі мен күрделілігіне қарай ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізуге міндетті.»;
43) 49-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әуе кемелеріне мемлекеттік және тіркелетін айырып-тану белгiлерiнен басқа қосымша белгілер (рәміздер, жазбалар, эмблемалар) салынуы мүмкін.»;
44) 51-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының пайдаланушысы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттарда Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің азаматтарына немесе заңды тұлғаларына тиесілі әуе кемесін экипажымен қоса немесе экипажсыз жалға алуға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Шет мемлекетте тіркелген әуе кемесін Қазақстан Республикасы пайдаланушысының экипажсыз немесе Қазақстан Республикасының әуе кемесін шетелдік пайдаланушының экипажсыз жалға алуы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мен Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес осы әуе кемесі тіркелген шет мемлекеттің құзыретті органы арасында жасалған келісім болған кезде ғана жүзеге асырылады. Мұндай келісім Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) тіркелуге тиіс.
1-2. Қазақстан Республикасы пайдаланушысының Қазақстан Республикасының азаматтарына немесе заңды тұлғаларына тиесілі әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуы шарттың қолданылу мерзіміне жалға алушы пайдаланушысының сертификатына (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікке) енгізбей жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы пайдаланушысының шет мемлекеттің пайдаланушысына тиесілі әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуына азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бойынша мынадай пропорцияда: саны бес әуе кемесінен аспайтын паркі бар жалға алушы үшін - бір әуе кемесінен аспайтын және саны бес әуе кемесінен асатын паркі бар жалға алушы үшін - тұрақты және тұрақты емес ұшуларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын жалпы әуе кемелері паркінің жиырма пайызынан аспайтын және жалға алушы пайдаланушысының сертификатына енгізбей, бір жылдың ішінде екі айдан аспайтын мерзімге жол беріледі. Жалға алынатын әуе кемесінің жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтерімділігі жалға алушының әуе кемелерінің жолаушылар сыйымдылығымен және жүк көтерімділігімен салыстырмалы түрде бірдей болуға тиіс.
Бұл ретте жалға алушы рейсті іс жүзінде қай тасымалдаушының орындайтыны жөнінде жолаушыларды хабардар етуге тиіс.
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сәйкессіздік анықталған, жалға алушының немесе жалға берушінің тарапынан тиімді пайдаланушылық бақылау не пайдаланушының сертификатын және жалға алынатын әуе кемесіне арналған ұшуға жарамдылық сертификатын берген мемлекеттің тарапынан қадағалау болмаған жағдайларда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының пайдаланушысына әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуға бұрын берілген рұқсатты кері қайтарып алады.»;
3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
45) 53-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік авиацияның авиация персоналы лауазымдарының тiзбелерi мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен белгіленеді.»;
46) 54-бапта:
1-тармақта:
төртінші бөліктің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Авиация персоналының біліктілік деңгейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тағайындайтын жеке тұлғалар авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау қағидаларына сәйкес айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
«Жеңіл және аса жеңіл авиацияның авиация персоналының біліктілік деңгейін әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдардың тұрақты жұмыс істейтін біліктілік комиссиялары авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау қағидаларына сәйкес айқындайды.
Авиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналын авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында және (немесе) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
Авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеру инспекторларын даярлауды және қайта даярлауды тәуелсіз оқу орталығы авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес жүзеге асырады.
Әуежайдың кіру шектелген күзетілетін аймағына кіру кезінде ілесіп жүрмеуге болатын рұқсаты бар персоналды авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлауды және қайта даярлауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органнан жұмысқа рұқсат алған авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушылар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында және (немесе) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында немесе азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес жүргізеді.»;
2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық авиацияның шетелдік авиациялық оқу орталықтарына олардың сертификаттарын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына сәйкес танығаннан кейін азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлауға және кәсіптік деңгейде ұстауға рұқсат етіледі.»;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Авиация персоналы теориялық білімі мен практикалық дағдыларының деңгейін, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес орындайтын функцияларына сай келетін деңгейде тілдерді білетінін авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар тағайындалған жеке тұлғалар жүргізетін тестілеудің немесе кезеңдік тексерулердің көмегімен көрсетуге тиіс.
2-2. Азаматтық әуе кемелерінің ұшу экипаждарының мүшелерін даярлау, олардың практикалық дағдыларын ұстау және тексеру мақсатында қолданылатын ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бағалау жөніндегі қағидаларға сәйкес қолдануға жол беріледі.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Авиация персоналына жататын адамдар кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша кәсіптік даярлықтан өтуге міндетті.
Әуе кемелерінің ұшуын орындаумен және қамтамасыз етумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен, әуе қозғалысына қызмет көрсетумен тікелей байланысты адамдар кәсіптік қызметке осындай қызметті жүзеге асыру құқығына арналған қолданыстағы куәлiгi мен медициналық сертификаты болған кезде жіберіледі.
Авиация персоналына, сондай-ақ мiндеттi медициналық куәландыруға және медициналық қарап-тексеруге жататын адамдар санатына қойылатын азаматтық авиация саласындағы медициналық куәландырылу, медициналық қарап-тексеру жөніндегі талаптар Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасы негiзiнде әзірленген және азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларында белгiленедi.
Медициналық куәландырудан өту кезінде медициналық куәландырудан өтуге өтініш беруші авиациялық медициналық сарапшыға өзіне мәлім және ұшуды орындауы үшін қауіп төндіретін ауруларының бар екені туралы ақпаратты хабарлауға міндетті.