Авиация персоналын медициналық куәландыру азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттаған авиациялық медициналық орталықтарда жүргізіледі. Жеңіл және аса жеңіл авиация пилоттарын медициналық куәландыруды авиациялық медициналық сарапшы жүргізе алады, оған қойылатын талаптар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларында белгіленеді.
Медициналық куәландыру жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін авиациялық медициналық сарапшылар жауапты болады.
Авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мынадай тәртіппен іс-қимылдар жасайды:
1) авиациялық медициналық орталықтың сертификаты иесінен осы Заңның 16-3-бабына сәйкес түзету іс-қимылдарының жоспарын беруді және оны орындауды талап етеді;
2) егер сертификаттау талаптарын бұзушылықтар түзету іс-қимылдарының жоспарында белгіленген мерзімдерде жойылмаса, авиациялық медициналық орталықтың мұндай сертификатының (немесе сертификатта көрсетілген қызметтің рұқсат етілген түрлерінің (кіші түрлерінің)) қолданысы аясын толығымен не ішінара тоқтата тұрады;
3) егер сертификаттау талаптарын бұзушылықтар авиациялық медициналық орталық сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған күннен бастап бір жыл ішінде жойылмаса, оны кері қайтарып алады.
Авиациялық медициналық орталық сертификатының қолданысы авиациялық медициналық орталықтарды сертификаттау қағидаларына сәйкес оның иесінің өтініші бойынша да толығымен не ішінара шектелуі мүмкін.
Авиациялық медициналық сарапшыларға қойылатын сертификаттау талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мынадай тәртіппен іс-қимылдар жасайды:
1) авиациялық медициналық сарапшыларға қойылатын сертификаттау талаптарын бұзушылықтар жойылғанға дейін авиациялық медициналық сарапшының мұндай сертификатының (немесе сертификатта көрсетілген қызметтің рұқсат етілген түрлерінің (кіші түрлерінің)) қолданысы аясын үш айға дейінгі мерзімге толығымен не ішінара тоқтата тұрады;
2) егер сертификаттау талаптарын бұзушылықтар авиациялық медициналық сарапшы сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған күннен бастап үш ай ішінде жойылмаса, оны кері қайтарып алады.
Авиациялық медициналық сарапшы сертификатының қолданысы:
1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының медициналық куәландыру бөлігіндегі талаптары және сертификаттау талаптары бұзылған;
2) авиациялық медициналық сарапшы сертификатының иесі өтініш берген жағдайларда, үш айдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Авиациялық медициналық сарапшының сертификаты:
1) авиациялық медициналық сарапшы сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған күннен бастап үш ай ішінде сәйкессіздіктер жойылмаған;
2) авиациялық медициналық сарапшы сертификатының иесі өтініш берген жағдайларда, кері қайтарып алынады.
Авиациялық медициналық сарапшының сертификатын тоқтата тұру және кері қайтарып алу тәртібі авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларында айқындалады.
Авиациялық медициналық сарапшы сертификатының қолданысы авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларына сәйкес оның иесінің өтініші бойынша да толығымен не ішінара шектелуі мүмкін.
Азаматтық авиация саласында медициналық куәландыру жөніндегі талаптарды бұзушылықтар анықталған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган авиациялық медициналық сарапшыға қатысты мынадай тәртіппен іс-қимылдар жасайды:
1) азаматтық авиация саласында медициналық куәландыру жөніндегі талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік іс жүргізуді қозғайды;
2) азаматтық авиация саласында медициналық куәландыру жөніндегі талаптарды бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік іс жүргізуді қайтадан қозғайды және авиациялық медициналық сарапшының сертификатын кері қайтарып алады.
Әуе кемелерінің ұшуын орындаумен және қамтамасыз етумен, әуе қозғалысына қызмет көрсетумен тікелей байланысты адамның медициналық куәландырудан өту кезінде өзіне мәлім және ұшуды орындау үшін қауіп төндіретін ауруларының бар екені туралы ақпаратты жасыруы анықталған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган авиация персоналына қатысты мынадай тәртіппен іс-қимылдар жасайды:
1) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік іс жүргізуді қозғайды және бұзушылықтар жойылғанға дейін авиация персоналы куәлігінің қолданысын тоқтата тұрады;
2) әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде бұзушылық қайталап жасалған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік іс жүргізуді қайтадан қозғайды және авиация персоналы куәлігін кері қайтарып алады.
Авиация персоналы куәлiгiн беру және оның қолданылу мерзімін ұзарту, сондай-ақ аталған куәлікке біліктілік белгілері мен арнайы белгілерді енгізу азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларында белгіленеді.
Жеңіл және аса жеңіл авиацияның авиация персоналы куәлігіне біліктілік белгілері мен арнайы белгілер енгізуді әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйым Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Авиация персоналының дербес кәсіптік қызметке жіберілуіне авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар, кәсіптік білімдері мен дағдыларына тексеру жүргізген жеке тұлға жауапты болады.»;
6-1-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ұшуды қамтамасыз ету және орындау, әуе қозғалысына қызмет көрсету және техникалық қызмет көрсету кезінде белгіленген талаптарды бір рет өрескел бұзған;»;
4) тармақша алып тасталсын;
6-2-тармақтың 3), 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-4-тармақпен толықтырылсын:
«6-4. Авиация персоналы куәлігінің иесі болып табылатын адамның Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген не танылған авиация персоналы куәлігінің (оны тану туралы шешімнің) қолданылуы мынадай:
1) авиация персоналы куәлігін жоғалтқан, тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) ауыстыру себебімен және басқа да техникалық себептермен оны ауыстырған;
2) еңбекке қабілеттілігінен айырылған (жұмыс орнынан деректер ұсыну бойынша);
3) қайтыс болған;
4) жұмыста бес жылдан астам үзіліс болған жағдайларда, тоқтатылады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Азаматтық және эксперименттік авиацияның ұшу қауіпсіздігіне тікелей байланысты авиация персоналының жұмыс уақыты режимінің ерекшеліктері Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасы және азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидалары ескеріліп әзірленеді және оларды Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының барлық пайдаланушылары мен ұйымдары үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігіне тікелей байланысты авиация персоналының жұмыс уақыты режимінің ерекшеліктеріне сәйкес азаматтық авиацияның әуе кемесін пайдаланушы әуе кемелері экипаждары мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру туралы ережені бекітуге құқылы.»;
47) 56-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Экипаждың әрбір мүшесінің, егер:
1) өзін шаршаңқы сезінсе немесе ауруының, жарақатының немесе басқа да жағдайлардың салдарынан өзінің дене немесе психикалық жай-күйі міндеттерін талап етілетін стандарттарға сәйкес орындауына мүмкіндік бермейтінін білсе;
2) өзінің даярлық деңгейі ұшуды қауіпсіз орындау талаптарына сәйкес келмесе, ұшудың сәтті аяқталуына қаупі болғандықтан, ұшуға тапсырманы орындаудан бас тартуға құқығы бар.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Экипаж мүшелері:
1) демалу және тамақ ішу үшін жасалған жағдайлар мен мүмкіндіктерді пайдалануға, сондай-ақ өзінің демалыс уақытын күшін толық қалпына келтіруді қамтамасыз ететіндей етіп жоспарлауға және өткізуге;
2) өздеріне куәліктермен және тиісті біліктілік белгілерімен берілетін құқықтарды қауіпсіз және тиісті түрде жүзеге асыруына қабілетсіз етуі мүмкін кез келген психикалық белсенді заттардың әсерінде болған кезде бұл құқықтарды жүзеге асырмауға;
3) психикалық белсенді заттарды қабылдау тәуекелімен байланысты қандай да бір әрекеттерді жүзеге асырмауға міндетті.»;
48) 57-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әрбір жекелеген ұшу үшін әуе кемесінің командирін әуе кемесін пайдаланушы немесе жалпы мақсаттағы авиация жағдайында әуе кемесінің иесі тағайындайды.»;
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Азаматтық авиацияның әуе кемесінің командирі болып коммерциялық авиациядағы ұшу тапсырмасына немесе жалпы мақсаттағы авиацияның осыған ұқсас құжатына сәйкес өзіне ұшудың (ұшулардың) қауіпсіз аяқталу жауапкершілігі жүктелген, белгілі бір типтегі әуе кемесін өзі дербес басқаруға рұқсаты бар пилот тағайындалады.»;
5-тармақтың 3), 4), 5) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мынадай:
өздерінің әрекеттерімен ұшу қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін;
азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін әуе кемесінің бортында мінез-құлық қағидаларын бұзатын, оның өкіміне бағынудан бас тартатын адамдарға қатысты барлық қажетті шараларды, оның ішінде мәжбүрлеу шараларын қолдануға;
4) ұшуды орындау кезінде қауіпсіздікке қатер төндіргені және (немесе) әуе кемесінің бортында мінез-құлық қағидаларын бұзғаны туралы тиісті актіні ресімдеуге;
5) әуе кемесі жақын арадағы әуеайлаққа келгенде ұшу қауіпсіздігіне және әуе кемесінің бортында мінез-құлық тәртібін ұстауға әсер ететін себептер бойынша кез келген экипаж мүшесін немесе жолаушыны әуе кемесінен түсіруге және оны құқық қорғау органдарына беруге;»;
«7) тиісті авиациялық қауіпсіздік қызметтері болмаған кезде жолаушыларды, қол жүгін, багажды және жүкті ұшу алдында жете тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Авиациялық оқиға болған жағдайда әуе кемесінің командирі өз өкілеттіктерін іздестіру және құтқару қызметтері өкілдеріне бергенге дейін әуе кемесінің бортындағы адамдардың іс-қимылдарына басшылық жасайды.»;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Әуе кемесінің командирі:
1) есіктер жабылғаннан кейін әуе кемесінің бортындағы барлық экипаж мүшелерінің, жолаушылардың және жүктің қауіпсіздігіне;
2) әуе кемесін басқаруға және ұшақ ұшып көтерілу мақсатында қозғалуға дайын болған кезден бастап ұшу аяқталғаннан кейін ол толық тоқтатылған кезге немесе негізгі қозғалтқыш қондырғы ретінде пайдаланылған қозғалтқыш (қозғалтқыштар) ажыратылғанға дейін оның қауіпсіздігіне;
3) ұшуға дейінгі, ұшу уақытындағы және ұшудың барлық кезеңдерінен кейін, сондай-ақ авариялық жағдайда ұшу экипаждары қолданатын бақылау карталары жүйесінің сақталуына;
4) ұшу аяқталғаннан кейін пайдаланушыға әуе кемесіндегі барлық белгілі болған немесе күмән тудыратын ақаулар туралы хабарлауға;
5) борт журналын жүргізуге немесе бас декларацияны жасауға жауапты болады.»;
49) 58-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұшу қызметiнiң басшысы, ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi инспекцияның бастығы, инженерлік-авиациялық қызмет басшысы, сапаны бақылау қызметінің басшысы (жеңіл және аса жеңіл авиацияны қоспағанда) азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдарының ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететін басшы жұмыскерлері болып танылады.»;
50) 59-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Халықаралық коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыратын пайдаланушылар және халықаралық ұшуды орындауға жіберілген жалпы мақсаттағы авиацияның ауыр немесе турбореактивті ұшақтарын пайдаланушылар азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгілік нұсқаулыққа сәйкес орындалатын ұшудың көлемі мен күрделілігіне қарай ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізуге міндетті.»;
51) 60-бапта:
1-тармақта:
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Пайдаланушының сертификатын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті алу үшін өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларына және (немесе) пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидаларына сәйкес сертификаттау талаптары мен сертификаттау шарттарына сәйкестікті растайтын құжаттармен қоса белгіленген нысандағы өтінімді жібереді.
Пайдаланушы сертификатын немесе авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті алу үшін өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өзінде сертификатталған әуе кемелері, даярланған персоналы, құжаттамасы, әуе кемелерін ұшуға, техникалық пайдалануға және ұшуды орындауды қамтамасыз етуге қажетті жабдықтары, ғимараттары, құрылыстары бар екенін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарына сәйкес міндетті сақтандыруды жүзеге асыратынын көрсетуге тиіс.»;
төртінші бөлік алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Пайдаланушының сертификатында және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікте белгіленген пайдалану талаптары мен шектеулерді пайдаланушының бұзуына тыйым салынады. Нақ сол әуе кемесінің екі және одан да көп пайдаланушының сертификаттарында және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктерінде болуына жол берілмейді.
Пайдаланушының қолданыстағы сертификатынсыз және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліксіз әуе кемелерін пайдалануға тыйым салынады.»;
4-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осы Заңның 16-3-бабының ережелеріне сәйкес, сондай-ақ:»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер әуе кемесін пайдаланушы анықталған сәйкессіздіктерді және (немесе) бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймаса, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган пайдаланушының сертификатын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті кері қайтарып алады.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы бірінші бөлікпен толықтырылсын:
«5. Пайдаланушының сертификатын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті беруден бас тарту:
1) осы Заңның 16-бабының 7-тармағында көзделген сәйкессіздіктер анықталған;
2) өтініш берушіге қатысты оған қызметтердің осы түрін көрсетуге тыйым салатын сот шешімі болған жағдайларда жүргізіледі.»;
52) 61-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмм және одан кем болатын ұшақтарды, сертификатталған ең жоғары ұшу массасы үш мың бір жүз сексен килограмм және одан кем болатын тікұшақтарды, сондай-ақ ұшу аппараттары мен қосалқы құрылғыларды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу үшін мынадай шарттарды сақтау:
1) әуе кемесінің, ұшу аппараты мен қосалқы құрылғының осындай типін басқаруға рұқсаты бар пилоттың қолданыстағы куәлігінің болуы;
2) азаматтық әуе кемесін, ұшу аппаратын, қосалқы құрылғыны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының қолданыстағы сертификатының болуы;
3) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарының талаптарына сәйкес сақтандыруды қамтамасыз ету;
4) аэроклубтармен немесе әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдармен бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшқан кезде авариялық хабар беруді қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттар жасасу негіз болып табылады.
Ұшу қауіпсіздігін әуе кемесінің командирі (пилот) және жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы болып табылатын әуе кемесінің иесі қамтамасыз етеді.
2. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмнан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивті қозғалтқыштармен жарақтандырылған ұшақтарды, сертификатталған ең жоғары ұшу массасы үш мың бір жүз сексен килограмнан асатын тікұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларына сәйкес ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті бергеннен кейін ұшуға жіберіледі.»;
6-тармақта:
бірінші бөлікте:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Заңның 16-3-бабында көзделген бұзушылықтар анықталған;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) пайдаланушының жазбаша өтініші болған жағдайларда тоқтата тұрады.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұшуды орындау құқығына арналған куәліктің қолданысын тоқтата тұру мен қалпына келтіру тәртібі жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларында айқындалады.»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы бірінші бөлікпен толықтырылсын:
«7. Ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті беруден бас тарту:
1) өтініш беруші жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларының талаптарына сай келмеген;
2) өтініш берушіге қатысты оған мұндай ұшуды орындауға тыйым салатын сот шешімі болған жағдайларда жүргізіледі.»;
53) 64-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігінде:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әуежай, әуеайлақ (тікұшақ айлағы) аумағында ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталуын, оның ішінде әуеайлақ (тікұшақ айлағы), әуежай аумағында қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етеді және бақылайды;
2) әуеайлақта және әуеайлақ маңындағы аумақта ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті бақылау жөніндегі комиссияны құрады;»;
5) тармақшадағы «әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне» деген сөздер «ұшу қауіпсіздігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Азаматтық авиация саласында пайдаланылатын әуеайлақта қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілер Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әуежай пайдаланушысы белгілеген нормаларды сақтауға міндетті.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Халықаралық әуежайды пайдаланушы ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгілік нұсқаулыққа сәйкес, орындалатын ұшудың көлемі мен күрделілігіне қарай әуежайларда ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізуге міндетті.»;
54) 65-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«65-бап. Әуежай қызметі
1. Әуежай қызметiнiң құрамына әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету қызметтері (жұмыстары) кіреді, олардың тізбесін табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Әуежай қызметіне жатпайтын басқа қызмет түрлерін әуежайды пайдаланушы не әуежайды пайдаланушымен шарт бойынша өзге де жеке және заңды тұлғалар әуежай аумағында жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасымен әуежайдың реттелетін қызметтеріне жатқызылған және әуежайды пайдаланушы жүзеге асыратын әуежай қызметінің түрі әуеайлаққа қызмет көрсету деп танылады.
Әуежайды пайдаланушы және (немесе) жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші, сондай-ақ өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүк пен поштаға өзі дербес қызмет көрсететін авиакомпания жүзеге асыратын әуежай қызметінің түрі жерде қызмет көрсету деп танылады.
2. Әуежайда қызмет көрсетілген жолаушылар саны жылына екі миллион адамнан аз болған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және монополияға қарсы органмен бірлесіп бекіткен әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларына сәйкес әуежайды пайдаланушы әуежай аумағына жерде қызмет көрсету қызметтерін берушінің кіруіне рұқсат бере алады.
6-тармақтың 54) тармақшасының сегізінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Әуежайда қызмет көрсетілген жолаушылар саны жылына екі миллион адамнан көп болған кезде әуежайды пайдаланушы жерде қызмет көрсетуге кіретін қызметтерді ұсыну үшін әуежай аумағында оларды көрсететін жерде қызмет көрсету қызметтерін берушінің кіруіне рұқсат беруге міндетті.
Әуежай аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсыну тәртібі мен шарттары, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілерге қойылатын талаптар және жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шарттың нысаны әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
3. Әуежайды пайдаланушы жерде қызмет көрсету қызметтерін берушімен немесе өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүк пен поштаға өз бетінше қызмет көрсететін авиакомпаниямен жасасатын шартта жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шартқа сәйкес әуежайдың инфрақұрылым объектілерін, жабдықтары мен техникалық құралдарын пайдаланғаны үшін өтемақы төлемін төлеу көзделуге тиіс.
4. Әуежайды пайдаланушы жерде қызмет көрсету қызметтерін берушіге немесе өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүк пен поштаға өз бетінше қызмет көрсететін авиакомпанияға әуежайдың аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсынуынан негізсіз бас тартуға құқылы емес.
Әуежайды пайдаланушының әуежайдың аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін берушіге немесе өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүк пен поштаға өз бетінше қызмет көрсететін авиакомпанияға бас тарту туралы шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.
5. Әуежайды пайдаланушы мен жерде қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді беруші Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына немесе азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларына сәйкес әуежай қызметіне кіретін қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі бағдарламаны әзірлейді және бекітеді.
Әуежайды пайдаланушы ұсынылатын қызметтердің Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына немесе азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларына сәйкестігін айқындау үшін өздері ұсынатын қызметтердің және (немесе) жерде қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді беруші көрсететін қызметтердің сапасына тұрақты негізде аудит жүргізеді. Мұндай аудитті жүргізу азаматтық авиация ұйымдары арасында шарттық негізде жүзеге асырылады.»;
55) 70-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы бірінші бөлікпен толықтырылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) халықаралық ұшуларды орындайтын барлық азаматтық әуе кемелері халықаралық ұшуға арналған ашық халықаралық әуежайда ұшуды және қонуды жүзеге асыруға тиіс.»;
2-тармақ алып тасталсын;
56) 71-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«71-бап. Әуеайлақтар мен әуежайларды немесе арнайы объектілерді салу, реконструкциялау, тарату немесе көшіру
1. Әуежайды, сыныпталған әуеайлақты (тікұшақ айлағын) салу мен реконструкциялау жобалары ұшу қауіпсіздігін, авиациялық және қоғамдық қауіпсіздікті, қоршаған ортаны қорғауды, сондай-ақ әуежайға қызмет көрсету үшін көлік инфрақұрылымының (жолдар мен басқа да жер үстіндегі қатынас жолдары, телекоммуникациялар) қажеттіліктерін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды көздеуге тиіс.
2. Әуеайлақты салу немесе реконструкциялау кезінде әуеайлақты салу немесе реконструкциялау толық аяқталғанға дейін әуеайлақты пайдаланушы әуеайлақта ұшу қауіпсіздігінің баламалы деңгейін қамтамасыз еткен жағдайда, жекелеген технологиялық аяқталған объектілердің әуе кемелерін қабылдауға және шығаруға уақытша жіберуге рұқсат беріледі. Әуеайлақты пайдаланушы уақытша жіберуді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жүзеге асырады.