«66-1) пилотсыз ұшу аппараты - бортында пилотсыз (экипажсыз) ұшуды орындайтын және ұшуда оператор басқару пунктінен автоматты түрде немесе көрсетілген тәсілдерді үйлестіре отырып басқаратын әуе кемесі;»;
67) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«67) тергеп-тексеру - авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны болғызбау мақсатында жүргізілетін, оның себептерін және (немесе) ілеспе факторларды анықтауды қоса алғанда, ақпаратты жинауды және талдауды, қорытындылар әзірлеуді және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлеуді қамтитын процесс;»;
мынадай мазмұндағы 76-1), 81-1), 81-2) және 81-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«76-1) ұшуға жарамдылық жөніндегі директива - қозғалтқыштар мен әуе қалақтарын, әуе кемесінің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ әуе кемесінің жинақтауыштарын түрлендіруге, ауыстыруға қатысты немесе әуе кемесіне тексеру жүргізудегі және (немесе) оны пайдаланушылық шектеулерге және оны пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа түзетулер енгізудегі талаптарды қоса алғанда, әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын қолдауға бағытталған ақпарат;»;
«81-1) Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) - әуе қатынасы қауіпсіздігін, сенімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті халықаралық нормаларды белгілейтін және азаматтық авиацияға байланысты барлық салада халықаралық ынтымақтастықты үйлестіруді жүзеге асыратын Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі;
81-2) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарты - Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) қабылдайтын, біркелкі қолданылуы халықаралық аэронавигацияның қауіпсіздігін немесе тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажет болып танылатын физикалық сипаттамаларға, конфигурацияға, материалдық бөлікке, техникалық сипаттамаларға, персоналға немесе қағидаларға қойылатын талап;
81-3) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) ұсынылатын практикасы - Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) қабылдайтын, біркелкі қолданылуы халықаралық аэронавигацияның қауіпсіздігі, тұрақтылығы немесе тиімділігі мүдделерінде дұрыс болып танылатын физикалық сипаттамаларға, конфигурацияға, материалдық бөлікке, техникалық сипаттамаларға, персоналға немесе қағидаларға қойылатын талап;»;
87) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«87) экипаж мүшесінің куәлігі - экипаж мүшелеріне, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде азаматтық әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға берілетін, белгіленген үлгідегі құжат.»;
3) 7-баптың тақырыбы, 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы басқа да халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларын қолдану
1. Қазақстан Республикасының аумағында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын қолдану Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, оларға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы не оларда Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) нақты стандарттары мен ұсынылатын практикасын қолдану бойынша сілтемелер көрсетіле отырып жүзеге асырылады.
6-тармақтың 3) тармақшасы төртінші абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, осы абзац тоқтатыла тұрған кезеңде осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакцияда қолданылады
2. Азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидалары, егер олар Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуы мүмкін және көрсетілген авиациялық қағидаларда көзделген талаптар Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарында жазылған талаптардан төмен болмауға тиіс.
Азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларында қамтылған жекелеген талаптар Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілуі мүмкін.
Типін шет мемлекеттің авиация биліктері сертификаттаған азаматтық авиацияның әуе кемесін пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларын ағылшын тілінде қолдануға құқылы.»;
4) 10-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-1-бап. Жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын тексеру түрлері
1. Жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі (бұдан әрі - ұшу қауіпсіздігі) мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) ішінара;
2) жоспардан тыс.
Ішінара тексеруді тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және (немесе) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкестігіне жүргізілген бұрынғы тексерулерге қатысты белгіленген уақыт аралықтарын ескере отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен тұрақты қадағалау бағдарламасы негізінде азаматтық және (немесе) эксперименттік авиация саласында қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаға, әуе кемелеріне және (немесе) олардың компоненттеріне, әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ететін жабдыққа қатысты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тағайындайды.
Жоспардан тыс тексеруді Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және (немесе) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкестігіне азаматтық және (немесе) эксперименттік авиация саласында қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаға, әуе кемелеріне және (немесе) олардың компоненттеріне, әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ететін жабдыққа қатысты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тағайындайды.
Мақсаттарына қарай ішінара және жоспардан тыс тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) азаматтық және (немесе) эксперименттік авиация саласында қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаны, оның ішінде осындай адамның ұшуды ұйымдастыруын, дайындауын және орындауын тексеру;
2) азаматтық және (немесе) эксперименттік авиация саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаны тексеру;
3) шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перрондық тексерулер.
2. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, ішінара және жоспардан тыс тексерулер еңбек тәртібінің қағидаларында белгіленген, тексерілетін субъектінің жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеру бұзушылықтар тікелей жасалған кезде олардың жолын кесу қажет болған жағдайларда жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақыт, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілуі мүмкін.»;
5) 10-2-баптың 7) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) ұшуды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету;»;
«11) медициналық куәландыру, медициналық қарап-тексеру, жолаушыларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;»;
6) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауына тексерулер жүргізу тәртібі
1. Жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауына тексерулерді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қажеттілік және жеткіліктілік қағидатына сәйкес жүргізеді.
2. Тексеруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік авиация инспекторы (бұдан әрі - мемлекеттік авиация инспекторы) нұсқамалық материалды пайдалана отырып жүзеге асырады.
3. Тексеру азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның тексеру жүргізу туралы бұйрығының негізінде жүргізіледі, онда тексеруді жүзеге асыратын адам, тексерудің басталу мен аяқталу мерзімдері, сондай-ақ тексерілетін жеке немесе заңды тұлғаның деректері көрсетіледі.
4. Мемлекеттік авиация инспекторлары тексеру кезінде тексеру жүргізу туралы бұйрықты және қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті. Тексеру жүргізу туралы бұйрықтың көшірмесін тексерілетін тұлғаға табыс ету кезі тексеру жүргізудің басталуы болып саналады.
5. Тексеру жүргізу туралы бұйрықтың көшірмесін қабылдаудан бас тартылған немесе тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік авиация инспекторының объектілерге кіруіне және (немесе) тексеру жүргізу үшін қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайларда хаттама жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік авиация инспекторы мен тексерілетін тұлға не оның уәкілетті өкілі қол қояды.
Тексерілетін тұлға бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексеру жүргізу туралы бұйрықты алудан бас тарту тексерудің күшін жою үшін негіз болып табылмайды.
6. Тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік авиация инспекторы тексеру нәтижелері бойынша екі данада тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.
Тексеру нәтижелері туралы актіде:
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның атауы;
3) соның негізінде тексеру жүргізілген, тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) тексеруді жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
5) тексерілетін жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не заңды тұлғаның атауы мен деректемелері, ал шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелеріне тексеру жүргізілген жағдайда - барлық тексерілетін жеке немесе заңды тұлғалардың және тексеру жүргізу кезінде қатысқан өзге де адамдардың тиісінше тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не атауы мен деректемелері;
6) тексерудің жүргізілген күні, орны және кезеңі;
7) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;
8) тексерілетін жеке немесе заңды тұлғаның, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы туралы жазба;
9) тексеруді жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы көрсетіледі.
Тексерілетін тұлға тексеру нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға не сотқа шағымдануға құқылы.
Жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың), сараптамалардың қорытындылары және тексеру нәтижелеріне байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері (олар болған кезде) тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі.
7. Тексеру нәтижелері бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, тексерілетін тұлға оларды жазбаша түрде баяндайды. Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы актіге қоса берілуі мүмкін, ол туралы тиісті белгі жасалады.
8. Тексерілетін тұлғаның қолындағы түпнұсқа құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшаларының көшірмелерімен бірге тексеру нәтижелері туралы актінің бір данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау және басқа да іс-қимылдар жасау үшін тексерілетін тұлғаға не оның уәкілетті өкіліне табыс етіледі.
9. Тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар болмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.»;
7) 12-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұшу қауіпсіздігіне және авиациялық қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайда, мемлекеттік авиация инспекторы әуе кемесін пайдалануды не инспекцияланатын пайдаланушының немесе азаматтық авиация ұйымының белгілі бір әрекеттерін тоқтату туралы талаппен инспекторлық нұсқама береді.»;
8) мынадай мазмұндағы 12-2-баппен толықтырылсын:
«12-2-бап. Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына және ұсынылатын практикасына сәйкес авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысатын мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасын әзірлейді, ол:
1) белгілі бір қағидаларды, практикаларды және рәсімдерді енгізу арқылы азаматтық авиацияны заңсыз араласу актiлерiнен қорғауды қамтамасыз етеді;
2) авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асырады;
3) авиациялық қауіпсіздік саласындағы саясатты, мақсаттарды және міндеттерді айқындайды;
4) әуежайларды, әуе кемелерін және аэронавигациялық құралдарды заңсыз араласу актілерінен қорғау жөніндегі талаптарды белгілейді.»;
9) 13-бапта:
5) тармақша алып тасталсын;
44) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«44) Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасын бекітеді;»;
52) тармақша алып тасталсын;
10) 14-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес нұсқамалық материалдарды әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ ұшуға жарамдылық жөніндегі директиваларды шығарады;
2-2) әуе кеңістігін пайдалануды ұйымдастыру кезінде азаматтық-әскери үйлестіру жүйесін орнату және ұстау үшін мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
2-3) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізеді;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) азаматтық және эксперименттік авиацияның әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзушылықтарды есепке алуды жүргізеді, сондай-ақ әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзушылықтардың барлық оқиғалары бойынша мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен өзара ақпарат алмасуды жүзеге асырады;»;
9) тармақша алып тасталсын;
10), 15-1), 16), 17), 18) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«10) шет мемлекеттердің авиация биліктерімен және мамандандырылған халықаралық ұйымдармен, оның ішінде ынтымақтастық, тәжірибе және азаматтық авиацияға қатысты ақпарат алмасу туралы екіжақты келісімдер жасасу арқылы халықаралық ынтымақтастықты, сондай-ақ халықаралық азаматтық авиация ұйымдарында Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуді жүзеге асырады;»;
«15-1) радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест қағидаларын бекітеді;»;
«16) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 1-қосымшада көзделген авиация персоналына жататын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеңіл және аса жеңіл авиацияның авиация персоналына жататын адамға оның қажетті бiлiмi мен дағдыларының бар екенін, сондай-ақ оның денсаулығының белгіленген талаптарға сай екенін растайтын, кәсiптiк қызметті жүзеге асыру құқығына арналған авиация персоналының куәлігін береді, куәліктің қолданылу мерзімін ұзартады, мұндай куәлiктi кері қайтарып алады, оның қолданылуын тоқтата тұрады, куәлікке біліктілік белгілері мен арнайы белгілерді енгізеді;
17) сертификаттауды және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификатын, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті, авиациялық оқу орталығының сертификатын, азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын, тип сертификатын, әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификатты, әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын, авиациялық медициналық орталықтың сертификатын беруді жүзеге асырады;
18) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген қолданыстағы сертификаттарға (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктерге) өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, сертификаттарды (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктерді) беруден бас тартады, иелері сертификаттау талаптарын сақтамаған кезде, сертификаттарды (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктерді) қайтарып алады, олардың қолданылуын тоқтата тұрады;
19) жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыға ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті беруді жүзеге асырады, сондай-ақ жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушының ұшуды орындау құқығына арналған куәлігін таниды, өзгертеді, шектейді, қолданылуын тоқтата тұрады немесе кері қайтарып алады;»;
мынадай мазмұндағы 19-1) және 19-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«19-1) Қазақстан Республикасына (Қазақстан Республикасынан) тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлайтын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеуді жүзеге асырады;
19-2) осы Заңда белгіленген жағдайларда әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тартады;»;
27) және 30) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«27) әуежайдың және Қазақстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының әуежайларына тұрақты ұшуды орындайтын шет мемлекеттердің азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларды келісуді жүзеге асырады;»;
«30) авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
«30-1) әуе кемелерін пайдаланушылардың, әуеайлақтарды (әуежайларды) пайдаланушылардың, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілердің, авиациялық оқу орталықтарының, техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымдардың, жете тексеруді жүзеге асыратын авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің, авиациялық медициналық орталықтардың, авиациялық медициналық сарапшылардың қызметіне қадағалауды жүзеге асырады;»;
41-4), 41-17) және 41-18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«41-4) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;»;
«41-17) азаматтық авиацияда ұшуларды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
41-18) азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;»;
41-21) тармақша алып тасталсын;
41-23), 41-27) және 41-28) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«41-23) жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларын бекітеді;»;
«41-27) аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын бекітеді;
41-28) авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларын бекітеді;»;
41-29) және 41-34) тармақшалар алып тасталсын;
41-42) тармақшадағы «электржарықпен» деген сөз «электр жарығымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 41-68), 41-69), 41-70) және 41-71) тармақшалармен толықтырылсын:
«41-68) авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарын бекітеді;
41-69) авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындайды;
41-70) авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау қағидаларын бекітеді;
41-71) азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекітеді;»;
11) 15-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) мемлекеттік авиацияның Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзуын есепке алуды жүргізеді, сондай-ақ әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзушылықтардың барлық жағдайлары бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен өзара ақпарат алмасуды жүзеге асырады;»;
12) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау
1. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының, әуе кемелерінің, әуеайлақтардың және авиациялық көрсетілетін қызметтердің сәйкестігі расталады.
2. Адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекет мүдделерін қорғау, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономиканың, жеке және заңды тұлғалардың сапалы авиациялық көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру сертификаттаудың мақсаттары болып табылады.
3. Осы Заңда белгіленген жағдайларда сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарына қойылатын сертификаттау талаптарына сәйкестікке сертификаттық зерттеп-қарауды нұсқамалық материалды пайдалана отырып жүзеге асырады.
5. Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде өтініш беруші мәлімделген қызмет түрін орындау үшін қажетті қабілеттілігі мен құралдарын, сондай-ақ өзінің қаржылық-экономикалық жағдайын және құқық қабілеттілігін көрсетуге міндетті.
Сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелері өтініш берушілерге танысу үшін ұсынылады.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтініш беруші сертификаттау талаптарына сәйкес келген және ол сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікке тікелей ықпал ететін сәйкессіздіктерді жойған кезде өтініш берушіге сертификат (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік) береді.
6. Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер: 1-санат, 2-санат және 3-санат болып үш санатқа бөлінеді.
1-санатқа қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде ол жойылуға тиіс сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
2-санатқа азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген мерзімдерде жойылған немесе шектеулер енгізілген жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
3-санатқа қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
7. 3-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер өтініш берушінің техникалық және қаржылық мүмкіндіктері негізге алына отырып, адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өтініш берушінің қабілетсіздігімен сипатталады.
3-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификат (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік) беруден бас тартады не өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойған кезге дейін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен сертификаттың (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктің) қолданысын шектейді.
8. 2-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган:
1) анықталған сәйкессіздікті жою үшін ол анықталған кезден бастап үш айдан аспайтын мерзім белгілейді. Өтініш беруші анықталған сәйкессіздікті жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлейді және сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелерімен танысқан кезден бастап он жұмыс күні ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
2) өтініш беруші ұсынған анықталған сәйкессіздікті жою жөніндегі шараларды бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспарын бекітеді не оны негіздемесімен қоса пысықтауға қайтарады.
Өтініш беруші түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген мерзімді өзгерту қажеттілігі туралы негіздемені ұсынған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган оны ұзартады.
9. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтініш берушінің түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуын және (немесе) жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындауын тексеру жүргізу жолымен бақылайды.
Егер өтініш беруші түзету іс-қимылдарының қолайлы жоспарын ұсынбаса немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындамаса, 2-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік 3-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздікке айналады және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті) беруден бас тартады немесе бұрын берілген сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті) кері қайтарып алады.