1-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде түзету іс-қимылдарының жоспары талап етілмейді.
10. Сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті) беруден бас тарту, егер:
1) осы баптың 7-тармағында көзделген сәйкессіздіктер анықталған;
2) өтініш берушіге қатысты оған қызметтердің осы түрін көрсетуге тыйым салатын сот шешімі болған жағдайларда жүргізіледі.»;
13) 16-1-баптың тақырыбы, 1, 3, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1-бап. Ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тұрақты қадағалау
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуіне тұрақты қадағалауды жүзеге асырады.
Ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тұрақты қадағалауға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттаған азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдары жатады.»;
«3. Мемлекеттік авиациялық инспекторлар осы баптың 2-тармағында көзделген тексеру кезінде:
1) нұсқамалық материалды пайдалана отырып оны жүзеге асыруға;
2) тексерілетін жеке және заңды тұлғаларға ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша олардың қызметін қадағалаудың тиісті нәтижелерін беруге;
3) бұрынғы қадағалаудың, оның ішінде жоспардан тыс тексерулердің нәтижелеріне және азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздігін басқарудың белгіленген жүйесі шеңберінде ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік саласындағы басымдықтарға негізделуге;
4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы Заңның 16-3-бабына сәйкес шаралар қабылдау үшін бұзушылықтардың жоқ екені немесе бар екені туралы мәліметтерді ұсынуға тиіс.
4. Тұрақты қадағалау азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарына тексерулер жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасының шегінде немесе одан тыс жерлерде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген сертификаттар (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктер) негізінде азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асыру кезінде сертификаттау талаптарын үнемі сақтайтынын растайтын ақпаратты, құжаттарды береді және мемлекеттік авиация инспекторларының өздерінің қарауындағы жерлер мен аймақтарда сертификаттау нысанасы болып табылатын ақпаратқа, құжаттарға, бұйымдарға, бөлшектер мен жабдыққа қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.»;
14) 16-2-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жыл сайын тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаны қабылдайды, бұл сертификатталған азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының сертификаттау талаптарына және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін ұстау бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүргізетін іс-шаралар кешенін білдіреді.»;
«3. Тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама сертификаттың (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктің) қолданылу мерзімі ішінде азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдары қызметінің барлық аспектілері ескеріле отырып, тексерулердің мерзімділігін, қадағалау мәселелері бойынша азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының лауазымды адамдарымен өзара іс-қимыл жасауды және жүргізілген тексерулер нәтижелерін есепке алуды қамтиды.»;
15) 16-3-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ұшу қауіпсіздігіне және авиациялық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіретіндей елеулі бұзушылықтар бірінші деңгейдегі бұзушылықтарға жатады.»;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Екінші деңгейдегі бұзушылықтар болған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган:
1) анықталған бұзушылықтарды жою үшін бұзушылық анықталған кезден бастап үш айдан аспайтын мерзім белгілейді. Азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлейді және тексеру нәтижелерімен танысқан немесе инспекторлық нұсқама алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
2) азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы ұсынған, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспарын бекітеді не оны негіздемесімен қоса пысықтауға қайтарады.
Азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген мерзімдерді өзгерту қажеттігі туралы негіздемені ұсынған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган оларды ұзартады.
7. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган азаматтық авиация пайдаланушысының немесе ұйымының түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуын және (немесе) жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындауын тексеру жүргізу жолымен бақылайды.
Егер азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы түзету іс-қимылдарының қолайлы жоспарын ұсынбаса немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындамаса, екінші деңгейдегі бұзушылық бірінші деңгейдегі бұзушылыққа айналады және осы баптың 5-тармағында көзделген шаралар қабылданады.»;
16) 16-4-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«16-4-бап. Ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бақылау»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қызметі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның сертификаттауына жатпайтын, бірақ осы Заңның 10-2-бабында көзделген қызметке жататын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуіне бақылауды жүзеге асырады.»;
2-тармақта:
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бақылау жеке және (немесе) заңды тұлғаларды ішінара және жоспардан тыс тексеру, ұшу қауіпсіздігінің талаптарын сақтаудағы олардың қызметін байқау және талдау, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздіктің жай-күйін шолу және авиациялық қауіпсіздік жүйесін сынау арқылы жүзеге асырылады.
Ішінара тексерулерді жүргізу нұсқамалық материалдар пайдаланыла отырып және тексерулер жүргізу графигінде белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.»;
үшінші бөліктің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) егер оларға қатысты ішінара тексеру белгіленген болса, тексерілетін жеке тұлғаның тегінің, атының, әкесінің атының (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе тексерілетін заңды тұлға атауының өзгеруі, сондай-ақ оның қайта ұйымдастырылуы;»;
17) 16-5-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перронда тексеруді нұсқамалық материалды пайдалана отырып мемлекеттік авиация инспекторлары жүзеге асырады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тиісті әуеайлақтардағы пайдаланушылар саны, әуе кемелерінің типі және қону саны, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдер дәрежесі ескеріле отырып, есептеу әдісіне негізделген, шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелеріне перронда тексеру жүргізудің жылдық графигін қабылдайды.»;
3-тармақтың екінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) егер тексерілетін шетелдік пайдаланушыға қатысты ішінара тексеру белгіленсе, оны қайта ұйымдастыру және атауын өзгерту;»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұзушылықтарды осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген санаттарға жатқызу шарттары нұсқамалық материалда айқындалады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Үшінші санаттағы бұзушылық анықталған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның:
1) пайдаланушыға анықталған сәйкессіздік туралы жазбаша хабарлауға және түзету іс-қимылдары қабылдануының дәлелдемелерін талап етуге;
2) пайдаланушы мемлекетінің және қажет болған кезде, әуе кемесін тіркеген және ұшу экипажы куәліктерін берген мемлекеттің құзыретті биліктеріне хабарлауға, сондай-ақ пайдаланушы қабылданған түзету іс-қимылдарын келісу туралы тиісті құзыретті биліктерден растау сұратуға;
3) әуе кемесін пайдалануға шектеу қоюды белгілеуге не анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шұғыл түзету іс-қимылдарын қабылдауды талап етуге не Қазақстан Республикасының аумағында әуе кемесін пайдалануға дереу тыйым салуды енгізуге не осы баптың 7-тармағының шарттарына сәйкес әуе кемесін жерде кідіртуге құқығы бар.»;
18) 16-6-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық және эксперименттік авиация саласында сертификаттауды, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы мемлекеттік авиация инспекторы болып табылады.
Мемлекеттік авиация инспекторлары әуе кемелерінің ұшуын орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысына қызмет көрсету бөлігінде арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар, сондай-ақ қаржылық-экономикалық және құқықтық қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асыратын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары қатарынан тағайындалады.
Мемлекеттік авиация инспекторларының санын Қазақстан Республикасында коммерциялық авиация мен жалпы мақсаттағы авиацияның азаматтық әуе кемелері орындайтын ұшу жұмысының ауқымдарына қарай азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өзінің бекітілген штат саны шегінде айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттік авиация инспекторлары санаттарына:
бас мемлекеттік авиация инспекторы;
аға мемлекеттік авиация инспекторы;
мемлекеттік авиация инспекторы жатады.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық органының лауазымды адамдарын мемлекеттік авиация инспекторлары санаттарына жатқызу тәртібін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
1-2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, сертификаттауды, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік авиация инспекторының қызметіне жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың араласуына жол берілмейді.»;
3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) авиация персоналы куәлігінің, кеме, ұшу құжаттамасының, сертификаттардың, рұқсаттардың және берілуі осы Заңда көзделген құжаттардың болуын, сондай-ақ шетелдік кемелерді қоса алғанда, азаматтық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы талаптарына және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкестігін тексеруге міндетті.»;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік авиация инспекторлары мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленетін ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.»;
19) мынадай мазмұндағы 16-8-баппен толықтырылсын:
«16-8-бап. Белгілі бір функциялар мен міндеттерді беру туралы келісімдер
1. Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес жасалған келісімнің негізінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде әуе кемесі тіркелген мемлекет ретінде ұшу қағидаларын сақтауды, радиомен хабарлау аппаратураларын пайдалануды және ұшуға жарамдылықты қолдауды, сондай-ақ авиация персоналының талаптар мен нормаларды сақтауын қамтамасыз етуге бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі функциялар мен міндеттерді бұл әуе кемесі экипажсыз пайдаланылатын шет мемлекеттің құзыретті биліктеріне беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы пайдаланушысының оны экипажсыз пайдалануы кезінде әуе кемесі тіркелген мемлекеттің оған берген функциялары мен міндеттерін қабылдауға құқылы.
Осы тармақтың күші қолданылатын пайдаланушылар мемлекеттердің құзыретті биліктері арасында жасалған функциялар мен міндеттерді беру туралы келісімнің расталған толық көшірмесін оның барлық қолданылу мерзімі ішінде әуе кемесінің бортында ұстауға міндетті.
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес пайдаланушының мемлекеті берген немесе растаған ұшуға жарамдылық куәліктерін (сертификаттарын), радиоаппаратураны пайдалануға арналған рұқсатты және экипаж мүшелерінің куәліктерін жарамды деп таниды.
3. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның шет мемлекеттердің құзыретті биліктерімен жасасқан келісімдері Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) тіркелуге жатады.»;
20) 17-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру:
1) әуе кеңiстiгiнiң құрылымы мен сыныптамасын айқындауды және белгілеуді;
2) осы Заңның 25-бабында белгіленген басымдықтарға сәйкес әуе кеңiстiгiн пайдалануды жоспарлауды және үйлестіруді;
3) әуе кеңiстiгiн пайдаланудың рұқсат беру не хабардар ету тәртiбiн айқындауды және қамтамасыз етуді;
4) мыналарды:
әуе қозғалысына қызмет көрсетуді, әуе қозғалысын басқаруды;
әуе қозғалысының ағындарын ұйымдастыруды білдіретін әуе қозғалысын ұйымдастыруды;
5) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауды және қадағалауды қамтиды.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Әуе кеңістігін икемді пайдалануды қамтамасыз ету үшін азаматтық-әскери үйлестіру қағидаттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Әуе қозғалысының ағындарын ұйымдастыруды әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының мәлімделген өткізу қабілеттілігін ескере отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асырады.
4-2. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қажеттілігі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау әдістемесіне сәйкес және мыналар:
1) тиісті әуе қозғалысының типтері;
2) әуе қозғалысының қарқындылығы;
3) метеорологиялық жағдайлар;
4) осы ауданға немесе осы жерге қатысы болуы мүмкін басқа да факторлар ескеріле отырып айқындалады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік және (немесе) эксперименттік авиация ұшуының арнайы аймақтары мен аудандарын, сондай-ақ сыныпталмайтын әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) аудандарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бақыланатын әуе кеңiстiгiнде әуе қозғалысына қызмет көрсетуді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асырады.
Жекелеген әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) аудандарында әуе қозғалысына қызмет көрсетуді жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асыруы мүмкін.»;
21) 19-баптың 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшу ақпаратының аудандары (аймақтары), диспетчерлік аудандар, әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттары, тораптық диспетчерлік аудандар, диспетчерлік аймақтар, әуеайлақ қозғалысының аймақтары, бақыланбайтын әуе кеңістігінің аудандары, әуе трассалары, әуе кемелерінің ұшуына арналған арнайы аймақтар, тыйым салынған аймақтар, қауіпті аймақтар, әуе кемелерінің ұшуына шектеу қойылған аймақтар және әуе кеңістігіндегі қызметті жүзеге асыру үшін белгіленетін басқа да арнайы элементтер белгіленеді, бұлардың жиынтығы Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің құрылымын құрайды.
Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің құрылымы азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.»;
«4. Әуе қозғалысына қызмет көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің сыныптамасы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланушылардың қажеттілігі, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігі, олардың экономикалық тиімділігі негізге алына отырып айқындалады және аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.»;
22) 20-бапта:
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін әуе кемелері, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушімен жасалған шартқа сәйкес iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша оқу-жаттығуларға тартылған әуе кемелері;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) жеңіл және аса жеңіл әуе кемелері;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұсынылатын аэронавигациялық қызмет көрсету үшін әуе кеңістігін пайдаланушылардан төлемақы алуды аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асырады. Аэронавигациялық қызмет көрсетуге кіретін қызметтерді ұсынуға қатысушы ұйымдармен құқықтық қатынастарды реттеу шарттар негізінде жүзеге асырылады.»;
23) 21-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына және азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес аэронавигациялық ақпарат беруді қамтамасыз етеді.
2. Аэронавигациялық ақпарат көзі болып табылатын жеке немесе заңды тұлғалар азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты өтеусіз негізде беруге және мұндай ақпараттың анықтығы, нақтылығы және уақтылы берілуі үшін жауаптылықта болуға міндетті.»;
24) 22-бапта:
2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әуе кемелерін эшелондауға қойылатын талаптарды қоса алғанда, әуе кемелеріне диспетчерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықта айқындалады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары беретін диспетчерлік рұқсаттар әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға негізделеді.»;
25) 23, 25 және 26-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«23-бап. Ұшуды орындау қағидалары
Әуе кемелерінің Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшуы азаматтық және мемлекеттік авиацияда ұшуды жүргізу қағидаларына сәйкес орындалады.
Ұшуды орындау кезінде әуе кемесінде азаматтық және мемлекеттік авиацияда ұшуды жүргізу қағидаларында көзделген кеме құжаттары болуға тиіс.»;
«25-бап. Әуе кеңістігін пайдаланудағы басымдықтар
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі әуе кеңістігін барлық пайдаланушыға оны пайдалану бойынша тең құқықтармен қолжетімді.
Әуе кеңістігін бір уақытта екі немесе одан да көп пайдаланушының пайдалану қажеттігі туындаған жағдайда, оны пайдалануға бірінші кезектегі құқық мемлекеттік басымдықтарға сәйкес пайдаланушыларға мынадай ретпен беріледі:
1) әуе шабуылына тойтарыс беру немесе әуе кеңiстiгiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасын бұзуды, әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбiнің бұзылуын болғызбау және тоқтату, Қазақстан Республикасының егемендiгiне, аумақтық тұтастығына және қауiпсiздiгiне қарсы күш қолдануды немесе күш қолдану қатерін жою;
2) адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн не айтарлықтай материалдық залал келтiру қаупін тудыратын дүлей және өзге де зілзалалар, апаттар, авариялар, авариялық және өзге де жағдайлар кезінде көмек көрсету;
3) ғарыш аппараттары мен олардың экипаждарын ұшыру, қондыру, iздестiру және эвакуациялау;
4) Қазақстан Республикасының аса маңызды ұшуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес орындалатын ұшу;
5) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның жоспарлы оқу-жаттығулар өткізуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес жүзеге асырылатын әуе кемелерінің ұшуы немесе өзге де қызмет;
6) жолаушыларды, жүктердi және пошта жөнелтілімдерін тасымалдайтын тұрақты рейстер;
7) Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа да мемлекеттердің мемлекеттік авиациясының ұшуы;
8) эксперименттiк және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу;
9) тұрақты емес әуе тасымалдары және авиациялық жұмыстарды орындау;
10) оқу-жаттығу, көрсету, мәдени-ағарту іс-шараларын өткізу, сондай-ақ пайдаланушының жеке мақсаттағы ұшуы.
26-бап. Әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салу немесе оны шектеу
Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында және 25-бабының 1) - 5) тармақшаларында көзделген қызмет жүзеге асырылған жағдайларда, мемлекеттік авиация саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен әуе кемелерінің ұшуы үшін Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн немесе оның жекелеген аудандарын пайдалануға тыйым салады не шектейді.»;
26) 27-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлік алып тасталсын;
екінші бөлікте:
1) тармақшадағы «әуе кемелерінің ұшу қауiпсiздiгiне» деген сөздер «ұшу қауіпсіздігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ұшу қауiпсiздiгiне анық қатер төну және авиациялық оқиғаны болғызбау жағдайларын қоспағанда, әуе трассаларынан және маршруттар осьтерiнен Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленген нормалардан асатын қашықтыққа ауытқуы;»;
27) 30-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Байланысты қамтамасыз ету тәртібі, әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының байланысты қамтамасыз етуге қоятын талаптары, азаматтық авиациядағы байланыс құралдарының сипаттамасы азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларында айқындалады.»;
28) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Елді мекеннің үстінен ұшу
1. Қалалардың немесе кенттердің халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен авариялық жағдайлар не төтенше мән-жайлар туындаған кезде жердегі адамдарға немесе мүлікке қауіп аса төнбейтін, бұл ұшу немесе қону кезінде қажет болатын немесе бұған әуе қозғалысын басқару органының рұқсаты берілетін жағдайды қоспағанда, қонуды орындауды қамтамасыз ететін биіктікте әуе кемелерінің ұшуы орындалады.
2. Әуе кемелерінің елді мекендердің үстінен ұшуының схемалары (маршруттары) ұлттық қауіпсіздік органдарымен және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен келісіледі және оларды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
3. Күзет іс-шараларын өткізу кезеңінде әуе кемелерінің және пилотсыз ұшу аппараттарының елді мекендердің үстінен ұшуы ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісіледі.
4. Елді мекендердің үстінен ұшуды келісу және орындау тәртібі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында айқындалады.»;
29) 32-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әуе кемелерін пайдаланушыларды сертификаттау кезеңі болып табылмайтын көрсету мақсатындағы ұшулар авиациялық техниканы көрсету, авиация жетістіктерін насихаттау, сондай-ақ қоғамдық-саяси және ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды қамтамасыз ету үшін қолданылады.»;
30) 33-баптың тақырыбы мен 3-тармағындағы «Ұшқышсыз» деген сөз «Пилотсыз» деген сөзбен ауыстырылып, 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Пилотсыз ұшу аппараты Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында және пилотсыз ұшу аппаратын пайдалану құжаттамасында белгіленген шарттар сақталып, адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру, мүлікті зақымдау (бүлдіру) қатері, басқа әуе кемелері үшін қауіп барынша азайтылып пайдаланылуға тиіс.
2. Пилотсыз ұшу аппараттарын пайдаланушылар әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органдарына Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес пилотсыз ұшу аппараттарының жоспарланатын ұшуы туралы егжей-тегжейлі деректерді хабарлайды.»;