ұшып келе жатқан немесе жердегі әуе кемесінің қауіпсіздігіне, жолаушылардың, экипаж мүшелерінің, жердегі персоналдың немесе әуежайдағы жұртшылықтың немесе азаматтық авиацияның құралдары немесе қызметі орналасқан жердің қауіпсіздігіне қатер төндіретін жалған ақпаратты хабарлау азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актісі болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Азаматтық авиация ұйымы авиациялық қауіпсіздік бағдарламаларын әзірлейді және қабылдайды, оларда Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасына сәйкес әзірленген, заңсыз араласу актілерін болғызбау және оларға қарсы іс-қимыл жасау шаралары мен рәсімдері көзделеді.»;
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әуежайдың бақыланатын аймағына, оның ішінде әуежайдың кіру шектелген күзетілетін аймақтарына және әуе кемесінің бортына бөгде адамдар мен көлiк құралдарының кiруiн болғызбау.
Жете тексеру пунктінен әуе кемесіне дейінгі коммерциялық авиацияның ұшатын жолаушыларына арналған аймақтар, сондай-ақ перрон, жете тексеруден өткен багаж бен жүктер бар әуе кемелеріне қызмет көрсету аймақтарын қоса алғанда, багаж өңдеу аймақтары, жүк қоймалары, пошта жөнелтілімдерін өңдеу орталықтары, әуежайдың бақыланатын аймағында орналасқан бортта тамақтандыру мен ұшақтарды тазалау қызметтерінің үй-жайлары кіру шектелген күзетілетін аймақ болып табылады;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) әуе кемесінің бортына, әуежайға немесе аэронавигациялық құрал және басқа да объектілер орналасқан жерге заңсыз кіруді болғызбау;
6-2) аэровокзалдар мен іргелес аумақтардың жалпы рұқсат етілген аймақтарында қауіпсіздіктің қажетті шараларымен;»;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 4-1-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Ұшып келуі, ұшып кетуі кезінде және тұрақта тұрған уақытында әуе кемесінің бортына бөгде адамның заңсыз кіруіне тыйым салынады.»;
«4-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жыл сайын Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының авиация қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарын сақтау тұрғысында азаматтық авиация ұйымдарында тексерулер, сынақтар мен шолулар жүргізуге бағытталған іс-шаралар кешені түсінілетін авиациялық қауіпсіздікті тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаны қабылдайды.»;
5-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдаланушылар мен азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және Қазақстан Республикасының әуежайларына тұрақты рейстер орындайтын шет мемлекеттердің азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды жылына бір реттен жиі емес кезеңділікпен ішінара тексерулер және жоспардан тыс тексерулер;»;
6) тармақшадағы «жүргізу арқылы жүзеге асырылады.» деген сөздер «жүргізу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) авиациялық қауіпсіздік жүйесіне сынақтар жүргізу;
8) авиациялық қауіпсіздік жай-күйіне шолулар жүргізу арқылы жүзеге асырылады.»;
7 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ішінара тексерулер қатерлерді бағалау және әуежай арқылы немесе азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылар жүзеге асырған тасымалдар көлемі, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік саласында бұрын анықталған бұзушылықтар ескеріле отырып жүргізіледі.»;
«9. Әуежайлардың, әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) және азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушылары ішкі аудиттерді, тексерулерді, зерттеп-қарауларды, сенімділікті тексеруді қамтитын авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сапасын бақылау жөніндегі ішкі шараларды жүзеге асырады. Шараларды іске асыруды Авиациялық қауіпсіздіктің сақталуы сапасына бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес әзірленген авиациялық қауіпсіздік бойынша сапаны ішкі бақылау бағдарламасы негізінде сапаны бақылаудың ішкі аудиторы (маманы) жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Авиациялық қауіпсіздік жүйесіне сынақты және авиациялық қауіпсіздіктің жай-күйіне шолуларды Авиациялық қауіпсіздіктің сақталуы сапасына бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.»;
81) 106-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әуежайдың және тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпанияның, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілердің өз құрылымында тиісті қажетті техникалық құралдармен және кадр құрамымен жасақталған, азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ететін авиациялық қауіпсіздік қызметі болуға тиіс.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әуежайдың, тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпанияның тиісінше бірінші басшысына тікелей бағынатын және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша тағайындалатын, авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес тиісті оқудан өткен және жұмысқа жіберілетін оның орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы әуежайдың, тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпанияның авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы бола алады.»;
3-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әуежайды пайдаланушы болып табылатын ұйымның бірінші басшысына және оның орынбасарына - әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысына;
2) тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпанияның бірінші басшысына және оның орынбасарына - авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысына;»;
4) тармақшадағы «иесіне жүктеледі.» деген сөздер «иесіне;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші органның бірінші басшысына және оның авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысына жүктеледі.»;
82) 107-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жолаушыларды, багажды, қол жүгін, оның ішінде жолаушылардың өздерінде болатын заттарды, экипаж мүшелерін, азаматтық авиацияның авиация персоналы қатарындағы адамдарды, әуе кемесі бортындағы қосалқы заттар мен тағамды, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін және әуежайдың бақыланатын аймағына келетін барлық адамдарды ұшар алдында жете тексеруді авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес бағдарламалар бойынша тиісті оқудан өткен және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органда жұмысқа рұқсат алған авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеру инспекторлары жүргізеді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасының Үкiметi бекіткен арнайы тізбе бойынша лауазымды адамдарды қоспағанда, әуе кемесімен тасымалданатын әрбір адам мен оның багажына қатысты жете тексеру жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес белгіленген қауіп-қатер деңгейіне байланысты жолаушылар және аэровокзалдарға келетін адамдар, олардың алып жүретін заттары, оның ішінде қол жүгі мен багажы Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасына сәйкес жете тексеруге жатады.»;
83) 108-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.».
7. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13,91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., №7-I, 47-құжат; №7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
134-баптың 2-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланушыларға аэронавигациялық қызмет көрсетуді ұсыну;».
8. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; №7-I, 50-құжат; №7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат):
2-қосымшадағы 41-жол алып тасталсын.
2-бап.
1. Осы Заңның 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 6-тармағы 54) тармақшасының сегізінші абзацын қоспағанда, осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 6-тармағының 3) тармақшасы төртінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, осы абзац тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидалары қолданылады.».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы мамырдың 10-ы.
№ 64-VI