3. Әуеайлақтар мен әуежайларды тарату немесе басқа жерге көшіру меншік иесiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.»;
57) 72-баптағы «әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі» деген сөздер «ұшу қауіпсіздігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
58) 74-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін ақысын алып немесе жалдау бойынша әуемен тасымалдауды (коммерциялық әуе тасымалдарын) тұрақты және тұрақты емес рейстермен жүзеге асыру құқығына пайдаланушының қолданыстағы сертификаты бар авиакомпаниялар ие болады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және (немесе) шетелдік заңды тұлғалардың акционерлік қоғам нысанындағы авиакомпанияның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі қырық тоғыз пайыздан аспауға тиіс.»;
59) мынадай мазмұндағы 75-1-баппен толықтырылсын:
«75-1-бап. Формальдылықтарды оңайлату
1. Әуе тасымалдарына жәрдемдесу және оларды жылдамдату, сондай-ақ әуе кемелерінің, экипаждардың, жолаушылар мен жүктің негізсіз кешіктірілуін болғызбау мақсатында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган басқа мемлекеттік органдармен келісу бойынша шекаралық, кедендік, санитариялық және басқа да бақылау түрлерімен байланысты формальдылықтарды оңайлатуға бағытталған бағдарламаны әзірлейді.
2. Әуе тасымалына байланысты формальдылықтарды оңайлату жөніндегі шаралар авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі шараларға залал келтіретіндей етіп жүргізілмеуге тиіс.»;
60) 76-баптың 5-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді тасымалдау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді әуеде тасымалдау қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалады.»;
61) 76-1-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Авиакомпаниялар (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өтінімдері бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың жеке құрамын оқиғалар, төтенше жағдайлар болған жерлерге тасымалдау және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге міндетті.»;
62) 79-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Авиакомпанияларды тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға жіберу қағидаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкессіздік авиакомпанияны тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға жіберуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Авиакомпанияларды тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға жіберу қағидаларында белгіленген біліктілік талаптарын авиакомпания сақтамаған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұрын берілген рұқсатты үш айға дейін тоқтата тұрады. Тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтар осы тармақта белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, бұрын берілген рұқсат қайтарып алынады.»;
63) 80-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Үкіметаралық келісімдерге сәйкес авиатасымалдаушылардың саны немесе рейстерді орындау жиілігі бойынша шектеу белгіленген Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары арасында халықаралық авиамашруттарды, сондай-ақ тұрақты әуе тасымалдарын жүзеге асыруға арналған субсидияланатын авиамаршруттарды (облысішілік авиамаршруттарды қоспағанда) бөлудi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган конкурстық негізде жүргiзедi. Жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшін субсидияланатын облысішілік авиамаршруттарға конкурсты жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Конкурс жеңiмпаздарына авиамаршрутқа арналған куәлiктер берiледi.
Халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс үкіметаралық келісімдерге сәйкес авиатасымалдаушылардың саны немесе рейстерді орындау жиілігі бойынша шектеу белгіленген авиамаршруттарға:
1) жаңа авиамаршруттар ашылған;
2) үкіметаралық келісімге енгізілген өзгерістерге сәйкес қолданыстағы халықаралық авиамаршрутта қосымша жиіліктер бөлінген;
3) авиатасымалдаушы халықаралық авиамаршрутты пайдаланудан бас тартқан кезде босатылған жиіліктер бөлінген жағдайларда жүргізіледі.
Конкурсқа жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтiлімдерiн тасымалдау бойынша халықаралық авиамаршрутқа конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында, сондай-ақ жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша субсидияланатын авиамаршрутқа конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетін авиакомпаниялар жіберіледі.»;
64) 81-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасына (Қазақстан Республикасынан) тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлайтын шетелдік тасымалдаушылар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органда аккредиттеуден өтуге міндетті.
3. Аккредиттеуді өткізу үшін шетелдік әуемен тасымалдаушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларына сәйкес тізбе бойынша, оның ішінде:
1) коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға шетелдік әуемен тасымалдаушыны тіркеуші мемлекет тарапынан рұқсатты;
2) тиісті шет мемлекеттен тағайындалған әуемен тасымалдаушының мәртебесін;
3) пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасын;
4) Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген және (немесе) брондалған билеттер туралы мәліметтер беруді растайтын құжаттарды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган аккредиттеу туралы құжаттарды қарауды олар келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Аккредиттеу нәтижелері бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган шетелдік әуемен тасымалдаушыға Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларында белгіленген нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік береді не одан уәжді түрде бас тартады.
Аккредиттеу туралы куәлікті беруден бас тарту үшін:
1) Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларына сәйкес тізбе бойынша құжаттарды ұсынбау не толық ұсынбау;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұсынылған құжаттарда анық емес мәліметтердің не қолданылу мерзімі өтіп кеткен мәліметтердің (құжаттардың) болуы негіз болып табылады.
Аккредиттеу тәртібі, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларында айқындалады.»;
65) 82-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Авиациялық жұмыстардың тізбесі мен оларды орындауға қойылатын талаптар Азаматтық авиация саласындағы ұшуларды жүргізу қағидаларында белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Азаматтық авиация ұйымының жұмыскерлері болып табылмайтын, бірақ авиациялық жұмыстарды орындау кезінде жұмысқа тартылған адамдар авиация персоналына жатпайды.»;
66) 86-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген талаптарды бұзуға жол берген тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапты болады.»;
67) 87-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әуе кемелерінің, азаматтық авиацияның басқа да объектілері мен жабдықтарының меншік иелері (иелері) мен пайдаланушылары Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңдарының талаптарына сәйкес өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін, оның ішінде жолаушылардың және авиация персоналының алдындағы, сондай-ақ жүк иесінің немесе жүкті жөнелтушінің алдындағы жауапкершілігін сақтандыруға міндетті.»;
68) 11-тараудың тақырыбындағы «Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне» деген сөздер «Ұшу қауіпсіздігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
69) 88-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
70) 89-баптың алтыншы абзацындағы «әрекет ету жатады.» деген сөздер «әрекет ету;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«темекі бұйымдарын тұтыну жатады.»;
71) 90-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «әуе кемелері ұшуының, олардың жабдықтарының және олардағы адамдардың қауіпсіздігіне» деген сөздер «ұшудың, әуе кемелері жабдықтарының және олардағы адамдардың қауіпсіздігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне» деген сөздер «Ұшу қауіпсіздігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
72) 92-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлігіндегі «ұшқыш», «ұшқышсыз» деген сөздер «пилот», «пилотсыз» деген сөздермен ауыстырылып, 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) дене жарақатын табиғи себептер салдарынан алған, өзін-өзі жарақаттаған не басқа адамдар жарақаттаған немесе әдетте жолаушылар мен экипаж мүшелерінің кіруіне болатын аймақтан тыс жерде жасырынып қалған билетсіз жолаушыларға дене жарақаты салынған жағдайларды қоспағанда, қандай да бір адамның осы әуе кемесінде болуы, осы әуе кемесінен бөлініп түскен бөлігін қоса алғанда, әуе кемесінің қандай да бір бөлігімен тікелей жанасуы, реактивтік қозғалтқыш газдары ағысының тікелей әсері салдарынан дене жарақатын алып, соңынан қайтыс болған немесе денсаулығына ауыр зиян, сондай-ақ денсаулығына ауырлығы орташа зиян келген;»;
2) тармақшаның үшінші абзацы «зақымданған» деген сөзден кейін «жағдайларын қоспағанда, әуе кемесі зақымданған немесе оның конструкциялары сынған, соның салдарынан әуе кемесі конструкциясының беріктігі бұзылатын, әуе кемесінің техникалық немесе ұшу сипаттамалары нашарлайтын, ірі жөндеу немесе зақымданған элементті ауыстыру қажет болатын;» деген сөздермен толықтырылып, төртінші және бесінші абзацтары алып тасталсын;
73) 93-бапта:
2-тармақта:
бірінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру мақсаты оқиғаның себептерін және (немесе) ілеспе факторларды анықтау, болашақта авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды болғызбау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.»;
«Азаматтық және эксперименттік авиацияда авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Тізбесі азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында белгіленген оқыс оқиғалардың жекелеген түрлерін ұшу қауіпсіздігін басқару жүйелері шеңберінде пайдаланушылар (азаматтық авиация ұйымдары) дербес тергеп-тексереді. Мұндай тергеп-тексерулер азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі. Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін пайдаланушылар (азаматтық авиация ұйымдары) түпкілікті есепті азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға береді.
Мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеруді мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган құрған комиссия жүргізеді.»;
3-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның өкiлеттiгi, сондай-ақ азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға тергеп-тексеру жүргізу тәртібі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы екінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның өкiлеттiгi, сондай-ақ мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға тергеп-тексеру жүргізу тәртібі мемлекеттік авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен Қазақстан Республикасында мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалады.»;
«Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия жүргізілетін тергеп-тексеру кезінде объективтілік пен бейтараптық қағидаттарын басшылыққа алуға тиіс. Тергеп-тексерудің тәуелсіз болуы мақсатында авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүдделер қақтығысын болғызбауды ескере отырып қалыптастырылады.»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген не Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасы оны пайдаланушы болып табылатын азаматтық авиацияның әуе кемесі шет мемлекеттің аумағында авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға ұшыраған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына және азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес әрекеттерін жүзеге асырады.
6. Тергеп-тексеру процесінде авиациялық оқиға туралы ақпарат тек нақты деректермен шектеледі. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мыналар:
1) тергеп-тексеру процесінде жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан алынған мәліметтер;
2) әуе кемесін пайдалануға қатысы бар адамдар арасындағы хат жазысу туралы мәліметтер;
3) авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға қатысушы адамдарға қатысты медициналық деректер және (немесе) биометриялық және (немесе) дербес деректер;
4) борттағы өздігінен жазатын құрал жазбалары және осындай жазбалардың түсіндірілетін мағынасы;
5) әуе қозғалысына қызмет көрсету немесе әуе қозғалысын басқару органдарының жазбалары және жазбалардың түсіндірілетін мағыналары;
6) экипаж кабинасындағы көрнекі мән-жайды жазатын құралдардың жазбалары мен осындай жазбалардың кез келген бөлігі немесе түсіндірілетін мағынасы;
7) борттағы өздігінен жазатын құралдар жазбаларын қоса алғанда, тергеп-тексеруге қатысты ақпаратты талдау кезіндегі комиссия мүшелерінің не тартылған сарапшылардың не әуе кемесі тіркелген шет мемлекеттің уәкілетті өкілдерінің (пайдаланушының, әзірлеушінің немесе дайындаушының) пікірлері (нұсқалар, өтініштер) қамтылған ақпарат жария етілмейді.
Осы тармақта көрсетілген ақпарат түпкілікті есепке енгізіледі немесе авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны талдауға қатысы болған жағдайда ғана оған қосылады. Осындай талдауға қатысы жоқ жазбалардың бөліктері жария етілмейді.»;
мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
«7. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның сұрау салуы бойынша жүргізілетін тергеп-тексеруге қатысы бар ақпаратты және (немесе) құжаттаманы ұсынуға міндетті.
8. Азаматтық және мемлекеттік авиациялар салаларындағы уәкілетті органдар жүргізетін авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексерулер Қазақстан Республикасының құқық қорғау, арнаулы және өзге де мемлекеттік органдары жүргізетін тергеп-тексерулерден тәуелсіз болып табылады.»;
74) мынадай мазмұндағы 93-1-баппен толықтырылсын:
«93-1-бап. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл
1. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бастапқы дайындықтан өткен және авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрамында азаматтық авиация саласындағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу тапсырылған лауазымды адамы болып табылады.
Тергеп-тексерулерді ұйымдастыру кезінде, Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделгеннен басқа жағдайларда, жеке және (немесе) заңды тұлғалар, басқа да мемлекеттік органдар тарапынан тергеп-тексеру жөніндегі уәкілдің қызметіне араласуға жол берілмейді.
2. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл оқиға болған жерде және тергеп-тексеру процесінде авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны және оған байланысты барлық аспектілерді тергеп-тексеруді жоспарлайды, жүргізеді және үйлестіреді.
Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру процесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
3. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкілдің өз міндеттерін орындау кезінде:
1) тергеп-тексеру жүргізудің тәуелсіздігі мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ тергеп-тексеруге қатысты дәлелдемелердің жоғалуын немесе өзгертілуін болғызбау мақсатында басқа мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау жоспарын құруға;
2) авиация оқиғасы болған жерге және әуе кемесін пайдалануға, оған қызмет көрсетуге және ұшуларды қамтамасыз етуге тартылған авиация персоналына байланысты барлық құжаттамаға кедергісіз қол жеткізуге, авиациялық оқиғаның немесе оқыс оқиғаның туындауына себепші болып табылатын немесе ықпал етуі, әсер етуі мүмкін оқиға орындарын, объектілер мен сынықтарды, қосалқы бөлшектерді және кез келген басқа да объектілерді қарап-тексеруді және одан әрі зерттеп-қарауды жүргізуге;
3) борттағы өздігінен жазатын құралдарды немесе әуе кемесінің бортындағы ақпарат жеткізгіш кез келген басқа да құрылғыны, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының жазбаларын іздеу, қалпына келтіру, шығарып алу, олардың деректерін оқу кезінде үйлестіруді және алынған деректердің сақталуына толық бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар. Борттағы өздігінен жазатын құралдар жазбаларын шығарып алу және оқу Қазақстан Республикасындағы тиісті құралдар немесе шет мемлекеттердің авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі құзыретті органдарының құралдары пайдаланыла отырып, қандай да бір кідіріссіз жүргізілуге тиіс;
4) көзімен көргендерден, авиация персоналынан және авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға қатысы бар басқа да адамдардан сұрауға, авиациялық оқиғаның немесе оқыс оқиғаның себептерін және (немесе) ілеспе факторларды анықтау үшін қажетті зерттеулер мен сынақтар жүргізуді тағайындауға;
5) сарапшыларды жұмысқа тартуға, олардың авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеруге қатысты есептерін сұратуға;
6) пайдаланушымен келісу бойынша ұшу кезінде азаматтық әуе кемесінің бортында әуе кемесінің кабинасында және салонында отыру құқығымен болуына құқығы бар.
4. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруді жүзеге асыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
2) азаматтық авиациядағы авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға;
3) авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға болған жерге келуге, азаматтық авиациядағы авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру мен жүргізуді осы Заңға, азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларына және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес жүзеге асыруға;
4) азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларға тергеп-тексеру жүргізу қағидаларында белгіленген нысан бойынша азаматтық авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге өкілеттіктер беретін куәлігінің болуы міндетті.
5. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл болып табылатын мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленетін ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.
Ақшалай ризық ақшалай үлесті (лауазымдық айлықақы), айрықша еңбек жағдайлары үшін үстемеақыларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін басқа да үстемеақылар мен сыйлықақыларды қамтиды.»;
75) 94-бапта:
2-тармақтағы «Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидаларында» деген сөздер «авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың екінші бөлігіндегі «Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидаларында» деген сөздер «авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
76) 95-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«95-бап. Заттай дәлелдемелерді сақтау
Осы Заңның 101-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар әуе кемесін, оның құрамдас бөліктерiн, бортындағы және жер үстiндегi объективтік бақылау құралдарын, әуе кемесiндегi барлық заттарды, сондай-ақ авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға әсерін тигізген аумақ пен ондағы заттарды, әуе кемесін жасауға, жөндеу мен пайдалануға және оның ұшуын қамтамасыз етуге қатысты бүкiл құжаттаманы осы авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның мүшелерi немесе тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл, сондай-ақ егер әуе кемесін тіркеуші шет мемлекет тергеп-тексеруге қатысуға ниет білдірсе, осындай мемлекеттің уәкілетті өкілі (пайдаланушы, әзірлеуші немесе дайындаушы) келгенге дейін ешкімге қол сұқтырмай сақтауға тиіс.
Заттай дәлелдемелерді сақтау алып қойылуы, бұзылуы, жоғалуы немесе жойылуы мүмкін кез келген заттай дәлелдемелерді суретке түсіру арқылы немесе басқа да тиісті тәсілдермен сақтауды қамтиды. Күзет одан әрі зақымданудан, бөтен адамдардың кіруінен, ұрланудан және бұзылудан алдын ала қорғауды қамтиды.»;
77) 98-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
78) 99-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипажы Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес шараларды және адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау және мүлiктi, оның ішінде әуе кемесін сақтау бойынша өзге де ықтимал шараларды қабылдауға міндетті.»;
79) 100-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару органдары, аэроклубтар апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесі туралы ақпаратты, сондай-ақ қауiптi жағдайға ұшыраған адамдар туралы кез келген өзге де ақпаратты алған кезде Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен қажетті көмек көрсету бойынша барлық ықтимал шараларды қабылдауға және іздестіру-құтқару операцияларын жүргізу жоспарына сәйкес іздестіру-құтқару командаларына, мемлекеттік органдардың авариялық-құтқару қызметтеріне, әуе кемелерін пайдаланушыларға дереу хабарлауға, сондай-ақ өз құзыреті шегінде авариялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға тергеп-тексеру жүргізуді ұйымдастыру үшін азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкілетті органдарды хабардар етуге міндетті.»;
80) 105-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) пайдаланушылар, әуе кемелерін пайдаланушылар Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасына сәйкес азаматтық авиацияны оның қызметіне заңсыз араласу актілерінен қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға мiндеттi.
Жерде және әуеде азаматтық авиация қауіпсіздігіне қатер төндіретін акт немесе актіні жасауға әрекеттену, атап айтқанда:
әуе кемесін заңсыз басып алу;
пайдаланудағы әуе кемесін бұзу;
әуе кемесінің бортында немесе әуеайлақтарда адамдарды кепілге алу;
әуе кемесінің бортына, әуежайға (әуеайлаққа) немесе аэронавигациялық құрал немесе қызмет орналасқан жерге күшпен кіру;
әуе кемесінің бортына немесе әуежайға қылмыстық мақсаттарға арналған қаруды, қауіпті құрылғыларды немесе материалды орналастыру;
пайдаланудағы әуе кемесін өлімге ұшырату, елеулі жарақаттау немесе мүлікке немесе қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтіру мақсатында пайдалану;