жеке тұлғаның микрокредит беру туралы өзге де шарттары бойынша - қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асатын ақшалай міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу болған кезде осы Заңның 9-1-бабында белгіленген талаптарды сақтай отырып беруге құқылы.
17-тармақтың 9) тармақшасының жиырма алтыншы абзацы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
17-тармақтың 9) тармақшасының жиырма алтыншы абзацының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады
Қарыз алушы - жеке тұлғамен жасалған, кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредитті беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) коллекторлық агенттікке беруге мерзімі өткен берешек пайда болған кезден бастап жиырма төрт ай өткен соң жəне осы Заңның 3-бабының 6-тармағында жəне (немесе) осы баптың 2-тармағында көзделген жəне қарыз алушы микрокредит бойынша берешегін өтей алатын, тараптар үшін өзара қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін берешекті реттеу жөніндегі рəсімдер жүргізілген кезде жол беріледі. Тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) толық күшін жою міндетті болып табылады.
Осы тармақшаның ережелері қарыз алушы - Қазақстан Республикасының азаматына қатысты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жəне банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тəртіппен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рəсімдері қолданылған жағдайларға қолданылмайды;»;
мынадай мазмұндағы 6, 7 жəне 8-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Берешекті сотқа дейін өндіріп алу жəне реттеу, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді микроқаржы ұйымына коллекторлық агенттік жəне (немесе) сервистік компания көрсететін жағдайларды қоспағанда, микроқаржы ұйымының мұндай көрсетілетін қызметтерді үшінші тұлғалардан алуына тыйым салынады.
7. Микроқаржы ұйымының коллекторлық агенттікпен берешегі тұрғынжай болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген жеке тұлғаға қатысты берешекті сотқа дейін өндіріп алу жəне реттеу, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинау туралы шарт жасасуына жол берілмейді.
8. Берешек коллекторлық агенттікте сотқа дейін өндіріп алуда жəне реттеуде болған кезеңде микроқаржы ұйымы:
сотқа берешекті өндіріп алу туралы талап қойып жүгінуге;
берешек коллекторлық агенттікте жұмыста болған кезең үшін сыйақы төлеуді талап етуге, сондай-ақ негізгі борышты жəне сыйақыны уақтылы өтемегені үшін көрсетілген кезеңге тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есепке жазуға құқылы емес.»;
10) 14-1-бапта:
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) филиал немесе өкілдік туралы ереженің нотариат куəландырған көшірмесін;»;
3) тармақшадағы «көшірмесін қоса бере отырып, жазбаша хабардар етуге міндетті.» деген сөздер «көшірмесін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) филиалдың үй-жайы орналасқан мекенжай көрсетілген филиалдың үй-жайлары туралы мəліметтерді (бар болса) қоса бере отырып, жазбаша хабардар етуге міндетті.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Уəкілетті орган осы баптың 2, 3, 4, 5 жəне 7-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда микроқаржы ұйымының филиалын не үй-жайын немесе өкілдігін жабуды талап етеді.»;
11) 21-бапта:
3 жəне 5-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
17-тармақтың 11) тармақшасының үшінші абзацы 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
«3. Микрокредит беру құпиясы Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес берілген микрокредиттер бойынша қарыз алушыға, қарыз алушының жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы берген келісімі негізінде үшінші тұлғаға, кредиттік бюроға, сондай-ақ осы баптың 4, 5, 5-1 жəне 6-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға ғана ашылуы мүмкін.»;
17-тармақтың 11) тармақшасының төртінші абзацы 2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
«5-1. Микрокредит беру құпиясы микроқаржы омбудсманына өзінің қарауында жатқан, қарыз алушы - жеке тұлғалардың микрокредит беру туралы, оның ішінде құқықтар (талаптар) осы Заңның 9-1-бабының 4-тармағында жəне 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаға берілген шарттан туындайтын келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі жолданымдары бойынша ашылуы мүмкін.»;
6-тармақтың 3) тармақшасындағы «берешекті өндіріп алу туралы» деген сөздер «, нысанасы берешекті сотқа дейін өндіріп алу жəне реттеу, сондай-ақ қарыз алушының берешегіне байланысты ақпарат жинау жөніндегі қызметтерді көрсету болып табылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 26-бап 5) тармақшасындағы «коэффициенті кіреді.» деген сөздер «коэффициенті;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) жəне 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициенті;
7) қарыз алушының кірісіне қатысты борыш коэффициенті кіреді.»;
17-тармақтың 13) тармақшасы 2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
13) мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
«4-1-тарау. Микроқаржы омбудсманы
29-1-бап. Микроқаржы омбудсманы, оның мəртебесі, оны сайлау тəртібі жəне өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату. Микроқаржы омбудсманының өкілдер кеңесі, оның құзыреті
1. Жеке тұлғаның жəне микроқаржы ұйымының құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қанағаттандыру туралы келісімге қол жеткізу мақсатында, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда микроқаржы ұйымы мен жеке тұлға арасында жасалған микрокредит беру туралы шарттан туындайтын келіспеушіліктерді оның жүгінуі бойынша реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тəуелсіз жеке тұлға микроқаржы омбудсманы болып табылады.
Микроқаржы омбудсманы өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) тараптардың теңқұқықтылығы;
2) бейтараптық;
3) микрокредит беру құпиясын жəне өзге де заңмен қорғалатын құпияны сақтау;
4) тараптардың құқықтарын сақтау жəне заңмен қорғалатын мүдделерін құрметтеу;
5) шешім қабылдау рəсімінің айқындылығы мен шешімнің негізділігі.
2. Микроқаржы омбудсманы жеке тұлға болып табылатын қарыз алушы жəне осындай қарыз алушымен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға арасында туындайтын келіспеушіліктерді қарыз алушының жүгінуі негізінде реттеуді жүзеге асырады.
Микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға өзі микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін сатып алған қарыз алушы жүгінген кезде микроқаржы омбудсманымен өзара іс-қимыл жасасуға жəне микроқаржы омбудсманы микрокредитке байланысты сұратқан кез келген ақпарат пен мəліметтерді беруге міндетті.
3. Өкілдер кеңесі осы Заңның 29-2-бабының 1-тармағын да белгіленген талаптарға сəйкестігі тұрғысынан уəкілетті орган келіскен кандидаттар арасынан микроқаржы омбудсманын сайлауды жүзеге асырады.
Өкілдер кеңесі:
1) əділет органдарында тіркелген жəне қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын іске асыруға жəне қорғауға бағытталған қызметті жүзеге асыратын тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығы (одағы) жəне (немесе) тұтынушылардың республикалық қоғамдық бірлестігі болған жағдайда, олардан;
2) əділет органдарында тіркелген жəне микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің ортақ мүдделерін білдіруге жəне қорғауға бағытталған қызметті жүзеге асыратын қаржы ұйымдарының қауымдастығынан (одағынан);
3) уəкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен бір-бір өкілден қалыптастырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген қауымдастықтар (одақтар) əділет органдарында тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде микроқаржы омбудсманының өкілдер кеңесінің құрамына кіруге міндетті.
4. Микроқаржы омбудсманы үш жыл мерзімге сайланады.
Микроқаржы омбудсманын сайлау, оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату жəне жүзеге асыру тəртібі осы Заңда жəне уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
5. Өкілдер кеңесінің құзыреті:
1) микроқаржы омбудсманы лауазымына сайлау үшін кандидатуралар ұсыну, дауыс беру тəртібін айқындау;
2) құрылымы мен штатын (микроқаржы омбудсманының офисін) бекіту;
3) микроқаржы омбудсманының қызметін қаржыландыру тəртібін айқындау;
4) уəкілетті органмен келісу бойынша микроқаржы омбудсманының ішкі қағидаларын бекіту;
5) уəкілетті орган жүргізген, микроқаржы омбудсманының əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) қарыз алушы - жеке тұлғалардың шағымдарына талдау жасау жəне микроқаржы омбудсманының есептерін қарау қорытындылары бойынша микроқаржы омбудсманына оның қызметін жетілдіру жөнінде ұсынымдар беру;
6) өкілдер кеңесі мүшесінің (мүшелерінің) осы баптың 7-тармағында көзделген негіздер бойынша микроқаржы омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішхатын қарау;
7) микроқаржы омбудсманының шешімдерін есепке алу, қарау, қабылдау жəне орындау тəртібін уəкілетті органмен келісу бойынша бекіту;
8) осы Заңға сəйкес, микроқаржы омбудсманының қызметін жүзеге асыруға байланысты өзге де мəселелер.
6. Егер өкілдер кеңесінің отырысына қатысқан өкілдер кеңесінің мүшелері жиынтығында жалпы дауыс санының елу жəне одан да көп пайызын иеленсе, осы отырыс - заңды, ал кворум талаптары сақталды деп танылады.
Микроқаржы омбудсманы кеңес отырысына қатысқан өкілдер кеңесі мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланады. Өкілдер кеңесінің əрбір мүшесінің дауыс беру кезінде бір дауысы болады. Дауыстар тең болған кезде уəкілетті орган өкілінің дауысы шешуші болып табылады.
Микроқаржы омбудсманын сайлау мəселесі бойынша дауыс беру жасырын тəсілмен жүзеге асырылады. Дауыс беруге арналған бюллетеньде мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
1) микроқаржы омбудсманы лауазымына сайлау үшін ұсынылған кандидаттың тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе);
2) кандидаттың осы Заңның 29-2-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сəйкестігін растайтын ақпарат;
3) кандидаттың микроқаржы ұйымында жəне (немесе) коллекторлық агенттікте, уəкілетті органда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде қызмет атқаруы туралы, микроқаржы ұйымына жəне (немесе) коллекторлық агенттікке үлестес болу белгілерінің болуы-болмауы туралы, уəкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшысы немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ уəкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы лауазымында жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) жəне (немесе) жекжаттары туралы мəліметтер;
4) мəселе бойынша «жақтаймын» немесе «қарсымын» деген сөздермен білдірілген дауыс беру нұсқалары.
7. Микроқаржы омбудсманының өкілдер кеңесі микроқаржы омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды мынадай негіздер бойынша жүзеге асырады:
1) микроқаржы омбудсманының осы Заңның 29-2-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмеуінің анықталуы;
2) микроқаржы ұйымында, коллекторлық агенттікте, уəкілетті органда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде кез келген қызметті атқару, микроқаржы омбудсманының микроқаржы ұйымымен жəне (немесе) коллекторлық агенттікпен үлестес болу белгілерінің болуы, жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) жəне (немесе) жекжаттарының уəкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшысы немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ уəкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы лауазымын атқаруы;
3) осы Заңның жəне микроқаржы омбудсманының ішкі қағидаларының талаптарын бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан да көп рет) бұзу.
Микроқаржы омбудсманының өкілеттігін өз бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтату өкілдер кеңесін жазбаша хабардар ету негізінде жүзеге асырылады.
Өкілдер кеңесіне жазбаша хабарлама микроқаржы омбудсманының ішкі қағидаларында белгіленген тəртіппен өкілеттігі тоқтатылғанға дейін кемінде бір ай бұрын ұсынылады.
29-2-бап. Микроқаржы омбудсманына қойылатын талаптар
1. Мынадай:
1) жоғары экономикалық жəне (немесе) заң білімі жоқ;
2) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жəне (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу саласындағы жұмыс өтілі бес жылдан аз;
4) уəкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, банк акцияларын мəжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басшы қызметкері болған адам микроқаржы омбудсманы ретінде сайлау үшін ұсынылмайды. Осы талап уəкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, банк акцияларын мəжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін үш жыл бойы қолданылады;
5) сот Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тəртіппен əрекетке қабілетсіз немесе əрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
6) психикалық мінез-құлқының, оның ішінде психикаға белсенді əсер ететін заттарды тұтынудан туындаған бұзылушылығы (аурулары) бойынша психикалық денсаулық сақтау қызметі ұйымдарында динамикалық байқауда тұрған адам микроқаржы омбудсманы ретінде сайлау үшін ұсынылмайды.
2. Микроқаржы омбудсманы микроқаржы ұйымында жəне (немесе) коллекторлық агенттікте кез келген лауазымды атқаруға, уəкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшысы немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ уəкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы лауазымында жұмыс істейтін жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) жəне (немесе) жекжаттарының болуына құқылы емес.
29-3-бап. Микроқаржы омбудсманының шешімдер қабылдау тəртібі
1. Микроқаржы омбудсманы шешімді жеке-дара қабылдайды жəне оны дауға қатысушы тараптардың назарына жазбаша нысанда жеткізеді.
Микроқаржы омбудсманы шешімдер қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын жəне жасалған шарттардың талаптарын басшылыққа алады.
2. Микроқаржы омбудсманы мынадай:
1) сот қарауға қабылдаған жəне (немесе) олар бойынша заңды күшіне енген сот актісі бар;
2) жүгінуші адам микрокредит беру туралы шарт шеңберінде туындаған жағдайды реттеу мақсатында өзінің микроқаржы ұйымына, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаға жүгінуінің жазбаша дəлелдемесін ұсынбаған;
3) істің жаңа мəн-жайлары болмаған кезде қайтадан жіберілген жолданымдарды қарамайды.
3. Микроқаржы омбудсманының шешімін қарыз алушы - жеке тұлға қабылдаған жағдайда ол микроқаржы ұйымы, қарыз алушы - жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға үшін міндетті болады.
Микроқаржы омбудсманы осы Заңның 29-1-бабының 1 жəне 2-тармақтарында көзделген жағдайларда жеке тұлғалардың жолданымдарын қарауды жəне шешімдер қабылдауды өтеусіз жүзеге асырады.
Жолданымды қарау нəтижелері мүдделі тараптар немесе олардың өкілдері қол қоятын хаттамамен ресімделіп, жеке тұлғаның жəне микроқаржы ұйымының, қарыз алушымен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның назарына жеткізіледі.
Хаттамада мыналар қамтылуға тиіс:
1) қол қойылған күні мен орны;
2) микроқаржы омбудсманының тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе);
3) өтініш беруші - жеке тұлғаның тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), байланыс телефонының нөмірі, микроқаржы ұйымының, қарыз алушы - жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның атауы, олардың мекенжайлары мен деректемелері;
4) даудың нысанасы немесе жеке тұлғаның мəлімделген талабы;
5) микроқаржы омбудсманы анықтаған істің мəн-жайлары;
6) микроқаржы омбудсманының өтініш беруші - жеке тұлғаның өтінішін толық не ішінара қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімі;
7) микроқаржы омбудсманының шешімін орындау мерзімі;
8) микроқаржы ұйымының, қарыз алушы - жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның шешімді орындау нəтижелері туралы хабар беру мерзімі.
4. Қарыз алушы - жеке тұлғалардың микрокредит беру туралы шарттар жөніндегі міндеттемелерді орындау талаптарын өзгертуге қатысты жолданымдары бойынша микроқаржы омбудсманы тараптардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуіне жəне микрокредит беру туралы шарт жөніндегі міндеттемелерді орындау талаптарын өзгерту туралы тараптар келіскен шешімнің қабылдануына жəрдемдеседі.
Микроқаржы омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда мүдделі тарап сотқа жүгінуге құқылы.
5. Микроқаржы ұйымы, қарыз алушымен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға микроқаржы омбудсманының шешімін ол белгілеген мерзімде орындамаған жағдайда микроқаржы омбудсманы бұл туралы уəкілетті органға бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабар беруге міндетті.
Егер тараптардың келісімі бойынша өзге мерзім белгіленбесе, микроқаржы ұйымының, қарыз алушымен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның микроқаржы омбудсманының шешімін орындау мерзімі күнтізбелік отыз күнді құрайды.
29-4-бап. Микроқаржы омбудсманының қызметі
1. Микроқаржы омбудсманының қызметі, оның ішінде дауларды шешу бойынша жолданымдарды қарау жəне шешімдер қабылдау тəртібі мен мерзімдері микроқаржы омбудсманының ішкі қағидалары негізінде жүзеге асырылады.
2. Жүктелген функцияларды тиісінше орындау мақсатында микроқаржы омбудсманының қызметі микроқаржы ұйымдарының, қарыз алушымен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген коллекторлық агенттіктердің міндетті жарналары есебінен қаржыландырылады.
Міндетті жарналар төленбеген, уақтылы төленбеген не толық көлемде төленбеген жағдайда микроқаржы омбудсманы жеті жұмыс күні ішінде уəкілетті органды микроқаржы ұйымының, қарыз алушымен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген коллекторлық агенттіктің осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны туралы хабардар етуге міндетті.
3. Микроқаржы омбудсманы өкілдер кеңесімен келісу бойынша ұйымдық құрылымы мен штаты бар офис құрады.
4. Микроқаржы омбудсманының ішкі қағидаларында:
1) ревизиялық комиссияның жəне басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдардың (бар болса) құрылымы, міндеттері мен өкілеттіктері;
2) микроқаржы омбудсманының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі;
3) дауларды шешу тəртібі;
4) микроқаржы омбудсманының қызметін жүзеге асыруға байланысты өзге де мəселелер айқындалуға тиіс.
5. Микроқаржы омбудсманы дауларды шешу барысында алынған ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтауға жəне оны үшінші тұлғаларға жария етпеуге міндетті.
Микроқаржы омбудсманы өз қызметін жүзеге асыру барысында алынған мəліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Микроқаржы омбудсманы осы баптың 1-тармағында жəне осы тармақта көзделген талаптарды орындамаған жағдайда өкілдер кеңесі оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады.
6. Микроқаржы омбудсманының интернет-ресурсында мынадай ақпарат орналастырылады:
1) офистің, оның ішінде бөлімшелер мен өкілдіктердің толық атауы, мекенжайы (тұрған жері), телефон нөмірлері, жұмыс режимі;
2) микроқаржы омбудсманын сайлау туралы мəліметтер;
3) микроқаржы омбудсманының өкілдер кеңесінің құрамына кіретін қауымдастықтардың (одақтардың) тізбесі;
4) микроқаржы омбудсманы ұсынатын көрсетілетін қызмет түрлері туралы мəліметтер;
5) микроқаржы омбудсманының шешімдерін есепке алу, қарау, қабылдау жəне орындау тəртібі;
6) микроқаржы омбудсманы жұмысының қорытындылары туралы ай сайынғы ақпарат;
7) микроқаржы омбудсманы қызметінің қорытындылары туралы жылдық есептер;
8) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға арналған, ақпараттық жəне түсіндірме материалдары мен сот практикасының материалдары жарияланатын бөлім;
9) микроқаржы нарығына қатысушылармен жасалған келісімдер мен меморандумдардың тізбесі.
7. Микроқаржы омбудсманы тұрған жері өзгерген жағдайда бұл туралы қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында қазақ жəне орыс тілдерінде бір ай мерзімнен кешіктірмей жəне микроқаржы омбудсманының интернет-ресурсында он жұмыс күні ішінде хабарландыру жариялау арқылы хабарлауға міндетті.
8. Микроқаржы омбудсманы өкілдер кеңесінің шешімі бойынша:
1) қарыз алушы - жеке тұлғалардың жолданымдарын есепке алуды автоматтандыру жəне өңдеу бойынша арнайы бағдарламалық қамтылымның қолданылуын;
2) қарыз алушы - жеке тұлғаларға консультациялық қызметтер көрсету үшін микроқаржы омбудсманының офисінде колл-орталықтың не жедел желінің ендірілуін;
3) келіспеушіліктерді реттеу мақсатында шарт негізінде кредиттік бюроның ақпараттық базасынан қарыз алушы - жеке тұлғаның кредиттік есебін жедел алуды қамтамасыз етуге тиіс.
Микроқаржы омбудсманы қарыз алушы - жеке тұлғалардың жолданымдарына талдау жасау нəтижелері бойынша уəкілетті органға Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасын, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының жəне (немесе) коллекторлық агенттіктердің қызметін жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды жіберуге құқылы.
9. Уəкілетті орган:
1) микроқаржы омбудсманының ішкі қағидаларын келісуді жүзеге асырады;
2) қарыз алушы - жеке тұлғалардың микроқаржы омбудсманының əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) шағымдарын қарайды;
3) өкілдер кеңесіне микроқаржы омбудсманының əрекеттерінде (əрекетсіздігінде) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын бұзушылық анықталған жағдайларда микроқаржы омбудсманының қызметі туралы ұсынымдарды жібереді;
4) осы Заңға сəйкес микроқаржы омбудсманының қызметіне байланысты өзге де функцияларды жүзеге асырады.».
18. «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-қосымшаның 1-сыныбы мынадай мазмұндағы 87-16-жолмен толықтырылсын:
«
87-16. | Банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңының операторы қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру | Банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңының операторы қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат | Иеліктен шығарылмайтын |
».
19-тармақ 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
19. «Мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 8) жəне 8-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«8) мемлекеттік аудитор - мемлекеттік аудитті жəне (немесе) қаржылық бақылауды жүзеге асыратын, мемлекеттік аудитор сертификаты бар мемлекеттік қызметші;
8-1) мемлекеттік аудитордың ассистенті - мемлекеттік аудитке қатысуға құқығы бар, бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есептілік жəне аудиторлық қызмет саласында кəсіптік білімі бар мемлекеттік қызметші жəне мемлекеттік органның құзыреті шегінде өзге саладағы (қызмет аясындағы) маман;»;
2) 8-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ішкі аудит стандарттары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес əзірленеді жəне бекітіледі.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органдағы ішкі аудит стандарттарын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган əзірлейді жəне бекітеді.»;
3) 10-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтері;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі ішкі аудит Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органдағы ішкі аудит ішкі аудит стандарттарына сəйкес жүзеге асырылады. Ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.»;