4) 12-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жоғары аудиторлық палата республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің жəне мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне аудит жүргізеді.»;
5) 14-баптың 1) жəне 1-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің қаржылық есептілігіне, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жəне мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне тəуекелдерді басқару жүйесі негізінде жыл сайынғы аудит жүргізеді;
1-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің қаржылық есептілігіне, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жəне мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне жыл сайынғы аудит жүргізуге қатысу үшін орталық мемлекеттік органның бірінші басшысымен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың əкімімен келісу бойынша ішкі аудит қызметін тартады;»;
6) 15-баптың бірінші бөлігінде:
2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтері үшін - мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша;»;
3) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтері үшін - мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында;»;
5) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтері үшін - мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында;»;
7) 18-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдарда - ішкі аудит қызметі құрылған мемлекеттік органның басшысы;»;
9-тармақтың бірінші бөлігіндегі «, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау материалдарын қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;
8) 21-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органды қоспағанда, бақылау жəне қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау органдарына міндеттерін орындауға жəрдем көрсетеді, Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтай отырып, олардың сұрау салулары бойынша өздері жүргізген тексерулердің нəтижелері туралы ақпарат береді.»;
9) 35-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау материалдарын қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;
10) 39-1-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
20-тармақ 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
20. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
53-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның мемлекеттік қызметшілерін қоспағанда, мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сəйкес жүзеге асырылады.».
21-тармақ 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
21. «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-баптың 2-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның құрылымына кіретін ұйымдар, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерімен интеграцияланбайтын интернет-ресурстарды, ақпараттық жүйелерді құру немесе дамыту жөніндегі, деректерді басқару жөніндегі уəкілетті орган бекіткен деректерді басқару жөніндегі талаптарға сəйкес мемлекеттік органдардың функцияларды іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, өңдеу, сақтау, беру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырған кезде, сондай-ақ ақпараттандыру саласында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізген кезде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.»;
3) тармақша алып тасталсын;
2) 34-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру жөніндегі қызметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.».
22-тармақ 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
22. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы компаниялар, ұлттық компаниялар жəне олармен үлестес заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның ведомстволары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдар жəне дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалар, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган сатып алатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;»;
2) 2-баптың 27) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды жəне дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларды, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органды;».
23-тармақ 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
23. «Төрелік туралы» 2016 жылғы 8 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасында төреліктерді мемлекеттік органдар, мемлекеттік кəсіпорындар, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілері жəне тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарығында үстем жағдайға ие субъектілер, дауыс беретін акцияларының елу жəне одан да көп пайызы (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар, олардың еншілес жəне тəуелді ұйымдары, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар құра алмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары банктік қарыз шарттары немесе микрокредит беру туралы шарттар бойынша берілген құқықтар (талаптар) бойынша коллекторлық агенттіктерге қолданылады.»;
2) 8-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Кəмелетке толмаған адамдардың, заңда белгіленген тəртіппен əрекетке қабілетсіз немесе əрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың мүдделері қозғалатын даулар, екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар мен олардың қарыз алушы - жеке тұлғалары арасындағы кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарттары немесе микрокредит беру туралы шарттар бойынша, оңалту жəне банкроттық туралы, табиғи монополиялар субъектілері мен олардың тұтынушылары арасындағы, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері арасындағы даулар төреліктің қарауына жатпайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары қарыз алушы - жеке тұлғалармен жасалған, кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарттары немесе микрокредит беру туралы шарттар бойынша берілген құқықтар (талаптар) бойынша коллекторлық агенттіктерге қолданылады.».
24. «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 32-баптың 6-тармағында:
екінші жəне үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың 4-тармағында көзделген тəртіппен ақша жөнелтуші - жеке тұлғаның ағымдағы шотына қойылған төлем талабы оның ағымдағы шотын ондағы ақша сомасының жəне (немесе) ақша жөнелтуші - жеке тұлғаның банктік шотына заңды тұлғадан немесе дара кəсіпкерден түсетін əрбір ақша сомасының елу пайызы шегінде, төлем талабында көрсетілген барлық соманың түсуін күтпестен, тікелей дебеттеу арқылы орындалады.
Бұл ретте ақша жөнелтушінің ағымдағы шотында немесе жиынтығында жеке тұлғаның немесе егер жеке тұлға қызметін жеке кəсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кəсіпкер ретінде тіркелген болса, дара кəсіпкердің бір банкте ашылған ағымдағы шоттарында сақталатын ақша сомасы төлем талабын орындау кезінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінен аз болмауға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Көрсетілген шектеу қарыз алушы - жеке тұлғаның немесе егер жеке тұлға қызметін жеке кəсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кəсіпкер ретінде тіркелген болса, дара кəсіпкердің жинақ шотындағы ақшасына қолданылмайды.»;
2) 35-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Инкассолық өкімді мемлекеттік кірістер органдары, сот орындаушылары, сондай-ақ аумақтық əділет органы атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы береді.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аумақтық əділет органының атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған инкассолық өкімі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген нормалар негізінде өндіріп алуды растайтын атқарушылық құжаттар қоса беріліп, ақша жөнелтушінің банкіне электрондық нысанда жіберіледі.»;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер атқарушылық құжаттың мəтінінде өзгеше белгіленбесе, ақша жөнелтушінің банктік шотынан ақшаны оның келісімінсіз алып қоюдың негізділігін растайтын атқарушылық құжат банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға сот орындаушысының немесе аумақтық əділет органының атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған бір ғана инкассолық өкімін ұсынуға негіз болып табылады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Ақша жөнелтушінің банктік шотында ақша жеткіліксіз болған кезде мемлекеттік кірістер органдарының салық берешегін өндіріп алу туралы, атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының жəне аумақтық əділет органының атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған инкассолық өкімін орындау осындай шотқа ақша түскен күннен кейінгі үш операциялық күннен кешіктірілмей оның түсуіне қарай жүргізіледі.»;
3) 50-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының, аумақтық əділет органының атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған инкассолық өкімін кері қайтарып алу «Атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушыларының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады.»;
4) 9-тарау мынадай мазмұндағы 54-1-баппен толықтырылсын:
«54-1-бап. Аумақтық əділет органының атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған қаулысын орындау
1. Аумақтық əділет органының атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған, аумақтық əділет органы басшысының немесе оның орынбасарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куəландырылған, банктік шоттарының нөмірлері жəне оларда ақшаның болуы туралы ақпаратты, банктердегі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы мүліктің сипаты мен құны жəне оларға тыйым салу туралы мəліметтерді талап ету туралы қаулысы банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылады.
2. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттың негізінде, көрсетілген құжатты алған күннен бастап үш операциялық күн ішінде «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сəйкес қажетті мəліметтерді атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жіберуге міндетті.
3. Аумақтық əділет органы банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан көрсетілген мəліметтерді алып, атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға атқарушылық құжат қоса берілген инкассолық өкімді жібереді.».
25. «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
25-тармақтың 1) тармақшасы 2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
1) 3-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Коллекторлық агенттік банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жеке тұлғамен жасасқан банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) сатып алған жағдайда банк омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеуге міндетті.
Коллекторлық агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым жеке тұлғамен жасасқан микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) сатып алған жағдайда микроқаржы омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеуге міндетті.»;
25-тармақтың 2) тармақшасы 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) 4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші жəне төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Коллекторлық агенттіктің «Жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2-тармағына сəйкес коллекторлық агенттіктің үлестес тұлғасы болып табылатын жеке сот орындаушысымен атқарушылық құжатты орындау шарттары туралы келісім (шарт) жасасуына тыйым салынады.
Коллекторлық агенттіктің «Жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2-тармағына сəйкес коллекторлық агенттіктің үлестес тұлғасы болып табылатын нотариусқа нотариаттық іс-əрекеттер жасау үшін жүгінуіне тыйым салынады.»;
3) 5-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) əрбір байланыс кезінде:
коллекторлық агенттіктің атауы;
коллекторлық агенттіктің тұрған жері;
борышкермен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын адамның тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы;
кредитордың атауы туралы хабармен жүзеге асырылуға тиіс.
Осы тармақшада көзделмеген жəне коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпия болып табылмайтын өзге де ақпарат борышкерге оның талап етуі бойынша хабарланады;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Борышкердің жəне (немесе) оның өкілінің талап етуі бойынша коллекторлық агенттік борышкерді жəне (немесе) оның өкілін осы Заңның 16-бабында көзделген құқықтарымен жəне міндеттерімен таныстыруға міндетті.»;
5-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Коллекторлық агенттіктің коллекторлық қызметті жүзеге асыруы кезінде мынадай жосықсыз əрекеттерді жүзеге асыруына:»;
3), 4), 5), 6) жəне 6-1) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Коллекторлық агенттік жұмыскерінің борышкермен жəне (немесе) оның өкілімен, жəне (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасасуы кезінде мынадай жосықсыз əрекеттерді жүзеге асыруына:
1) коллекторлық агенттік жұмыскері өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаны берешектің мөлшеріне, сипатына жəне пайда болу негіздеріне қатысты жаңылыстыруына;
2) коллекторлық агенттік жұмыскерінің анық емес тегін жəне (немесе) атын, жəне (немесе) əкесінің атын (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), сондай-ақ жұмыс орны жəне (немесе) лауазымы туралы шындыққа сай келмейтін мəліметтерді хабарлауына;
3) коллекторлық агенттік жұмыскері өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне жəне іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мəліметтерді таратуына не осы тұлғалардың мүдделеріне мүліктік зиян келтіруі мүмкін мəліметтерді жария етуіне;
4) коллекторлық агенттік жұмыскері өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын, олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, сондай-ақ осы тұлғаға мүліктік жəне өзге де зиян келтіруге алып келетін құқыққа қайшы əрекеттер жасауына;
5) борышкерге жəне (немесе) оның өкіліне, жəне (немесе) үшінші тұлғаларға күш қолдану не олардың мүлкін жою немесе бүлдіру қатерін төндіру, қорлау, алаяқтық, жалған құжаттар жасау, бопсалау арқылы борышкерді банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мəжбүрлейтін қысым көрсетуіне тыйым салынады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Осы баптың 1, 2, 4-тармақтарының, 5-тармағы 1) жəне 9) тармақшаларының, 5-1 жəне 6-тармақтарының талаптары коллекторлық агенттік банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) басқаға беру нəтижесінде туындаған өзінің кредитор құқықтарын іске асырған кезде оған жəне оның жұмыскерлеріне, сондай-ақ сервистік компанияларға қолданылады.»;
8-тармақ алып тасталсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Осы баптың 1-тармағының, 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы бірінші бөлігінің төртінші жəне бесінші абзацтарының, 2), 3), 4) жəне 6) тармақшаларының, 5-1-тармағының талаптары банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша кредитордың мүдделерін білдірген кезде коллекторлық агенттіктің жұмыскерлеріне қолданылады.»;
4) 6-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бастапқы байланыс кезінде коллекторлық агенттік борышкер - жеке тұлғаға жəне (немесе) оның өкіліне банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен коллекторлық агенттікке олардың (оның) жүгіну құқығы туралы хабар береді.
25-тармақтың 4) тармақшасының төртінші абзацы 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
Борышкер - жеке тұлға жəне (немесе) оның өкілі өздеріне (өзіне) коллекторлық агенттік хабар берген күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде коллекторлық агенттікке банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен жəне (немесе) коллекторлық агенттікке «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сəйкестендіру құралдарын қолдану арқылы клиент - жеке тұлғаны сəйкестендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпараттандыру объектілері (бұдан əрі - ақпараттандыру объектілері) арқылы жүгінеді, онда берешектің пайда болу себептері мен мəн-жайлары, кірістері мен шығыстары, отбасы құрамы (мүшелері), тұрғылықты жері, мүлкінің бар-жоғы туралы мəліметтер, борышкердің өтінішін қарау жəне оның банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындауға өз қаражатының жеткілікті екендігін айқындау үшін кредиторға қажетті өзге де мəліметтер көрсетіледі.»;
3-тармақта:
25-тармақтың 4) тармақшасының алтыншы, жетінші абзацтары 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кредитор борышкердің жазбаша өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде банктік қарыз шартын немесе микрокредит беру туралы шартты өзгертудің ұсынылған талаптарын қарайды жəне коллекторлық агенттік пен борышкерге жəне (немесе) оның өкіліне:»;
3) тармақша «жазбаша нысанда» деген сөздерден кейін «жəне (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
5) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
«6-1-бап. Коллекторлық агенттік берешек құқығын (талапты) басқаға беру нəтижесінде туындаған өзінің кредитор құқықтарын іске асырған кезде оның берешекті реттеу ерекшеліктері
25-тармақтың 5) тармақшасының үшінші абзацы 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
25-тармақтың 5) тармақшасының үшінші абзацының күші олар қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған құқықты (талап етуді) басқаға беру шарттары бойынша коллекторлық агенттіктер сатып алған жеке тұлғалардың берешегіне қолданылады
1. Коллекторлық агенттік өзіне кредитор берешек бойынша, оның ішінде сот шешімі бойынша немесе нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде өндіріп алынған берешек бойынша құқықты (талап етуді) берген кезде борышкер-жеке тұлғаға жəне (немесе) оның өкіліне банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен жəне (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы коллекторлық агенттікке олардың (оның) жүгіну құқығы туралы хабар береді.
25-тармақтың 5) тармақшасының төртінші абзацы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
25-тармақтың 5) тармақшасының төртінші абзацының күші 2026 ж. 1 мамырдан кейін жасалған құқықты (талап етуді) басқаға беру шарттары бойынша коллекторлық агенттіктер сатып алған жеке тұлғалардың берешегіне қолданылады
Коллекторлық агенттік жеке тұлғаның берешегі бойынша құқықты (талап етуді) басқаға беру шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде борышкердің міндеттемесін есепке жазылған жəне төленбеген сыйақыны толық есептен шығару арқылы төмендетуді міндетті түрде қамтамасыз етеді.
25-тармақтың 5) тармақшасының бесінші - он сегізінші абзацтары 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
25-тармақтың 5) тармақшасының бесінші - он сегізінші абзацтарының күші олар қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған құқықты (талап етуді) басқаға беру шарттары бойынша коллекторлық агенттіктер сатып алған жеке тұлғалардың берешегіне қолданылады
Борышкер - жеке тұлға жəне (немесе) оның өкілі берешек бойынша құқықты (талап етуді) басқаға беру туралы өздеріне (өзіне) хабар берілген күннен кейін кез келген мерзімде коллекторлық агенттікке банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен жəне (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы жүгінуге құқылы, онда берешектің пайда болу себептері, кірістері мен шығыстары, отбасы құрамы (мүшелері), тұрғылықты жері, мүлкінің бар-жоғы туралы мəліметтер, оның коллекторлық агенттікке банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы жүгінуінің мəн-жайларын (фактілерін) растайтын, оның ішінде: