1) негізгі борыш жəне (немесе) сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға немесе бөліп төлеуге;
2) берешекті өтеу кезектілігін өзгертуге, оның ішінде негізгі борышты басым тəртіппен өтеуге;
3) банктік қарыз немесе микрокредит мерзімін өзгертуге;
4) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) азайту жағына қарай өзгертуге немесе толық алып тастауға;
5) комиссияларды жəне банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты өзге де төлемдерді өзгертуге немесе толық алып тастауға;
6) негізгі борыш жəне (немесе) сыйақы бойынша берешекті толық не ішінара кешіруге;
7) ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті тараптардың келісімінде белгіленген мерзімдерде кепіл берушінің өзінің дербес өткізуіне;
8) міндеттемені орындаудың орнына коллекторлық агенттікке кепілге қойылған мүлікті беру арқылы бас тарту төлемін ұсынуға;
9) сатып алушыға міндеттемені бере отырып, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізуге байланысты өзге де мəліметтер көрсетіледі.
2. Коллекторлық агенттік борышкердің өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарына ұсынылған өзгерістерді қарайды жəне борышкерге жəне (немесе) оның өкіліне жазбаша нысанда жəне (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы:
1) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні;
2) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту бойынша қарсы ұсыныстар;
3) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгертуден бас тарту себептерінің уəжді негіздемесін көрсете отырып, осындай бас тарту туралы хабарлайды.
25-тармақтың 5) тармақшасының он тоғызыншы - жиырма бірінші абзацтарының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады
Коллекторлық агенттік мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілерге банктік қарыз шарты жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша уəкілетті орган айқындаған тəртіппен қарыз бойынша сыйақыны есепке жазбай, мерзімді əскери қызмет өткеру мерзімін жəне ол аяқталғаннан кейінге 60 күнді қамтитын кезеңге негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсынуға міндетті.
Мерзімді əскери қызметке шақырылған əскери қызметшілер, сондай-ақ олардың қызметтен шығарылуы, банктік қарызының жəне (немесе) микрокредитінің болуы не болмауы, ол бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мəліметтер Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уəкілетті орган айқындаған тəртіппен мемлекеттік органдар мен коллекторлық агенттіктердің ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы беріледі.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда дербес деректерді жинау, өңдеу жəне пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.
25-тармақтың 5) тармақшасының жиырма екінші абзацы 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
25-тармақтың 5) тармақшасының жиырма екінші - жиырма бесінші абзацтарының күші олар қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған құқықты (талап етуді) басқаға беру шарттары бойынша коллекторлық агенттіктер сатып алған жеке тұлғалардың берешегіне қолданылады
Коллекторлық агенттіктің осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген шешімі алынған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде коллекторлық агенттік пен қарыз алушы - жеке тұлға арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеуі банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгертуден бас тарту болып есептеледі.
25-тармақтың 5) тармақшасының жиырма үшінші - жиырма бесінші абзацтары 2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
3. Борышкер - жеке тұлға коллекторлық агенттіктің осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген шешімін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде немесе банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге осы баптың 2-тармағының бесінші бөлігінде көзделген мерзімде қол жеткізілмеген кезде бір мезгілде коллекторлық агенттікті хабардар ете отырып, банк жəне (немесе) микроқаржы омбудсманына жүгінуге құқылы.
Банк жəне (немесе) микроқаржы омбудсмандары борышкер - жеке тұлғаның коллекторлық агенттікке жүгінуінің жəне коллекторлық агенттікпен банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеудің дəлелдерін ұсынған кезде оның жолданымын қарайды.
Банк жəне (немесе) микроқаржы омбудсмандары «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес халықтың əлеуметтік жағынан осал топтарына жататын борышкер - жеке тұлғаның тұрғынжай болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген, кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша жолданымын қараған кезеңде кепілге қойылған мүлікке сотқа талап қоюды беру арқылы немесе соттан тыс тəртіппен өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.»;
6) 7-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға есептік тіркеуден өту үшін уəкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актіде көзделген құжаттарды уəкілетті органға ұсынады.»;
7) 8-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уəкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актіде көзделген құжаттарда көрсетілуге жататын анық емес мəліметтер мен ақпарат берілген;»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға есептік тіркеуден бас тартуды алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде осы Заңның 7-бабының 3-тармағына сəйкес құжаттарды қайтадан ұсынуға құқылы не өзінің атауынан «коллекторлық агенттік» деген сөздерді, олардан туындайтын, оның коллекторлық қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рəсімін жүргізуге міндетті.»;
8) 9-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) коллекторлық агенттік жəне (немесе) оның борышкерлермен өзара іс-қимыл жасайтын жұмыскерлері осы Заңның 5-бабы 5-тармағының 7) жəне 8) тармақшаларында, 5-1-тармағында көзделген жосықсыз əрекеттердің біреуін қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет жасаған;»;
25-тармақтың 9) тармақшасы 2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
9) 11-баптың 5-тармағының екінші бөлігіндегі «банк омбудсманына» деген сөздер «банк жəне (немесе) микроқаржы омбудсмандарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 14-баптың 5) жəне 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) кредитор «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасында жəне «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген талаптарды сақтаған жағдайда жеке тұлғаның банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарты бойынша кредитормен талап ету құқығын басқаға беру шартын жасасуға;»;
«7) борышкермен жасалған банктік қарыз шартында (микрокредит беру туралы шартта) осындай талап болған кезде борышкердің тұрған жері жəне (немесе) байланыс деректері туралы ақпаратты үшінші тұлғалардан сұратуға;»;
11) 15-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 3-1) жəне 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) кредитор банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға берген кезде коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеуі мəселелері жөніндегі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сəйкес борышкер - жеке тұлғаның берешегін реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға;»;
«4-1) құқықты (талап етуді) коллекторлық агенттік сатып алған банктік қарыз шарты жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша берешек толық өтелгеннен кейін ұсынылған борышкердің немесе оның өкілінің жазбаша өтініші бойынша өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде өтеусіз негізде берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманы жазбаша нысанда бір рет беруге;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) коллекторлық агенттіктің құрылтайшылары (қатысушылары), басшы қызметкерлері, борышкерлермен жəне (немесе) олардың өкілдерімен жəне (немесе) кредитормен банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі міндеттемелерге байланысты үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайтын жұмыскерлері туралы, сондай-ақ филиалдары жəне (немесе) өкілдіктері туралы мəліметтер өзгерген жағдайларда уəкілетті органды осындай өзгерістер болған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде хабардар етуге;»;
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) борышкер - жеке тұлғаның жəне (немесе) оның өкілінің талап етуі бойынша оларды (оны) осы Заңның 16-бабында көзделген құқықтарымен жəне міндеттерімен таныстыруға;»;
12) 16-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) берешекті осы Заңның 6 жəне 6-1-баптарында көзделген тəртіппен реттеуге;».
26. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметін реттеуді жəне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-бапта:
1-тармақтың алтыншы абзацындағы «жəне 2022 жылғы 1 шілдеден бастап жасалған шарттарға қолданылатын» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) қарыз алушы - жеке тұлғалардың кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарттары жəне микрокредит беру туралы шарттары бойынша осы Заңның 7-бабы 1) тармақшасының екінші абзацы жəне 19-тармағының төртінші абзацы қолданысқа енгізілгенге дейін төленген сыйақы, тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұл), комиссиялар жəне өзге де төлемдер қайта есептелуге жатпайды.
Қарыз алушы - жеке тұлғалардың кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарттары жəне микрокредит беру туралы шарттары бойынша осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін есепке жазылған жəне төленбеген сыйақы, тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұл), комиссиялар жəне өзге де төлемдер осы Заңның 1-бабының 7-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацына жəне 19-тармағының төртінші абзацына сəйкес қайта есептелуге жатады.».
27. «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жəне банкроттығы туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) соттан тыс банкроттық рəсімі - екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің алдындағы міндеттемелерді тоқтату мақсатында борышкерге қатысты соттан тыс тəртіппен жүзеге асырылатын рəсім.
Осы тармақшада көрсетілген міндеттемелерге қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган барлық банк операцияларын жүргізуге, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиялардан айырған не микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің тізілімдерінен шығарылған, оның ішінде таратылған, таратылу сатысындағы екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін, микроқаржылық қызметті жүзеге асырған ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз (кредит) шарттары жəне микрокредит беру туралы шарттары бойынша талап ету құқығы тиесілі өзге де ұйымдардың алдындағы міндеттемелер де жатады;»;
2) 5-баптың 1-тармағында:
2) тармақша мынадай мазмұндағы екінші, үшінші жəне төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне төлем күнінде қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінен асатын сомадағы төлем өтеу болып есептеледі.
Өтеудің болмау мерзімі əрбір банктік қарыз шарты жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша соңғы төлем күнінен бастап есептеледі.
Егер коллекторлық агенттік төлемнің болмауының өзге мерзімін растамаған жағдайларды қоспағанда, құқықты (талапты) басқаға беру шарты бойынша коллекторлық агенттікке берілген банктік қарыз шарты жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша өтеудің болмау мерзімі соңғы төлем күнінен бастап құқық (талап ету) коллекторлық агенттікке берілгенге дейін есептеледі;»;
3) тармақшада:
бірінші бөліктегі «борышкерге қатысты», «рəсімдердің жүргізілуі» деген сөздер тиісінше «кредитор мен борышкердің», «рəсімдерді жүргізуі» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «он сегіз» деген сөздер «он екі» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның талаптары осы Заңның 1-бабы 11) тармақшасының екінші бөлігінде көзделген міндеттемелерге қолданылмайды;»;
3) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рəсімін қолдану туралы арыз беру негіздері
1. Борышкерге тиесілі мүлік құнының оның барлық міндеттемелерінің (оның ішінде орындалу мерзімі басталмаған) мөлшерінен асып кету фактісі жəне (немесе) тұрақты кірісінің болуы сотқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рəсімін қолдану туралы арыз беруге негіздер болып табылады.
2. Мыналар сотқа сот арқылы банкроттық рəсімін қолдану туралы арыз беруге негіздер болып табылады:
1) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне осы Заңның 1-бабының 11) тармақшасында көзделген кредиторлар алдындағы міндеттемелер бойынша арыз берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен асатын міндеттемелердің болуы.
Егер борышкер осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген шартқа сай келмесе, осы тармақшаның міндеттемелер мөлшері бөлігіндегі ережесі қолданылмайды;
2) өзге кредиторлар алдында міндеттемелердің болуы;
3) осындай арыз берілген күні қатарынан он екі ай ішінде кредиторлар алдындағы міндеттемелерді өтеудің болмауы.
Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне төлем күнінде қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінен асатын сомадағы төлем өтеу болып есептеледі;
4) арыз берілген күні жеті жыл бойы соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рəсімін қолдану фактісінің болмауы;
5) борышкерге қатысты «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» жəне «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес банктік қарыз шарты жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша орындалмаған міндеттемелерді реттеу жəне (немесе) өндіріп алу жөніндегі рəсімнің жүргізілуі.
Осы тармақшада көрсетілген, берешекті реттеуді жəне (немесе) өндіріп алуды жүргізу жөніндегі шараларды мерзімі өткен берешек пайда болған кезден бастап он екі айдан аспайтын мерзімдерде жүргізу қажет.
Осы тармақшаның талаптары осы Заңның 1-бабы 11) тармақшасының екінші бөлігінде көзделген міндеттемелерге қолданылмайды.»;
4) 7-баптың 2-тармағының 1) жəне 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рəсімін қолдану туралы іс қозғау туралы ұйғарым шығарылған күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, кредиторды төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рəсімін қолдану туралы арызбен жүгінгені туралы хабардар етуге;
2) егер соттан тыс банкроттық рəсімін жүргізу кезеңінде өзінің меншігіне кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерін толық немесе отыз пайыздан асырып орындауына мүмкіндік беретін мүлік түскен немесе өзінің мүліктік жағдайы өзгеше түрде өзгерген не кредитормен кредитордың алдындағы берешекті реттеу туралы келісім жасасқан жағдайда уəкілетті органға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «электрондық үкімет» веб-порталы жəне (немесе) арнаулы мобильдік қосымша арқылы мұндай рəсімді тоқтату туралы арызбен жүгінуге;»;
5) 9-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) кредиторлар талаптары тізілімінің нысанын бекітеді;»;
13) тармақша «борышкердің» деген сөзден кейін «жəне банкроттың» деген сөздермен толықтырылсын;
14) тармақша «тағайындайды» деген сөзден кейін «жəне қызметтен шеттетеді» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 11-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі 2) тармақшасының үшінші абзацындағы «интернет-ресурсының веб-қосымшасына жəне (немесе) арнаулы мобильдік қосымшаға» деген сөздер «интернет-ресурсы жəне (немесе) арнаулы мобильдік қосымша арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 13-баптың екінші бөлігіндегі «интернет-ресурсының веб-қосымшасын» деген сөздер «интернет-ресурсын» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 15-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Уəкілетті орган осы баптың 6-тармағында белгіленген мəн-жайларды анықтаған кезде қаржы басқарушысы өкілеттіктерін орындаудан бас тартқан жағдайда оны белгілі бір борышкерге қатысты өз өкілеттіктерін орындаудан шеттетеді.
Осы тармаққа сəйкес қаржы басқарушысын шеттету оны өкілеттіктерін жүзеге асырудан шеттетуге алып келмейді жəне қаржы басқарушысына басқа борышкерлерге қатысты өкілеттіктер беруге кедергі келтірмейді.»;
9) 16-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Борышкер соттан тыс банкроттық рəсімін қолдану туралы арызды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «электрондық үкімет» веб-порталы жəне (немесе) арнаулы мобильдік қосымша арқылы белгіленген нысан бойынша береді.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ «сəйкес келген» деген сөздерден кейін «жəне жұбайының (зайыбының) (бар болған жағдайда) келісімі болған» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
«сəйкес келмеген» деген сөздерден кейін «жəне жұбайының (зайыбының) (бар болған жағдайда) келісімі болмаған» деген сөздермен толықтырылсын;
«береді» деген сөз «жібереді» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 17-баптың 2-тармағында:
1), 2), 3) жəне 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) борышкердің осы Заңның 1-бабының 11) тармақшасында көрсетілген, олар туралы мəліметтер кредиттік бюролардың дерекқорында көрсетілген кредиторлар алдындағы борыштық міндеттемелерінің мерзімдері өткен болып есептеледі;
2) осы Заңның 1-бабының 11) тармақшасында көрсетілген, олар туралы мəліметтер кредиттік бюролардың дерек қорында көрсетілген кредиторлардың борышкерден міндеттемелерді орындауды талап етуіне тыйым салынады;
3) борышкердің осы Заңның 1-бабының 11) тармақшасында көрсетілген, олар туралы мəліметтер кредиттік бюролардың дерекқорында көрсетілген кредиторлар алдындағы берешегінің барлық түрі бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды, айыппұлдарды) жəне сыйақыны есепке жазу тоқтатылады;»;
«7) осы Заңның 1-бабының 11) тармақшасында көрсетілген, олар туралы мəліметтер кредиттік бюролардың дерекқорында көрсетілген кредиторлар алдындағы борышты өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау тоқтатыла тұрады;»;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) кредитордың «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы», «Микроқаржылық қызмет туралы» жəне «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген реттеу жəне (немесе) өндіріп алу шараларын қолдануына тыйым салынады.»;
11) 18-баптың 1-тармағында:
1) жəне 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) борышкер өзінің меншігіне кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерін толық немесе отыз пайыздан асырып орындауына мүмкіндік беретінін мүліктің түсуіне немесе өзінің қаржылық жəне (немесе) мүліктік жағдайының өзгеруіне не кредитормен кредитордың алдындағы берешекті реттеу туралы келісім жасасуына байланысты уəкілетті органға соттан тыс банкроттық рəсімін тоқтату туралы арызды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «электрондық үкімет» веб-порталы жəне (немесе) арнаулы мобильдік қосымша арқылы берсе;»;
«4) борышкердің осы Заңның 5-бабында көрсетілген негіздерге сəйкес келмеу фактілері, оның ішінде кредитордың өтініші бойынша анықталса, тоқтатылады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігі 1), 2) жəне 4) тармақшаларының талаптары осы Заңның 5-бабы 3-тармағының негізінде соттан тыс банкроттық рəсімін қолданған борышкерлерге қатысты болмайды.»;
12) 19-баптың 1 жəне 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 18-бабына сəйкес соттан тыс банкроттық рəсімін тоқтату үшін негіздер болмаған кезде «электрондық үкімет» веб-порталында борышкер туралы мəліметтер орналастырылған күннен бастап алты ай өткен соң уəкілетті орган соттан тыс банкроттық рəсімін аяқтау жəне борышкерді банкрот деп тану туралы шешім шығарады. Шешім уəкілетті орган бекіткен нысан бойынша шығарылады жəне «электрондық үкімет» веб-порталында орналастырылуға тиіс.
2. Борышкердің осы Заңның 1-бабының 11) тармақшасында көрсетілген, олар туралы мəліметтер кредиттік бюролардың дерекқорында көрсетілген кредиторлар алдындағы міндеттемелері соттан тыс банкроттық рəсімін аяқтау жəне борышкерді банкрот деп тану туралы хабарландыру «электрондық үкімет» веб-порталында орналастырылған күннен бастап тоқтатылады.»;
13) 20-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мерзімі өткен берешек пайда болған кезден бастап он екі айдан асқан жағдайда осы тармақшада көзделген құжатты ұсыну талап етілмейді.»;
14) 22-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) борышкердің мүлкіне қатысты атқарушылық құжаттардың орындалуы тоқтатыла тұрады;»;
мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) кредитордың «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы», «Микроқаржылық қызмет туралы» жəне «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген реттеу жəне (немесе) өндіріп алу шараларын қолдануына тыйым салынады.»;
15) 23-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі «қаржы басқарушысы» деген сөздерден кейін «банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы негізінде банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның осы шот бойынша ақша қозғалысы туралы мəліметтерді беруіне келісім бере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 27-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «интернет-ресурста» деген сөздер «уəкілетті органның интернет-ресурсында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қаржы басқарушысы уəкілетті орган белгілеген нысан бойынша жəне тəртіппен қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізілімін уəкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уəкілетті органға жібереді.»;
үшінші бөліктегі «енгізбегеніне» деген сөз «енгізгеніне (енгізбегеніне)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Кредитор (кредиторлар) талаптарды мəлімдемеген жағдайда кредиторлар талаптарының тізілімі борышкер ұсынған деректерден, оның ішінде кредиттік бюролардың дерекқорында көрсетілген мəліметтер ескеріле отырып қалыптастырылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Кредиторлар талаптарының қалыптастырылған тізіліміне өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар осы баптың 4 жəне 5-тармақтарында көзделген жағдайларда енгізілуі мүмкін.»;
17) 30-баптың 3-тармағы 2) тармақшасындағы «мерзімдері туралы нұсқаулар қамтылуға тиіс.» деген сөздер «мерзімдері;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) осы Заңның 22-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген салдардың тоқтатылғаны туралы нұсқаулар қамтылуға тиіс.»;
18) 31-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) қаржы басқарушысының өкілеттігі тоқтатылады.»;
19) 38-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
20) 42-баптың 3-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
21) 44-бапта:
6-тармақта:
8) тармақшадағы «борышкерді банкрот деп тану туралы хабарландыру орналастыруды тапсыру туралы нұсқаулар қамтылады.» деген сөздер «борышкердің міндеттемелерін тоқтатудан бас тарту туралы хабарландыру орналастыруды тапсыру;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) банкроттың Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуына салынған тыйымды алып тастау туралы нұсқаулар қамтылады.»;
7-тармақ 6) тармақшасындағы «төлеу туралы нұсқаулар қамтылады.» деген сөздер «төлеу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) банкроттың Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуына салынған тыйымды алып тастау туралы нұсқаулар қамтылады.»;
22) 46-бапта:
4) тармақшадағы «төлемдер төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жəне сот арқылы банкроттық рəсімдері аяқталғаннан кейін банкроттың тоқтатылуға жатпайтын міндеттемелері болып табылады.» деген сөздер «түсімдер;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: