Өндіріп алушы немесе борышкер оңайлатылған іс жүргізудегі қаулыға Қазақстан Республикасының Əкімшілік рəсімдік-процестік кодексінде белгіленген тəртіппен шағым жасай алады.»;
3) 32-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде осы баптың 2-тармағының 1-1) тармақшасы бойынша атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау санкциясыз жүзеге асырылады.»;
15-тармақтың 4) тармақшасы 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
4) 42-баптың бірінші бөлігінің 6-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1) халықтың əлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар, сондай-ақ кəмелетке толмаған балалары бар жəне оларды тəрбиелеп отырған жəне (немесе) тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркелген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар тұратын отбасылар Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайынан «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3-1-тармағына сəйкес жылыту маусымы кезеңінде мəжбүрлеп шығарылған;»;
5) 47-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
«5-2) соттан тыс банкроттық рəсімі аяқталса жəне борышкер «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жəне банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 11) тармақшасында көрсетілген, олар туралы мəліметтер кредиттік бюролардың дерекқорында көрсетілген кредиторларға қатысты банкрот деп танылса;»;
6) 58-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Борышкердің банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшалай сомаларынан өндіріп алуды атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы аумақтық орган немесе сот орындаушысы инкассолық өкім шығару арқылы жүзеге асырады. Инкассолық өкім қағаз жеткізгіште жіберілген кезде инкассолық өкімге атқарушылық құжаттардың жеке сот орындаушысының не аумақтық бөлімнің мөрімен расталған көшірмелері қоса беріледі. Атқарушылық құжат көшірмесінің анықтығы үшін жеке сот орындаушысы, аумақтық бөлімнің басшысы - аға сот орындаушысы жауапты болады.»;
7) 167-баптың 11) тармақшасы оныншы абзацындағы «тəртібін əзірлейді жəне бекітеді.» деген сөздер «тəртібін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
«оңайлатылған іс жүргізуді жүзеге асыру тəртібін əзірлейді жəне бекітеді;».
16-тармақ 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
16. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«19) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уəкілетті орган (бұдан əрі - мемлекеттік мүлік жөніндегі уəкілетті орган) - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органға бекітіліп берілген мүлікті қоспағанда, өз құзыреті шегінде республикалық мүлікті басқару, мемлекеттің республикалық мүлікке құқықтарын іске асыру, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншікті жəне стратегиялық объектілерді жекешелендіру мен мемлекеттік мониторинг жүргізу саласындағы басшылықты өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
2) 4-бап мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган өз балансында тұрған, өзіне бекітіліп берілген мүлікке Қазақстан Республикасының атынан иелік ету, оны пайдалану жəне билік ету құқықтарын дербес жүзеге асырады, өзіне бекітіліп берілген мүлікке қатысты жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерді қабылдайды.».
17. «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 1-1) жəне 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы - сауда-саттық өткізу үшін қатысушыларға инфрақұрылымды қамтамасыз ететін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес қолданылатын интернет-ресурс;»;
«7-2) тұтынушылық микрокредит - жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген микрокредит болып табылмайтын, жеке тұлғаға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жəне (немесе) кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес өзге де мақсаттарға берілетін микрокредит;»;
2) 3-бапта:
1-2-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) заңды тұлғаларға ақшалай нысанда орындауды көздейтін кепілдіктерді, кепілгерліктерді жəне өзге де міндеттемелерді беру.»;
17-тармақтың 2) тармақшасының төртінші - он жетінші абзацтары 2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
3-2-тармақта:
«Адам» деген сөз «Жеке тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы» деген сөздер «кредиттік бюрода не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тегін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-3. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шешім қабылданғанға дейін алған жеке тұлғаның кредиттік есебінде оның микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені туралы ақпарат болған кезде микроқаржы ұйымының оған микрокредиттер беруіне тыйым салынады.
Бұл тыйым ломбардтың микрокредит беруі жағдайларына қолданылмайды.
Микроқаржы ұйымының жеке тұлғаға жұбайының (зайыбының) келісімінсіз микрокредиттер беруіне тыйым салынады, келісімді алу тəртібі жəне келісім қажет болатын микрокредиттің ең төмен мөлшері уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Жеке тұлғаның микрокредит алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені туралы ақпарат болған кезде оған микрокредит беруге тыйым салу жеке тұлғаның микрокредиті бойынша берешегін өтеу мақсатында микрокредит беру жағдайларына қолданылмайды.
Микроқаржы ұйымы клиент - жеке тұлғаның кредиттік есебінде оның микрокредит алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені туралы ақпарат болған кезде, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) келісімінсіз микрокредит берген жағдайда, микроқаржы ұйымы жеке тұлғадан осындай микрокредит бойынша міндеттемелерді орындауды талап етуге құқылы емес.
Микроқаржы ұйымы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген, жеке тұлғаның кредиттік есебінде оның микрокредит алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені туралы ақпарат болған кезде, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) келісімінсіз микрокредит беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай шараларды қабылдайды:
клиенттің осындай микрокредит бойынша берешегін есептен шығару туралы шешім қабылдайды;
клиенттің осындай микрокредит бойынша берешегін өндіріп алуды жəне талап-арыз жұмысын тоқтатады;
осындай микрокредит бойынша ақпарат туралы жазбаларды жою арқылы клиенттің кредиттік бюролардағы кредиттік тарихына түзетулер енгізеді;
осындай микрокредит бойынша сыйақының жəне (немесе) тұрақсыздық айыбының бұрын ұсталған (төленген) сомаларын клиентке қайтаруды жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 3-4 жəне 3-5-тармақтармен толықтырылсын:
17-тармақтың 2) тармақшасының он тоғызыншы - жиырма үшінші абзацтарының күші осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін сот актілері заңды күшіне енген құқықтық қатынастарға қолданылады
«3-4. Микрокредит беру құпиясын құрайтын ақпаратқа құқыққа сыйымсыз қол жеткізілгені, оның құқыққа сыйымсыз өзгертілгені, үшінші тұлғалар тарапынан құқыққа сыйымсыз əрекеттердің не жеке тұлғалардың микрокредиттерімен өзге де заңсыз (алаяқтық) əрекеттердің жүзеге асырылғаны анықталған кезден бастап микроқаржы ұйымы екі жұмыс күні ішінде осындай əрекеттердің себептері мен салдарын жою үшін шаралар қабылдайды, сондай-ақ бұл туралы клиентке жəне уəкілетті органға бір жұмыс күні ішінде хабар береді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сəйкес құқық қорғау органдары енгізген (шығарған) қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мəн-жайларды жою жөніндегі шараларды қабылдау туралы ұсынымның не қарыз алушы-жеке тұлғаны жəбірленуші деп тану туралы қаулының негізінде микроқаржы ұйымы күнтізбелік үш күннен кешіктірмей:
клиенттің осындай микрокредиті бойынша берешекті өндіріп алуды жəне талап-арыз жұмысын тоқтата тұрады;
клиенттің осындай микрокредиті бойынша сыйақы жəне (немесе) тұрақсыздық айыбын есепке жазуды тоқтата тұрады.
Микроқаржы ұйымы клиенттің қатысуынсыз алаяқтық тəсілмен микрокредитті ресімдеу фактісі анықталған заңды күшіне енген сот актісін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, клиенттің микрокредит бойынша берешегін есептен шығару туралы шешімді, сондай-ақ осындай микрокредит бойынша бұрын ұсталған (төленген) сомаларды клиентке қайтару жөніндегі шараларды қабылдайды.
3-5. Микроқаржы ұйымының жеке тұлғаны биометриялық сəйкестендіруді жүргізбей онымен интернет арқылы микрокредит беру туралы шарт жасасуына тыйым салынады, оны жүргізу тəртібін уəкілетті орган айқындайды.»;
6-тармақта:
екінші бөлік үшінші абзацындағы «өзгерту қарыз алушы үшін микрокредит беру туралы шарттың талаптарын жақсарту деп түсініледі.» деген сөздер «өзгерту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
17-тармақтың 2) тармақшасының жиырма жетінші абзацының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады
«микрокредит бойынша сыйақыны есепке жазбай, қарыз алушының мерзімді əскери қызмет өткеру мерзімін жəне ол аяқталғаннан кейінгі 60 күнді қамтитын кезеңге микрокредит беру туралы шарт бойынша негізгі борыш пен есепке жазылған сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыру қарыз алушы үшін микрокредит беру туралы шарттың талаптарын жақсарту деп түсініледі.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қарыз алушы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде, микроқаржы ұйымы қолданған жақсарту талаптарынан микрокредит беру туралы шартта көзделген тəртіппен бас тартуға құқылы.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Микроқаржы ұйымы банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында саудасаттық өткізу арқылы мынадай мүлікті:
бұрын микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету болып табылған, оған өндіріп алуды қолдану нəтижесінде микроқаржы ұйымының меншігіне өткен кепіл мүлкін;
микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындаудың орнына бас тарту төлемін алуы нəтижесінде микроқаржы ұйымының меншігіне түскен мүлікті өткізуге міндетті.
Микроқаржы ұйымының меншігіндегі жер учаскесін қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мүлікті микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымының меншігіне өткен күннен бастап үш жыл ішінде өткізуге тиіс. Жер учаскесін өткізу мерзімі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып айқындалады.
Осы тармақта белгіленген талаптар ломбардтарға қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мүлік сауда-саттық өтпеді деп танылған жағдайда уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітілген, банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық өткізу қағидаларына сəйкес тікелей атаулы сату арқылы өткізілуі мүмкін.»;
3) 4-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Микроқаржы ұйымы сомасы уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келмейтін тұтынушылық микрокредитті беруге құқылы емес.
Осы тармақта белгіленген талаптар ломбард немесе кредиттік серіктестік жасасатын микрокредит беру туралы шарттарға қолданылмайды.»;
3-1-тармақ алып тасталсын;
4) 5-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері уəкілетті органның жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалған шекті мөлшерден аспауға тиіс.»;
5) 6-бапта:
1-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақта белгіленген талаптар ломбард жасасатын микрокредит беру туралы шартқа қолданылмайды.»;
3-тармақтағы «Осы Заңның 4-бабы 3-1-тармағының талаптарымен жасалған шартты қоспағанда, жеке» деген сөздер «Жеке» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 7-бапта:
2-тармақта:
4) тармақшаның үшінші бөлігі алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қарыз алушыға (өтініш берушіге) микрокредит алуға байланысты оның құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда ықтимал салдары туралы ақпарат беруге;»;
мынадай мазмұндағы 11-2) тармақшамен толықтырылсын:
17-тармақтың 6) тармақшасының жетінші - тоғызыншы абзацтарының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады
«11-2) мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілерге микрокредит беру туралы шарт бойынша уəкілетті орган айқындаған тəртіппен микрокредит бойынша сыйақыны есепке жазбай, мерзімді əскери қызмет өткеру мерзімін жəне ол аяқталғаннан кейінгі 60 күнді қамтитын кезеңге негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсынуға міндетті.
Мерзімді əскери қызметке шақырылған əскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда микрокредиттің болуы не болмауы, ол бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мəліметтерді алмасу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уəкілетті орган айқындаған тəртіппен мемлекеттік органдар мен микроқаржы ұйымдарының ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда дербес деректерді жинау, өңдеу жəне пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады;»;
3-тармақта:
17-тармақтың 4) тармақшасының он бірінші - он үшінші абзацтары 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) банктік қарыз жəне (немесе) микрокредит бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғаға кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредитті беруге құқылы емес.
Осы тармақшада белгіленген талап жеке тұлғаның кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банк тік қарызын жəне (немесе) микрокредитін өтеу мақсатында сыйақы мөлшерлемесін жəне (немесе) мерзімді төлемдер мөлшерін азайту жағына қарай өзгертуді жəне (немесе) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) азайту жағына қарай өзгертуді немесе толық жоюды көздейтін жақсарту талаптарында берілетін микрокредиттерге, сондай-ақ ломбардтардың міндетті тіркелуге жатпайтын жылжымалы мүлікті кепілге қойып беретін микрокредиттеріне қолданылмайды;»;
5) тармақшадағы «талап етуге құқылы емес.» деген сөздер «талап етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6), 7) жəне 8) тармақшалармен толықтырылсын:
17-тармақтың 4) тармақшасының он бесінші - он жетінші абзацтары 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«6) микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушыдан борыш сомасын өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларымен ынтымақтастықты көздейтін шарттарды жасасуға, сондай-ақ «Жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2-тармағына жəне (немесе) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабының 1-тармағына сəйкес микроқаржы ұйымының үлестес тұлғасы болып табылатын жеке сот орындаушысымен атқарушылық құжатты орындау шарттары туралы келісім (шарт) жасасуға;
7) «Жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2-тармағына жəне (немесе) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабының 1-тармағына сəйкес микроқаржы ұйымының үлестес тұлғасы болып табылатын нотариусқа нотариаттық əрекеттер жасау үшін жүгінуге;
8) жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарттың қолданылу мерзімін оның келісімінсіз жəне микрокредит беру туралы шарттың талаптарын сақтауды не жақсартуды қамтамасыз етпейтін талаптармен ұлғайтуға құқылы емес.»;
17-тармақтың 7) тармақшасы 2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
7) 9-баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасы алып тасталсын;
8) 9-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1-бап. Микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру тəртібі»;
1, 2 жəне 3-тармақтар алып тасталсын;
5-тармақтың бірінші бөлігінің сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қарыз алушы - жеке тұлғаға кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты микрокредит беру туралы шарт бойынша, қарыз алушы - заңды тұлғаға микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарға (талаптарға) қатысты, егер көрсетілген микрокредиттер бойынша басқаға беру күніне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сəйкес құнсыздану белгілері болса, өзге тұлғаға беруді қоспағанда, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1 жəне 5-2-тармақтармен толықтырылсын:
«5-1. Басқаға беру күнінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сəйкес құнсыздану белгілері бар микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беруді микроқаржы ұйымы мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асырады:
1) құқықтарды (талаптарды) осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің бесінші, алтыншы жəне жетінші абзацтарында көрсетілген тұлғаларға беруді қоспағанда, пайдасына микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілетін тұлға банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында микроқаржы ұйымы өткізетін осы құқықтарға (талаптарға) қатысты сауда-саттық нəтижелері бойынша айқындалады;
2) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру осы баптың 5-тармағында белгіленген шектеулер мен қағидалар сақтала отырып жүзеге асырылады.
Осы тармақта белгіленген талаптар ломбардтарға қолданылмайды.
17-тармақтың 8) тармақшасының он екінші абзацы 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
17-тармақтың 8) тармақшасының он екінші абзацының қолданысы 2026 ж. 1 мамырға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылады
5-2. Осы Заңның 9-2-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасының талаптарын сақтамай, жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) коллекторлық агенттікке беруге тыйым салынады.»;
8-тармақта:
17-тармақтың 8) тармақшасының он төртінші - он алтыншы бірінші абзацтары 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) басқаға беру шарты жасалғанға дейін кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушы - жеке тұлғаны микрокредитті беру туралы көрсетілген шарт бойынша кредитордың құқықтарын (талаптарын) үшінші тұлғаға берудің жоспарланып отырғаны, сондай-ақ осындай басқаға беруге байланысты қарыз алушының дербес деректерінің өңделетіні (берілетіні) туралы микрокредит беру туралы шартта көзделген тəсілмен, сондай-ақ микроқаржы ұйымына «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сəйкестендіру құралдарын қолдану арқылы клиент-жеке тұлғаны сəйкестендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпараттандыру объектілері (бұдан əрі - ақпараттандыру объектілері) арқылы хабардар етуге;»;
2) тармақшадағы «не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тəсілмен» деген сөздер «тəсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшаның бірінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қарыз алушы-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, қарыз алушы - жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін;»;
9) 9-2-бапта:
17-тармақтың 9) тармақшасының екінші - он үшінші абзацтары 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындаудың өткізіп алынған мерзімі болған кезде, бірақ ол басталған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шартта көзделген тəсілмен жəне мерзімдерде, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы қарыз алушыны:»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушы - жеке тұлғаның осы баптың 2-тармағында көзделген өтінішпен микроқаржы ұйымына жүгіну құқығы;»;
2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) сатып алушыға микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені бере отырып, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізуге байланысты өзгерістер енгізу туралы өтінішін негіздейтін, микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алудың туындау себептері, кірістер жəне басқа да расталған мəн-жайлар (фактілер) туралы мəліметтерді қамтитын өтінішті жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы не микрокредит беру туралы шартта көзделген тəсілмен ұсынуға құқылы.»;
3 жəне 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қарыз алушы - жеке тұлғаның өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістерді уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіппен қарайды жəне қарыз алушы-жеке тұлғаға мынадай шешімдердің бірі туралы:
1) микрокредит беру туралы шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні туралы;
2) микрокредит беру туралы шарт талаптарын өзгерту бойынша қарсы ұсыныс туралы;
3) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту себептерінің уəжді негіздемесін көрсете отырып, осындай бас тарту туралы жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы не микрокредит беру туралы шартта көзделген тəсілмен хабарлайды.
Қарыз алушы - жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау кезеңінде микроқаржы ұйымы микрокредитті мерзімінен бұрын өтеуді талап етуге құқылы емес.
Микроқаржы ұйымының осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген шешімі алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде микроқаржы ұйымы мен қарыз алушы - жеке тұлға арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеуі микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту болып есептеледі. Бұл мерзім екі тараптың келісімі болған кезде ұзартылуы мүмкін.
17-тармақтың 9) тармақшасының он алтыншы - он сегізінші абзацтары 2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
4. Қарыз алушы - жеке тұлға микроқаржы ұйымының осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген шешімін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге осы баптың 3-тармағының үшінші бөлігінде көзделген мерзімде қол жеткізбеген кезде бір мезгілде микроқаржы ұйымын хабардар ете отырып, микроқаржы омбудсманына жүгінуге құқылы.
Микроқаржы омбудсманы қарыз алушы - жеке тұлғаның жолданымын оның микроқаржы ұйымына жүгінуінің жəне микроқаржы ұйымымен микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеудің дəлелдері ұсынылған кезде қарайды.
Микроқаржы омбудсманы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес халықтың əлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы-жеке тұлғаның тұрғынжай болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген, кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредитті беру туралы шарт бойынша жолданымын қараған кезеңде кепілге қойылған мүлікке сотқа талап қоюды беру арқылы не соттан тыс тəртіппен өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.»;
5-тармақта:
17-тармақтың 9) тармақшасының жиырмасыншы, жиырма бірінші абзацтары 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Микроқаржы ұйымы берешекті сотқа дейін өндіріп алуға жəне берешекті реттеуге берген күні бұл туралы қарыз алушыны коллекторлық агенттіктің атауын, тұрған жерін, коллекторлық агенттіктің борышкерлермен байланысуға арналған телефон нөмірлерін көрсете отырып, микрокредит беру туралы шартта көзделген тəсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы хабардар етеді;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) тұлғаға микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) қарыз алушыда:
жеке тұлғаның жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген микрокредит беру туралы шарты бойынша - қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күннен асатын;