«5) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жəне (немесе) сот арқылы банкроттық рəсімін жүргізген қаржы басқарушысының толық көлемде немесе оның бір бөлігінде төлемі болмаған жағдайда оның сыйақысы банкроттың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жəне сот арқылы банкроттық рəсімдері аяқталғаннан кейін тоқтатылуға жатпайтын міндеттемелері болып табылады.»;
23) 48-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы бапта көрсетілген қаржылық жағдайға мониторинг осы Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша соттан тыс банкроттық рəсімін қолданған Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты жүргізілмейді.».
2-бап.
1. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағының 4) тармақшасын;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 2) тармақшасының он бесінші - жиырмасыншы абзацтарын, 5), 6) тармақшаларын, 7) тармақшасының жиырма жетінші, жиырма сегізінші абзацтарын, 8) тармақшасын, 10) тармақшасының он төртінші абзацын, 16) тармақшасын, 6-тармағының 1), 2), 4) - 7) тармақшаларын, 7, 12-тармақтарын, 15-тармағының 4) тармақшасын, 17-тармағы 6) тармақшасының он бірінші - он үшінші, он бесінші - он жетінші абзацтарын, 8) тармақшасының он екінші абзацын, 23-тармағын, 25-тармағының 2) тармақшасын;
3) 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2 жəне 3-тармақтарын, 4-тармағының алтыншы - тоғызыншы абзацтарын, 9-тармағының 1), 2), 3), 8), 9) жəне 10) тармақшаларын, 13, 16, 19, 20, 21 жəне 22-тармақтарын;
4) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 8) тармақшасын;
5) 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 7) тармақшасының он үшінші - жиырма бесінші абзацтарын, 11-тармағының 12) тармақшасын, 17-тармағы 2) тармақшасының төртінші - он жетінші абзацтарын;
6) 2024 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 7) тармақшасының бесінші, сегізінші абзацтарын, 9) тармақшасының екінші - он үшінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші абзацтарын, 10) тармақшасының он бесінші - он сегізінші абзацтарын, 11-тармағы 1) тармақшасының төртінші - алтыншы абзацтарын, 4) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарын, 7) тармақшасының екінші абзацын, 9) тармақшасының сегізінші - оныншы абзацтарын, 14) тармақшасының жиырмасыншы жəне жиырма бірінші абзацтарын, 17-тармағы 8) тармақшасының он төртінші - он алтыншы абзацтарын, 9) тармақшасының екінші - он үшінші, жиырмасыншы, жиырма бірінші абзацтарын, 11) тармақшасының үшінші абзацын, 25-тармағы 4) тармақшасының төртінші, алтыншы, жетінші абзацтарын, 5) тармақшасының үшінші, бесінші - он сегізінші жəне жиырма екінші абзацтарын;
7) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 9) тармақшасының он алтыншы - он сегізінші абзацтарын, 12) тармақшасын, 11-тармағы 7) тармақшасының үшінші абзацын, 10), 11) тармақшаларын, 16) тармақшасының жетінші - тоғызыншы абзацтарын, 17) тармақшасын, 17-тармағының 7) тармақшасын, 9) тармақшасының он алтыншы - он сегізінші абзацтарын, 11) тармақшасының төртінші абзацын, 13) тармақшасын, 25-тармағының 1) тармақшасын, 5) тармақшасының жиырма үшінші - жиырма бесінші абзацтарын, 9) тармақшасын;
8) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 11-тармағы 3) тармақшасының алтыншы абзацын, 8) тармақшасының алтыншы абзацын, 14) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарын;
9) 2026 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 9) тармақшасының отыз екінші абзацын, 17-тармағы 9) тармақшасының жиырма алтыншы абзацын, 25-тармағы 5) тармақшасының төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Мыналардың:
1) осы Заңның 1-бабы 11-тармағының 8) тармақшасы бесінші абзацының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1-1) коллекторлық агенттіктер, «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде жəне (немесе) «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғамен жасалған банктік қарыз шарттары жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарттары жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын сервистік компаниялар (бұдан əрі - сервистік компаниялар), «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабының 4-тармағы бірінші бөлігінің оныншы абзацында жəне «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 5-тармағы бірінші бөлігінің сегізінші абзацында көрсетілген тұлғалар, егер банктік қарыз шарты бойынша жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) осы тұлғалар сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына бермесе;»;
2) 2026 жылғы 1 мамырға дейін осы Заңның 1-бабы 5-тармағының 10) тармақшасы он төртінші абзацының жəне 17-тармағының 8) тармақшасы он екінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«4-2. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның жеке тұлғаның кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) коллекторлық агенттікке беруді жүргізуіне тыйым салынады.»;
«5-2. Микроқаржы ұйымының жеке тұлғаның кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредитті беру туралы шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) коллекторлық агенттікке беруді жүргізуіне тыйым салынады.».
3. Мыналардың:
1) осы Заңның 1-бабы 5-тармағының 7) тармақшасы төртінші, оныншы, он бірінші, он екінші абзацтарының, 17-тармағының 2) тармақшасы жиырма жетінші абзацының, 6) тармақшасы жетінші, сегізінші жəне тоғызыншы абзацтарының, 25-тармағының 5) тармақшасы он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші абзацтарының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады;
2) осы Заңның 1-бабы 5-тармағының 7) тармақшасы отыз бірінші - отыз бесінші абзацтарының жəне 17-тармағының 2) тармақшасы он тоғызыншы - жиырма үшінші абзацтарының күші осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін сот актілері заңды күшіне енген құқықтық қатынастарға қолданылады;
3) осы Заңның 1-бабы 5-тармағының 9) тармақшасы отыз екінші абзацының жəне 17-тармағының 9) тармақшасы жиырма алтыншы абзацының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.
2026 жылғы 1 мамырға дейін қарыз алушы - жеке тұлғамен жасалған, кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) коллекторлық агенттікке беру мақсаттары үшін жиырма төрт айлық мерзімді есептеу кезінде мерзімі өткен берешектің мерзімі жəне 2026 жылғы 1 мамырға дейін жүргізілген берешекті реттеу рəсімдері ескеріледі;
4) осы Заңның 1-бабының 6-тармағы 8) тармақшасының күші орындалмаған ақшалай міндеттемелер бойынша бұрын жасалған ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.
Мүлік өткізіліп қойылған ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кірістердің немесе мүліктің болмауы осы Заңның 1-бабы 6-тармағының 8) тармақшасы қолданысқа енгізілетін күнге айқындалады;
5) осы Заңның 1-бабы 25-тармағының 5) тармақшасы үшінші, бесінші - он сегізінші, жиырма екінші - жиырма бесінші абзацтарының күші олар қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған құқықты (талап етуді) басқаға беру шарттары бойынша коллекторлық агенттіктер сатып алған жеке тұлғалардың берешегіне қолданылады деп белгіленсін. Коллекторлық агенттіктер 2024 жылғы 1 қазанға дейін сатып алынған жеке тұлғалардың берешегі бойынша осы Заңның 1-бабының 25-тармағы 5) тармақшасының үшінші, бесінші - он сегізінші жəне жиырма екінші абзацтары қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде борышкер-жеке тұлғаларға жəне (немесе) олардың өкілдеріне банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы өтінішпен олардың коллекторлық агенттікке жүгіну құқықтары туралы хабар беруге міндетті;
6) осы Заңның 1-бабы 25-тармағының 5) тармақшасы төртінші абзацының күші 2026 жылғы 1 мамырдан кейін жасалған құқықты (талап етуді) басқаға беру шарттары бойынша коллекторлық агенттіктер сатып алған жеке тұлғалардың берешегіне қолданылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 19 маусым
№ 97-VIII ҚРЗ