12) 22-баптың 8) тармақшасында:
«арқылы» деген сөзден кейін «тегін» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Осы тармақшада көзделген құқық заңды тұлға болып табылатын кредиттік тарих субъектісіне қолданылмайды.»;
13) 23-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер мемлекет қатысатын кредиттік бюроға, сондай-ақ ақпарат беру туралы шарттар негізінде кредиттік тарих субъектісінің келісімі болған кезде өзге де кредиттік бюроларға ақпарат беруге міндетті.»;
14) 24-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
11-тармақтың 14) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтары 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) жəне 3-3) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер кредиттік бюроларға беретін ақпаратта:»;
мынадай мазмұндағы 3-3) тармақшамен толықтырылсын:
«3-3) жасалған күндері көрсетіле отырып, банктік қарыз шартына жəне (немесе) микрокредит беру туралы шартқа қосымша келісімді не жаңа банктік қарыз шартын жəне (немесе) микрокредит беру туралы шартты жасасу арқылы берешекті реттеуді жүргізу туралы жəне (немесе) банктік қарыз шартының жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту туралы мəліметтер, сондай-ақ банктік қарыз шарты жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы мəліметтер;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған өзге де мəліметтер болуға тиіс.»;
1-1-тармақта:
бірінші абзацтағы «кредиттік бюроларға беретін ақпаратта, егер банктік қарыз шарты бойынша жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) осы тұлғалар сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына бермесе» деген сөздер «, егер банктік қарыз шарты бойынша жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) осы тұлғалар сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына бермесе, сондай-ақ жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз (кредит) шарттары жəне микрокредит беру туралы шарттары бойынша құқықтар (талаптар) берілген өзге де тұлғалар кредиттік бюроларға беретін ақпаратта» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) жасалған күндері көрсетіле отырып, банктік қарыз шартына жəне (немесе) микрокредит беру туралы шартқа қосымша келісім жасасу не банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот шешімін немесе нотариустың атқарушылық жазбасын орындау талаптары туралы келісім жасасу арқылы берешекті реттеуді жүргізу туралы жəне (немесе) банктік қарыз шартының жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот шешімін немесе нотариустың атқарушылық жазбасын орындау талаптарын өзгертуден бас тарту туралы мəліметтер, сондай-ақ банктік қарыз шарты жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы мəліметтер;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған өзге де мəліметтер қамтылуға тиіс.»;
5-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кредиттік бюроларға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы беретін ақпаратта мынадай мəліметтер:»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке басты куəландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, жеке сəйкестендіру нөмірі, жеке тұлғаның банктік қарыздарды, микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені не алып тастағаны туралы мəліметтер;»;
11-тармақтың 14) тармақшасының жиырмасыншы жəне жиырма бірінші абзацтары 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы кредиттік бюроларға осы тармақтың бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасында көзделген ақпаратты нақты уақыт режимінде береді.»;
6-тармақтағы «1, 2 жəне 5-тармақтарында» деген сөздер «2 жəне 5-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 25-бапта:
1 жəне 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімі жəне (немесе) кредиттік тарих субъектісінің кредиттік есепті алушыға кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті беруге келісімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен ресімделеді.»;
«3. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік тарихты қалыптастыру үшін кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге жəне (немесе) кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті беруге келісімінің болмағаны үшін, сондай-ақ оны дұрыс ресімдемегені үшін ақпарат беруші, кредиттік есепті беру туралы сұрау салған кредиттік есепті алушы не олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сəйкес жауапты болады.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушінің осы Заңның 24-бабы 5-тармағы бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасында көзделген ақпаратты кредиттік бюроларға беруіне жəне кредиттік бюролардың осындай ақпаратты осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілерге беруіне кредиттік тарих субъектісі-жеке тұлғаның келісімі талап етілмейді.»;
16) 27-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1) жəне 2) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер ақпарат беру жөніндегі өз міндеттемелерін орындау мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюромен мемлекет қатысатын кредиттік бюро мемлекеттік тіркелген жəне (немесе) ақпарат берушілер осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1) жəне 2) тармақшаларында айқындалған белгілерге сəйкес келген күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде ақпарат беру туралы шарттар жасасуға міндетті. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2), 3) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер ақпарат беру туралы шартта айқындалған мерзімдерде өзге кредиттік бюролармен ақпарат беру туралы шарт жасасуға құқылы.»;
2-тармақтың 2) жəне 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту, тоқтату жəне біржақты тəртіппен, оның ішінде осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2), 3-1) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтамаған жағдайда бұзу негіздері мен тəртібі, сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін айыппұлдардың мөлшері;
3) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілердің кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін міндетті түрде алуы;»;
11-тармақтың 16) тармақшасының жетінші - тоғызыншы абзацтары 2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
3-тармақтың 2) жəне 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту, тоқтату жəне біржақты тəртіппен, оның ішінде осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4-2), 4-4) жəне 4-5) тармақшаларында көрсетілген кредиттік есептерді алушылар өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтамаған жағдайда бұзу негіздері мен тəртібі, сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін айыппұлдардың мөлшері;»;
«9) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сəйкес келетін, осы Заңның 20-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4-2), 4-4) жəне 4-5) тармақшаларында көрсетілген кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар қамтылуға тиіс.»;
11-тармақтың 17) тармақшасы 2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
17) 28-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 4-4) жəне 4-5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар кредиттік бюрода тіркелу үшін мынадай құжаттарды:
1) кредиттік бюрода тіркеу туралы өтінішті;
2) банк немесе микроқаржы омбудсманының өкілдер кеңесінің оны сайлау туралы отырысының хаттамасынан үзінді көшірмені;
3) кредиттік бюроларға сұрау салуды жүзеге асыруға уəкілетті адамдардың тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы туралы ақпаратты ұсынады. Қажет болған жағдайда көрсетілген ақпарат осындай адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куəландырылады.».
12-тармақ 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
12. «Жобалық қаржыландыру жəне секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
10-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10-1) кредиторлар синдикатына қатысушылар - екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, «Астана» халықаралық қаржы орталығының банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері, халықаралық қаржы ұйымдары;»;
мынадай мазмұндағы 15-2) жəне 22) тармақшалармен толықтырылсын:
«15-2) синдикатталған қарызды ұйымдастырушы - синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру туралы шартқа сəйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың құрамын қалыптастыру жəне қарыз алушымен синдикатталған қарыз шартын жасасу процесін ұйымдастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жəне синдикатталған қарыздың қатысушысы болып табылмайтын тұлға;»;
«22) шетелдік кəсіптік ұйым - уəкілетті орган бекіткен тізбеге кіретін, қаржы нарықтарында бірыңғай қағидаларды жəне (немесе) стандарттарды белгілейтін халықаралық ұйым, шетелдік заңды тұлға немесе заңды тұлға болып табылмайтын шетелдік ұйым.»;
2) 14-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1, 2-1, 5 жəне 6-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Синдикатталған қарыз шарты қарыз алушы кредиторлар синдикатының бірнеше болашақ қатысушыларымен қарыз (банктік қарыз) шарттарын жасасқаннан кейін жасалуы мүмкін. Мұндай жағдайда синдикатталған қарыз шарты, егер бұрын туындаған міндеттемелерге қатысушылардың құрамы мен синдикатталған қарыз шартына қатысушылардың құрамы толығымен сəйкес келсе, аталған тұлғалардың бұрын туындаған міндеттемелерін өзгертеді, бұл ретте синдикатталған қарыз шарты кепіл шартын жəне (немесе) қарыз алушының міндеттемелеріне байланысты өзге де келісімді тоқтатуды немесе өзгертуді көздеуі мүмкін.»;
«2-1. Егер заңды тұлға мен осы Заңға сəйкес кредиторлар синдикатының қатысушысы (бастапқы кредитор) болуға құқылы өзге тұлға арасында екіжақты қарыз (банктік қарыз) шарты жасалса, аталған тұлғалардың қатысуымен синдикатталған қарыз шарты мынадай тəсілдердің бірімен:
1) екіжақты қарыз (банктік қарыз) шарты тараптарының үшінші тұлғамен (үшінші тұлғалармен) келісім жасасуы арқылы жасалуы мүмкін, оған сəйкес үшінші тұлға (үшінші тұлғалар) бастапқы кредитормен келісе отырып, қарыз алушыға көрсетілген келісімде белгіленген мөлшерде жəне мерзімдерде ақша беру немесе беріп отыру міндетін қабылдайды жəне (немесе) кредитор тарапында бастапқы міндеттемеге кіріседі;
2) егер бұл ретте бастапқы кредитор мен жаңа кредитор немесе жаңа кредиторлар арасында қарыз беруге, оған қызмет көрсетуге жəне қайтаруға байланысты барлық кредиторлардың қарыз алушыға жəне өзге де тұлғаларға қатысты шешімдер қабылдауының жəне олардың міндеттерді орындауының тəртібі туралы келісім жасалса жəне қарыз алушы өзі қатысатын қатынастарға қатысты осы Заңның ережелерін қолдануға кез келген уақытта келісім берсе, бастапқы кредитордың екіжақты қарыз шарты бойынша талап ету құқықтарын жаңа кредиторға немесе жаңа кредиторларға беруі арқылы жасалуы мүмкін.»;
«5. Егер синдикатталған қарыз шартын жасасу күніне «Астана» халықаралық қаржы орталығының банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері жəне (немесе) халықаралық қаржы ұйымы қарыз алушыға синдикатталған қарыз шарты бойынша соманың кемінде үштен екісін беретін жағдайларда синдикатталған қарыз шарты шетелдік кəсіптік ұйым əзірлеген үлгілік талаптардағы синдикатталған қарыз шарты түрінде жасалуы мүмкін.
Тараптар шетелдік кəсіптік ұйым əзірлеген үлгілік талаптарда жасалған синдикатталған қарыз шартына осы синдикатталған қарыз шартында айқындалған тəртіппен жəне талаптарда өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.
6. Кредиторлар синдикатына қатысушылардың бірі синдикатталған қарыз шартын бұзу туралы талапты мəлімдеген жағдайда осындай шарт кредиторлар синдикатының басқа қатысушыларының кемінде екеуі қалған кезде соларға қатысты өз қолданысын сақтайды.»;
3) 14-2-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Синдикатталған қарыз шартын жасасқысы келетін тұлға осы Заңға сəйкес кредиторлар синдикатының қатысушылары болуға құқылы тұлғалардың бірімен немесе осындай бірнеше тұлғалармен синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру туралы шарт жасасуға құқылы, ол бойынша синдикатталған қарызды ұйымдастырушы тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша əрекет ете отырып, оған белгілі бір талаптарда синдикатталған қарыз шартын жаса суға дайындалу жөніндегі қызметтер (синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер) көрсетуге міндеттенеді, ал тапсырыс беруші осы қызметтерді көрсеткені үшін сыйақы төлеуге міндеттенеді. Егер синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру туралы шартта өзгеше көзделмесе, синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер синдикатталған қарыз шартын жасасу кезінде көрсетілген болып есептеледі.
Синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру туралы шарт жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру туралы шарттың жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыз болуына алып келеді.»;
3-тармақта:
бірінші жəне үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кредиторлар синдикатына қатысушылар арасындағы қатынастар жəне олардың бірлескен қызметін үйлестіру тəртібі кредиторлар синдикатына қатысушылар арасындағы келісіммен реттеледі.»;
«Кредиторлар синдикатына қатысушылардың біреуі немесе бірнеше қатысушысы синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда, кредиторлар синдикатына қатысушылардың жауапкершілігі мен осы Заңның 14-1-бабы 3-тармағының талаптарын ескере отырып, синдикатталған қарыз шартын орындаумен байланысты мəселелер, оның ішінде кредиторлар синдикатына қатысушының талап ету құқықтары мен өзге де құқықтарының басқа тұлғаға ауысуы мəселесі жөнінде шешімдер қабылдау тəртібі кредиторлар синдикатына қатысушылардың арасындағы келісімде айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы алтыншы жəне жетінші бөліктермен толықтырылсын:
«Банк-агент кредиторлар синдикатының шешімдер қабылдауы кезінде, сондай-ақ банк-агенттің кредитор ретінде өз құқықтарын жүзеге асыруы кезінде жəне синдикатталған қарыз шартының талаптарына сəйкес кредитор ретінде заңдық мəні бар əрекеттер жасау кезінде кредиторлар синдикатының өзге де қатысушыларымен тең əрекет етеді.
Егер осы бапта өзгеше көзделмесе немесе синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемелердің мəнінен өзге туындамаса, банк-агенттің міндеттеріне тапсырма шарты туралы қағидалар қолданылады.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші жəне сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
«Кредиторлар синдикатына қатысушының құқықтары (талаптары) басқа тұлғаға ауысқан кезде осындай тұлғаға қатысты банк-агент пен кепілді басқарушының синдикатталған қарыз шартына немесе кепілді басқару шартына сəйкес бұрын белгіленген өкілеттіктері өз күшін сақтайды.
Синдикатталған қарыз шартының негізінде кредиторлар синдикатына қатысушыға тиесілі құқықтар (талаптар) мəміле бойынша немесе заң негізінде басқа тұлғаға осы Заңда жəне синдикатталған қарыз шартында көзделген құқықтар мен міндеттермен, оның ішінде кредиторлар синдикатына қатысушылардың шешімдерін қабылдауға қатысу құқығымен бірге ғана ауысады.».
13-тармақ 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
13. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің көлемі, оны жасау нысандары мен тəртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленеді.»;
2) 20-баптың 2 жəне 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органнан басқа, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленеді.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жəне оның ведомстволарында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі жүзеге асырады.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша:
1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органда бухгалтерлік есепті жүргізу тəртібін;
2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарын жəне қаржылық есептілік нысандарын əзірлеу жəне бекіту арқылы жүзеге асырады.».
14. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
48-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның күші «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 3-2-тармағының бірінші бөлігінде, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2-тармағы 11-2) тармақшасының бірінші бөлігінде, «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларға қолданылмайды;».
15. «Атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушыларының мəртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
1-1) тармақшаның екінші бөлігі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) жəне 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) оңайлатылған іс жүргізу - аумақтық орган атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асыратын атқарушылық құжаттардың автоматтандырылған орындалуы;
5-2) оңайлатылған іс жүргізудегі қаулы - оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде қабылданатын, аумақтық орган басшысының не оның орынбасарының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куəландырылған процестік шешім тіркелетін аумақтық органның процестік құжаты;»;
2) мынадай мазмұндағы 1-1-тараумен толықтырылсын:
«1-1-тарау. Оңайлатылған іс жүргізу
10-1-бап. Оңайлатылған іс жүргізудің ерекшеліктері
1. Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 5), 6), 11) жəне 13) тармақшаларында көзделген, жеке тұлғадан жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі соманы өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар қабылданады.
2. Атқарушылық құжат оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде осы Заңда көзделген мерзімде орындалмаған жағдайда, осы Заңның 138-бабының 1-тармағына сəйкес орындалады.
3. Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде борышкер атқарушылық құжаттың талаптарын оңайлатылған тəртіппен орындаудан бас тартуға құқылы.
Бас тартылған жағдайда атқарушылық құжат сот орындаушысына орындауға беріледі.
4. Оңайлатылған іс жүргізу бойынша шығарылған қаулы сот орындаушысының қаулысымен тепе-тең мəнде болады.
5. Оңайлатылған іс жүргізуді жүзеге асыру тəртібін уəкілетті орган айқындайды.
10-2-бап. Атқарушылық құжатты оңайлатылған іс жүргізуге қабылдау
1. Электрондық нысанда келіп түскен атқарушылық құжаттың негізінде аумақтық орган осы Заңның 11-бабы 1-1-тармағының талаптарын сақтай отырып, атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы оңайлатылған іс жүргізуді дереу қозғайды, ол жөнінде қаулы шығарылады жəне борышкер тиісті түрде хабардар етіледі.
2. Атқарушылық құжаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкестігі үшін атқарушылық құжатты берген орган жауапты болады.
10-3-бап. Оңайлатылған іс жүргізудегі мəжбүрлеп орындату шаралары
Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде осы Заңның 32-бабы 2-тармағының 1-1) жəне 3) тармақшаларында жəне 36-бабында көзделген атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылданады.
Борышкердің банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшалай сомаларынан өндіріп алу атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған аумақтық органның инкассолық өкімі негізінде жүзеге асырылады.
10-4-бап. Оңайлатылған іс жүргізудегі атқарушылық құжаттарды орындау мерзімдері
Оңайлатылған іс жүргізудегі атқарушылық құжатты орындау оңайлатылған іс жүргізу қозғалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей аяқталуға тиіс.
Борышкердің оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде атқарушылық құжаттың талаптарын орындамауы атқарушылық құжатты уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жеке сот орындаушысына беруге негіз болып табылады.
10-5-бап. Оңайлатылған іс жүргізуді тоқтатудың негіздері мен салдары
1. Оңайлатылған іс жүргізу, егер:
1) атқарушылық құжаттың талабы толық көлемде орындалса;
2) тиісті органның атқарушылық құжатты беруге негіз болған шешімінің күші жойылса, тоқтатылады.
2. Оңайлатылған іс жүргізу тоқтатылған жағдайларда аумақтық орган атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде дереу қаулы шығарады.
3. Тоқтатылған оңайлатылған іс жүргізуді оңайлатылған тəртіппен қайта бастауға болмайды.
4. Оңайлатылған іс жүргізуді тоқтатумен бір мезгілде оңайлатылған іс жүргізудегі атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар автоматты түрде жойылады.
5. Оңайлатылған іс жүргізу тоқтатылған жағдайда, орындалмаған инкассолық өкімдер атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде автоматты түрде кері қайтарып алынады.
10-6-бап. Атқарушылық құжатты оңайлатылған іс жүргізуден жеке сот орындаушысына берудің негіздері мен салдары
1. Егер:
1) осы Заңның 10-4-бабында көзделген мерзім өтсе;
2) борышкер оңайлатылған іс жүргізудегі атқарушылық құжаттың талаптарын орындаудан бас тартса, атқарушылық құжат оңайлатылған іс жүргізуден жеке сот орындаушысына беріледі.
2. Берілген оңайлатылған іс жүргізуді оңайлатылған тəртіппен қайта бастауға болмайды.
3. Атқарушылық құжат оңайлатылған іс жүргізуден жеке сот орындаушысына берілген жағдайда, оңайлатылған іс жүргізудегі атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қабылданған шаралардың күші жойылуға жатпайды.
4. Оңайлатылған іс жүргізу берілген жағдайда, шығарылған инкассолық өкімдер атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде автоматты түрде кері қайтарып алынады.
10-7-бап. Оңайлатылған іс жүргізудегі шешімге шағымдану