Оператор электрондық сауда алаңында өткізілген сауда-саттық нəтижелері бойынша жасалатын сатып алу-сату шартының, құқықтарды (талаптарды) басқаға беру шартының тарапы болып табылмайды.
15-19-бап. Оператор
1. Оператор ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға бола алады.
2. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына уəкілетті органның рұқсаты болған кезде оператор қызметті жүзеге асыруға құқылы. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына уəкілетті органның рұқсатын оператордың алған күні электрондық сауда алаңының жұмыс істей бастау күні болып табылады.
3. Оператор электрондық сауда алаңының жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсаттары үшін:
1) сауда-саттыққа қойылған мүлікке қатысты хабарландырулар жариялауды;
2) сатушы мен əлеуетті сатып алушы арасында электрондық сауда алаңында өткізілетін банктік қарыз шарттары немесе микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарға (талаптарға) қатысты ақпаратты жария етпеу туралы шарт жасасуды;
3) сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттыққа қойылған мүлікке қатысты ақпаратты уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіппен жария етуін;
4) сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттыққа қойылған мүлікке қатысты сатып алу-сату шартының жобасын келісуін жəне оған өзгерістер енгізуін;
5) сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттыққа қойылған, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру шартының жобасын келісуін жəне оған өзгерістер енгізуін;
6) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіпке сəйкес сауда-саттықта өткізілген мүлікке қатысты сатып алу-сату шартын жасасуды;
7) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіпке сəйкес, сауда-саттықта өткізілген, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру шартын жасасуды;
8) өткізілген сауда-саттық туралы нəтижелерді жариялауды;
9) электрондық сауда алаңында жүзеге асырылатын сауда-саттыққа қатысушылардың іс-əрекеттерін есепке алуды жүргізуді;
10) Қазақстан Республикасының дербес деректерді, банктік жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтауды;
11) осы Заңда жəне уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген басқа да талаптарды сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.
Өтініш берушінің электрондық сауда алаңының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін операторға қойылатын талаптарға сəйкестігін тексеруді уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сəйкес құрылатын комиссия жүзеге асырады.
4. Оператор мынадай қызмет түрлерін:
1) кредиттік бюро қызметінің негізгі жəне қосымша түрлерін (тиісті рұқсат болған кезде);
2) электрондық сауда алаңында өткізілетін сауда-саттықты ұйымдастыруға қатысты арнаулы бағдарламалық қамтылымды ұсыну жəне оған қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетуді;
3) маркетингтік жəне статистикалық зерттеулерді қоспағанда, оператор қызметін өзге де кəсіпкерлік қызметпен қоса атқаруға құқылы емес.
5. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына уəкілетті органның рұқсатын беру шарттары мен тəртібі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
6. Өтініш беруші рұқсатты алу үшін уəкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мəліметтерді қамтитын рұқсат беру туралы өтінішті;
2) құрылтай құжаттары қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған немесе уəкілетті органның оларды «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы алу мүмкіндігі болмаған жағдайда олардың нотариат куəландырған көшірмелерін ұсынады.
Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру туралы өтініш уəкілетті орган айқындаған мерзімдерде, бірақ өтініш беруші осы тармақта көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап жетпіс жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралуға тиіс.
7. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тартуды уəкілетті орган мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізеді:
1) өтініш берушінің осы Заңға сəйкес оператор үшін тыйым салынған қызмет түрін жүзеге асыруы;
2) өтініш берушінің осы Заңның осы бабында, 15-18-бабында жəне уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сай келмеуі;
3) егер өтініш берушіге қатысты өтініш берушінің оператор қызметін жүзеге асыруына тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі болса;
4) ұсынылған құжаттар бойынша уəкілетті органның ескертулерін белгіленген мерзімде жоймау.
8. Операторды қайта ұйымдастыру жəне тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тəртіппен жүзеге асырылады.
15-20-бап. Операторлардың қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау ерекшеліктері
Операторлардың қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау мақсатында уəкілетті орган:
1) оператор қызметін реттеу жəне электрондық сауда алаңының жұмыс істеуі саласында операторлардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
2) оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат береді не беруден бас тартады;
3) осы Заңның талаптары мен уəкілетті органның оператор қызметін жүзеге асыруға жəне электрондық сауда алаңының жұмыс істеуіне байланысты қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы, оның ішінде уəкілетті органға өзінің бақылау жəне қадағалау функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті ақпарат белгіленген мерзімдерде ұсынылмаған жағдайда жазбаша нұсқамалар жібереді;
4) осы Заңда белгіленген тəртіппен жəне негіздерде операторларға санкциялар қолданады;
5) оператор қызметі жəне электрондық сауда алаңының жұмыс істеуі мəселелері бойынша жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
15-21-бап. Жазбаша нұсқама жəне санкциялар
1. Осы Заңды жəне уəкілетті органның оператор қызметін жүзеге асыруға жəне электрондық сауда алаңының жұмыс істеуіне байланысты қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін бұзған жағдайда, уəкілетті орган операторға жазбаша нұсқама жіберуге құқылы.
Анықталған бұзушылықтарды жəне (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдау жəне (немесе) анықталған бұзушылықтарды жəне (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан əрі - іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігі жөнінде операторға берілген нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
2. Уəкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағымдану Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тəртіппен жүзеге асырылады.
Уəкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағымдану оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
3. Оператор уəкілетті органды жазбаша нұсқамада көрсетілген шаралардың жазбаша нұсқамада көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
Бұзушылықты іс-шаралар жоспарында не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде операторға байланысты емес себептер бойынша жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, уəкілетті орган іс-шаралар жоспарын не жазбаша нұсқаманы орындау мерзімін уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіппен ұзартуы мүмкін.
4. Уəкілетті орган осы бапта белгіленген негіздер бойынша оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру не оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттан айыру түріндегі санкцияны операторға санкциялар ретінде қолдануға құқылы.
5. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын уəкілетті орган мынадай негіздердің бірі бойынша алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады:
1) осы Заңда жəне (немесе) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптардың сақталмауы;
2) рұқсат беруге негіз болған құжаттардың шындыққа сəйкес келмейтіндігінің анықталуы;
3) осы Заң талаптарының жəне (немесе) уəкілетті органның оператор қызметін жүзеге асыруға жəне электрондық сауда алаңының жұмыс істеуіне байланысты қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілері талаптарының бұзылуын жою туралы уəкілетті органның жазбаша нұсқамаларының жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан да көп рет) орындалмауы.
6. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру оператор ретінде қызметті жүзеге асыруға тыйым салуға алып келеді.
7. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру туралы шешімде рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрудың негіздері мен мерзімі көрсетілуге тиіс. Көрсетілген рұқсаттың қолданысы уəкілетті органның тиісті шешімі оператордың атқарушы органының назарына жеткізілген күннен бастап тоқтатыла тұрған деп есептеледі.
Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсатының қолданысы тоқтатыла тұрған оператор электрондық сауда алаңында бұрын жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.
8. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттан айыруды уəкілетті орган мынадай негіздердің бірі бойынша жүргізеді:
1) оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын уəкілетті орган тоқтата тұрған себептің жойылмауы;
2) оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын соңғы он екі ай ішінде бірнеше рет (екі жəне одан да көп рет) тоқтата тұру;
3) оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат алған кезде оператордың көрінеу жалған ақпарат беруі;
4) оператор қызметін жүзеге асыруға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
5) операторды ерікті немесе мəжбүрлеп тарату туралы шешім.
9. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын тоқтату «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
10. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған оператордың оператор қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ.».
10. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
4-баптың 2-тармағы 2) тармақшасындағы «байланысты қатынастарға қолданылмайды.» деген сөздер «байланысты;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы операторының қызметіне жəне банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңының жұмыс істеуіне байланысты қатынастарға қолданылмайды.».
11. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар жəне кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
13) жəне 16-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«13) кредиттік тарих субъектісінің келісімі - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкес ресімделетін, кредиттік тарих субъектісінің осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге арналған рұқсаты не кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге арналған рұқсаты;»;
11-тармақтың 1) тармақшасының төртінші - алтыншы абзацтары 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
«16-1) нақты уақыт режимі - əрекет дереу немесе бір сағаттан аспайтын мерзімде жүзеге асырылуға тиіс уақыт кезеңі;»;
мынадай мазмұндағы 16-2) тармақшамен толықтырылсын:
«16-2) өтініш беруші - кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат жəне кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау жəне олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға жəне үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сəйкестігі туралы актіні (бұдан əрі - рұқсат) алу мақсатында уəкілетті органға құжаттар ұсынған заңды тұлға;»;
2) 3-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттік тарих субъектісінің осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімінің не кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге келісімінің болуы;»;
3) 5-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға ақпарат беру тəртібінің шарттары мен ең төмен талаптары туралы (осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2), 3) жəне 3-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер үшін);»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) ақпарат берушілер кредиттік бюроларға беретін мəліметтердің тізбесі туралы (осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) жəне 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер үшін);»;
11-тармақтың 3) тармақшасының алтыншы абзацы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1-1) тармақшадағы «1) жəне 1-1)» деген сөздер «1), 1-1) жəне 3-3)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) жəне 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) кредиттік тарих субъектілерінің осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін ресімдеу, кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге келісімді ресімдеу тəртібі туралы;»;
«6) кредиттік бюролардың, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) жəне 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілердің жəне осы Заңның 20-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар туралы, сондай-ақ кредиттік бюролардың осы Заңның 27-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына жəне 3-тармағының 9) тармақшасына сəйкес ақпаратты өзге берушілерге жəне кредиттік есептерді алушыларға қойылатын талаптар туралы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды.»;
4) 7-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен, 5) тармақшадағы «зерттеулер жатады.» деген сөздер «зерттеулер;» деген сөзбен ауыстырылып, 7) жəне 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы операторының қызметі (банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы операторы қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат болған кезде);»;
11-тармақтың 4) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтары 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
«7) кредиттік тарих субъектілерін кредиттік есепті сұратқан кредиттік есептерді алушылар, кредиттік тарих субъектісінің кредиттік тарихын нақты уақыт режимінде өзгерту туралы хабардар ету жөніндегі қызметтер;
8) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілерді жеке тұлғаның банктік қарыздарды, микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуын нақты уақыт режимінде белгілегені не алып тастағаны туралы хабардар ету жөніндегі қызметтер жатады.»;
2-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-2. Мемлекет қатысатын кредиттік бюро үшін кредиттік скорингті есептеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну негізгі қызмет түріне жатады жəне міндетті болып табылады. Осы баптың 2-тармағының 4-1) тармақшасында көзделген қызметті мемлекет қатысатын кредиттік бюроның жүзеге асыруына жол берілмейді.»;
5) 7-1-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кредиттік скорингті кредиттік бюро немесе осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) жəне 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер өзі дербес есептейді.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) жəне 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер кредиттік бюроның кредиттік скорингін жəне (немесе) өзі дербес есептеген кредиттік скорингтерді пайдалана отырып, кредиттік тарих субъектісінің кредит өтеу қабілетін бағалауды жүргізеді.
Кредиттік бюролар мен осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) жəне 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер кредиттік тарих субъектілеріне жəне өзге де үшінші тұлғаларға кредиттік скорингті есептеудің, кредиттік скорингтерді ескере отырып, тəуекелдерді бағалаудың өз əдістемелерін ашуға міндетті емес.»;
6) 16-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны жəне (немесе) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерден кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін алғаны туралы растауды ұсынуды, сондай-ақ кредиттік тарихты қалыптастыратын толық əрі анық ақпаратты талап етуге;»;
7) 17-баптың 1-тармағының 9) жəне 10-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
11-тармақтың 7) тармақшасының екінші абзацы 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
«9) осы Заңның 19-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде жəне 24-бабы 5-тармағының 1-1) тармақшасында көзделген, тиісті субъектінің кредиттік тарихына нақты уақыт режимінде енгізілуге тиіс ақпаратты қоспағанда, ақпарат берушіден ақпаратты алғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, тиісті субъектінің кредиттік тарихына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;»;
11-тармақтың 7) тармақшасының үшінші абзацы 2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
«10-1) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2), 3-1) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерден жəне осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4-2), 4-4) жəне 4-5) тармақшаларында көрсетілген кредиттік есептерді алушылардан өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтауды талап етуге;»;
8) 18-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) жəне 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:
11-тармақтың 8) тармақшасының бесінші абзацының қолданысы 2025 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылады
«1-1) коллекторлық агенттіктер, «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде жəне (немесе) «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғамен жасалған банктік қарыз шарттары жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарттары жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын сервистік компаниялар (бұдан əрі - сервистік компаниялар), «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабының 4-тармағы бірінші бөлігінің оныншы абзацында жəне «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 5-тармағы бірінші бөлігінің сегізінші абзацында көрсетілген тұлғалар, егер банктік қарыз шарты бойынша жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) осы тұлғалар сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына бермесе, сондай-ақ жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз (кредит) шарттары жəне микрокредит беру туралы шарттары бойынша құқықтар (талаптар) берілген өзге де тұлғалар;»;
11-тармақтың 8) тармақшасының алтыншы абзацы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«3-3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, жеке тұлғаларға қарыздар (кредиттер) жəне (немесе) микрокредиттер берген жəне солар бойынша құқықтары (талаптары) тоқтатылмаған ұйымдар;»;
9) 19-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер:»;
8) тармақшаның екінші жəне үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) (кредиттік серіктестіктерді қоспағанда), 1-1) (коллекторлық агенттіктерді қоспағанда) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты берушілер үшін - осы Заңның 24-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) жəне 3-2) тармақшаларында жəне 3-тармағында көзделген, кредиттік тарих субъектісі-жеке тұлға туралы бір жұмыс күні ішінде;
осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1) (коллекторлық агенттіктерді қоспағанда) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер үшін - кредиттік тарих субъектісіне қатысты кез келген деректер өзгерген немесе алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде;»;
11-тармақтың 9) тармақшасының сегізінші - оныншы абзацтары 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер (кредиттік серіктестіктерді жəне ломбардтарды қоспағанда) ақпарат беру туралы шартта айқындалған тəртіппен кредиттік бюроға нақты уақыт режимінде кредиттік тарих субъектісі - жеке тұлға туралы мынадай:
жеке тұлғаның жеке сəйкестендіру нөмірін, банктік қарыздың, микрокредиттің сомасы мен мақсатын көрсете отырып, банктік қарыз шартын, микрокредит беру туралы шартты жасасуға өтініш бергені туралы ақпаратты беруге міндетті.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) жəне 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтайды.»;
11-тармақтың 10) тармақшасы 2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
10) 20-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-4) жəне 4-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-4) банк омбудсманы;
4-5) микроқаржы омбудсманы;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4-2), 4-4) жəне 4-5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар кредиттік есептерді алу туралы шарт жасасқаннан кейін кредиттік есептерді алушылар ретінде кредиттік бюрода тіркелуге тиіс.»;
11-тармақтың 11) тармақшасы 2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
11) 21-бап мынадай мазмұндағы 2-2 жəне 4-тармақтармен толықтырылсын:
«2-2. Осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 4-4) жəне 4-5) тармақшаларында көрсетілген кредиттік есепті алушылар кредиттік есептерді тегін алады.»;
«4. Осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 4-4) жəне 4-5) тармақшаларында көрсетілген кредиттік есепті алушылар:
1) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттік тарих субъектісі туралы кредиттік есепті алуға оның келісімін алғаны туралы растауды кредиттік бюроға ұсынуға;
2) кредиттік есепті алушы ретінде тіркелу кезінде өзі ұсынған мəліметтердің өзгергені туралы хабарлауға;
3) кредиттік есепке қатысты құпиялылықты сақтауға жəне ондағы ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етпеуге;
4) кредиттік есепте қамтылған ақпаратты «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-1-бабында жəне «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-1-бабында көзделген мақсаттар үшін ғана пайдалануға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.»;
11-тармақтың 12) тармақшасы 2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді