1) қол қойылған күні мен орны;
2) банк омбудсманының тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе);
3) өтініш беруші-жеке тұлғаның тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), байланыс телефонының нөмірі, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, қарыз алушы - жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның атауы, олардың мекенжайлары мен деректемелері;
4) даудың нысанасы немесе жеке тұлғаның мəлімделген талабы;
5) банк омбудсманы анықтаған істің мəн-жайлары;
6) өтініш беруші - жеке тұлғаның өтінішін толық не ішінара қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы банк омбудсманының шешімі;
7) банк омбудсманының шешімін орындау мерзімі;
8) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, қарыз алушы - жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның шешімді орындау нəтижелері туралы хабар беру мерзімі.
4. Қарыз алушы - жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары жөніндегі міндеттемелерді орындау талаптарын өзгертуге қатысты жолданымдары бойынша банк омбудсманы тараптардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуіне жəне банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау талаптарын өзгерту жөнінде тараптар келіскен шешімнің қабылдануына жəрдемдеседі.
Мүдделі тарап банк омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда сотқа жүгінуге құқылы.
Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, қарыз алушымен жасалған банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға банк омбудсманының шешімін ол белгілеген мерзімде орындамаған жағдайда, банк омбудсманы бұл туралы уəкілетті органға бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабар беруге міндетті.
Егер тараптардың келісімі бойынша өзге мерзім белгіленбесе, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, қарыз алушымен жасалған банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның банк омбудсманының шешімін орындау мерзімі күнтізбелік отыз күнді құрайды.
40-4-бап. Банк омбудсманының қызметі
1. Банк омбудсманының қызметі, оның ішінде дауларды шешу бойынша жолданымдарды қарау жəне шешімдер қабылдау тəртібі мен мерзімдері банк омбудсманының ішкі қағидалары негізінде жүзеге асырылады.
2. Жүктелген функцияларды тиісінше орындау мақсатында банк омбудсманының қызметі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, қарыз алушымен жасалған банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген коллекторлық агенттіктердің міндетті жарналары есебінен қаржыландырылады.
Міндетті жарналар төленбеген, уақтылы төленбеген не толық көлемде төленбеген жағдайда, банк омбудсманы оларға міндетті жарналарды төлеу туралы хабарлама жіберілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уəкілетті органға банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, қарыз алушымен жасалған банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген коллекторлық агенттіктің осы тармақта көзделген өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны туралы хабар береді.
Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, қарыз алушымен жасалған банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген коллекторлық агенттік банк омбудсманының офисіне міндетті жарналарды банк омбудсманының ішкі қағидаларында айқындалған мерзімдерде жəне тəртіппен төлеуге міндетті.
3. Банк омбудсманы өкілдер кеңесімен келісу бойынша ұйымдық құрылымы мен штаты бар офис құрады.
4. Банк омбудсманының ішкі қағидаларында:
1) ревизиялық комиссияның жəне басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдардың (бар болса) құрылымы, міндеттері жəне өкілеттіктері;
2) банк омбудсманының құқықтары, міндеттері жəне жауапкершілігі;
3) дауларды шешу тəртібі;
4) банк омбудсманының қызметін жүзеге асыруға байланысты өзге де мəселелер айқындалуға тиіс.
5. Банк омбудсманы дауларды шешу барысында алынған ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтауға жəне оны үшінші тұлғаларға жария етпеуге міндетті.
Банк омбудсманы өз қызметін жүзеге асыру барысында алынған мəліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Банк омбудсманы осы баптың 1-тармағында жəне осы тармақта көзделген талаптарды орындамаған жағдайда өкілдер кеңесі оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады.
6. Банк омбудсманының интернет-ресурсында мынадай ақпарат орналастырылады:
1) офистің, оның ішінде бөлімшелер мен өкілдіктердің толық атауы, мекенжайы (тұрған жері), телефон нөмірлері, жұмыс режимі;
2) банк омбудсманын сайлау туралы мəліметтер;
3) банк омбудсманының өкілдер кеңесінің құрамына кіретін қаржы ұйымдарының, қауымдастықтардың (одақтардың) тізбесі;
4) банк омбудсманы ұсынатын көрсетілетін қызмет түрлері туралы мəліметтер;
5) банк омбудсманының шешімдерін есепке алу, қарау, қабылдау жəне орындау тəртібі;
6) банк омбудсманы жұмысының қорытындылары туралы ай сайынғы ақпарат;
7) банк омбудсманы қызметінің қорытындылары туралы жылдық есептер;
8) ақпараттық жəне түсіндірме материалдары мен сот практикасының материалдары жарияланатын, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға арналған бөлім;
9) қаржы нарығына қатысушылармен жасалған келісімдер мен меморандумдардың тізбесі;
10) банк омбудсманының ішкі қағидаларына сəйкес өзге де ақпарат.
7. Банк омбудсманы тұрған жері өзгерген жағдайда бұл туралы қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында қазақ жəне орыс тілдерінде бір ай мерзімнен кешіктірмей жəне банк омбудсманының интернет-ресурсында он жұмыс күні ішінде хабарландыру жариялау арқылы хабарлауға міндетті.
8. Банк омбудсманы өкілдер кеңесінің шешімі бойынша:
1) тұтынушылардың жолданымдарын есепке алуды автоматтандыру жəне өңдеу бойынша арнайы бағдарламалық қамтылымның қолданылуын;
2) қарыз алушы - жеке тұлғаларға консультациялық қызметтер көрсету үшін банк омбудсманының офисінде колл-орталықтың не жедел желінің ендірілуін;
3) шарт негізінде кредиттік бюроның ақпараттық базасынан қарыз алушы - жеке тұлғаның кредиттік тарихының жедел алынуын қамтамасыз етуге тиіс.
Банк омбудсманы қарыз алушы - жеке тұлғалардың жолданымдарын талдау нəтижелері бойынша уəкілетті органға Қазақстан Республикасының банк заңнамасын, сондай-ақ банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің қызметін жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды жіберуге құқылы.
9. Уəкілетті орган:
1) банк омбудсманының ішкі қағидаларын, оның шешімдерін есепке алу, қарау, қабылдау жəне орындау тəртібін келісуді жүзеге асырады;
2) қарыз алушы - жеке тұлғалардың банк омбудсманының əрекетіне (əрекетсіздігіне) шағымдарын қарайды;
3) өкілдер кеңесіне банк омбудсманының əрекеттерінде (əрекетсіздігінде) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын бұзушылық анықталған жағдайларда банк омбудсманының қызметі туралы ұсынымдарды жібереді;
4) осы Заңға сəйкес, банк омбудсманының қызметіне байланысты өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;
13) 42-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі жетінші абзацындағы «лимиттері енеді.» деген сөздер «лимиттері;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы сегізінші жəне тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
«қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициенті;
қарыз алушының кірісіне қатысты борыш коэффициенті енеді.»;
14) 50-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігінің 8-2) тармақшасындағы «берешекті өндіріп алу туралы шарт» деген сөздер «нысанасы берешекті сотқа дейін өндіріп алу жəне реттеу, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинау бойынша қызметтер көрсету болып табылатын шарт» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай мазмұндағы е) тармақшамен толықтырылсын:
«е) аумақтық əділет органына «Атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушыларының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған жəне аумақтық əділет органы басшысының немесе оның орынбасарының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куəландырылған қаулы негізінде.»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы з-1) тармақшамен толықтырылсын:
«з-1) аумақтық əділет органына «Атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушыларының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған жəне аумақтық əділет органы басшысының немесе оның орынбасарының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куəландырылған қаулы негізінде, борышкер - жеке тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы жəне олардың нөмірлері туралы, осы шоттарда өндіріп алынатын сома шегіндегі ақшаның бар-жоғы туралы, ал ақша жеткіліксіз болған жағдайда оңайлатылған іс жүргізу қозғалған кезден бастап осы шоттардағы ақша қозғалысы жəне сейф жəшіктерінің бар-жоғы туралы мəліметтер бөлігінде ғана;»;
15) 51-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктің бірінші сөйлемі «қаулылары негізінде» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы алынған аумақтық əділет органдарының қаулылары негізінде» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші жəне алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы алынған, оңайлатылған іс жүргізу шеңберіндегі аумақтық əділет органының қаулысы негізінде атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету үшін тыйым салу кезінде тыйым салынатын ақша сомасы мен мүлік құны атқарушылық құжатта көрсетілген сомадан аспауға тиіс.
Атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы алынған, оңайлатылған іс жүргізу шеңберіндегі аумақтық əділет органының қаулысы прокурордың санкциялауына жатпайды.»;
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке жəне заңды тұлғалардың ақшасына тыйым салу үшін соттар, анықтау жəне алдын ала тергеу органдары, сот орындаушылары, аумақтық əділет органдары Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сəйкес банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға құжаттарды жібереді.».
5-тармақтың 16) тармақшасы 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
16) 69-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «үшінші» деген сөз «екінші» деген сөзбен ауыстырылсын.
6. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
6-тармақтың 1) тармақшасы 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жылжымайтын мүлік - жер учаскелері, сондай-ақ үйлер, ғимараттар жəне жермен берік байланыстағы өзге де мүліктер, яғни олардың мақсатына шектен тыс нұқсан келтірмей орнын ауыстыру мүмкін болмайтын объектілер;
2) жылжымайтын мүлік ипотекасы (ипотека) - кепілге берілген жылжымайтын мүлік немесе ондағы үлесі кепіл берушінің немесе үшінші тұлғаның иелігі мен пайдалануында қалатын кепіл түрі;
3) ипотекалық қарыз - жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген қарыз, оның ішінде банктік қарыз немесе синдикатталған қарыз;
4) ипотекалық тұрғын үй қарызы - тұрғынжай салу не оны сатып алу жəне (немесе) жөндеу мақсатында берілетін ипотекалық банктік қарыз;
5) ипотекалық ұйым - қызметінің айрықша түрі осы Заңда көзделген қызмет болып табылатын заңды тұлға;
6) ипотекалық шарт - тараптардың негізгі міндеттемені қамтамасыз етуде ипотеканы белгілеу туралы келісімі;
7) ипотеканы өткізу - ипотеканың мəні болып табылатын мүлікті өткізу;
8) кепіл беруші - жылжымайтын мүлкі немесе ондағы үлесі ипотеканың мəні болып табылатын тұлға;
9) кепіл ұстаушы - негізгі міндеттеме бойынша мүдделері ипотекамен қамтамасыз етілген тұлға;
10) негізгі міндеттеме - ипотекамен толық немесе ішінара қамтамасыз етілген борыштық немесе өзге де міндеттеме;
11) сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс істері жөніндегі уəкілетті орган - сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
12) сенім білдірілген тұлға - соттан тыс тəртіппен ипотеканы өткізуді жүргізетін тұлға;
13) уəкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.»;
6-тармақтың 2) тармақшасы 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) 5-2-бапта:
1-тармақтағы «ипотекалық қарыз» деген сөздер «ипотекалық банктік қарыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы «ипотекалық қарыздар» деген сөздер «ипотекалық банктік қарыздар» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 9-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Негізгі міндеттеменің жəне (немесе) ипотека шартының талаптарын өзгерту, осы баптың екінші бөлігінде, «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 34-бабы 3-2-тармағының бірінші бөлігінде, 61-4-бабының 3 жəне 10-тармақтарында, 61-11-бабы 5-тармағының 2) тармақшасында, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағы 11-2) тармақшасының бірінші бөлігінде, «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-3-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, кепіл беруші мен кепіл ұстаушының (негізгі міндеттеме туралы шартқа жəне ипотека шартына қол қойған өзге де адамдардың) негізгі міндеттеме туралы шартқа жəне ипотека шартына қосымша келісім жасасуы арқылы ресімделеді.»;
6-тармақтың 4) - 7) тармақшалары 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
4) 20-баптың 1-1-тармағындағы «ипотекалық қарыз» деген сөздер «ипотекалық банктік қарыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 26-баптың 7-2) тармақшасындағы «ипотекалық қарыз» деген сөздер «ипотекалық банктік қарыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 32-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші жəне бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Синдикатталған қаржыландыру кезінде, егер тең кепіл ұстаушылар арасындағы шартта өзгеше белгіленбесе, кепілге қойылған мүлікті өз меншігіне айналдырудың бірінші кезектегі құқығы борышкердің неғұрлым көп сомадағы берешегі бар тең кепіл ұстаушыға тиесілі.
Кепілге қойылған мүлікті өз меншігіне айналдырған тең кепіл ұстаушы бағалаушы жасаған бағалау туралы есеп негізінде сот шешімімен белгіленетін немесе сенім білдірілген тұлға белгілейтін бағалау құнын негізге ала отырып, қалған тең кепіл ұстаушыларға олардың кепілмен қамтамасыз етілген талаптарының мөлшеріне барабар ақша сомасын он жұмыс күні ішінде төлеуге міндетті.»;
7) 36-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сенім білдірілген тұлға сауда-саттықтан түскен түсімді мынадай басымдық ретімен:»;
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
«2. Синдикатталған қаржыландыру кезінде сенім білдірілген тұлға сауда-саттықтан түскен түсімді мынадай басымдық ретімен:
1) сауда-саттықты өткізудің шығындары мен шығыстарын өтеуге;
2) тең кепіл ұстаушылар алдында ипотекамен қамтамасыз етілген негізгі міндеттемені олардың талаптарына барабар мөлшерде төлеуге;
3) қайталама кепілмен жəне қайта қойылған кепілмен қамтамасыз етілген, мерзімі өткен міндеттемелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кезек ретімен өзге де жылжымайтын мүлік ауыртпалықтарын төлеуге;
4) кепіл берушіге қалған соманы қайтаруға арнап бөледі.»;
6-тармақтың 8) тармақшасы 2024 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
6-тармақтың 8) тармақшасының күші орындалмаған ақшалай міндеттемелер бойынша бұрын жасалған ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады
8) 37-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің нормалары кепілге қойылған мүлікті сот тəртібімен сату күніне борышкер - жеке тұлғада республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының екі еселенген ең төмен мөлшерінен асатын өндіріп алу қолданылуы мүмкін өзге мүлік немесе кіріс болмағанда, ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты жасалған кезде жеке тұлғаға тиесілі жəне негізгі міндеттемені толығымен қамтамасыз еткен ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша кепілге қойылған жылжымайтын мүлікті сот тəртібімен сату жағдайына қолданылады.».
7-тармақ 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
7. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
29-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Халықтың əлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтардың, сондай-ақ кəмелетке толмаған балалары бар жəне оларды тəрбиелеп отырған жəне (немесе) тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркелген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар тұратын отбасылардың Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайына меншік құқығы осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша мəжбүрлеп тоқтатылған кезде жылыту маусымында тұрғынжайдан шығаруға тыйым салынады.».
8. «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
16-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың бірінші бөлігінің күші «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 3-2-тармағының бірінші бөлігінде, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағы 11-2) тармақшасының бірінші бөлігінде, «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларға қолданылмайды.».
9. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
9-тармақтың 1) тармақшасы 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1) 2-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
3
9-тармақтың 2) тармақшасы 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) 6-1-бапта:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Уəкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы бесінші жəне алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Уəкілетті орган бес жылдық кезеңге арналған стратегиялық жоспарды əзірлейді, онда уəкілетті орган қызметінің стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен нысаналы индикаторларын айқындайды.
Стратегиялық жоспарды уəкілетті органның төрағасы Қазақстан Республикасының Президентімен не оның уəкілеттік беруі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Басшысымен келісу бойынша бекітеді.»;
9-тармақтың 3) тармақшасы 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) 6-5-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша уəкілетті орган жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін бекітеді;»;
4) 9-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) бұқаралық ақпарат құралдарында қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, коллекторлық агенттіктер, кредиттік бюролар, банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңдарының операторлары туралы мəліметтерді (қызметтік, коммерциялық, банктік немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мəліметтерді қоспағанда), оның ішінде оларға қолданған шаралар туралы ақпаратты жариялайды;»;
5) 15-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігі:
«кредиттік бюролардың,» деген сөздерден кейін «банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңдары операторларының,» деген сөздермен толықтырылсын;
«венчурлік қорлар туралы заңнамасында» деген сөздерден кейін «, осы Заңда» деген сөздермен толықтырылсын;
«автоматтандыру қағидаларында» деген сөздерден кейін «, банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыруға жəне банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңының жұмыс істеуіне байланысты қатынастарды реттейтін уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 15-6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу мəселелері бойынша құжаттарды қарау;»;
7) 15-7-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының банк заңнамасы, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі жəне сақтандыру қызметі, əлеуметтік қорғау, бағалы қағаздар нарығы, микроқаржылық қызмет, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, пошта, Қазақстан Даму Банкі, инвестициялық жəне венчурлік қорлар туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау жəне қадағалау;»;
9-тармақтың 8) тармақшасы 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
8) 15-11-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уəкілетті орган жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу уəкілетті орган жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесінің негізінде жүргізіледі.»;
9-тармақтың 9) тармақшасы 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
9) 15-13-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «бюджет қаражаты есебінен» деген сөздер алып тасталсын;
9-тармақтың 10) тармақшасы 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
10) 15-16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уəкілетті органның жұмыскерлеріне қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстары уəкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша айқындайтын тəртіппен өтеледі.»;
11) мынадай мазмұндағы 2-3-тараумен толықтырылсын:
«2-3-тарау. Банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы
15-18-бап. Банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы
1. Банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы (бұдан əрі - электрондық сауда алаңы) қатысушыларға:
1) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 7-1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген бас банктің күмəнді жəне үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының мүлкіне;
2) «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 7-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген микроқаржы ұйымының мүлкіне;
3) банктік қарыз шарты бойынша құқықтарға (талаптарға);
4) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарға (талаптарға) қатысты сауда-саттық өткізу үшін инфрақұрылымды қамтамасыз ететін интернет-ресурс болып табылады.
2. Электрондық сауда алаңына қолжетімділікті жəне оның жұмыс істеуін электрондық сауда алаңының операторы (бұдан əрі - оператор) қамтамасыз етеді.
3. «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабында жəне «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабында белгіленген шектеулерді ескере отырып, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, бас банктің күмəнді жəне үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымдары, микроқаржы ұйымдары, сондай-ақ өзге де тұлғалар электрондық сауда алаңында өткізілетін сауда-саттыққа қатысушылар бола алады.
4. Оператор электрондық сауда алаңындағы сауда-саттықты уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітілген электрондық сауда алаңында сауда-саттық өткізу қағидаларына сəйкес əзірленген оператордың ішкі қағидалары негізінде өткізеді.
Электрондық сауда алаңының ақпараттық қауіпсіздігін оператор уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіппен қамтамасыз етеді.
5. Электрондық сауда алаңында өткізілген сауда-саттық нəтижелері бойынша жасалатын сатып алу-сату шартынан, құқықтарды (талаптарды) басқаға беру шартынан туындайтын тараптардың ақшалай міндеттемелерін сауда-саттыққа қатысушылар жасалған сатып алу-сату шартында, құқықтарды (талаптарды) басқаға беру шартында айқындалған тəртіппен жəне мерзімдерде орындайды.