3) өтініш берушінің банкроттығы;
4) өтініш берушінің меншік құқығында тұрғын үйі болған жағдайларда, осы баптың 11-тармағында көзделген өтініш бойынша мүліктік жалдау (жалға алу) шартын жасасудан бас тартуға құқылы.
14. Мүліктік жалдау (жалға алу) шарты тұрғынжайды сатып алу шартымен жасалған жағдайда тұрғынжайға меншік құқығы жалға алушы жалға алу бойынша соңғы төлемді не тұрғынжайдың мүліктік жалдау (жалға алу) шартында айқындалған құнын толық мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асырғаннан кейін жалға алушыға ресімделеді.
Жалға алушы мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша міндеттемелерді қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімде орындамаған жағдайда мүліктік жалдау (жалға алу) шарты тоқтатылады, бұл ретте банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның мерзімі өткен төлемдерге тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды) есепке жазуына жəне талап етуіне тыйым салынады.»;
9) 36-бапта:
5-тармақтың 9) тармақшасының екінші - он үшінші абзацтары 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың өткізіп алынған мерзімі болған кезде, бірақ ол басталған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) қарыз алушыны банктік қарыз шартында көзделген тəсілмен жəне мерзімдерде, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы:»;
1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы - жеке тұлғаның банкке (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға) осы баптың 1-1-тармағында көзделген өтінішпен жүгіну құқығы;»;
1-1-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) сатып алушыға банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені бере отырып, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізуге байланысты өзгерістер енгізу туралы өтінішін негіздейтін банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алудың туындау себептері, кірістер жəне басқа да расталған мəн-жайлар (фактілер) туралы мəліметтерді қамтитын өтінішті жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы не банктік қарыз шартында көзделген тəсілмен ұсынуға құқылы.»;
1-2 жəне 1-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2. Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) осы баптың 1-1-тармағында көзделген өтінішті алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде қарыз алушы - жеке тұлға ұсынған банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістерді уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіппен қарайды жəне қарыз алушы-жеке тұлғаға мынадай шешімдердің бірі туралы:
1) банктік қарыз шартының талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні туралы;
2) банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту бойынша қарсы ұсыныс туралы;
3) банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуден бас тарту себептерінің уəжді негіздемесін көрсете отырып, осындай бас тарту туралы жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы не банктік қарыз шартында көзделген тəсілмен хабарлайды.
Қарыз алушы - жеке тұлғаның банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау кезеңінде банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) қарызды мерзімінен бұрын өтеуді талап етуге құқылы емес.
Банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген шешімі алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) жəне қарыз алушы - жеке тұлға арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеуі банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуден бас тарту болып есептеледі. Бұл мерзім екі тараптың да келісімі болған кезде ұзартылуы мүмкін.
5-тармақтың 9) тармақшасының он алтыншы - он сегізінші абзацтары 2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
1-3. Қарыз алушы - жеке тұлға банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) осы баптың 1-2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген шешімін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде немесе осы баптың 1-2-тармағының үшінші бөлігінде көзделген мерзімде банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеген кезде бір мезгілде банкті (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымды) хабардар ете отырып, банк омбудсманына жүгінуге құқылы.
Банк омбудсманы қарыз алушы - жеке тұлғаның жолданымын оның банкке (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға) жүгінуінің жəне банкпен (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен) банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеуінің дəлелдемелері ұсынылған кезде қарайды.
Банк омбудсманының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес халықтың əлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы-жеке тұлғаның кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарызы) бойынша жолданымын қараған кезеңде кепілге қойылған мүлікке сотқа талап қоюды беру арқылы не соттан тыс тəртіппен өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.»;
2-тармақта:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Төлем талабын қою арқылы банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы - жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу оның банктік шотындағы ақша сомасының жəне (немесе) кейіннен қарыз алушының банктік шотына заңды тұлғадан немесе дара кəсіпкерден түсетін əрбір ақша сомасының елу пайызы шегінде шектеледі жəне төлем талабын толық орындау үшін қажетті барлық соманың банктік шотқа түсуі күтілместен жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы бесінші жəне алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Жеке тұлғаның немесе егер жеке тұлға қызметін жеке кəсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кəсіпкер ретінде тіркелген болса, дара кəсіпкердің ағымдағы шотында немесе жиынтығында бір банкте ашылған ағымдағы шоттарында сақталатын ақша сомасы төлем талабын орындау кезінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінен аз болмауға тиіс.
Егер жеке тұлға қызметін жеке кəсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кəсіпкер ретінде тіркелген болса, көрсетілген шектеу қарыз алушы-жеке тұлғаның немесе дара кəсіпкердің жинақ шотындағы ақшаға қолданылмайды.»;
2-1-тармақта:
5-тармақтың 9) тармақшасының жиырма алтыншы, жиырма жетінші абзацтары 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) берешекті сотқа дейін өндіріп алуға жəне берешекті реттеуге берген күні ол туралы коллекторлық агенттіктің атауын, тұрған жерін, коллекторлық агенттіктің борышкерлермен байланысуға арналған телефон нөмірлерін көрсете отырып, қарыз алушыны банктік қарыз шартында көзделген тəсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы хабардар етеді.»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қарыз алушыда:
жеке тұлғаның ипотекалық қарызы бойынша - қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күннен асатын;
жеке тұлғаның өзге де банктік қарыз шарттары бойынша - қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асатын ақшалай міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу болған кезде осы Заңның 36-1-бабында белгіленген талаптарды сақтай отырып, банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беруге құқылы.
5-тармақтың 9) тармақшасының отыз екінші абзацы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
5-тармақтың 9) тармақшасының отыз екінші абзацының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады
Жеке тұлғаның кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) коллекторлық агенттікке беруге мерзімі өткен берешек туындаған кезден бастап жиырма төрт ай өткен соң жəне осы Заңның 34-бабының 3-тармағында жəне (немесе) осы баптың 1-1-тармағында көзделген жəне қарыз алушы қарыз бойынша берешегін өтей алатын, тараптар үшін өзара қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін берешекті реттеу бойынша рəсімдер жүргізілген кезде жол беріледі. Есепке жазылған жəне төленбеген тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың), банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің толық күшін жою міндетті болып табылады.
Осы тармақшаның ережелері қарыз алушы - Қазақстан Республикасының азаматына қатысты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жəне банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тəртіппен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рəсімін қолдану жағдайларына қолданылмайды;»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Банкке (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға) берешекті сотқа дейін өндіріп алу жəне реттеу, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді коллекторлық агенттік жəне (немесе) сервистік компания көрсететін жағдайларды қоспағанда, банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) мұндай қызметтерді үшінші тұлғалардан алуына тыйым салынады.»;
10) 36-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«36-1-бап. Банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру тəртібі»;
1-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтың бірінші бөлігінің оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаның кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты банктік қарыз шарты бойынша, заңды тұлғаның банктік қарыз шарты бойынша құқықтарға (талаптарға) қатысты, егер көрсетілген қарыздар бойынша басқаға беру күніне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сəйкес құнсыздану белгілері болса, өзге тұлғаға беруін қоспағанда, банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1 жəне 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Басқаға беру күніне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сəйкес құнсыздану белгілері бар банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беруді банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асырады:
1) мыналарды:
осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің жетінші, сегізінші жəне (немесе) тоғызыншы абзацтарында көрсетілген тұлғаларды;
осы Заңның 61-10, 61-11 жəне 61-12-баптарында көзделген іс-шаралар шеңберінде жүзеге асырылатын құқықтарды (талаптарды) басқаға беруді қоспағанда, пайдасына банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілетін тұлға банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жүргізетін, осы құқықтарға (талаптарға) қатысты сауда-саттық нəтижелері бойынша айқындалады;
2) банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру осы баптың 4-тармағында белгіленген шектеулер мен қағидалар сақтала отырып жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптар бас банктің күмəнді жəне үмітсіз активтерін сатып алатын банктердің еншілес ұйымдарына қолданылады.
5-тармақтың 10) тармақшасының он төртінші абзацы 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақтың 10) тармақшасының он төртінші абзацының қолданысы 2026 ж. 1 мамырға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылады
4-2. Осы Заңның 36-бабы 2-1-тармағы 3) тармақшасының талаптарын сақтамай, жеке тұлғаның банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) коллекторлық агенттікке беруге тыйым салынады.»;
5-тармақтың 10) тармақшасының он бесінші - он сегізінші абзацтары 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
7-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) басқаға беру шарты жасалғанға дейін кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы - жеке тұлғаны банктік қарыз шартында көзделген тəсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы кредитордың көрсетілген банктік қарыз шарты бойынша құқықтарын (талаптарын) үшінші тұлғаға берудің жоспарланып отырғаны туралы, сондай-ақ осындай басқаға беруге байланысты қарыз алушының дербес деректерінің өңделетіні (берілетіні) туралы хабардар етуге;»;
2) тармақшадағы «не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тəсілмен,» деген сөздер «тəсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшаның бірінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қарыз алушы - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, қарыз алушы - жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін;»;
11) 39-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қарыздар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері уəкілетті орган мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалған шекті мөлшерден аспауға тиіс.»;
5-тармақтың 12) тармақшасы 2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
12) 40-1, 40-2, 40-3 жəне 40-4-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«40-1-бап. Банк омбудсманы, оның мəртебесі, оны сайлау тəртібі жəне өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату.
Банк омбудсманының өкілдер кеңесі, оның құзыреті
1. Жеке тұлғаның жəне банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қанағаттандыру туралы келісімге қол жеткізу мақсатында, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда жеке тұлға банкпен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен жасасқан банктік қарыз шартынан туындайтын келіспеушіліктерді оның жолданымы бойынша реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тəуелсіз жеке тұлға банк омбудсманы болып табылады.
Банк омбудсманы өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) тараптардың тең құқықтылығы;
2) бейтараптық;
3) банктік жəне өзге де заңмен қорғалатын құпияны сақтау;
4) тараптардың құқықтарын сақтау жəне заңмен қорғалатын мүдделерін құрметтеу;
5) шешім қабылдау рəсімінің айқындылығы мен шешімнің негізділігі.
2. Банк омбудсманы жеке тұлға болып табылатын қарыз алушы жəне осындай қарыз алушымен жасалған банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға арасында туындайтын келіспеушіліктерді қарыз алушының жүгінуі негізінде реттеуді жүзеге асырады.
Банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін сатып алған қарыз алушы жүгінген кезде банк омбудсманымен өзара іс-қимыл жасасуға жəне банк омбудсманы қарызға байланысты сұратқан кез келген ақпарат пен мəліметтерді беруге міндетті.
3. Өкілдер кеңесі осы Заңның 40-2-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сəйкестігі тұрғысынан уəкілетті органмен келісілген кандидаттар қатарынан банк омбудсманын сайлауды жүзеге асырады. Өкілдер кеңесі:
1) жеке тұлғаларға банктік қарыздар беретін əрбір банктен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан;
2) əділет органдарында тіркелген жəне қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын іске асыруға жəне қорғауға бағытталған қызметті жүзеге асыратын тұтынушылардың қоғамдық бірлестігінің қауымдастығы (одағы) жəне (немесе) тұтынушылардың республикалық қоғамдық бірлестігі болған жағдайда, олардан;
3) əділет органдарында тіркелген жəне банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің ортақ мүдделерін білдіруге жəне қорғауға бағытталған қызметті жүзеге асыратын қаржы ұйымдарының қауымдастығынан (одағынан);
4) уəкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен бір - бір өкілден қалыптастырылады.
Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз операциясын жүзеге асыру құқығына лицензия алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде банк омбудсманының өкілдер кеңесінің құрамына кіруге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген қауымдастықтар (одақтар) əділет органдарында тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде банк омбудсманының өкілдер кеңесінің құрамына кіруге міндетті.
4. Банк омбудсманы үш жыл мерзімге сайланады.
Банк омбудсманын сайлау, оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату жəне жүзеге асыру тəртібі осы Заңда жəне уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Бір адам банк омбудсманы болып қатарынан екі реттен көп сайлана алмайды.
5. Өкілдер кеңесінің құзыреті:
1) банк омбудсманы лауазымына сайлау үшін кандидатуралар ұсыну, дауыс беру тəртібін айқындау;
2) құрылымы мен штатын (банк омбудсманының офисін) бекіту;
3) банк омбудсманының қызметін қаржыландыру тəртібін айқындау;
4) уəкілетті органмен келісу бойынша банк омбудсманының ішкі қағидаларын бекіту;
5) уəкілетті орган жүргізген, банк омбудсманының əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) қарыз алушы - жеке тұлғалардың шағымдарына талдау жасаудың жəне банк омбудсманының есептерін қараудың қорытындылары бойынша банк омбудсманына оның қызметін жетілдіру жөнінде ұсынымдар беру;
6) өкілдер кеңесі мүшесінің (мүшелерінің) осы баптың 7-тармағында көзделген негіздер бойынша банк омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішхатын қарау;
7) банк омбудсманының шешімдерін есепке алу, қарау, қабылдау жəне орындау тəртібін уəкілетті органмен келісу бойынша бекіту;
8) осы Заңға сəйкес банк омбудсманының қызметін жүзеге асыруға байланысты өзге де мəселелер.
6. Егер өкілдер кеңесінің отырысына қатысқан өкілдер кеңесінің мүшелері жиынтығында жалпы дауыс санының елу жəне одан да көп пайызын иеленсе, осы отырыс - заңды, ал кворум талаптары сақталды деп танылады.
Банк омбудсманы кеңестің отырысына қатысқан өкілдер кеңесі мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланады. Өкілдер кеңесінің əрбір мүшесінің дауыс беру кезінде бір дауысы болады. Дауыстар тең болған кезде уəкілетті орган өкілінің дауысы шешуші болып табылады.
Банк омбудсманын сайлау мəселесі бойынша дауыс беру жасырын тəсілмен жүзеге асырылады. Дауыс беруге арналған бюллетеньде мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
1) банк омбудсманы лауазымына сайлау үшін ұсынылған кандидаттың тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе);
2) кандидаттың осы Заңның 40-2-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сəйкестігін растайтын ақпарат;
3) кандидаттың банктерде, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда жəне (немесе) коллекторлық агенттіктерде, уəкілетті органда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде қызмет атқаруы туралы, банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жəне (немесе) коллекторлық агенттіктерге үлестес болу белгілерінің бар-жоғы туралы, уəкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшысы немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ уəкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы лауазымында жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) жəне (немесе) жекжаттары туралы мəліметтер;
4) мəселе бойынша «жақтаймын» немесе «қарсымын» деген сөздермен білдірілген дауыс беру нұсқалары.
7. Банк омбудсманының өкілдер кеңесі банк омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды мынадай негіздер бойынша жүзеге асырады:
1) банк омбудсманының осы Заңның 40-2-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмеуінің анықталуы;
2) банкте, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда жəне (немесе) коллекторлық агенттікте, уəкілетті органда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде кез келген қызметті атқару, банк омбудсманының банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жəне (немесе) коллекторлық агенттіктерге үлестес болу белгілерінің болуы, банк омбудсманының жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) жəне (немесе) жекжаттарының уəкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшысы немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ уəкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы лауазымын атқаруы;
3) осы Заңның жəне банк омбудсманының ішкі қағидаларының талаптарын бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан да көп рет) бұзу.
Банк омбудсманының өкілеттігін өз бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтату өкілдер кеңесін жазбаша хабардар ету негізінде жүзеге асырылады.
Өкілдер кеңесіне жазбаша хабарлама банк омбудсманының ішкі қағидаларында белгіленген тəртіппен өкілеттігі тоқтатылғанға дейін кемінде бір ай бұрын ұсынылады.
40-2-бап. Банк омбудсманына қойылатын талаптар
1. Мынадай:
1) жоғары экономикалық жəне (немесе) заңгерлік білімі жоқ;
2) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жəне (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу саласындағы жұмыс өтілі бес жылдан аз;
4) уəкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, банк акцияларын мəжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басшы қызметкері болған адам банк омбудсманы ретінде сайлау үшін ұсынылмайды. Осы талап уəкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, банк акцияларын мəжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін үш жыл бойы қолданылады;
5) сот Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тəртіппен əрекетке қабілетсіз немесе əрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
6) психикалық мінез-құлқының, оның ішінде психикаға белсенді əсер ететін заттарды тұтынудан туындаған бұзылушылығы (аурулары) бойынша психикалық денсаулық сақтау қызметі ұйымдарында динамикалық байқауда тұрған адам банк омбудсманы ретінде сайлау үшін ұсынылмайды.
2. Банк омбудсманы банкте, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда жəне (немесе) коллекторлық агенттікте, уəкілетті органда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде кез келген қызметті атқаруға, банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жəне (немесе) коллекторлық агенттіктердің үлестес тұлғасы болуға, уəкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшысы немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ уəкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы лауазымында жұмыс істейтін жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) жəне (немесе) жекжаттарының болуына құқылы емес.
40-3-бап. Банк омбудсманының шешімдер қабылдау тəртібі
1. Банк омбудсманы шешімді жеке-дара қабылдайды жəне оны дауға қатысушы тараптардың назарына жазбаша нысанда жеткізеді.
Банк омбудсманы шешімдер қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын жəне жасалған шарттардың талаптарын басшылыққа алады.
2. Банк омбудсманы мынадай:
1) сот қарауға қабылдаған жəне (немесе) олар бойынша заңды күшіне енген сот актісі бар;
2) жүгінуші адам банктік қарыз шарты шеңберінде туындаған жағдайды реттеу мақсатында өзінің банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаға жүгінуінің жазбаша дəлелдемесін ұсынбаған;
3) істің жаңа мəн-жайлары болмаған кезде қайтадан жіберілген жолданымдарды қарамайды.
3. Банк омбудсманының шешімі жеке тұлға оны қабылдаған жағдайда банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, қарыз алушы - жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға үшін міндетті.
Банк омбудсманы осы Заңның 40-1-бабының 1 жəне 2-тармақтарында көзделген жағдайларда жеке тұлғалардың өтініштерін қарауды жəне шешімдер қабылдауды өтеусіз жүзеге асырады.
Өтінішті қарау нəтижелері банк омбудсманы қол қоятын хаттамамен ресімделіп, жеке тұлғаның жəне банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, қарыз алушымен жасалған банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның назарына жеткізіледі.
Хаттамада мыналар қамтылуға тиіс: