1-тармақта:
«, сыныптық шендер немесе біліктілік сыныптарын» деген сөздер «немесе сыныптық шендер» деген сөздермен ауыстырылсын;
«(белгіленбейді)» деген сөз алып тасталсын;
2-тармақтағы «, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбы атқаратын штат лауазымы бойынша атаққа, сыныптық шенге немесе біліктілік сыныбына кезекті атақ, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбы сәйкес болған кезде, оларды беру (белгілеу) мерзімі басталған кезден бастап беріледі (белгіленеді).» деген сөздер «немесе сыныптық шен атқаратын штат лауазымы бойынша атаққа немесе сыныптық шенге кезекті атақ немесе сыныптық шен сәйкес болған кезде, оны беру мерзімі басталған кезден бастап беріледі.» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 26-бапта:
тақырып пен 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26-бап. Көтермелеу тәртібімен арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беру
1. Қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін көтермелеу тәртібімен полковникті қоса алғанға дейінгі басшы құрамның кезекті арнаулы атағы немесе сыныптық шені мерзімінен бұрын (өзінде бар арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сіңірудің белгіленген мерзімі өткенге дейін) не атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен бір саты жоғары берілуі мүмкін.
Кезектен тыс арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер құқық қорғау органдарындағы ұзақ және мінсіз қызметі, аса күрделі тапсырмаларды орындауға байланысты қызмет бойынша жоғары нәтижелері үшін көтермелеу тәртібімен беріледі.»;
2-тармақта:
«, сыныптық шендер немесе біліктілік сыныптары» деген сөздер «немесе сыныптық шендер» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, сыныптық шенде немесе біліктілік сыныбында еңбек сіңірудің белгіленген мерзімдерінің кемінде жартысы өткенде беріледі (белгіленеді)» деген сөздер «немесе сыныптық шенде еңбек сіңірудің белгіленген мерзімдерінің кемінде жартысы өткенде беріледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбы», «, сыныптық шенде немесе біліктілік сыныбында», «, сыныптық шеннен немесе біліктілік сыныбынан» деген сөздер тиісінше «немесе сыныптық шен», «немесе сыныптық шенде», «немесе сыныптық шеннен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«(белгіленуі)» деген сөз алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен бір саты жоғары кезекті арнаулы атақ немесе сыныптық шен өзінде бар арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сіңірген жылдарының белгіленген мерзімі өткен соң беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Кезектен тыс арнаулы атақ немесе сыныптық шен өзінде бар арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сіңірген жылдарының белгіленген мерзімі өткен соң, бірақ өзіндегі арнаулы атағынан немесе сыныптық шенінен бір сатыдан асырмай және атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген шекті арнаулы атаққа немесе сыныптық шенге қарамастан беріледі.»;
5-тармақта:
«, сыныптық шендерді немесе біліктілік сыныптарын» деген сөздер «немесе сыныптық шендерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мерзімінен бұрын» деген сөздер «кезектен тыс, мерзімінен бұрын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«(белгілейді)» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Кезектен тыс, мерзімінен бұрын немесе бір саты жоғары арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер қызметкерге:
1) алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде;
2) өзіне қатысты қызметтік немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезеңінде берілмейді.
7. Кезектен тыс немесе мерзімінен бұрын не бір саты жоғары арнаулы атақтармен немесе сыныптық шендермен көтермелеу барлық негіздер бойынша құқық қорғау қызметінің бүкіл кезеңі ішінде екі реттен артық жүргізілмейді.»;
20) 27 және 28-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«27-бап. Арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендерді төмендету, арнаулы атақтардан немесе сыныптық шендерден айыру
1. Арнаулы атақты немесе сыныптық шенді бір сатыға төмендетуді:
1) кіші және орта басшы құрамдар атағындағы қызметкерлерге - уәкілетті басшы;
2) аға басшы құрам атағындағы қызметкерлерге - құқық қорғау органының басшысы тәртіптік жазалау шарасы ретінде қолданады.
2. Арнаулы атақтардан немесе сыныптық шендерден айыру мына қызметкерлерге қатысты тәртіптік жазалау шарасы ретінде қолданылады:
1) полковникті, аға кеңесшіні қоса алғанға дейін - құқық қорғау органының басшысы;
2) жоғары басшы құрамға Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен - Қазақстан Республикасының Президенті жүзеге асырады.
3. Арнаулы атақтағы немесе сыныптық шендегі еңбек сіңіру мерзімі арнаулы атақты немесе сыныптық шенді төмендету түрінде тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы бұйрық шығарылған күннен бастап үзіледі және арнаулы атақты немесе сыныптық шенді қалпына келтіру туралы бұйрық шығарылған күннен бастап қалпына келтіріледі.
Атқаратын штаттық лауазымына қарамастан арнаулы атағы немесе сыныптық шені төмендетілген қызметкерлер атқаратын лауазымына қарамастан бұрынғы арнаулы атағына немесе сыныптық шеніне құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшының бұйрығымен, бірақ арнаулы атақ немесе сыныптық шен төмендетілген күннен бастап кемінде алты ай өткеннен кейін ғана қалпына келтіріледі.
4. Қызметкерге бұрынғы арнаулы атағы немесе сыныптық шені қайта қалпына келтірілгенге және оған кезекті арнаулы атақ немесе сыныптық шен берілгенге дейін арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен қайта төмендету жүргізілмейді.
28-бап. Соттың айыптау үкімімен арнаулы атақтардан немесе сыныптық шендерден айыру
1. Қызметкерлерге қатысты арнаулы атақтардан немесе сыныптық шендерден айыру туралы соттың заңды күшіне енген айыптау үкімін орындауды:
1) капитанға дейін, 1-сыныпты заңгерді қоса алғанда - уәкілетті басшы;
2) полковникке дейін, аға кеңесшіні қоса алғанда - құқық қорғау органының басшысы жүзеге асырады;
3) жоғары басшы құрамға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен заңсыз айырған жағдайда соттың шешіміне сәйкес бұрынғы арнаулы атағын немесе сыныптық шенін қалпына келтіру туралы бұйрықты құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы қабылдайды.
3. Арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен заңсыз айырылған кезең қалпына келтірілген арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сіңірген мерзімге кіреді. Арнаулы атағынан немесе сыныптық шенінен заңсыз айырылған адамдарға материалдық залал толық көлемде өтеледі.»;
21) 29-бапта:
2-тармақтағы «, біліктілік сыныбы белгіленгенге» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақта:
бірінші бөліктің екінші сөйлемі алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
4-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық және ғылыми құрамдарының штаттық лауазымдарына қызметкерлерді тағайындау мүмкін болмаған кезде құқық қорғау органы басшысының шешімімен осы лауазымдарға еңбек шарты бойынша аталған лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін өзге де адамдар, оның ішінде уақытша тағайындалуы мүмкін. Бұл ретте жұмыскердің лауазымдық айлықақысы профессорлық-оқытушылық және ғылыми құрамдардың атқаратын штаттық лауазымы бойынша белгіленеді.
Профессорлық-оқытушылық және ғылыми құрамдардың штаттық лауазымдарына уақытша тағайындалған жұмыскерлер осы лауазымдарға қызметкерлер тағайындалған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыстан шығарылады.»;
6-тармақтағы «құқық қорғау органының басшысы айқындайтын тәртіппен» деген сөздер алып тасталсын;
22) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«32-бап. Құқық қорғау қызметінің жоғары тұрған, тең дәрежелі немесе төмен тұрған лауазымдары
1. Құқық қорғау қызметінің лауазымы, егер оған құқық қорғау қызметіндегі бұрынғы лауазымы бойынша арнаулы атағына немесе сыныптық шеніне қарағанда неғұрлым жоғары шекті арнаулы атақ немесе сыныптық шен көзделген болса, ал арнаулы атақтары немесе сыныптық шендері тең дәрежелі болғанда - құқық қорғау қызметінің лауазымы бойынша неғұрлым жоғары айлықақы көзделген болса, жоғары тұрған лауазым болып есептеледі.
2. Құқық қорғау қызметінің лауазымы, егер оған құқық қорғау қызметіндегі лауазымы бойынша арнаулы атағы немесе сыныптық шені және айлықақысы құқық қорғау қызметіндегі бұрынғы лауазымы бойынша арнаулы атағына немесе сыныптық шеніне және айлықақысына тең көзделген болса, тең дәрежелі лауазым болып есептеледі.
3. Құқық қорғау қызметінің лауазымы, егер оған құқық қорғау қызметіндегі бұрынғы лауазымы бойынша арнаулы атағына немесе, сыныптық шеніне қарағанда неғұрлым төмен шекті арнаулы атақ немесе сыныптық шен көзделген болса, ал арнаулы атақтары немесе сыныптық шендері тең дәрежелі болғанда - құқық қорғау қызметінің лауазымы бойынша неғұрлым төмен айлықақы көзделген болса, төмен тұрған лауазым болып есептеледі.»;
23) 33-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қызметкерлерді қызмет бабында өсіру олар қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, сондай-ақ іскерлік және жеке қасиеттері, қызметтік жұмыс нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.
Қызметкерлерді басшы лауазымдарға өсіру кадр резервінде тұрған қызметкерлер қатарынан не конкурстық негізде жүргізіледі.»;
2-тармақ алып тасталсын;
24) 33-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервінде тұрған қызметкерлер болжанған басшы лауазымдарға тағайындау үшін қажетті кәсіби дағдыларды, басқарушылық құзыреттілікті жетілдіру үшін прокуратураның білім беру ұйымында кәсіби қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өтеді.»;
25) 34-бапта:
2-тармақ «бос» деген сөзден кейін «жоғары тұрған» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қызметкер өрескел тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған жағдайда, ол кадр резервінен алып тасталады. Қызметкер өзін кадр резервінен алып тастау туралы шешіммен келіспеген кезде ол бұл шешімге жоғары тұрған лауазымды адамдарға және (немесе) сотқа шағым жасауға құқылы.»;
26) 36-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) құқық қорғау қызметін өткерудің және арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер берудің дәйектілігі негізінде қамтамасыз етіледі.»;
27) 38-баптың 4-тармағында:
бірінші бөліктегі «, біліктілік сыныбы» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктегі «атағын, сыныптық шенін немесе біліктілік сыныбын» деген сөздер «арнаулы атағын немесе сыныптық шенін» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 44-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жалақысы сақталмайтын демалыста не осы Заңның 77-бабында көзделген демалыстарда болған;»;
29) 46-1-бапта:
2-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде, сондай-ақ Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында докторантура (PhD, бейіні бойынша доктор) бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарында оқу мерзімінің аяқталуы;
6) тармақшадағы «комиссияның қорытындысы қызметкерді құқық қорғау органының қарамағына қабылдау негіздері болып табылады.» деген сөздер «комиссияның қорытындысы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) негізгі қызметкердің қызметке шығуына байланысты қызметкерді атқарып отырған уақытша бос лауазымнан босату қызметкерді құқық қорғау органының қарамағына қабылдау негіздері болып табылады.»;
3-тармақтың төртінші бөлігінде:
«әскери-дәрігерлік» деген сөздер «оның ішінде әскери-дәрігерлік» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сырттай немесе кешкі оқыту нысаны бойынша» деген сөздер «қашықтан оқыту бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қызметтік қажеттілік болған жағдайда құқық қорғау органының басшысы не уәкілетті басшы құқық қорғау органының қарамағындағы қызметкерге құқық қорғау органының құрылымдық бөлімшесінің басшысын бекітіп бере отырып, оған құқық қорғау органының алдына қойылған міндеттер мен функцияларды орындау бойынша қызметтік міндеттерді жүктеуге құқылы.
Құқық қорғау органының қарамағындағы қызметкерге бекітіліп берілген құрылымдық бөлімшенің басшысы одан уақытша қызметтік міндеттер шеңберінде тапсырмаларды тиісінше орындауды, құқық қорғау органының белгіленген күн тәртібін толық көлемде сақтауды талап етеді.
Құқық қорғау органы құрылымдық бөлімшесінің басшысы қарамағына қабылдаған қызметкердің қызметтік және еңбек тәртібін сақтауы үшін жауапты болады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Құқық қорғау органының қарамағына қабылданған қызметкерге көтермелеу шаралары қолданылады және оған осы Заңда көзделген тәртіппен және жағдайларда тәртіптік жазалар қолданылады.»;
7-тармақтың екінші абзацындағы «атағы, біліктілік сыныбы» деген сөздер «арнаулы атағы, сыныптық шені» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 46-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«46-2-бап. Қызметті бағалау
1. Қызметкерлер жұмысының тиімділігі мен сапасын айқындау үшін олардың қызметіне бағалау жүргізіледі.
2. Қызметті бағалау жыл сайын күнтізбелік жыл аяқталған соң жүргізіледі.
3. Қызметкердің қызметін бағалауды тікелей басшысы жүргізеді.
Тікелей басшы лауазымында алты айдан аз уақыт болған жағдайда бағалауды жоғары тұрған басшы жүргізеді.
4. Қызметті бағалау:
1) сынақ мерзімі кезеңінде жүрген адамға;
2) осы Заңның 44-бабына сәйкес қызметін құқық қорғау органының лауазымдарында өткермейтін қызметкерлерге;
3) егер жаңа лауазымға тағайындалуы лауазымдық міндеттерінің өзгеруіне алып келсе, атқарып отырған лауазымында алты айдан аз болған қызметкерлерге;
4) құқық қорғау органдарында кемінде жиырма жыл қызмет өтілі бар қызметкерлерге қатысты жүргізілмейді.
Құқық қорғау органы басшысының және оның орынбасарларының қызметін бағалауды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын уәкілетті адам (орган) жүргізеді.
5. Қызметкердің қызметін бағалау қызметкердің лауазымдық міндеттеріне сәйкес қызметтік мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуін бағалаудан құралады.
6. Қызметкерлердің қызметін бағалау нәтижелері мынадай: «тиімділігі жоғары», «тиімді», «тиімділігі төмен» және «тиімсіз» мәндері бар шәкіл бойынша қойылады.
7. Қызметті бағалау нәтижелері құқық қорғау органдары басшыларының бірлескен бұйрығымен бекітілетін нысан бойынша бағалау парағына енгізіледі.
Бағалау парағы лауазымдық міндеттер ескеріле отырып қалыптастырылған және нақты учаскедегі (қызмет бағытындағы) жұмыстың тиімділігін көрсететін іс-шаралар атауын қамтиды.
Басшыны бағалаған кезде оған бағынысты қызметкерлердің қызметін бағалау нәтижелерінің орташа көрсеткіші ескеріледі.
8. Бағалау жүргізген адам қызметін бағалау нәтижелерінің мәні «тиімділігі төмен» және «тиімсіз» болған қызметкерлерге қатысты кәсіби дамудың жеке жоспарын жасайды.
Қызметкердің кәсіби дамуының жеке жоспары қызметкердің тиімділігін арттыруға және белгілі бір уақыт кезеңіне (қызметті келесі бағалауға дейін) оның кәсіби және жеке басының өсуіне бағытталған басым бағыттар мен ұсынымдарды айқындайды.
9. Қызметкердің қызметін бағалаудың нәтижелері:
1) қызметкер «тиімсіз» деген баға алған;
2) қызметкер екі жыл қатарынан «тиімділігі төмен» деген баға алған жағдайларда аттестаттау жүргізуге негіз болып табылады.
Мұндай қызметкерлерді аттестаттау қызметіне бағалау жүргізілген күннен бастап алты ай ішінде өткізіледі.
Бұл ретте аттестаттауды өткізу мерзімі қызметті бағалау нәтижелеріне шағым жасау кезеңіне тоқтатыла тұрады.
10. Бағалау жүргізген адам бағалау жүргізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қызметкерді бағалау нәтижелерімен, сондай-ақ кәсіби дамудың жеке жоспарымен жазбаша таныстырады.
11. Қызметкер бағалау нәтижелеріне танысқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде құқық қорғау органының басшысына немесе уәкілетті басшыға және (немесе) сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.»;
31) 47-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қызметкердің жеке және кәсіби қасиеттерін, қызметтік жұмыс нәтижелерін бағалау ескеріле отырып, оның атқарып отырған лауазымына сәйкес келуі аттестаттау кезінде бағалаудың негізгі өлшемшарты болып табылады.»;
3-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қызметкерлер құқық қорғау органдары жүйесінде үздіксіз қызметте болған әрбір келесі үш жыл өткен соң не қызметті бағалау нәтижелері бойынша аттестаттаудан өтеді. Бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзім басталған не қызметті бағалау жүргізілген күннен бастап алты айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс.
Егер аттестаттауға жататын қызметкерлер жаңа лауазымдарға тағайындалса, қызметін бағалау нәтижелері бойынша аттестаттаудан өтетін қызметкерлерді қоспағанда, олар тағайындалғаннан кейін бір жылдан соң аттестаттаудан өтеді. Тең дәрежелі лауазымға тағайындалған кезде, егер бұл функционалдық міндеттердің өзгеруіне алып келмесе, бұл мерзім есепке алынбайды.»;
мынадай мазмұндағы 3-2 және 3-3-тармақтармен толықтырылсын:
«3-2. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында білім алатын қызметкер оқуды аяқтаған соң, бірақ құқық қорғау органдарында лауазымға тағайындалғаннан кейін кемінде бір жылдан кейін аттестаттаудан өтеді.
Мемлекеттік органдарға іссапарға жіберілген қызметкерлерді аттестаттау тиісті мемлекеттік органдардың жұмыскерлері үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі, ал халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлер халықаралық ұйымнан оралғаннан кейін, бірақ құқық қорғау органдарында лауазымға орналасқаннан кейін бір жылдан кейін аттестаттаудан өтеді.
3-3. Ұйымдық-штаттық іс-шараларды өткізуге, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсуге, мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберуге байланысты ауысуларды қоспағанда, аттестаттау өткізу кезеңінде қызметкерлерді аттестаттау аяқталғанға дейін лауазымға тағайындауға не қызмет бойынша ауыстыруға болмайды.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Құқық қорғау органының басшысы және оның орынбасарлары, сондай-ақ құқық қорғау органдарында кемінде жиырма жыл қызмет өтілі бар қызметкерлер аттестаттауға жатпайды.
Қызметкерлер жүктілігі және осы Заңның 77-бабында көзделген демалыстарда болған кезеңінде аттестаттауға жатпайды. Олар қызметке шыққаннан кейін кемінде бір жылдан соң аттестатталады.»;
5-тармақтың 3-1) тармақшасы алып тасталсын;
32) 48-бапта:
8-тармақтағы «екі» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қызметкердің қосымша ақпараты бар қызметтік мінездемемен келіспейтіні туралы жазбаша өтініші аттестаттау комиссиясы төрағасының атына беріледі және аттестаттау комиссиясының отырысына дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей кадр қызметіне ұсынылады.»;
33) 50-бап мынадай мазмұндағы 3-1 және 6-1-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды отырыс барысында зерделейді, аттестатталатын қызметкерді тыңдайды.
Аттестатталатын қызметкерге қойылатын сұрақтар оның кәсіптік даярлық деңгейін, құқықтық мәдениетін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін айқындауға бағытталуға тиіс.
Аттестаттау комиссиясы әңгімелесу кезінде аттестатталатын қызметкердің лауазымдық міндеттерін негізге алады. Қажет болған кезде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, сондай-ақ аттестатталатын қызметкердің қызметтік жұмысын регламенттейтін өзге де құжаттарды білу деңгейі айқындалады.
Әңгімелесу сыпайылық пен ізгілік жағдайында өтуге тиіс.
Әрбір қатысушымен әңгімелесу техникалық жазба (аудио-, бейнежазба) құралдарының көмегімен тіркеледі.
Әңгімелесу барысында техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркелген материалдар кадр қызметінде үш жыл бойы сақталады.»;
«6-1. Қызметті бағалау нәтижелері бойынша аттестаттаудан өтетін қызметкерлерге қатысты аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
2) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және лауазымын төмендетуге ұсынылады;
3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және жұмыстан шығару ұсынылады.»;
34) 54-бапта:
3-тармақтағы «курсанттарына» деген сөзден кейін «, магистранттары мен докторанттарына» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ алып тасталсын;
35) 54-1 және 55-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«54-1-бап. Құқық қорғау органдарындағы тәрбиелік, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыс
1. Құқық қорғау органдарында жеке құраммен тәрбиелік, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыс ұйымдастырылады.
2. Тәрбиелік жұмыс:
1) жеке құрамның құқықтық тұрғыдан хабардар болу, сауаттылық, мәдениет пен адамгершілік дәрежесін арттыруға;
2) қызметкерлерге құқық қорғау органдары туралы түсінікті және оның мақсатын, олардың жұмыс істеу және алдында тұрған міндеттерді орындау ерекшеліктерін ұғындыруға;
3) мемлекеттік саясаттың негіздеріне сәйкес қызметкерлердің құқық қорғау органдарына қатыстылығы үшін жауапкершілікті қалыптастыруға және олардың мемлекет мүдделерін қорғауға әзірлігін қолдауға бағытталған.
3. Әлеуметтік-құқықтық жұмыс құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыруға бағытталған.
4. Психологиялық жұмыс:
1) жеке құрамның құқық қорғау органының міндеттерін орындауға, оның ішінде соғыс жағдайы және төтенше жағдай, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңіндегі психологиялық әзірлікте болуын қолдауға;
2) қызметкердің психологиялық және психикалық-физиологиялық қасиеттерінің атқарып отырған лауазымына сәйкестігін айқындауға;
3) құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін жыл сайынғы әлеуметтану мониторингін жүргізу жолымен зерделеуге бағытталған.
5. Идеологиялық жұмыс:
1) құқық қорғау органдары қызметкерлерінде патриоттық сана-сезімді, Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілікті, антқа адалдықты, лауазымдық міндеттерін мінсіз орындауға ұмтылысты қалыптастыруға;
2) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының конституциялық қағидаттары мен ұлттық мүдделеріне адалдығын қалыптастыруға;
3) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құқық қорғау органдарының жағымды имиджін қалыптастыруға;
4) идеологиялық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға бағытталған.
6. Жеке құраммен тәрбиелік, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру тәртібін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.
Құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы әлеуметтану мониторингін жүргізу тәртібі мен әдістемесін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.
Басшы лауазымдарды атқарып отырған қызметкерлер өздеріне сеніп тапсырылған бөлімшелердегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жауапты болады.
55-бап. Қызметкерлерге көтермелеу қолдану тәртібі
1. Міндеттерін үлгілі атқарғаны және қызметтік жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін қызмет керлерге және құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының курсанттарына мынадай көтермелеу түрлері көзделеді:
1) алғыс жариялау;
2) біржолғы ақшалай сыйақы беру;
3) бағалы сыйлықпен наградтау;
4) грамотамен наградтау;
5) құрмет грамотасымен наградтау;
6) ведомстволық наградамен және құқық қорғау органының үздігі төсбелгісімен наградтау;
7) арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендерді мерзімінен бұрын немесе атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен бір саты жоғары, сондай-ақ кезектен тыс арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беру;
8) құрмет тақтасына енгізу;