16) 16-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәріні, улы заттарды уақытша алып қою, ал мемлекеттік органдарға, арнаулы мемлекеттік органдарға және құқық қорғау органдарына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағыныстыларды қоспағанда, заңды тұлғалардан қарумен, оқ-дәрімен және улы заттармен қатар әскери және жауынгерлік оқу техникасын да, жарылғыш және радиоактивті заттарды да уақытша алып қою көзделеді.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін күзетуді күшейту жөніндегі іс-шараларды өткізу;»;
17) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Коменданттық сағат қағидаларын бұзған жеке тұлғаларды ішкі істер органдарының қызметкерлері (полиция) немесе төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге қатысатын мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілері қатарындағы патрульдер - коменданттық сағат аяқталғанға дейін, ал жеке басын куәландыратын құжаттары өзімен бірге болмағандарды - жеке басын анықтағанға дейін, бірақ ішкі істер органы бастығының немесе оның орынбасарының шешімі бойынша 48 сағаттан аспайтын уақытқа ұстайды. Ұсталған адамдар және олардың өздерімен бірге болған заттары мен көлік құралдары тексеріп-қаралуы мүмкін.».
8. «Соғыс жағдайы туралы» 2003 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
7-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі жұмылдыру және соғыс жағдайы кезеңдерінде Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарына сәйкес күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін, күзетілетін объектілердің күзетілуі мен қорғалуын қамтамасыз ету мүдделерінде Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының қажетті күштері мен құралдарын пайдалануға құқылы.
Күзету іс-шараларын өткізу жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адам күзет іс-шаралары өткізіле басталғаннан бастап және олар аяқталғанға дейін оларды өткізуге тартылған барлық әскери қызметшілерге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен мамандарына басшылықты жүзеге асырады.».
9. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
33-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «он сегіз» деген сөздер «жиырма бір» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-баптың 2-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару, жұмылдыру бойынша, соғыс уақытында әскери қызметке шақыру, сондай-ақ әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға, оның ішінде төтенше жағдай режимін енгізу және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындау мақсатында шақыру туралы шешім қабылдайды;»;
2) 14-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Табиғи және техногендік немесе әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал кезінде, төтенше жағдай кезеңінде, бірлескен операциялар мен оқу-жаттығуларды жүргізу кезінде тұрақты орналасқан жерінен тыс орналасқан Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды материалдық техникалық қамтамасыз етуді олар уақытша орналасқан объектілердегі сол Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар жүзеге асыруы мүмкін.»;
10-тармақтың 3) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
3) 18-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы Президентінің шешімдері негізінде әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдарды жою үшін, сондай-ақ терроризмге қарсы операциялар жүргізу, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуді күшейту және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының демократиялық институттарына, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, оның азаматтарының қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қатер төнгенде және мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылғанда қолданылуы мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда әскери, арнаулы техника, автомобиль техникасы және өзге де көлік құралдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауынгерлік техника ретінде пайдаланылады.
Қарулы Күштер «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзету іс-шараларына тартылуы мүмкін.».
11-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
11. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
26-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші сөйлемі «қабылдау» деген сөздерден кейін «, осы баптың 8-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілердің балаларын (оның ішінде асырап алған ұлдарын, асырап алған қыздарын, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздарын) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау білім беру гранты беріле отырып, олардың өтініші негізінде конкурстан тыс жүзеге асырылады.».
12. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
1) тармақшадағы «бірінші рет» деген сөздер алып тасталсын;
9) тармақшадағы «не біліктілік сыныбы белгіленген» деген сөздер алып тасталсын;
10-2) тармақша алып тасталсын;
12-3), 16) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«12-3) тәлімгер - құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамға бекітіліп берілетін және оның кәсіби бейімделуіне оған практикалық көмек көрсететін құқық қорғау органының қызметкері;»;
«16) уәкілетті басшы - құқық қорғау органының облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе оған теңестірілген мамандандырылған бөлімшесінің басшысы, құқық қорғау органы мекемесінің, ведомствосының басшысы;
17) ұйымдық-штаттық іс-шаралар - құқық қорғау органының, құқық қорғау органының аумақтық немесе оған теңестірілген мамандандырылған бөлімшесінің, құқық қорғау органы мекемесінің, ведомствосының штаттары мен құрылымын қалыптастыру жөніндегі шаралар кешені (құқық қорғау органын құру; қайта ұйымдастыру; тарату; оның қызметкерлерінің санын немесе штатын ұлғайту немесе қысқарту; құқық қорғау органының және (немесе) құрылымдық бөлімшесінің қызметкері лауазымын өзгерту);»;
2) 5-1-бапта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметкерлердің және қызметке кандидаттардың тағылымдамасын, тәлімгерлігін, қызметін бағалауды, оқуын, қайта даярлығын және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;»;
8) тармақша алып тасталсын;
3) 6-бапта:
2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) сотталғандығы бар немесе болған не қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған, сондай-ақ мемлекеттік, әскери қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан теріс себептер бойынша шығарылған, сондай-ақ судья өкілеттігін теріс себептер бойынша тоқтатқан адам қабылданбайды.»;
мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
«7. Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
8. Осы баптың 4 және 5-тармақтарының күші, денсаулық жағдайы бойынша, аттестаттау қорытындыларымен анықталған қызметке сәйкес келмеуі бойынша, теріс себептер бойынша шығарылғандарды қоспағанда, бұрын құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері болған, шығарылған күндерінен бастап бес жұмыс күні ішінде құқық қорғау органдарына қызметке қабылданатын қызметкерлерге, сондай-ақ құқық қорғау қызметіне ауысу тәртібімен қабылданатын әскери қызметшілерге қолданылмайды.»;
4) 7-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Құқық қорғау органдарына қызметке кіру, осы баптың 3-тармағында және осы Заңның 7-1-бабының 1-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде не құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарындағы алғашқы кәсіптік даярлық арқылы жүзеге асырылады.
Құқық қорғау қызметіне іріктеу кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші және оның кәсіптік құзыреттерге сәйкестік дәрежесі ескеріле отырып жүргізіледі.
Кәсіптік құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу тәртібі мен әдістерін құқық қорғау органының басшысы бекітеді.
Конкурстық іріктеуден не алғашқы кәсіптік даярлықтан өтпеген азаматтарды қызметке қабылдаған лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тәртіптік жауаптылыққа тартылады.»;
2-1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу тәртібі және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары басшысының нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Құқық қорғау органдарына қызметке конкурстық іріктеуден тыс мыналар:
1) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқуын аяқтаған адамдар - оқу аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде;
2) бұрын құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы лауазымдарда қызмет өткерген және құқық қорғау органдарында, арнаулы мемлекеттік органдарда кемінде үш жыл қызмет өтілі бар адамдар;
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемелерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында бұрын әскери қызметте болған және әскери лауазымдарды атқарған адамдар - кемінде үш жыл әскери қызмет өтілі болған кезде;
4) өз өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай атқарған және оларды тоқтатқан Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік саяси қызметшілер, судьялар қабылдануы мүмкін.»;
6-тармақ алып тасталсын;
5) мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-баптармен толықтырылсын:
«7-1-бап. Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарға орналасуға арналған конкурс
1. Құқық қорғау қызметіне конкурстық негізде кіру, қатардағы, кіші және орта басшы құрамдар лауазымдарын және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) онымен келісу бойынша және (немесе) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасымен, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша тағайындалатын лауазымдарды қоспағанда, құқық қорғау органдарының бос және уақытша бос лауазымдарына жүзеге асырылады.
2. Конкурстық негізде кіретін кандидаттарды алдын ала зерделеуді құқық қорғау органдарының кадр қызметтері және өзінің (ішкі) қауіпсіздік қызметтері жүзеге асырады.
3. Алдын ала зерделеу құқық қорғау органдарына қызметке қабылданатын кандидаттардың осы Заңның 6 және 10-баптарының талаптарына сай келуін тексеруді қамтиды.
4. Конкурс тиісті санаттағы бос лауазымға орналасуға арналған резервте кандидаттар болмаған жағдайда өткізіледі.
5. Кандидаттарды конкурстық негізде іріктеуді құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшының шешімі бойынша құрылатын құқық қорғау органының конкурстық комиссиясы жүзеге асырады.
6. Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарға орналасуға арналған конкурс мынадай бірқатар дәйекті кезеңдерді қамтиды:
1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттар қабылдау;
3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарының белгіленген біліктілік талаптарына және осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін қарау;
4) конкурстық комиссия өткізетін конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу;
5) конкурсқа қатысушыларды медициналық және психофизиологиялық куәландыру;
6) конкурсқа қатысушыларды полиграфологиялық зерттеу;
7) конкурстық комиссияның қорытындысы.
7. Конкурс өткізу туралы хабарландыру құқық қорғау органдарының, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
Егер конкурс құқық қорғау органының уақытша бос лауазымына өткізілсе, бұл шарт конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
8. Конкурстық комиссия құқық қорғау органының басшысына немесе уәкілетті басшыға кандидатты бос лауазымға орналасуға арналған резервке алу туралы ұсыным жасауға құқылы.
9. Конкурстық комиссияның бос лауазымға орналасуға арналған резервке алу туралы ұсынымдары әрбір бос лауазымға үшеуден аспайтын кандидатқа қатысты жасалады.
Кандидаттың бос лауазымға орналасуға арналған резервте болу мерзімі ол алынған күннен бастап бір жылды құрайды.
Кандидаттың ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартуы оны бос лауазымға орналасуға арналған резервтен шығару үшін негіз болып табылады.
10. Жарияланған лауазымға тағайындауға конкурстық комиссия ұсынған кандидат міндетті арнаулы тексеруден өтеді.
Міндетті арнаулы тексерудің нәтижелері алынғанға дейін кандидат бос лауазым бойынша көзделетін міндеттерді уақытша атқарады, онымен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледі.
Міндетті арнаулы тексеру жүргізу кезеңінде кандидатқа осы Заңның қызметкерлердің міндеттері мен жауаптылығы, құқық қорғау қызметінде болуға байланысты шектеулер бөлігіндегі ережелері қолданылады.
Міндетті арнаулы тексерудің оң нәтижелері алынған жағдайда бос лауазым бойынша міндеттерді жүзеге асыру кезеңі құқық қорғау қызметінің өтіліне (еңбек сіңірген жылдарына) есептеледі.
11. Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдері, сондай-ақ конкурсқа қатысуға қажетті құжаттардың тізбесі құқық қорғау органдары басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
7-2-бап. Құқық қорғау органдарына қызметке конкурстық іріктеуден тыс қабылдау
1. Құқық қорғау қызметіне осы Заңның 7-бабының 3-тармағында және 7-1-бабының 1-тармағында көзделген адамдар құқық қорғау органы басшысының шешімі бойынша конкурстық іріктеуден тыс қабылдануы мүмкін.
2. Конкурстық іріктеуден тыс кіретін кандидаттарды зерделеуді, олардың біліктілік талаптарына және осы Заңның 6-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкестігін тексеруді құқық қорғау органдарының кадр қызметтері және өзге де бөлімшелері жүзеге асырады.
3. Адамды құқық қорғау органдарына лауазымға конкурстық іріктеуден тыс тағайындау біліктілік талаптарына және осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда жүргізіледі.»;
6) 9-бапта:
2 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен оқу ақысы төлене отырып, құқық қорғау органдарының жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсетін адамдар білім беру ұйымдарындағы оқу мерзіміне және бір мезгілде білім беру ұйымдарында оқуын аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында орта және аға басшы құрамдар лауазымдарында қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасады.»;
«5. Құқық қорғау органдарының жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқуын бітірген қызметкерлер - құқық қорғау органдарында кемінде бес жыл, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында күндізгі оқу бойынша оқуын бітірген қызметкерлер кемінде үш жыл қызмет өткеруге міндетті.»;
7 және 10-тармақтардағы «білім беретін кәсіптік оқу» деген сөздер «білімнің білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтағы «кәсіптік білім» деген сөздер «және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 11-бапта:
тақырыптағы «бірінші рет» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақтағы «бірінші рет» деген сөздер алып тасталсын;
2 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Алғашқы кәсіптік даярлық құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқытуды және тағылымдаманы қамтиды.
Оқыту құқық қорғау органының қызмет бағыттарына қарай білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Алғашқы кәсіптік даярлықтан өту кезеңінде кандидаттардың тағылымдамасын тиісті құқық қорғау органы өткізеді.
Алғашқы кәсіптік даярлық үшін кадрларға қажеттілікті әрбір құқық қорғау органы кадрлық болжам негізінде дербес айқындайды.»;
«8. Құқық қорғау қызметіне кіретін және аға және жоғары басшы құрамдар лауазымдарына, сондай-ақ конкурстық іріктеуден тыс тағайындалатын адамдар алғашқы кәсіптік даярлықтан өтпейді.»;
8) 12-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдар үшін сынақ мерзімі және тәлімгерлікті ұйымдастыру»;
2-тармақтағы «, біліктілік сыныбы белгіленбейді» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдарға құқық қорғау органының тиісті кәсіптік даярлығы және айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлері қатарынан тәлімгер бекітіліп беріледі.
Бұл ереже аға және жоғары басшы құрамдар лауазымдарына бірінші рет кіретін адамдарға қолданылмайды.
Құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібі мен мерзімдері құқық қорғау органдары басшыларының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.»;
9) 13-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) құқық қорғау органдарына қызметке бірінші рет кіретін, арнаулы атақ немесе сыныптық шен берілген адамдар - арнаулы атақ немесе сыныптық шен берілгеннен кейін екі айдан кешіктірмей;»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері антының мәтінін және оны қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»;
10) 14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қызметкерлердің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптары (бұдан әрі - заңды талаптар) жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.»;
11) 16-баптың 1-тармағының 7) және 15) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтауға;»;
«15) қызметкердің не оның жұбайының (зайыбының) Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтінішхатпен жүгіну фактісі туралы не шетелдік азаматтықты алуға өтінішхатпен жүгіну фактісі туралы жүгінген күні өзінің тікелей басшысына жазбаша түрде хабарлауға міндетті.»;
12) 21-бапта:
1-тармақтағы «атақтары, сыныптық шендері немесе біліктілік сыныптары» деген сөздер «атақтары немесе сыныптық шендері» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «атақтар, сыныптық шендер берілген немесе біліктілік сыныптар белгіленген» деген сөздер «атақтар немесе сыныптық шендер берілген» деген сөздер ауыстырылсын;
13) 4-тараудың тақырыбындағы «, біліктілік сыныптары» деген сөздер алып тасталсын;
12-тармақтың 14) тармақшасының бірінші - төртінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
14) 22-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке - «сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет»;
10) экономикалық тергеп-тексеру қызметіне - «экономикалық тергеп-тексеру қызметі.»;
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Құқық қорғау органдарында бұрын қызмет өткерген адамдар қызметке қайта қабылданған (оқуға қабылданған) кезде, басқа құқық қорғау органынан іссапарға жіберу тәртібімен қабылданған адамдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген адамдар, әскери қызметшілер жаңа қызмет (оқу) орны бойынша берілетін арнаулы атаққа немесе сыныптық шенге теңестіріле отырып, бұрынғы қызмет орны бойынша берілген өздерінде бар арнаулы, әскери атақпен немесе сыныптық шенмен лауазымға тағайындалады (оқуға қабылданады).
Құқық қорғау органына тағайындалған адамның өзінде бар жоғары басшы немесе жоғары офицерлік құрамның арнаулы, әскери атағы немесе сыныптық шені осы баптың 1-тармағы 5) тармақшасының, 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, өзі қызмет өткеретін органға тиесілігін көрсететін тең дәрежелі арнаулы, әскери атаққа немесе сыныптық шенге сәйкес келеді деп танылады.
Бұрынғы арнаулы, әскери атақта немесе сыныптық шенде болу мерзімі кезекті арнаулы атақ, сыныптық шен беру үшін еңбек сіңірген мерзімге есептеледі.
8. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдарына жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды тікелей орындайтын лауазымды адамдарға олар сол қызметке орналасқан жағдайда арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беруге құқық беретін лауазымдар тізбесін, олардың өкілеттіктеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
12-тармақтың 15) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
15) 22-1-бап алып тасталсын;
16) 23-бапта:
тақырыптағы «, сыныптық шендерді және біліктілік сыныптарын» деген сөздер «немесе сыныптық шендерді» деген сөздермен ауыстырылсын.
4-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы «білім беретін кәсіптік оқу» және «білім берудің кәсіптік оқу» деген сөздер «білімнің білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы «кәсіптік оқу», «орта білімнен және жоғары білімнен кейінгі кәсіптік оқу» деген сөздер тиісінше «білімнің білім беру», «орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы «және біліктілік сыныптары» деген сөздер алып тасталсын;
8-1-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «, біліктілік сыныбы» деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацтағы «, 3-санатты жоғары біліктілік сыныбы», «, 1-санатты біліктілік сыныбында» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктегі «немесе біліктілік сыныбы» деген сөздер алып тасталсын;
17) 24-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі «және қызметкердің бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыста болу кезеңі» деген сөздер алып тасталсын;
18) 25-бапта:
тақырыптағы «, сыныптық шендерде немесе біліктілік сыныптарында» деген сөздер «немесе сыныптық шендерде» деген сөздермен ауыстырылсын;