9) құрметті атақ беру;
10) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымы орналасқан жерден кезектен тыс сейілдеуге жіберуді ұсыну;
11) бұрын қолданылған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де көтермелеу түрлері.
Құқық қорғау органдары білім беру ұйымының басшысы магистратурада және докторантурада күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын қызметкерлерге осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 3), 4), 5), 8) және 11) тармақшаларында көзделген көтермелеу түрлерін қолдана алады.
2. Тәртіптік жазасы бар қызметкер бұрын қолданылған жазаны алып тастау арқылы көтермеленеді. Тәртіптік жазаны алып тастау құқығы құқық қорғау органының басшысына немесе уәкілетті басшыға тиесілі. Қызметкердің елеулі теріс қылықтар жасағаны үшін тәртіптік жазалар олар қолданылған күннен бастап үш айдан кейін алып тасталуы мүмкін.
Өрескел тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін тәртіптік жазалар көтермелеу тәртібімен мерзімінен бұрын алып тасталуға жатпайды.
Болмашы тәртіптік теріс қылықтар үшін тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау мерзімі белгіленбейді.
Құқық қорғау органының басшысымен келісу бойынша қызметкердің өмірі мен денсаулығын тәуекелге тігумен, адам өмірін құтқарумен ұштасқан ерекше еңбегі үшін, сондай-ақ қоғамдық резонанс тудырған аса ауыр қылмыстарды ашқаны және тергеп-тексергені үшін қызметкерлерді көтермелеу кезінде тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау мерзімі ескерілмейді.
3. Бір мезгілде көтермелеу түрінде бір ғана тәртіптік жаза алып тасталуы мүмкін, бұл ретте көтермелеудің осы түрімен бірге көтермелеудің басқа түрлері қолданылмайды.
4. Қызметкерді көтермелеу туралы ұсынуға тікелей басшысы бастама жасайды және ол комиссияда қарау үшін кадр қызметіне енгізіледі.
5. Комиссияны құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы қызметкерлерді көтермелеу кезінде объективті көзқарасты қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде құрады.
Комиссия құрамына кемінде бес мүше кіруге тиіс.
6. Комиссия шешімді ашық дауыс беру арқылы алқалы түрде қабылдайды. Егер шешімге комиссия мүшелерінің жалпы дауыс санының көпшілігі дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледі. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
7. Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) көтермелеу туралы ұсынуды қанағаттандыру;
2) көтермелеу туралы ұсынудан бас тарту.
8. Құқық қорғау органы басшысының не уәкілетті басшының шешімі бойынша қызметкерді көтермелеу тікелей басшының ұсынуы негізінде комиссияда қаралмастан жүргізілуі мүмкін.
9. Көтермелеу құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшының бұйрықтарымен ресімделеді.»;
36) 56-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«56-бап. Қызметкерлерге қолданылатын тәртіптік жазалар және тәртіптік теріс қылықтардың түрлері»;
2-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) арнаулы атағын немесе сыныптық шенін бір сатыға төмендету;»;
9) тармақшадағы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының» деген сөздер «осы Заңның» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4, 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Құқық қорғау органдары білім беру ұйымының басшысы күндізгі нысан бойынша магистратура мен докторантурада оқитын қызметкерлерге тәртіптік жазалаудың мынадай түрлерін қолдануы мүмкін:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) құқық қорғау органының білім беру ұйымынан шығару.
5. Қызметкердің қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны немесе құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін құқық қорғау органының білім беру ұйымынан шығарып жіберу түріндегі тәртіптік жазаны қолдану қызметкерді осы Заңның 80-бабы 1-тармағының 12) және 13) тармақшаларында көзделген теріс себептер бойынша қызметтен шығаруға негіз болып табылады.
6. Тәртіптік теріс қылықтар мынадай түрлерге бөлінеді:
осы баптың 2-тармағының 1), 2) немесе 3) тармақшаларында, 4-тармағының 1), 2) немесе 3) тармақшаларында көзделген тәртіптік жаза қолданылған теріс қылық болмашы теріс қылық болып табылады;
осы баптың 2-тармағының 4) немесе 6) тармақшаларында көзделген тәртіптік жаза қолданылған теріс қылық елеулі теріс қылық болып табылады;
осы баптың 2-тармағының 5), 7), 8) немесе 9) тармақшаларында көзделген тәртіптік жаза қолданылған теріс қылық өрескел теріс қылық болып табылады.»;
37) 57-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тәртіптік жаза қолдану және оның түрін айқындау кезінде мынадай өлшемшарттар ескеріледі:
1) жасалған теріс қылықтың мазмұны мен сипаты;
2) жасалған теріс қылықтың ауырлығы мен мән-жайлары;
3) қызметкердің жеке басын және оның қызметке қатынасын сипаттайтын деректер;
4) қызметкердің уәжі және кінәсінің дәрежесі (қасақана, абайсызда);
5) қызметкердің тәртіптік жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар;
6) қызметкердің тәртіптік жауаптылығын ауырлататын мән-жайлар.»;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Тәртіптік жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар деп мыналар танылады:
1) теріс қылық жасаған қызметкердің өкінуі;
2) қызметкердің теріс қылық жасағаны туралы басшыға ерікті түрде хабарлауы;
3) теріс қылықты бірінші рет жасау және теріс қылықты жасау фактісімен келісуінің болуы;
4) жеке немесе отбасылық ауыр мән-жайлар болған кезде теріс қылық жасау;
5) мәжбүрлеу салдарынан теріс қылық жасау;
6) тәртіптік теріс қылық жасау салдарынан жағымсыз әсердің болмауы және құқық қорғау органының имиджіне нұқсан келтірілмеуі.
Қызметкерге жаза қолданатын құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы не тәртіптік комиссия қызметтік тергеп-тексеруді жүргізу кезінде өзге де мән-жайларды жеңілдететін деп тануы мүмкін.
2-2. Тәртіптік жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар деп мыналар танылады:
1) егер бірінші теріс қылығы үшін қызметкерге жаза қолданылған және ол белгіленген тәртіппен алынбаса, дәл сондай теріс қылықты қайталап жасау;
2) қарамағындағы адамды теріс қылық жасауға тарту;
3) төтенше жағдай немесе өзге де шектеу шаралары енгізілген кезеңде теріс қылық жасау;
4) алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) психотроптық және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде теріс қылық жасау;
5) тәртіптік теріс қылық жасау салдарынан жағымсыз әсердің болуы және құқық қорғау органының имиджіне нұқсан келтірілуі;
6) өзіне жүктелген міндеттерді орындауына байланысты лауазымды адамға немесе оның жақын туыстарына ықпал ету арқылы теріс қылық жасау.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, атқарып отырған лауазымынан босату, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымынан шығару және босату түріндегі жаза жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері мен тәртіптік комиссияның тиісті ұсынымдары бойынша қолданылады.
Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, атқарып отырған лауазымынан босату түріндегі жаза қызметтік тергеп-тексеру жүргізілмей және тәртіптік комиссияның тиісті ұсынымдарынсыз, алқаның немесе құқық қорғау органы бірінші басшысының жанындағы жедел кеңестің шешімі және қызметкердің өзі жасаған тәртіптік теріс қылық фактісімен келісетіні туралы жазбаша түсініктемесінің болуы, сондай-ақ оны жасау мән-жайларының толық және объективті анықталуын растайтын материалдар негізінде қолданылуы мүмкін.»;
10-тармақта:
екінші бөліктегі «бір айлық» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңда көзделген, құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылық жасағаны және қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей қолданылады және оны тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктіріп қолдануға болмайды.»;
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Құқық қорғау органының білім беру ұйымдары осы Заңның 56-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында және 4-тармағының 4) тармақшасында көзделген тәртіптік жазаны қолданған жағдайда, жаза қолдану туралы бұйрық тәртіптік теріс қылық жасаған қызметкер кадрында тұрған құқық қорғау органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Қызметкерге тәртіптік жазаны:
1) еңбекке уақытша жарамсыздық;
2) осы Заңның 75-бабының 9-тармағында көзделген демалысты қоспағанда, демалыста болу;
3) іссапарға жіберу оны тәртіптік жауаптылыққа тартуға байланысты болатын жағдайларды қоспағанда, іссапарда болу кезеңінде қолдануға болмайды.»;
38) 58-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Қызметтік тергеп-тексеру барысында оны жүргізу тапсырылған уәкілетті лауазымды адамның:
1) өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан қызметкерден, сондай-ақ басқа да адамдардан жазбаша түсініктеме алуға;
2) тәртіптік теріс қылық жасаудың мән-жайына қатысты материалдар мен мәліметтер жинауға;
3) тиісті құжаттармен танысуға, қажет болған жағдайда олардың көшірмелерін қызметтік тергеп-тексеру материалдарына қосып тігуге;
4) арнаулы білімді талап ететін мәселелер бойынша мамандардан қорытындылар, түсініктер және консультациялар алуға;
5) өздеріне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан қызметкерлерге полиграфологиялық зерттеу жүргізуге бастама жасауға құқығы бар.
Полиграфологиялық зерттеу қызметкердің келісімімен жүргізіледі.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қызметтік тергеп-тексеру жүргізген адам қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген қызметкерді, егер бұл мемлекеттік құпияларды және өзге де қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу талаптарына қайшы келмесе, қорытындымен жеке өзін не оның көшірмесін курьерлік пошта байланысы, пошта байланысы, факсимильді байланыс, электрондық пошта және өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы немесе қызметкердің авторизациялануын, сәйкестендірілуін қамтамасыз ете отырып, электрондық түрде жіберу арқылы қызметтік тергеп-тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде таныстыруға міндетті.»;
8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тәртіптік жаза түрі бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар көрсетіледі.»;
10-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
«11. Құқық қорғау органының білім беру ұйымдарында оқитын курсанттар мен қызметкерлерге қатысты қызметтік тергеп-тексеруді құқық қорғау органы білім беру ұйымының тиісті бөлімшесі жүргізеді.»;
39) 7-тарау мынадай мазмұндағы 58-1-баппен толықтырылсын:
«58-1-бап. Тәртіптік комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі
1. Құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы тәртіптік комиссияның құрамын бекітеді.
2. Тәртіптік комиссияның құрамына кемінде бес мүше кіруге тиіс.
3. Тәртіптік комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай және оның мүшелерінің жалпы санының үштен екісі болған кезде өткізіледі.
4. Тәртіптік комиссияның отырысы өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген адамның қатысуымен, оның ішінде бейнеконференция байланысы арқылы өткізіледі.
5. Егер өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген адам отырыстың уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілсе және дәлелсіз себеппен келмесе не тәртіптік комиссияның отырысына қатысудан жазбаша бас тартса, қызметтік тергеп-тексеру материалдарын оның қатысуынсыз қарауға жол беріледі.
6. Өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген адам тәртіптік комиссия отырысының өтетін уақыты мен орны туралы, бірақ ол өткізілетін күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей хабардар етіледі.
7. Тәртіптік комиссия қызметтік тергеп-тексеру материалдарын қарайды және теріс қылыққа қатысты фактілерді зерттейді, жүргізілген қызметтік тергеп-тексерудің нәтижелері туралы баяндамашыны (қызметтік тергеп-тексеру жүргізген адамды), өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген адамның түсініктемелерін, сондай-ақ басқа да адамдардың түсініктерін тыңдайды.
8. Ұсынылған материалдарды қарау қорытындылары бойынша тәртіптік комиссия мынадай шешімдердің бірін шығарады:
1) құқық қорғау органының басшысына немесе уәкілетті басшыға өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген адамға тәртіптік жазаның тиісті шарасын қолдануды ұсыну;
2) құқық қорғау органының басшысына немесе уәкілетті басшыға тәртіптік іс жүргізуді тоқтатуды ұсыну.
9. Тәртіптік комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған тәртіптік комиссияның отырысқа қатысқан мүшелері санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
Дауыстар тең болған кезде тәртіптік комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
10. Тәртіптік жаза қолдану туралы шешім құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшының бұйрығымен ресімделеді.
11. Қызметкер өзіне қолданылған тәртіптік жазаға жоғары тұрған лауазымды адамға не сотқа шағым жасауға құқылы. Тәртіптік жаза қолдану туралы шешімге шағымдану оның орындалуын тоқтата тұрмайды.»;
40) 62-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігіндегі «, біліктілік сыныбы» деген сөздер алып тасталсын;
12-тармақтың 41) тармақшасының бірінші - төртінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
41) 64-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік «үстемеақыларды» деген сөзден кейін «, сондай-ақ басқа да үстемеақыларды, қосымша ақыларды» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «үстемеақылар» деген сөзден кейін «, сондай-ақ басқа да үстемеақылар, қосымша ақылар» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы «, сыныптық шені немесе біліктілік сыныбы» деген сөздер «немесе сыныптық шені» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың 41) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, оның ішінде қызмет өткеру уақытында қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткендердің балаларына жергілікті атқарушы органдар тұрғылықты жері бойынша балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерден кезектен тыс орындар береді.
12-тармақтың 41) тармақшасының сегізінші абзацы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
6. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерін арттыру республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген мөлшерде үш жылда бір рет жүзеге асырылады.»;
12-тармақтың 42) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
42) 65-баптың 2-тармағындағы «жарақаттануына, контузия алуына немесе мертігуіне» деген сөздер «мертігуіне (жаралануына, контузия алуына, жарақаттануына)» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың 43) тармақшасының бірінші абзацы 2020 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
43) 66-бапта:
12-тармақтың 43) тармақшасының екінші абзацы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
1-тармақтағы «мертіккен» деген сөз «мертіккен (жараланған, контузия алған, жарақаттанған)» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың 43) тармақшасының үшінші абзацы 2020 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақтағы «жарақат» деген сөз «науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың 43) тармақшасының төртінші абзацы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
4-тармақтың бірінші абзацындағы «жарақаттануы, жаралануы (контузия алуы), мертігуі, науқастануы» деген сөздер «науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың 43) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарынан шығарылған қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.»;
12-тармақтың 43) тармақшасының жетінші абзацы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
6-тармақтағы «жарақаты, жаралануы (мертігуі), науқастануы» деген сөздер «науқастануы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың 43) тармақшасының сегізінші - оныншы абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Қызметкер қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.
Ай сайынғы ақшалай төлем балаларға (оның ішінде, асырап алған балаларға, бірге тұратын өгей балаларға) - олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіндегі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу орнын күндізгі нысанда аяқтағанға дейін жиырма үш жастан аспайтын шекте, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақылардың төленуіне қарамастан, жұбайына (зайыбына) өмір бойы төленеді.»;
12-тармақтың 44) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
44) 68-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлері, сондай-ақ қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкерлердің отбасы мүшелері басқа бағасы тең болатын тұрғын үй-жай берілмей қызметтік тұрғынжайдан шығарылмайды.»;
12-тармақтың 45) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
45) 69-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Қызметкердің денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залал, сондай-ақ қызметкердің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты оның отбасы мүшелері мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залал бюджет қаражатынан толық көлемде өтеледі, кейіннен бұл сома залал келтірген адамнан өндіріп алынады.
Залалды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
46) 73-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қызметкерге құқық қорғау органдарына қызметке тұрған (қызметтен шығарылған), оқуға түскен (оқуды аяқтаған), сондай-ақ жүктілігіне және босануына байланысты демалысқа (демалыстан) шыққан, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалысының, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыстан шыққан жылындағы ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығын есептеу жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығын он екіге бөлу және алынған күндер санын құқық қорғау қызметіне тұрған (қызметтен шығарылған), оқуға түскен (оқуды аяқтаған), демалысқа шыққан (демалыстан шыққан) жылындағы қызметінің толық айларының санына көбейту арқылы жүзеге асырылады.
Толық емес күндердің санын дөңгелектеу ұлғайту жағына қарай жүргізіледі.
Бұл ретте ұзақтығы күнтізбелік он және одан көп күнге демалыс алуға құқығы бар қызметкерлерге демалысына қосып, жол жүруіне уақыт беріледі.»;
47) 75-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «курсанттары мен тыңдаушыларына» деген сөздер «курсанттарына, магистранттары мен докторанттарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) магистратураны, докторантураны қоспағанда, білім беру ұйымын аяқтауына байланысты ұзақтығы күнтізбелік отыз күн.»;
2-тармақтағы «курсанттары мен тыңдаушыларына» деген сөздер «курсанттарына, магистранттары мен докторанттарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «күндізгі және сырттай оқу нысаны» деген сөздер «күндізгі оқу нысаны, сондай-ақ қашықтан оқыту» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «сырттай оқу нысаны» деген сөздер «қашықтан оқыту» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ алып тасталсын;
12-тармақтың 47) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде немесе Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын шетелдегі жетекші жоғары оқу орындарындағы докторантура (PhD, бейіні бойынша доктор) бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарына түскен қызметкерлерге ақшалай ризық сақталмай, атқарып отырған лауазымынан босатыла және құқық қорғау органдарының кадрында қалдыра отырып, оқу демалысы беріледі.»;
48) 77-баптың 3-тармағында:
бірінші бөліктегі «қарамағына» деген сөз «кадрына» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «, сыныптық шен беру немесе біліктілік сыныбын белгілеу» деген сөздер «немесе сыныптық шен беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың 48) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Құқық қорғау органында атқарып отырған лауазымының қысқартылуымен не өзгертілуімен ұйымдық штаттық іс-шаралар жүргізілген жағдайда, қызметкерге біліктік талаптарына сәйкес келген кезде осы жергілікті жерде басқа бос лауазымға, бірақ бұрын атқарғанынан төмен емес лауазымға ауысу мүмкіндігі беріледі.»;
49) 80-бапта:
1-тармақта:
11) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«11) Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуына байланысты;»;
«15) қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне, қылмыстық істің Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатылуына байланысты;»;
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен және 18) тармақшадағы «байланысты жұмыстар шығарылады.» деген сөздер «байланысты;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтінішхатпен жүгіну фактісі туралы не шетелдік азаматтықты алуға жүгіну фактісі туралы жүгінген күні тікелей басшысына жазбаша нысанда хабарламағаны үшін;»;
«19) қызметкердің бір жұмыс күнінде қатарынан үш және одан да көп сағат бойы дәлелсіз себеппен қызметте болмауына байланысты жұмыстан шығарылады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мынадай әрекеттер, оның ішінде қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты емес, бірақ азаматтардың алдында құқық қорғау қызметінің қадір-қасиеті мен беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер, атап айтқанда: қызметкерлердің қоғамдық орындарда алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде (құқық қорғау органына тиесілігі айналадағыларға анық белгілі) болуы; есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну; алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралын басқару; қызметкердің алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) психотроптық және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін медициналық куәландырудан бас тартуы; қызмет бабын жеке пайдакүнемдік мақсатта пайдалану; құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, курсанттарының арасында жарғыға сәйкес келмейтін, жағымсыз қоғамдық резонанс тудырған қарым-қатынастары құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылықтар болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қызметтік тәртіпті өрескел бұзуға қызметкердің қызметтік міндеттерін адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келген тиісінше орындамауы немесе орындамауы, егер бұл әрекеттер (әрекетсіздік) қылмыстық жауаптылыққа алып келмесе; ереуілдерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерді орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге қатысу, қызметкердің алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде қызметте болуы, оның ішінде жұмыс күні ішінде осындай масаңдануды тудыратын заттарды тұтынуы, қызметкердің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған, қызмет мүдделеріне зиян келтірген қызметтік ақпаратты жария етуі жатады.»;