3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қызметкер осы баптың 1-тармағының 9), 10), 12), 12-1), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыстан шығарылған жағдайда, қызметкердің өз еркімен жұмыстан шығару туралы баянат беруі жұмыстан шығаруды тоқтата тұрмайды және жұмыстан шығару негіздерінің өзгеруіне алып келмейді.»;
50) 81-бапта:
2 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Құқық қорғау органдарында қызметін тоқтатқан қызметкерлер құқық қорғау органдарының кадрынан шығарылады.»;
«6. Осы Заңның 80-бабы 1-тармағының 1), 2, 4) және 18) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қызметтен шығарылатын қызметкерлер шығарылатыны не қызметте болудың шекті жасына толғаны туралы шығарылғанға немесе шекті жасқа толғанға дейін бір айдан кешіктірмей жазбаша хабардар етіледі.
Осы Заңның 80-бабы 1-тармағының 1), 2), 4), 5) және 18) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қызметкерді жұмыстан шығаруды қоспағанда, қызметкерлерді демалыстарда және емдеуде болған кезеңінде жұмыстан шығаруға жол берілмейді.»;
8-тармақтың екінші бөлігіндегі «, сыныптық шені немесе біліктілік сыныбы» деген сөздер «немесе сыныптық шені» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта:
бірінші бөліктегі «, сыныптық шендері немесе біліктілік сыныптары» деген сөздер «немесе сыныптық шендері» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «, сыныптық шендері немесе біліктілік сыныптары» деген сөздер «немесе сыныптық шендері» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың 50) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Құқық қорғау қызметін өткеру кезеңінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасымен наградталған құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жұмыстан шығарылған кездегі біржолғы жәрдемақы мөлшері айлық ақшалай қамтымның екі есе мөлшеріне ұлғайтылады.»;
51) 82-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын;
52) 84-бапта:
үшінші, төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заңның күші, осы Заңның 3, 4, 5, 9, 33-1, 45-1-баптарын, 60-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 7) және 8) тармақшаларын, 61-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5,) 6) және 8) тармақшаларын, 69-бабының 3) және 3-1) тармақшаларын, 72-бабының 5-тармағын, 75-бабын, 80-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасын, 83-бабын қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерьлік қызметіне және оның қызметкерлеріне қолданылады.
Осы Заңның 59-бабының, 60-бабы 1-тармағы 1), 5) және 6) тармақшаларының, 1-1, 1-2 және 2-тармақтарының, 61-бабының 1-тармағы 2), 2-1) және 7) тармақшаларының, 2-тармағының және 62-бабының күші Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерьлік қызметінің қызметкерлеріне олардың мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ете отырып, үкіметтік курьерлік байланысты жүзеге асыру жөніндегі қызметтік міндеттерін орындауына байланысты қолданылады.
Осы Заңның күші, осы Заңның 3, 5, 45-1, 59, 60, 61, 62-баптарын, 69-бабының 3 және 3-1-тармақтарын, 80-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасын, 83-бабын қоспағанда, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын азаматтық қорғау органдарына және олардың қызметкерлеріне қолданылады.»;
12-тармақтың 20) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі, қаржы полициясы, азаматтық қорғау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының 2003 және 2016 жылдар аралығындағы кезеңде қызметтен шыққан, жұмыстан шығарылған күні жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, соның кемінде он екі жыл және алты айын үзіліссіз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерьлік қызметтегі қызмет құрайтын және құқық қорғау органдарында қызметте болудың шекті жасына жету бойынша не штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты жұмыстан шығарылған қатардағы және кіші басшы құрамдардағы қызметкерлердің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқығы бар. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері қызметтен шығарылған күнге белгіленеді және төлем Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген арттырулар ескеріле отырып, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасаған күннен бастап жүзеге асырылады.».
13-тармақ 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
13. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 77-бап мынадай мазмұндағы 11 және 12-тармақтармен толықтырылсын:
«11. Қызмет міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша қызметтен шығарылған курсанттарға, тыңдаушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.
12. Курсант, тыңдаушы қызмет міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, қаза тапқан (қайтыс болған) курсанттың, тыңдаушының отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.
Ай сайынғы ақшалай төлем балаларға (оның ішінде асырап алған балаларына, бірге тұратын өгей балаларына) - олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіндегі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу орнын күндізгі нысанда аяқтағанға дейін жиырма үш жастан аспайтын шекте, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақылардың төленуіне қарамастан, жұбайына (зайыбына) өмір бойы төленеді.»;
2) 78-бап мынадай мазмұндағы 11 тармақпен толықтырылсын:
«11. Қызметкер қызмет міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.
Ай сайынғы ақшалай төлем балаларға (оның ішінде асырап алған балаларына, бірге тұратын өгей балаларына) - олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіндегі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу орнын күндізгі нысанда аяқтағанға дейін жиырма үш жастан аспайтын шекте, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақылардың төленуіне қарамастан, жұбайына (зайыбына) өмір бойы төленеді.»;
3) 80-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Арнаулы мемлекеттік органдардан қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша шығарылған қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.».
14-тармақ 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 51-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.»;
2) 52-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші, мерзімді қызметтің әскери қызметшісі, курсант, кадет, әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.
Ай сайынғы ақшалай төлем балаларға (оның ішінде асырап алған балаларына, бірге тұратын өгей балаларына) - олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіндегі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу орнын күндізгі нысанда аяқтағанға дейін жиырма үш жастан аспайтын шекте, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақылардың төленуіне қарамастан, жұбайына (зайыбына) өмір бойы төленеді.».
15-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
15. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
64-бапта:
1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерьлік қызметтегі қызметте кемінде жиырма бес жыл еңбек сіңірген, штаттың қысқартылуына немесе өз еркі бойынша немесе денсаулық жағдайына байланысты не құқық қорғау органы таратылған кезде шығарылған;
3) жиырма бес және одан көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемінде он екі жыл және алты айын үзіліссіз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерьлік қызметтегі қызмет құрайтын және әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерьлік қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекті жасына толуына не штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты не құқық қорғау органы таратылған кезде шығарылған әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерьлік қызмет қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.»;
2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерьлік қызметтегі қызметте кемінде жиырма бес жыл еңбек сіңірген, штаттың қысқартылуына, құқық қорғау органының таратылуына не өз еркі бойынша не жұмысын жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуіне байланысты шығарылған;
3) жиырма бес және одан көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемінде он екі жыл және алты айын үзіліссіз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерьлік қызметтегі қызмет құрайтын және штаттың қысқартылуына, құқық қорғау органының таратылуына не жұмысын жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуіне байланысты шығарылған не арнаулы атақтарға немесе сыныптық шендерге ие болу, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған кезде тіркелген арнаулы атағы немесе сыныптық шені бойынша құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа толған, арнаулы атақтарға және сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.».
16. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 9-баптың 2-тармағында:
3-1) тармақшадағы «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімімен келісу бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Қазақстан Республикасының Президентіне Ішкі істер министрінің орынбасарлары, Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымдарына тағайындауға ұсыну енгізеді;»;».
2) 11-баптың 25) тармақшасында:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымдар номенклатурасын, ішкі істер органдарындағы лауазымдар санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын;»;
бесінші абзац алып тасталсын;
отыз үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сынаудың криминалистік талаптары мен әдістері, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытындылар беру қағидалары;»;
16-тармақтың 3) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
3) 17-баптың 2-тармағындағы «тұрақты орналасқан пунктінен тыс жерде» деген сөздер алып тасталсын;
4) 21-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе. Осы баптың 2-тармағында ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелері деп: жұбайы (зайыбы), ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің кәмелетке толмаған балалары (асырап алған, асырауындағы немесе қорғаншылықтағы); білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын жиырма үш жасқа дейінгі балалар (асырап алған, асырауындағы немесе қорғаншылықтағы) және жұбайының (зайыбының) балалары; он сегіз жасқа дейін мүгедектік белгіленген мүгедектігі бар балалар (асырап алған, асырауындағы немесе қорғаншылықтағы) және жұбайының (зайыбының) мүгедектігі бар балалары; қызметкердің асырауындағы ата-аналары және жұбайының (зайыбының) ата-аналары түсініледі.
Ішкі істер органдары қызметкерінің асырауындағы адамдар деп оның кірісі есебінен өмір сүретін және дербес кіріс көзі жоқ отбасы мүшелері танылады.»;
5) 22-бапта:
2, 3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
ескерту алып тасталсын.
17. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-бапта:
1-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірлескен шешімдерінде айқындалатын тәртіппен шекаралық іздестірулерге және операцияларға қатысуға құқылы;»;
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) Ұлттық ұланға жүктелген міндеттерді орындау мақсатында пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалануға;»;
26) тармақша алып тасталсын;
2) 6-баптың 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұлттық ұланның Комитет құқығындағы Бас қолбасшылығы Ұлттық ұланды әскери басқарудың жедел-стратегиялық органы болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы басқарады.»;
«4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысына тікелей бағынатын құрамалар мен әскери бөлімдерді қоспағанда, құрамалар мен әскери бөлімдер Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарының құрамына кіреді.»;
3) 8-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы»;
1-тармақ «босататын» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары -» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы:»;
4) 12-баптың 7) тармақшасы «Президентіне» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары -» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 15-баптың 1) тармақшасындағы «Ұлттық» деген сөз «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 22-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің осы Заңда арнаулы құралдарды, қызметтік иттерді, қаруды, әскери және арнаулы техниканы қолдану рұқсат етілген барлық жағдайда дене күшін қолдануға құқығы бар.»;
7) 23-бапта:
1-тармақта:
1) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеке тұлғаларға жасалған шабуылды тойтару;»;
«6) әскери қалашықтарға, уақытша орналасу пункттеріне, әскери эшелондарға (көлікке) және көлік колонналарына, Ұлттық ұлан күзететін объектілерге жасалған шабуылдарды тойтару;»;
9) тармақшадағы «тоқтату үшін арнаулы құралдарды қолдануға құқығы бар.» деген сөздер «тоқтату;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) Ұлттық ұлан әскерлері күзететін объектілерді, құрылысжайларды қорғау, құқыққа қарсы әрекеттер жасайтын топтардың қозғалысын бұғаттау;
11) әскери бөлімдер, мемлекеттік күзетуге жататын объектілер аумағының үстінен, сондай-ақ Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің міндеттерді орындау аудандарында пилотсыз ұшу аппараттарының әуе кеңістігін бұзуының жолын кесу үшін арнаулы құралдарды қолдануға құқығы бар.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қолданатын арнаулы құралдар ретінде:
1) осы баптың 1-тармағының 1) - 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда - арнаулы таяқтар;
2) осы баптың 1-тармағының 1) - 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда - көзден жас ағызатын (тітіркендіретін) әсері бар құралдар;
3) осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) 5) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда - қол кісендері қолданылуы мүмкін. Қол кісендері болмаған кезде әскери қызметшілер байлау үшін қолда бар құралдарды пайдалануға құқылы;
4) осы баптың 1-тармағының 1), 4), 6), 7) және 8)тармақшаларында көзделген жағдайларда - назар аударту әсері бар жарық-дыбыс құралдары;
5) осы баптың 1-тармағының 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда - тосқауылдарды бұзу құралдары;
6) осы баптың 1-тармағының 6), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда - көлікті мәжбүрлеп тоқтату құралдары;
7) осы баптың 1-тармағының 6), 8) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда - Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күзететін объектілерді (аумақтарды) қорғау, құқыққа қарсы әрекеттер жасайтын топтардың қозғалысын бұғаттау құралдары;
8) осы баптың 1-тармағының 6), 7), 8) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда - жарық және акустикалық арнаулы құралдар;
9) осы баптың 1-тармағының 6), 8) және 11) тармақшаларында көзделген жағдайларда - пилотсыз ұшу аппараттарына қарсы іс-қимылдың арнаулы техникалық құралдары қолданылуы мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қызметтік иттер осы баптың 1-тармағының 1) - 10) тармақшаларында көзделген жағдайда қолданылады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Арнаулы құралдардың барлық түрі және қызметтік иттер осы Заңның 24-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда да қолданылуы мүмкін.»;
5-тармақ «құралдарды» деген сөзден кейін «және қызметтік иттерді» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 24-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы «азаматтарды» деген сөз «жеке тұлғаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «түрмелердегі,» деген сөз алып тасталсын;
5) және 7) тармақшалардағы «азаматтардың» деген сөз «жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы «азаматтарға немесе Ұлттық ұланның және құқық қорғау органдарының» деген сөздер «жеке тұлғаларға немесе Ұлттық ұланның» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшада:
«қалашықтарға,» деген сөзден кейін «уақытша орналасу пункттеріне,» деген сөздермен толықтырылсын;
«азаматтардың тұрғын үй-жайларына» деген сөздер «жеке тұлғалардың тұрғынжайларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшадағы «Ұлттық ұланның әскери қызметшісінің және (немесе) ішкі істер органдары қызметкерінің, өзге де адамдардың» деген сөздер «жеке тұлғалардың немесе Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) және 13) тармақшалардағы «азаматтарды», «азаматтардың» деген сөздер тиісінше «жеке тұлғаларды», «жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) тармақшадағы «жолын кесу үшін қару қолдануға құқығы бар.» деген сөздер «жолын кесу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) әскери бөлімдер, мемлекеттік күзетуге жататын объектілер аумағының үстінен, сондай-ақ Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің міндеттерді орындау аудандарында, егер олардың әуе кеңістігінде болуын өзге құралдармен тоқтату мүмкін болмаса, пилотсыз ұшу аппараттарының әуе кеңістігін бұзуының жолын кесу үшін қару қолдануға құқығы бар.»;
9) 25-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшадағы «, әскери техниканы» деген сөздер «және әскери мүлікті» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «азаматтардың» деген сөз «жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «төтенше жағдай режимі кезінде» деген сөздер «Ұлттық ұланға жүктелген міндеттерді орындау кезінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшада:
«қалашықтарға,» деген сөзден кейін «уақытша орналасу пункттеріне,» деген сөздермен ауыстырылсын;
«азаматтардың тұрғын үй-жайларына» деген сөздер «жеке тұлғалардың тұрғынжайларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «басу үшін қолданылады.» деген сөздер «басу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
6) әскери бөлімдер, мемлекеттік күзетуге жататын объектілер аумағының үстінен, сондай-ақ Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің міндеттерді орындау аудандарында, егер олардың әуе кеңістігінде болуын өзге құралдармен тоқтату мүмкін болмаса, пилотсыз ұшу аппараттарының әуе кеңістігін бұзуының жолын кесу үшін қолданылады.
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңның 23-бабы 1-тармағының 4), 5) 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда, әскери бөлім (бөлімше) командирінің немесе оның орынбасарының нұсқауы бойынша әскери және арнаулы техника қолданылуы мүмкін.».
18. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Құқық қорғау органдарына қызметке кіретін азаматтар, мыналарды:
1) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетін;
2) қатардағы және кіші басшы құрамдар лауазымдарына алғашқы кәсіптік даярлыққа түсетін;
3) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 8-тармағында, 7-бабының 3-тармағында және 7-1-бабының 1-тармағында көзделген адамдарды қоспағанда, уәкілетті органда тестілеуден, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан өтеді.
Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу тәртібі мен бағдарламаларын құқық қорғау органдарымен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайды.».
19. «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-бап мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын: