«11-1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру қағидаларын бекітеді;»;
2) 6-бап мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру қағидаларын әзірлейді»;».
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2020 жылғы 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 12-тармағы 43) тармақшасының бірінші және үшінші абзацтарын;
2) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 12-тармағы 43) тармақшасының бесінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 13 және 14-тармақтарын;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын, 2) және 3) тармақшаларын, 4) тармақшасының сегізінші - он алтыншы абзацтарын, 6), 8), 10) және 11) тармақшаларын, 10-тармағының 3) тармақшасын, 11-тармағын, 12-тармағы 14) тармақшасының бірінші - төртінші абзацтарын, 15) тармақшасын, 41) тармақшасының бірінші - төртінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 42) тармақшасын, 43) тармақшасының екінші, төртінші және жетінші абзацтарын, 44) және 45) тармақшаларын, 47) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтарын, 48) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 50) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтарын, 52) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 15-тармағын, 16-тармағының 3) тармақшасын;
4) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 12-тармағы 41) тармақшасының сегізінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне белгіленген біліктілік сыныптарында болу мерзімі тиісті арнаулы атақтардағы немесе сыныптық шендердегі еңбек сіңіру мерзіміне есептеледі деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 11 шілде
№ 136-VІІ ҚРЗ