3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қаруды иемденіп алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасының азаматы тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органына белгіленген нысанда өтінішті, денсаулық сақтау сала сындағы уәкілетті орган белгілеген қаруды иеленуге қарсы көрсетілімдерінің жоқ екені туралы медициналық қорытынды мен азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушыларын азаматтық және қызметтік қарумен қауіпсіз жұмыс істеу қағидаларын білуге даярлау және қайта даярлау бағдарламасынан өткені туралы анықтаманы ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес азаматтық және қызметтік қарудың, азаматтық пиротехникалық заттардың айналымы салаларындағы рұқсаттарды алу үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесін, медициналық қарап-тексеруден өту тәртібін, сондай-ақ оның мерзімділігін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
7) 17-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қаруды пайдаланушылар - заңды тұлғалар:
1) қаруды арнайы жабдықталған қоймаларда (қару-жарақ бөлмелерінде) атуға жарамсыз күйде сақтауға;
2) оқ атуға тікелей қатысатын қарудың негізгі (құрамдас) бөліктерін жеке сейфтерде сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылауындағы объектілердің аумағына және қару сақталатын орындарға ішкі істер органдары қызметкерлерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге, танысу үшін оларға қажетті құжаттаманы ұсынуға міндетті.»;
8) 18-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Атыс қаруын қолданып аң аулау қағидаларын жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді. Спортпен шұғылдану кезінде және жаттығу мақсаттарында қару қолдану қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
9) 19-бапта:
4-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ішкі істер органдары алдын ала тоқтата тұрмай азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы рұқсаттардың қолданысын тоқтатуды:»;
4), 5) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 462, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493, 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған;
5) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 73-1, 73-2, 453, 461, 476, 477, 478 және 488-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасалған;»;
«8) азаматтық және қызметтік қару азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың айналымы саласындағы техникалық регламентке және криминалистикалық талаптарға сәйкес келмеген;»;
9) тармақшадағы «есепте тұрған жағдайларда тоқтатады.» деген сөздер «есепте тұрған;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10), 11), 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) тіркелген қаруды қайтадан жоғалтқан;
11) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
12) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша қорғау нұсқамасы шығарылған;
13) егер қаруды иеленуге медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда жүргізеді. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган мен қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл, оның ішінде қару иелері туралы, ресімделген медициналық қорытындылар, сондай-ақ болған кезінде қаруды иеленуге болмайтын қару иесінде анықталған аурулар туралы мәліметтер алмасу мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.»;
екінші бөліктегі «қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге арналған» деген сөздер «азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ішкі істер органдары осы баптың 1 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларда, сол сияқты қарудың, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты ауыр, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ террористік, экстремистік қылмыстар жасағаны үшін алып тасталған немесе өтелген сотталғандығы бар адамдарға азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы рұқсаттар беруден бас тартады.»;
10) 20-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацы «рұқсат» деген сөзден кейін «немесе қаруды иесіне тіркеу» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 21-баптың бірінші бөлігі «негізгі» деген сөзден кейін «(құрамдас)» деген сөзбен толықтырылсын;
12) 22-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қаруды оқ атуға мүмкіндік беретін күйінде сауда залына, арнайы жабдықталған қоймаға (қару-жарақ бөлмелерінде) қоюға тыйым салынады.»;
13) 29-баптың 1-тармағының 8) және 8-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«8) криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдістерін әзірлейді;»;
«8-2) криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдістерін бекітеді;».
5. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
13-1-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жаппай тәртіпсіздіктерден; ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстардан; жекелеген жергілікті жерлерді, аса маңызды және стратегиялық объектілерді қоршап алудан немесе басып алудан; заңсыз қарулы құралымдарды ұйымдастырудан және олардың қызметінен туындаған әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдар кезінде терроризмге қарсы операцияны жүргізу туралы шешім әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдардың алдын алу және оларды жою мақсатында құрылған республикалық және (немесе) өңірлік жедел штабтармен келісілгеннен кейін қабылданады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Төтенше жағдай режимі кезінде терроризмге қарсы операцияны жүргізу туралы шешім Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиямен немесе жергілікті жердің комендантымен келісілгеннен кейін қабылданады.»;
мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Жедел штабтың басшысы:
1) терроризмге қарсы операцияның жүргізілу аймағының шекарасын, басталу және аяқталу уақытын айқындайды, берілген күштер мен құралдарды пайдалану бағыттары мен шектері туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте терроризм актісінің қоғамдық қауіптілігінің ауқымдары мен дәрежесіне, күтілетін теріс салдарына қарай, көрсетілген шешімдерді - әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдың алдын алу және оны жою мақсатында құрылған республикалық немесе өңірлік жедел штабпен, төтенше жағдай режимі кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиямен немесе жергілікті жердің комендантымен келіседі;
2) бұқаралық ақпарат құралдарының және жұртшылықтың өкілдерімен байланыста болу үшін жауапты жедел штабтың өкілін айқындайды;
3) терроризмге қарсы операцияны жүргізу туралы шешім қабылдайды және жауынгерлік өкім (жауынгерлік бұйрық) береді.
7. Осы баптың 2, 3-тармақтарында және 6-тармағының 1) тармақшасында көзделген, терроризмге қарсы операцияны жүргізуді келісу жөніндегі міндеттер күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі терроризмге қарсы операцияларға қолданылмайды.».
6. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
29-баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасы алып тасталсын.
7. «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
7-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
«1-1) әлеуметтік-экономикалық саладағы дағдарыстық ахуал - елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төнген және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының салық, бюджет, кеден, банк, еңбек, валюта заңнамасының, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы, денсаулық сақтау саласындағы, мемлекеттік сатып алу туралы, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы, азаматтарды әлеуметтік қорғау салаларындағы, мемлекеттік мүлік туралы, мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша заңнамасының қолданылу, елдің халықаралық міндеттемелерін іске асыру ерекшеліктері белгіленуі мүмкін ахуал;
1-2) дағдарыстық ахуал - адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын, қауіпсіздік пен құқық тәртібін қалпына келтіру үшін уақытша шектеулер қолдану, ал ерекше жағдайларда төтенше ахуал немесе төтенше жағдай режимін енгізу және осы Заңда көзделген негізгі және қосымша шараларды қолдану талап етілетін ахуал;»;
7-тармақтың 2) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
2) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше жағдай және әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал режимдерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктері
Қазақстан Республикасының Президенті азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғау мақсатында:
1) дағдарыстық ахуалды оқшаулау және жою кезінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бірлескен іс-қимыл жасау тәртібін айқындайтын қағидаларды бекітеді;
2) республикалық және өңірлік жедел штабтар туралы ережені бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
7-тармақтың 3) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
3) 3-1-баптың 1, 2 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдың құқықтық режимі әлеуметтік сипаттағы төтенше мән-жайлардың алдын алуды және оларды жоюды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың шұғыл ден қоюы мен жұмыс істеуінің айрықша режимін білдіреді және жеке және заңды тұлғаларға қосымша міндеттер жүктей отырып, олардың құқықтары мен бостандықтарына жекелеген уақытша шектеулерді белгілеуге жол береді.
Әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдың мән-жайлары төтенше жағдай енгізуге негіз болып табылуы мүмкін.
Әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдың құқықтық режимі Қазақстан Республикасының демократиялық институттарына, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, оның азаматтарының қауіпсіздігіне қатер төнген және оны оқшаулау мен жоюды төтенше жағдай енгізілген кезде қолданылатын негізгі, қосымша шаралар мен уақытша шектеулер енгізбестен, әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органдардың күшімен және құралдарымен жүзеге асыру мүмкін болатын жағдайда енгізіледі.
2. Әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдың құқықтық режимі жекелеген жергілікті жерлерде әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік орган немесе облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жедел штаб басшысының шешімімен енгізіледі.»;
«6. Әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдың құқықтық режимінің қолданылу мерзімі оны енгізуге негіз болған мән-жайларды жою мерзімінен аспауға тиіс.
Осы жергілікті жерде немесе Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше жағдай режимі енгізілген жағдайда әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдың құқықтық режимінің күші жойылды деп есептеледі.»;
4) 3-2 және 3-3-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«3-2-бап. Мемлекеттік органдардың әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдардың алдын алу және оларды жою жөніндегі құзыреті
1. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары шектес мемлекеттер аумақтарынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы жаппай өтуден; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге әрекеттенуден; терроризм актілерінен; билікті күштеп басып алуға немесе Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып, билікті күштеп ұстап тұруға бағытталған әрекеттерден; диверсиялардан; қарулы бүліктен туындаған төтенше ахуалдарды анықтайды, олардың алдын алады және жолын кеседі.
Бұл ретте жергілікті атқарушы орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдарды жою жөніндегі мемлекеттік орган болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жаппай тәртіпсіздіктерден; ұлтаралық және конфессияаралық жанжалдардан; жекелеген жерлерді, аса маңызды және стратегиялық объектілерді қоршап алудан немесе басып алудан; заңсыз қарулы құралымдардың ұйымдасуынан және қызметінен туындаған төтенше ахуалдардың алдын алады және оларды жоюды жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қарулы қақтығысты күштеп таңу мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан болған арандатушылық әрекеттерден, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзудан туындаған әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдардың алдын алуға және оларды жоюға қатысады.
4. Әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық органдарының басшылары осы мемлекеттік органдарға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады.
7-тармақтың 4) тармақшасының сегізінші - он алтыншы абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
3-3-бап. Жедел штабтар
1. Әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдардың алдын алу және оларды жою мақсатында тұрақты жұмыс істейтін республикалық және өңірлік (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жедел штабтар құрылады.
2. Жедел штабтар басшыдан, басшының орынбасарларынан, оның ішінде бір бірінші орынбасарынан және штаб мүшелерінен тұрады.
Жедел штабтардың құрамына әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органдардың басшылары немесе өкілдері жедел штаб басшысының орынбасарлары ретінде, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.
3. Республикалық және өңірлік жедел штабтардың шешімдері орындау үшін міндетті болып табылады.
4. Жедел штабтар өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
5. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтар «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылады.
Әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал енгізілген жергілікті жерде күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шаралары өткізілген жағдайда, күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі жедел штабтар «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әрекет етеді.
Күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі жедел штабтың шешімі бойынша «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін, күзетілетін объектілердің күзетілуі мен қорғалуын қамтамасыз ету мүддесінде басқа да мемлекеттік органдардың қажетті күштері мен құралдары қосымша тартылуы мүмкін.»;
5) 3-4-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «жеке» деген сөз «мемлекеттік органдарды қоспағанда, жеке» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 6) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
6) 1-1-тарау мынадай мазмұндағы 3-5-баппен толықтырылсын:
«3-5-бап. Әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал режимін қамтамасыз етуге арналған күштер мен құралдар
1. Әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал режимін қамтамасыз ету үшін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның және басқа да мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары пайдаланылады.
2. Қажет болған жағдайларда «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы негізінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мынадай міндеттерді орындау үшін:
1) жергілікті жерге кірудің және одан шығудың ерекше режимін қолдауға;
2) ерекше режимдік, режимдік және ерекше қорғалатын объектілерді, халықтың тыныс-тіршілігін және көліктің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілерді, адамдардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіретін объектілерді күзетуге;
3) арнаулы құралдарды, қаруды қолдану, сондай-ақ әскери және басқа да техниканы пайдалану арқылы күш көрсету әрекеттері орын алған жанжалдарға қатысқан тайталасушы тараптарды айыруға;
4) заңсыз қарулы құралымдар әрекетінің жолын кесуге қатысуға;
5) ішкі істер органдарымен бірлесіп патрульдеуге және жаппай тәртіпсіздіктерді оқшаулауға қолданылуы мүмкін.
3. Осы баптың 2-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген міндеттерді Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп орындайды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының дене күшін, арнаулы құралдарды, қызметтік иттерді, қаруды қолдану, әскери техниканы пайдалану шарттарына, тәртібі мен шектеріне қатысты бөлігіндегі ережелері қолданылады.»;
7) 4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төтенше жағдай Қазақстан Республикасының демократиялық институттарына, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, оның азаматтарының қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қауіп төнген, мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылған жағдайда енгізіледі және оларды оқшаулау мен жою үшін негізгі, қосымша шаралар мен уақытша шектеулер енгізу қажет.»;
7-тармақтың 8) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
8) 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай енгізілген кезде Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен құрылады.»;
9) 12-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) Қазақстан Республикасының Президентіне төтенше жағдай енгізілген жергілікті жерде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, осы Заңда көзделген қосымша шаралар мен уақытша шектеулерді қолдану қажеттігі туралы ұсыныстармен жүгінеді, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
8) жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, аумақтық ішкі істер органдардың, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің, төтенше жағдай енгізілген жергілікті жерде орналасқан (орналасатын) әскери құралымдардың және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін қосымша тартылатын мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді.»;
7-тармақтың 10) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
10) 12-1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Заңның 3-2-бабының 2-тармағына сәйкес негіздер бойынша төтенше жағдай режимі енгізілген кезде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Мемлекеттік комиссияның төрағасы болып тағайындалады.
Қазақстан Республикасының Президенті ахуалдың өршуін талдауды негізге ала отырып, өз қалауы бойынша кез келген мемлекеттік органның өкілін Мемлекеттік комиссияның төрағасы етіп тағайындауға құқылы.»;
3-тармақта:
бірінші сөйлемдегі «жарлықтар мен өкімдердің тиісті» деген сөздер «тиісті ұсыныстарды, жарлықтар мен өкімдердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлемдегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен Премьер-Министрі өкімдерінің тиісті» деген сөздер «тиісті ұсыныстарды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен Премьер-Министрі өкімдерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 11) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
11) 13-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Президенті төтенше жағдай енгізілген жергілікті жердегі ахуалдың өршуін талдауды негізге ала отырып, өз қалауы бойынша кез келген мемлекеттік органның өкілін жергілікті жердің коменданты етіп тағайындауға құқылы.»;
2-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ұйымдардың басшыларын өз міндеттерін, коменданттың бұйрықтары мен өкімдерін тиісінше орындамауына байланысты төтенше жағдайдың қолданысы кезеңінде жұмысынан шеттетеді, бұл жөнінде Мемлекеттік комиссияға хабарлайды;»;
5) тармақша «жергілікті жерде» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер органдарының, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің, төтенше жағдай енгізілген жергілікті жерде орналасқан (орналасатын) әскери құралымдардың және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін қосымша тартылатын мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;»;
12) 14-бапта:
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілмей» деген сөздер алып тасталсын.
5) тармақшадағы «қатысуға қолданылуы мүмкін.» деген сөздер «қатысуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) ішкі істер органдарымен бірлесіп патрульдеуге және жаппай тәртіпсіздіктерді оқшаулауға қолданылуы мүмкін.»;
3-тармақ «шекарасын» деген сөзден кейін «, сондай-ақ халықаралық әуежайларды» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 14-1-баптың 1-тармағындағы «үкіметтік» деген сөз «президенттік және үкіметтік» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 3-тарау мынадай мазмұндағы 14-2-баппен толықтырылсын:
«14-2-бап. Күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекшеліктері
1. Төтенше жағдай енгізілген жергілікті жерде күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын өткізу қажет болған жағдайда «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі жедел штабтар әрекет етеді.
2. Күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі жедел штабтың шешімі бойынша «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін, күзетілетін объектілердің күзетілуі мен қорғалуын қамтамасыз ету мүддесінде басқа да мемлекеттік органдардың қажетті күштері мен құралдары қосымша тартылуы мүмкін.»;
15) 15-баптың 1-тармағында:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ереуілдерге тыйым салу;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, құқық қорғау органдарына және арнаулы мемлекеттік органдарға, сондай-ақ төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайларды жою жөніндегі іс-шараларға тартылған басқа да мемлекеттік органдарға ведомстволық бағыныстыларды қоспағанда, заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұру немесе тоқтату;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) президенттік және үкіметтік байланысты қоспағанда, байланыс желілері мен құралдарының қызметін тоқтата тұру көзделеді.»;