Поиск 
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Сохранить(документ)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

Cоғыс жағдайы туралы Қазақстан Республикасының 2003 ж. 5 наурыздағы № 391-II Заңы (2022.11.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Cоғыс жағдайы туралы
Қазақстан Республикасының 2003 ж. 5 наурыздағы № 391-II Заңы

(2022.11.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

3-бап. Соғыс жағдайының құқықтық негіздері

4-бап. Соғыс жағдайын енгізу

5-бап. Соғыс жағдайының кезеңі

2-тарау. Соғыс жағдайы режимі қамтамасыз ету

6-бап. Соғыс жағдайының шаралары

7-бап. Соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету үшін Қарулы Күштерді қолдану, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, сондай-ақ мемлекеттік органдарды тарту

8-бап. Соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету кезінде қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды, сондай-ақ дене күшін қолдану

3-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдарының соғыс жағдайы кезеңіндегі өкілеттіктері

9-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің соғыс жағдайы кезеңіндегі өкілеттіктері

10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің соғыс жағдайы кезеңіндегі құзыреті

10-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті

4-тарау. Соттар мен прокуратура органдарының соғыс жағдайы кезеңіндегі қызметі

11-бап. Соттар мен прокуратура органдарының соғыс жағдайы енгізілген аумақтағы қызметі

5-тарау. Азаматтардың және басқа да адамдардың, ұйымдардың соғыс жағдайы кезеңіндегі міндеттері

12-бап. Азаматтардың және басқа да адамдардың соғыс жағдайы кезеңіндегі міңдеттері

13-бап. Үйымдардың соғыс жағдайы кезеңіндегі міндеттері

14-бап. Қазақстан Республикасының соғыс жағдайы жөніндегі заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық

6-тарау. Қорытынды ережелер

15-бап. Халықаралық міндеттемелердің орыңдалуы

16-бап. Соғыс жағдайының күшін жою

17-бап. Осы Заңды қолданыска енгізу тәртібі

 

 

 

Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазакстан Республикасынын аумағында тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардын (бұдан әрі азаматтар және басқа да адамдар), сондай-ақ мемлекеттік органдардың, әскери басқару органдарының және меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың (бұдан әрі ұйымдар) соғыс жағдайы кезеңіндегі құқықтық қатынастарын реттейді.

Осы Заңның қолданылуы соғыс жағдайы кезеңімен шектеледі.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) агрессия- шет мемлекеттің (мемлекеттер тобының не коалициясының) Қазақстан Республикасының егемендігіне, аумақтык қол сұғылмау-шылығына немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы қарулы күш қолдануы немесе оған Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен сыйыспайтын қандай да болсын басқадай әрекет жасауы.

Соғыстың жариялану-жарияланбауына қарамастан мынадай іс-кимылдардың кез келгені:

шет мемлекеттің қарулы күштерінің Қазақстан Республикасының аумағына басып кіруі, шабуыл жасауы, қарулы күшті қолдана отырып Қазақстан Республикасының аумағын немесе оның бөлігін аннексиялаудың кез келгені;

Қазақстан Республикасынын аумағын бомбалау немесе шет мемлекеттің кез келген қаруды Қазақстан Республикасына қарсы қолдануы;

шет мемлекеттің қарулы күштерінің Қазақстан Республикасының порттарын немесе жағалауларын қоршап алуы;

шет мемлекеттің қарулы күштерінің Қазакстан Республикасының Қарулы Күштеріне, баска әскерлері мен әскери құралымдарына, Қазақстан Республикасының теңізде жүзетін сауда немесе азаматтық авиация кемесіне шабуыл жасауы;

халықаралық шарт бойынша Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шет мемлекеттің карулы күштерін халыкаралық шартта көзделген талаптарды бұза отырып қолдану немесе халыкаралық шарттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейін де олардың Қазакстан Республикасының аумағында болуының кез-келген түрде жалғасуы;

баска мемлекеттің билігіне берілген аумакта, сол мемлекеттің Қазакстан Республикасына қарсы агрессия актісін жасау үшін пайдалануына мүмкіндік жасаушы мемлекеттің іс-қимылы;

мемлекеттің немесе мемлекет атынан Қазақстан Республикасына қарсы тегеурінділігі жоғарыда атап көрсетілген актілерге пара-пар қарулы күш қолдану актілерін жүзеге асыратын қарулы бандалардың, топтардын және тұрақты емес күштердің немесе жалдамалылардың жіберілуі;

шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасының егемендігіне, аумақтық қол сұғылмаушылығына немесе саяси тәуелсіздігіне карсы бағытталған өзге де іс-қимылдары, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының ережелеріне сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының қауіпсіздік Кеңесі агрессия ретінде белгілеген актілер агрессия актісі болып танылады;

2) аннексия- Қазақстан Республикасының аумағын немесе оның бір бөлігін шет мемлекеттің күштеп қосып алуы, басып алуы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) әскери цензура- хабарлар мен материалдардын не олардың жекелеген бөліктерінің таралуына шектеу қою немесе тыйым салу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлар мен материалдарды әскери басқару органдарымен, лауазымды адамдармен олардың талабы бойынша немесе өзге де негіздер бойынша алдын ала келісуі, сондай-ақ мемлекеттік құпиялары бар мәліметтердің жариялануы мен әйгіленуіне жол бермеу мақсатыңда хат-хабар алмасуға, телефон және радио арқылы сөйлесулерге бақылауды жүзеге асыру;

4) соғыс жағдайы - Қазақстан Республикасына қарсы агрессияны не оның кауіпсіздігіне сырттан тікелей төнген қатерді болдырмауға немесе оларға тойтарыс беруге жағдай жасауға бағытталған саяси, экономикалық, әкімшілік, әскери және өзге де шаралар кешенін көздейтін және Қазақстан Республикасының Президенті Республиканың букіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде енгізетін ерекше құқықтық режим;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5) интернирлеу - Қазақстан Республикасына қарсы агрессия жасаған мемлекеттің азаматтарын халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес ұстап алу және арнайы бөлінген қоныстандыру орындарына жабу;

6) коменданттық сағат - соғыс жағдайы кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету, барлаушылық, диверсиялык және баска да дұшпандық әрекеттердің жолын кесу мақсатында қолданылу мерзімдері мен уақыты көрсетіле отырып енгізілетін, халықтың арнайы берілген рұқсат қағаздар мен жеке басты куәландыратын кұжаттарсыз тәуліктің белгіленген уақытында тұрғын үйлерден тыс жерлерде болуына және елді мекендер арасында жүріп-тұруына тыйым салатын шара;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

7) қауіпсіздікке сырттан тікелей төнген қатер - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының қол сұғылмаушылығына төнген қатер және Қазақстан Республикасына қатысты күш қолдану қатері, сондай-ақ шет мемлекеттердің арнайы қызметтері мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың барлаушылық, террористік, диверсиялық және Қазакстанның ұлттық қауіпсіздігіне залал келтіруге бағытталған өзге де әрекеттері;

 ҚР 2005.08.07 № 70-III Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

8) әскери басқару органдары - стратегиялық, жедел-стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық және жергілікті әскери басқару органдары;

2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

9) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаныс кеңесі - соғыс жағдайы кезеңіне құрылатын және әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және арнаулы құралымдарға мемлекет қорғанысы мүдделерінде басшылықты жүзеге асыратын әскери басқару органы.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап, Соғыс жағдайын енгізудің мақсаты

Қазақстан Республикасына қарсы агрессияның жолын кесу немесе оған тойтарыс беру үшін жағдайлар жасау соғыс жағдайын енгізудің мақсаты болып табылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Соғыс жағдайының құқықтық негіздері

Қазақстан Республикасының Конституииясы, осы Заң, өзге де нормативтік құқықтық актілер және Казақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар Қазақстан Республикасындағы соғыс жағдайының құқықтық негіздері болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-бап. Соғыс жағдайын енгізу

1. Қазакстан Республикасына қарсы агрессия жағдайлары не онын қауіпсіздігіне сырттан тікелей төнген қатер Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде соғыс жағдайын енгізу үшін негіз болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Соғыс жағдайы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен енгізіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Соғыс жағдайы енгізілген кезде Қазақстан Республикасының Президенті, егер бұрын жарияланбаған болса, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Қазақстан Республикасы Президентінің соғыс жағдайын енгізу туралы жарлығында:

соғыс жағдайын енгізу үшін негіз болған мән-жайлар;

енгізілген шаралардың және азаматтар мен басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын уақытша шектеулердің тізбесі;

соғыс жағдайы енгізілетін аумақтың шеқаралары;

соғыс жағдайын орнату мен қолдау үшін тартылатын күштер мен құралдар;

соғыс жағдайы қолданыла бастайтын уакыт белгіленеді.

соғыс жағдайын енгізу туралы жарлығынын толық мәтіні дереу радио мен теледидар арқылы таратылуға, сондай-ақ ресми түрде жариялануға тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Қазакстан Республикасының Президентінің соғыс жағдайын енгізү туралы жарлығының толық мәтіні дереу радио мен теледидар арқылы таратылуға, сондай-ақ ресми түрде жариялануға тиіс

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Қазакстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Парламентін соғыс жағдайының енгізілгені және ішінара немесе жалпы мобилизация жарияланғаны туралы дереу хабардар етеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7. Мемлекетті агрессияға тойтарыс беруге әзірлеу тәртібін Қазакстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгілейді.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-бап. Соғыс жағдайының кезеңі

1. Соғыс жағдайының кезеңі соғыс жағдайы енгізілген уақыттан басталады және соғыс жағдайының күші жойылған уақытпен аяқталады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Соғыс жағдайы күшінде болған кезенде азаматтардың және басқа да адамдардың, Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 3-тармағында аталған баптарда көзделген құқықтар мен бостандықтарды қоспағанда, құқықтары мен бостандықтарын, ұйымдардың қызметін шектеу, сондай-ақ оларға осы Заңда белгіленген қосымша міндеттер жүктеу көзделеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Соғыс жағдайы енгізілген жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әскери басқару органдарының өкілеттіктері кеңейтіледі, оларға мемлекеттік билік пен баскару органдарының қорғаныс жене қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы барлык функциялары көшеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, арнаулы мемлекеттік органдары соғыс жағдайы қолданылатын кезеңде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агрессияға тойтарыс беру үшiн қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Соғыс жағдайы күшінде болған кезенде азаматтық және аумақтық қорғаныс шаралары Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес жүргізіледі.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-тарау. Соғыс жағдайы режимі қамтамасыз ету

6-бап. Соғыс жағдайының шаралары

1. Соғыс жағдайы енгізілген аумақта мынадай шаралар қолданылуы мүмкін:

1) Республиканың мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдарын, сондай-ақ экономикасын соғыс жағдайы талаптарына сай жұмыс істеуге көшіру;

2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының жұмылдыра өрістетуін жүргiзу;

3) Қарулы Күштердің мүдделеріне сай міндеттерді орындау үшін арнайы құралымдар жасақтау, экономиканың іркіліссіз жұмысы мен халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету;

4) азаматтық және аумактық қорғаныс іс-шараларын өткізу;

2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу;

6) қоғамдық тәртіптің, сондай-ақ республикалық объектілер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі, коммуналдық объектілер бойынша жергілікті аткарушы органдар белгілейтін тізбелерге сәйкес мемлекеттік және әскери объектілердің, халыктың тыныс-тіршілігін, көлік пен коммуникациялардың жұмысын камтамасыз ететін объектілердің, адамдардың өмірі, денсаулығы және қоршаған орта үшін аса каупті объектілер жұмысының ерекше режимін белгілеу;

8) халыкты, шаруашылық, әлеуметтік және мәдени мақсаттағы объектілерді эвакуациялау, сондай-ақ азаматтарды және басқа адамдарды өмір сүруге қауіпті аудандардан, уақытша немесе тұрақты тұруы және орналасуы үшін оларға міндетті түрде тұрғын үй-жай және тұрғын үйге жатпайтын үй-жай бере отырып, басқа аудандарға уақытша көшіру;

ҚР 2005.08.07 № 70-III Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

9) жеке және занды тұлғалардан қорғаныс мұқтажы үшін қажетті мүлікті, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және жағдайда реквизициялау, оларға реквизицияланған мүлік құнын мемлекеттің өтеуі;

10) соғыс жағдайы енгізілген аумаққа кірудің және одан шығудың ерекше режимін белгілеу және қамтамасыз ету, сондай-ақ жүріп-тұру еркіндігін шектеу;

11) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ұйымдарды, азаматтарды және басқа адамдарды қорғаныс сипатындағы жұмыстарды орындауға, қарсылас жақтың қару қолдануының салдарын жоюға, зақымданған, қираған объектілерді, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіруге, сондай-ақ өртке, эпидемияға, эпизоотияға қарсы күреске қатысуға тарту:

12) соғыс жағдайы енгізілген жерде болатын орын мен тұратын орынды тандауға тыйымдар мен шектеулер белгілеу;

2020.25.05. № 334-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

13) бейбіт жиналыстарды, ереуілдерді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу немесе оларды шектеу;

14) коменданттық сағат белгілеу және әскери басқару органдары мен мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша азаматтардың және басқа да адамдардың құжаттарын тексеруді жүзеге асыруына, олардың жеке басына тексеру жүргізуіне, заттарын, тұрғын үйі мен көлігін тексеріп қарауына, сондай-ақ азаматтарды, басқа да адамдарды және көлік құралдарын ұстап, іркуді жүзеге асыруына құқық беру;

15) қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш және улы заттар сатуға тыйым салу, құрамында есірткі және өзге де күшті есер ететін заттар бар дәрі-дәрмек пен медициналық препараттар, алкоголь өнімдері айналымының ерекше режимін белгілеу;

  • Показать изменения

16) ҚР 2005.08.07 № 70-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

17) баспаханалардың, есептеу орталықтарының және автоматтандырылған жүйелердің, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына бақылау орнату, оларды қорғаныс кажеті үшін пайдалану, сондай-ак олардың қызметін шектеу;

18) әскери цензура енгізу;

19) интернирлеу;

20) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге шығуына тыйым салу немесе шектеу;

21) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда құпиялылық режимін күшейтуге бағытталған қосымша шаралар енгізу;

22) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес соғыс жағдайын қамтамасыз етуге қажетті өзге де шаралар.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Соғыс жағдайы кезеңінде мемлекеттің қорғаныс мүддесіндегі қажеттерін, сондай-ак халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті өнімдер өндіруге, жұмыстар мен кызмет көрсетулерді жүзеге асыруға арналған жағдайларды камтамасыз ету мақсатында экономикалық және қаржылық қызметті жүзеге асыруға; тауарлардың, ақшаның және қызмет көрсетудін бірден бірге еркін өтуіне; ақпаратты іздеуге, алуға, беруге, өндіруге және таратуға; банкроттық рәсімдерін қолданудың тәртібі мен шарттарына; еңбек қызметінің режиміне арналған уакытша шектеулер қоюға байланысты шаралар қолданылуы мүмкін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен Қазакстан Республикасының бүкіл аумағында да, оның жекелеген жерлерінде де қаржы, салық, кеден және банк жүйелерінің жұмыс ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген соғыс жағдайы шараларын жұзеге асыруды регламенттейтін қажетті нормативтік Құқықтык актілер соғыс жағдайының күшінде болу кезеңінде де, ол енгізілгенге дейін де қабылдануы мүмкін.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

7-бап. Соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету үшін Қарулы Күштерді қолдану, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, сондай-ақ мемлекеттік органдарды тарту

  • Показать изменения

1. Соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету кезінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша мынадай негізгі міндеттерді орындау үшін:

1) соғыс жағдайы енгізілген аумаққа кірудің және ол аумақтан шығудың ерекше режимін сақтау, сондай-ақ ондағы жүріп-тұру еркіндігін шектеу;

2) халықты құтқару мен эвакуациялауға, авариялык-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға, санитариялык-эпидемияға қарсы, эпизоотияға қарсы және басқа да шараларды өткізуге қатысу;

2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3) күзетілетін адамдар мен күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік және әскери объектілерді, халықтың тыныс-тіршілігін, көлік пен коммуникациялардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, сондай-ақ адамдардың өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға жоғары қауіп төндіретін объектілерді күзету;

4) қоғамдық тәртіп пен кауіпсіздікті сақтау, соғыс жағдайы шараларын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізуге катысу;

2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5) заңсыз қарулы құралымдардың. террористердің, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарында, әскери басқару органдарында қызметі Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қаупсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталғандығы туралы анык мәліметтер бар қоғамдық және діни бірлестіктер, шетелдік және халыкаралық ұйымдар әрекеттерінің жолын кесу үшін Қарулы Күштер қолданылады, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар тартылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі жұмылдыру және соғыс жағдайы кезеңдерінде Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарына сәйкес күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін, күзетілетін объектілердің күзетілуі мен қорғалуын қамтамасыз ету мүдделерінде Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының қажетті күштері мен құралдарын пайдалануға құқылы.

  • Показать изменения

Күзету іс-шараларын өткізу жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адам күзет іс-шаралары өткізіле басталғаннан бастап және олар аяқталғанға дейін оларды өткізуге тартылған барлық әскери қызметшілерге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен мамандарына басшылықты жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Соғыс жағдайы шараларын қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекеттік органдардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8-бап. Соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету кезінде қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды, сондай-ақ дене күшін қолдану

1. Соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету үшін тартылып отырған әскери қызметшілерге және мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін орындау кезінде қару-жарақ, әскери техника, арнайы құралдар алып жүру, сақтау, қолдану, сондай-ақ дене күшін қолдану құқығы беріледі.

Аталған адамдар дене күшін, арнайы құралдарды, қару-жарақты және соғыс техникасын қолдануға байланысты келтірілген зиян үшін, егер келтірілген зиян төнген кауіптің сипаты мен дәрежесіне сәйкес болса, жауапты болмайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Соғыс жағдайы режимін камтамасыз ету үшін тартылған әскери қызметтер мен мемлекеттік органдар қызметкерлері дене күшін, арнайы құралдарды, қару-жарақты немесе соғыс техникасын:

1) мемлекеттік және әскери объектілерге, азаматтарға және басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшін;

2) әскери қызметшілер мен мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, сондай-ақ азаматтардың және басқа да адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қарсылықты болғызбау үшін;

3) өздерімен бірге қару-жарақты, оқ-дәрілерді, жарылғыш, химиялық немесе улы заттарды алып жүрген адамдарды, егер олар:

қылмыс жасау үстінде қолға түссе;

әскери қызметшілердің немесе мемлекеттік органдар қызметкерлерінің занды талаптарын орындамаса;

әскери қызметшілер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерді жүзеге асыруына кедергі келтірсе, оларды ұстау үшін;

4) күзетілетін объектілер мен әскерлердін орналасқан жерлеріне заңсыз еніп кету әрекеттерінің жолын кесу үшін;

5) кепілдікке алынғандарды, басып алынған күзетілетін объектілерді, ғимараттарды, көлік құралдары мен жүктерді азат ету үшін, сондай-ақ жаппай тәртіпсіздіктер мен қоғамдық тәртіпті топтасып бұзудын жолын кесу үшін;

6) жүргізушісі заңды талаптарды орындамаған көлік құралын тоқтату үшін;

7) дабыл немесе көмекке шақыру белгісін беру үшін;

8) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге де жағдайларда қолдануға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Дене күшін, арнайы құралдарды, қару-жарақты және соғыс техникасын өкілеттіктен асыра қолдану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа апарып соғады.

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдарының соғыс жағдайы кезеңіндегі өкілеттіктері

 

ҚР 2005.08.07 № 70-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді; 2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

9-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің соғыс жағдайы кезеңіндегі өкілеттіктері

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасының Президенті соғыс жағдайы кезеңінде:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасын құрады, соғыс жағдайын қамтамасыз етуді ұйымдастыруға жалпы басшылықты жүзеге асырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасы туралы ережені бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаныс кеңестері туралы ережені бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің соғыс жағдайы кезеңіндегі қызметін ұйымдастыру туралы ережені бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) соғыс жағдайы кезеңіндегі өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар туралы ережелерді бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) мемлекеттік органдардың келісімді түрде жұмыс істеуін және өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7) соғыс жағдайы шараларын қолдану тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың осы шараларды қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерін бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8) соғыс жағдайы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді шығарады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төтенше мемлекеттік бюджетті қабылдап, енгізеді және бұл туралы дереу Қазақстан Республикасының Парламентіне хабар береді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

10) осы Заңға сәйкес соғыс жағдайын қамтамасыз ету үшін Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, мемлекеттік органдарды қолдану тәртібін белгілейді және олардың міндеттерін айқындайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

11) бейбіт жиналыстарды, ереуілдерді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салуларды немесе шектеулерді белгілейді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12) әскери қызмет өткерудің ерекшеліктерін айқындайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

13) көліктің, коммуникациялардың және энергетиканың, сондай-ақ адамдардың өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға жоғары қауіп төндіретін объектілердің ерекше жұмыс режимін белгілейді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

14) қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері бойынша консультативтік-кеңесші органдарды құрады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

15) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің соғыс жағдайы қолданылатын кезеңдегі құрылымын айқындайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

16) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Осы баптың 1-тармағы 2), 3), 4), 5), 7), 8) және 10) тармақшаларының ережелері соғыс жағдайы кезеңінде де, ол енгізілгенге дейін де іске асырылуы мүмкін.


Содержание
1-тарау. Жалпы ережелер2-тарау. Соғыс жағдайы режимі қамтамасыз ету3-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдарының соғыс жағдайы кезеңіндегі өкілеттіктері4-тарау. Соттар мен прокуратура органдарының соғыс жағдайы кезеңіндегі қызметі5-тарау. Азаматтардың және басқа да адамдардың, ұйымдардың соғыс жағдайы кезеңіндегі міндеттері6-тарау. Қорытынды ережелер