Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы
2001 ж. 17 шілдедегі № 246-II Қазақстан Республикасының Заңы
(2017.20.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2018 жылғы 16 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы
3-бап. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш беру
4-бап. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
5-бап. Учаскелік комиссиялар
6-бап. Жан басына шаққандағы орташа табысты есептеп шығару
7-бап. Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау
8-бап. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеудің дұрыстығын бақылау
9-бап. Алып тасталды
10-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ауыл (село), ауылдық (селолық)», «селолық» деген сөздер тиісінше «ауыл, ауылдық», «ауылдық» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Осы заң халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге байланысты құқықтық қатынастарды реттейді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) ассистент - халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантқа және кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне консультациялар, әңгімелесулер өткізуге, сондай-ақ, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуге жәрдемдесу жөніндегі функцияларды орындайтын жұмыскері;
1-1) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант - халықты жұмыспен қамту орталығының атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға және табысы аз адамға (отбасыға) оның (олардың) кедейлік шегінде болуымен байланысты жағдайдан шығуына жәрдемдесуді жүзеге асыратын жұмыскері;
1-2) әлеуметтік келісімшарт - жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;
1-3) еңбекке қабілетті адам (отбасының еңбекке қабілетті мүшесі) - «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген он алты жастан бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі, еңбекке және белгілі бір біліктілік деңгейіндегі, көлемдегі және сападағы жұмысты орындауға қабілетті адам немесе отбасы мүшесі;
2) жан басына шаққандағы орташа табыс - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
3) жиынтық табыс - атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы;
2015.19.05. № 315-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) кедейлiк шегi - атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін айқындау үшін өлшемшарт ретінде белгiленетiн, бір адамға шаққандағы ақшалай кірістің шекті ең төмен шамасы;
4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - атаулы әлеуметтік көмек) - жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем;
5) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
5-1) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі - жеке жоспар) - халықты жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жүгінген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасаған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары;
5-2) табысы аз адамдар (отбасылар) - жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдар (отбасылар);
6) уәкілетті орган - республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;
7) учаскелік комиссия - атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия;
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) халықты жұмыспен қамту орталығы - ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;
9) шартсыз ақшалай көмек - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі;
10) шартты ақшалай көмек - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына табысы аз адамдардың (отбасылардың) міндетті қатысуы шартымен оларға ай сайынғы және (немесе) біржолғы ақшалай төлем нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.04.12. № 217-IV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
2-бап. Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы
1. Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға қүқығы бар.
2015.19.05. № 315-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1. Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегінің мөлшерін орталық атқарушы орган мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне қарай пайыздық мәнде орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы негізінде айқындайды.
2015.19.05. № 315-V ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды
1-2. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кедейлік шегін жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын есептеп шығарады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында:
1) 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын - кедейлік шегі туралы;
3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жыл сайын республика, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кедейлік шегінен төмен кірістері бар халық үлесі туралы мәліметтерді жариялайды.
2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Атаулы әлеуметтік көмек мыналарға:
1) жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен асатын адамдарға (отбасыларға);
2) кәмелетке толмаған балаларды, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балаларды қоспағанда, олар оқу орындарын бітіретін уақытқа дейін кәмелетке толғаннан кейін (бірақ жиырма үш жастан аспайтын) еңбекке қабілетті мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыларға;
3) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған ақпарат пен анық емес (қолдан жасалған) құжаттарды ұсынған адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.
2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Атаулы әлеуметтік көмек шартсыз ақшалай көмек және шартты ақшалай көмек түрінде көрсетіледі.
2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Шартсыз ақшалай көмек:
1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын табысы аз адамдарға:
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына;
бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне;
екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты;
2) отбасының барлық еңбекке қабілетті мүшелері бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын және (немесе) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар және (немесе) жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекті, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қартты бағып-күтуді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.
2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Шартты ақшалай көмек жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдарды (отбасыларды) қоспағанда, өзінің құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар табысы аз отбасыларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.
2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Әлеуметтік келісімшарт жасасу шартты ақшалай көмек тағайындау үшін міндетті шарт болып табылады.
Шартты ақшалай көмекті төлеу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу:
1) бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге;
2) күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларға, студенттерге, тыңдаушыларға, курсанттар мен магистранттарға;
3) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруы бар адамдарға;
4) жеті жасқа дейінгі балаларды, мүгедек баланы, бірінші және екінші топтардағы мүгедектерді, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарды бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдарға;
5) тұрақты жұмысы бар адамдарға міндетті шарт болып табылмайды.
2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен 3-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-бап. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш беру
2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Адам (бұдан әрі - өтініш беруші) өзінің атынан немесе отбасының атынан атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге белгіленген үлгідегі өтінішпен және тізбесін халықты жұмыспен қамту орталығы атқарушы орган айқындайтын құжаттарды қоса бере отырып, тұрғылықты жері бойынша - халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді.
2. 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Өтініш беруші ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Шартсыз ақшалай көмек алу құқығы тоқсан сайын халықты жұмыспен қамту орталығы атқарушы орган айқындайтын тізбеге сәйкес қажетті құжаттарды ұсынумен расталады.
2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-бап. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
1. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге арналған тиісті бюджетте көзделген сомалар шегінде уәкілетті орган жүзеге асырады.
Атаулы әлеуметтік көмек отбасының оны алуға құқығы бар әрбір мүшесіне тағайындалады.
Отбасы құрамына:
1) толық мемлекеттік қамсыздандырудағы адамдар;
2) мерзімді әскери қызметте жүрген адамдар;
3) бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлі емдеудегі адамдар кірмейді.
2. Халықты жұмыспен қамту орталығы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі құжаттарды тіркейді және өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы растама береді.
Халықты жұмыспен қамту орталығы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі құжаттарды қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оларды қорытынды дайындау үшін учаскелік комиссияларға береді.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған жағдайда, оларды алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей учаскелік комиссияның қорытындысын қоса бере отырып, уәкілетті органға береді.
3. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның қызметін қамтамасыз етеді;
2) жеке жоспар іс-шараларының іске асырылу барысына мониторингті жүзеге асырады және әлеуметтік келісімшарттың іске асырылу тиімділігін бағалайды;
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттер арқылы атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жеке жоспарды іске асыруына және олардың әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауына жәрдем көрсетеді.
4. Өтініш берушінің құжаттарын қабылдау процесінде онымен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен әңгімелесу жүргізіледі, оның барысында мыналар:
1) шартсыз немесе шартты ақшалай көмекті алуға негіздер;
2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына мұқтаждық;
3) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабында айқындалған мүгедектерді әлеуметтік оңалту шараларын қамтитын әлеуметтік бейімдеу шаралары, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көрсетілетін өзге де мемлекеттік қолдау шаралары айқындалады.
5. Өтініш беруші және (немесе) оның отбасы мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі шараларға мұқтаж болған жағдайда, оны ұсыну туралы шешім уәкілетті органның құзыреті шегінен шықса, өтініш беруші ұсынған құжаттарды халықты жұмыспен қамту орталығы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның қарауына жібереді.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялардың міндеттеріне:
атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде мүдделі органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру;
жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі шараларды ұсыну туралы ұсынымдар әзірлеу;
шартты ақшалай көмектің біржолғы төлемін ұсыну туралы мәселелерді қарау;
жасалған әлеуметтік келісімшарттардың іске асырылу барысына мониторинг кіреді.
6. Халықты жұмыспен қамту орталығы учаскелік комиссияның қорытындысын немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен учаскелік комиссияның қорытындысы бар құжаттарды, сондай-ақ қажет болған жағдайда халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның ұсынымын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жеке жоспар жасайды, онда отбасын (адамды) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың тізбесі көрсетіледі және өтініш берушімен әлеуметтік келісімшарт жасасады.
Әлеуметтік келісімшарттың, жеке жоспардың нысандарын және отбасын (адамды) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесін халықты жұмыспен қамту орталығы атқарушы орган бекітеді.
7. Халықты жұмыспен қамту орталығы әлеуметтік келісімшартты жасасқан күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіден қабылданған құжаттарды, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімнің жобасын және тараптар қол қойған әлеуметтік келісімшартты атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін уәкілетті органға жібереді.
8. Уәкілетті орган осы баптың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, бұл туралы халықты жұмыспен қамту орталығы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі арқылы - өтініш берушіге, бас тартқан жағдайда оның себептерін көрсете отырып жазбаша хабарлайды.
9. Уәкілетті орган тиісті органдардан атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді сұратуға құқылы.
10. Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімдеуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өтіп жүрген және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда, оны қосымша алты айға дейін ұзарту мүмкіндігімен алты айға жасалады.
Әлеуметтік келісімшарт ұзартылған жағдайда, шартты ақшалай көмектің мөлшері қайта қаралмайды.
11. Шартсыз ақшалай көмек ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.
Шартты ақшалай көмек әлеуметтік келісімшарттың қолданылу кезеңіне тағайындалады және әлеуметтік келісімшартта белгіленген кезеңге ай сайын немесе біржолға төленеді.
Шартты ақшалай көмектің біржолғы төлем сомасы тек қана әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты іс-шараларға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (малды, құсты сатып алу және басқа), дара кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (алдыңғы қарыздарды өтеуге, тұрғын үй сатып алуға арналған шығындардан басқа) пайдаланылады.
12. Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт табысы аз адам (отбасы) әлеуметтік келісімшарттың талаптарын және жеке жоспардың іс-шараларын толық көлемде орындамаған, сондай-ақ, шартты ақшалай көмекті заңсыз тағайындауға әкеп соққан анық емес мәліметтер ұсынған жағдайда бұзылады.
Әлеуметтік келісімшартты бұзу шартты ақшалай көмектің төленуін тоқтату үшін негіз болып табылады.
Бұл ретте әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмағаны алғаш рет анықталған жағдайда, шартты ақшалай көмек мөлшері орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитындарды қоспағанда, олар оқу орындарын бітіретін уақытқа дейін кәмелетке толғаннан кейін (бірақ жиырма үш жастан аспайтын) он сегіз жастан асқан отбасы мүшелерінің барлығына бір ай бойына елу пайызға қысқартылады, міндеттемелердің орындалмағаны қайтадан анықталған жағдайда, кәмелетке толмаған балалардан, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитындардан басқа, олар оқу орындарын бітіретін уақытқа дейін кәмелетке толғаннан кейін (бірақ жиырма үш жастан аспайтын) шартты ақшалай көмек төлеу тоқтатылады.
13. Өтініш берушінің және алушының кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, халықты жұмыспен қамту орталығының әрекеттері мен уәкілетті органның және оның лауазымды адамдарының шешімдеріне жоғары тұрған жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар.
14. Уәкілетті органның және халықты жұмыспен қамту орталығының лауазымды адамдары атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуының дұрыстығы және оны төлеуді ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
15. Уәкілетті орган және халықты жұмыспен қамту орталығы халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібі мен шарттары туралы хабарлап отыруға міндетті.
5-бап. Учаскелік комиссиялар
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Учаскелік комиссиялар уәкілетті органдарға және кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қызметте жәрдемдеседі.
Учаскелік комиссиялар атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайы туралы қорытынды дайындайды.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Учаскелік комиссиялар жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативтерінің, халықтың, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму ұйымдары мен уәкілетті органдарының өкілдерінен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құралуы мүмкін.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Учаскелік комиссиялар өз қызметін жергілікті өкілді органдармен келісілген және облыстық (республикалық маңызы бар қалалалық, астаналық) атқарушы органдар бекітетін учаскелік комиссиялар туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
Учаскелік комиссиялар туралы үлгі ережені орталық атқарушы орган бекітеді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Учаскелік комиссиялар халықты жұмыспен қамту орталығынан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері негізінде қорытынды дайындайды және оны халықты жұмыспен қамту орталығына немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне береді.
5. Учаскелік комиссиялардың тексеру жүргізу үшін тиісті органдардан қажетті мәліметтерді сұратуға құқығы бар.
6-бап. Жан басына шаққандағы орташа табысты есептеп шығару
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді