Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы
2001 ж. 17 шілдедегі № 246-II Қазақстан Республикасының Заңы
(2009.04.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға енгізілетін өзгерістерді қара:
2007 жылғы 12 қаңтардағы № 224-III ҚР Заңы (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2011 жылғы 27 маусымдағы № 444-IV ҚР Заңы (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы заң халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге байланысты құқықтық қатынастарды реттейді.
1-бап. Негізгі ұғымдар
Осы заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - атаулы әлеуметтік көмек) - жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдарға (отбасыларына) мемлекет ақшалай нысанда берілетін төлем;
2) жиынтық табыс - атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы;
3) жан басына шаққандағы орташа табыс - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық, аудандық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның атқарушы органы;
5) учаскелік комиссия - атаулы әлеуметтік көмек сұраған адамдардың (отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия);
6) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.04.12. № 217-IV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
2-бап. Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы
1. Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға қүқығы бар.
2.Мыналарға:
1)мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ І және ІІ топтардағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға;
2)уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан,
осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды.
Жұмыссыз адам жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналасқан, кәсіби даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілген күннен бастап, оған атаулы әлеуметтік көмек қайта қалпына келтіріледі.
3-бап. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш беру
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Адам (бұдан әрі - өтініш беруші) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауы үшін өз атынан немесе отбасы атынан әлеуметтік жеке кодының нөмірін көрсетіп, тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне белгіленген үлгіде өтініш жолдайды.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі:
1) отбасы құрамы туралы мәліметтер;
2) адамның (өтініш берушінің отбасы мүшелерінің) тапқан табысы туралы мәліметтер;
3) Жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Өтініш беруші ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
4. Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы тоқсан сайын табыстар туралы құжаттардың табыс етілуі арқылы расталады.
4-бап. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
1. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге арналған тиісті бюджетте көзделген сома шегінде уәкілетті орган жүзеге асырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті орган немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі құжаттарды тіркеп, өтініш берушіге құжаттарды қабылдағаны туралы растама береді.
Уәкілетті орган немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі құжаттарды қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оларды учаскелік комиссияларға қорытынды дайындау үшін тапсырады.
Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған жағдайда оларды алған күннен бастап жиырма күннен кешіктірмей учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса уәкілетті органға береді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап он күн ішінде қабылданған құжаттар және учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдап, ол туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді, бас тартқан жағдайда - оның себебі көрсетіледі.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Уәкілетті орган тиісті органдардан атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін ұсынылған құжаттарды қарауға қажетті мәліметтерді сұратуға құқылы.
6. Атаулы әлеуметтік көмек отбасының оны алуға құқығы бар әрбір мүшесіне тағайындалады.
Отбасының құрамына:
1) толық мемлекеттік қамсыздандырудағы балалар;
2) интернат-үйлерде тұрақты тұратын қарттар мен мүгедектер;
3) мерзімді әскери қызметтегі адамдар;
4) бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлеп емдеудегі адамдар кірмейді.
Атаулы әлеуметтік көмек ағымдағы тоқсанға тағайындалып, ай сайын төленеді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Өтініш беруші мен алушы кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің іс-әрекеттері мен уәкілетті органның және оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне жоғары тұрған жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ сот тәртібімен шағымдануға құқыл
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Уәкілетті органның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуы мен оны төлеуді ұйымдастырудың дұрыстығы үшін жауапты болады.
9. Уәкілетті орган халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібімен шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлап отыруға міндетті.
5-бап. Учаскелік комиссиялар
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Учаскелік комиссиялар уәкілетті органдарға және кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдеріне атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қызметте жәрдемдеседі.
Учаскелік комиссиялар атаулы әлеуметтік көмек берудің қажеттігі немесе оның қажетсіздігі туралы қорытындылар әзірлейді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Учаскелік комиссиялар жергілiктi мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативтерінің, халықтың, ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау саласы уәкілетті органдарының өкілдерінен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құрылуы мүмкін.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Учаскелік комиссиялар өз қызметін жергілікті өкілді органдармен келісілген және облыстық (республикалық маңызы бар қалалалық, астаналық) атқарушы органдар бекітетін учаскелік комиссиялар туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
Учаскелік комиссиялар туралы үлгі ережені орталық атқарушы орган бекітеді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Учаскелік комиссиялар уәкілетті органнан немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап бес күн мерзімде ұсынылған құжаттар және (немесе) өтініш берушінің материалдық жағдайын тексерудің нәтижелері негізінде қорытынды дайындап, оны уәкілетті органға немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне береді.
5. Учаскелік комиссиялардың тексеру жүргізу үшін тиісті органдардан қажетті мәліметтерді сұратуға құқығы бар.
6-бап. Жан басына шаққандағы орташа табысты есептеп шығару
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтау атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде табыс етілетін құжаттар негізінде жүргізіледі.
Отбасының жиынтық табысына, тұрғын үй көмегі мен атаулы әлеуметтік көмектен басқа, белгіленген уақыт кезеңінде ақшалай немесе заттай нысанда нақты алынған табыстардың барлық түрі енгізіледі.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, үй малын, құсын және жер учаскесін (жер үлесін) кіріс бермейді деп айқындауға құқылы.
Жиынтық табысты есептеу тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.
2. Жан басына шаққандағы орташа табыс атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеп шығарылады.
7-бап. Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) отбасының әрбір мүшесіне есептелген кедейлік шегінің белгіленген айырмасы түрінде есептейді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Атаулы әлеуметтік көмекті алушы уәкілетті органды, ал селолық жерлерде - кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімін атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін өзгерту үшін негіз болатын немесе оны алуға құқық беретін мән-жайлар туралы он бес күн мерзімде хабардар етуге міндетті.
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Отбасының құрамы және табыстар өзгерген жағдайда тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қайтадан есептеледі.
Алушы атаулы әлеуметтік көмектің мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабарламаған кезде көмектің мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған сәттен бастап қайта есептеледі, бірақ ол тағайындалған күннен ерте есептелмейді, ал өтініш берушінің атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер бергені анықталған жағдайда адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмекті ол тағайындалған кезеңге төлеу тоқтатылады.
Артық төленген сомалар өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
4. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеу осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
8-бап. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеудің дұрыстығын бақылау
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеудің дұрыстығын бақылау тиісті бюджеттің атқарылуын бақылау шегінде жүзеге асырылады.
9-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
10-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының