ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2019.26.12. берілген өзгерістермен)
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат):
1) 10-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1 - 3-тармақтарында және 64-бабында белгіленген жағдайлар болған кезде, осы Заңның 12-бабының 5-тармағына сәйкес мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлеу тоқтатылады немесе жасына байланысты алатын зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері ескеріле отырып қайта қаралады.»;
2) 12-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері мүгедектердің тиісті санаттары үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақының мөлшерінен аз болса, мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы төлеу жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне мүгедектердің осы санаты үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейінгі тиісті қосымша ақылар түрінде жүргізіледі.»;
3) 13-баптың 6-тармағындағы «ережелерi» деген сөз «нормалары» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; №16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат):
1) 1-баптың 8) тармақшасындағы «Заңға» деген сөз «Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-бапта:
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегінің мөлшерін орталық атқарушы орган мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне қарай пайыздық мәнде орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы негізінде айқындайды.»;
1-2-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы алып тасталсын.
3. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1, 4-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат):
10-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды, олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтік төлемдерін дербестендірілген есепке алуды;».
4. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 44-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-II, 145-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі - уәкілетті мемлекеттік органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) отбасы - некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысанынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы;»;
4-тармақтың 2) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 3-1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау мен төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
4-тармақтың 3) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 3-2-баптың 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уәкілетті органға беру үшін құжаттар қабылдауды және олардың жинақталуын тексеруді жүзеге асырады;
2) құжаттарды қабылдау, жәрдемақыларды тағайындау, тоқтата тұру, тоқтату, қайта бастау және қайта есептеу істерінің макеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды;
3) жәрдемақылардың уақтылы төленуін қамтамасыз етеді;»;
«5) жәрдемақыларды төлеуге қажеттілікті есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастырады;
6) жәрдемақы төлемдеріне ай сайынғы қажеттілікті және оны төлеу графиктерін қалыптастырады, жәрдемақыларды төлеуге қаражат қажеттілігі туралы өтінімдерді уәкілетті мемлекеттік органға жібереді;»;
4) 5-баптың 2-тармағында:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Адамдар бала туғанда берілетін жәрдемақыны, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасауға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Балаға мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне өтініш жасауға құқылы.»;
төртінші бөліктегі «Ата-анасының бірінің, қорғаншыларының немесе қамқоршыларының жәрдемақы тағайындау туралы жеке өзі өтініш жасауға мүмкіндігі болмаған жағдайда, ата-анасы, қорғаншылары немесе қамқоршылары белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде жәрдемақы тағайындау туралы өтініш жасауға» деген сөздер «Жеке өзінің өтініш жасау мүмкіндігі болмаған жағдайда өтініш беруші белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде жәрдемақылар тағайындау туралы өтініш жасауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 5) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен уәкілетті орган жүргізеді.»;
6) 10-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бала туғанда берілетін жәрдемақы:
бірінші, екінші, үшінші балаға - 38,0 айлық есептік көрсеткіш;
төртінші және одан кейінгі балаларға - 63,0 айлық есептік көрсеткіш;»;
4-тармақтың 7) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 11-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Жәрдемақыларды төлеуді тоқтату немесе тоқтата тұру»;
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды төлеуді тоқтату үшін:»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды төлеу мынадай мән-жайлар туындаған күннен бастап тоқтатыла тұрады:
1) жәрдемақы алушының Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге тұрақты тұруға кетуі;
2) жәрдемақы алушының сот бас бостандығынан айыру түрінде тағайындаған қылмыстық жазаны өтеуі;
3) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ақылы негізде ұсынылатын адамды қоспағанда, жәрдемақы алушының мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемеде (ұйымда) тұруы.
Жәрдемақылар төлеуді тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар өткеннен кейін жәрдемақыларды төлеу қайта басталады.».
5. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат):
1) 5-баптың 3-тармағындағы «денсаулық сақтау және» деген сөздер алып тасталсын;
2) 6-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау, білім беру» деген сөздер «халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 8-бапта:
тақырыптағы және бірінші абзацтағы «Денсаулық сақтау және халықты» деген сөздер «Халықты» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшаның төртінші абзацы алып тасталсын;
4) тармақшаның төртінші абзацындағы «білім беру саласындағы уәкілетті органмен» деген сөздер «денсаулық сақтау, білім беру саласындағы уәкілетті органдармен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
«8-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) мыналарды:
халықты әлеуметтік қорғау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын;
денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
3) мыналарды:
денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша мониторинг жүргізуді;
халықтың денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді;
денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді;
4) мыналарды:
денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының сақталуын бақылауды;
денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіруді;
жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау, білім беру саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды;
осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
5) 10-баптың 3) тармақшасындағы және 6) тармақшасының үшінші абзацындағы «денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен» деген сөздер «халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; №6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49 құжат; №8-І, 65-құжат):
1) 1-баптың 31) тармақшасындағы «(аса зиянды)» деген сөздер алып тасталсын;
2) 6-баптың 6) тармақшасындағы «(аса зиянды)» деген сөздер алып тасталсын;
3) 7-бапта:
1) тармақшадағы «(аса зиянды)» деген сөздер алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы ақпарат алмасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
4) 9-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бір мезгілде жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалуға құқығы бар адамдарға олардың қалауы бойынша осы зейнетақы төлемдері түрлерінің біреуі тағайындалады.»;
5) 11-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьяларға жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалмайды.»;
6) 15-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
7) 16-баптың 3-тармағындағы «41 еселенген» деген сөздер «46 еселенген» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 17-баптың 3-тармағындағы «зейнетақылар» деген сөз «зейнетақы төлемдерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 20-баптың 1-тармағының 12) және 13) тармақшалары алып тасталсын;
10) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жұмыс істейтін зейнеткерлердің, осы Заңда көзделген шектеулер ескеріле отырып, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық мөлшерде алуға құқығы бар.»;
11) 26-баптың 2-тармағындағы «(аса зиянды)» деген сөздер алып тасталсын;
12) 34-баптың 9-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы ақпарат алмасуды орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асыруға;»;
13) 50-баптың 5-тармағының екінші бөлігіндегі «біржолғы төлемнің сомасына қосылады» деген сөздер «төлем ретінде төленеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 57-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жеке зейнетақы шотының болуы, ондағы ақша қалдықтары мен оның қозғалысы туралы анықтамалар, салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда, заң бойынша мұрагерлікке құқығы туралы куәлікке сәйкес мұрагерлер болып табылатын немесе өсиетте аталған адамдарға жазбаша сұрау салу бойынша не соттарға олардың іс жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша ұйғарымның негізінде беріледі.»;
15) 64-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарналары аударылған адамдар үшін осы баптың 1 - 3-тармақтарына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылған жағдайда туындайды.»;
16) 68-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы немесе жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алған жағдайда еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасаған күннен бастап, бірақ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны немесе жасына байланысты зейнетақы төлемдерін төлеу тоқтатылған күннен кейін жүзеге асырылады.»;
17) 71-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Заңның 11-бабының 1 - 3-тармақтарында және 64-бабында белгіленген жағдайлар болған кезде мүгедектігі бойынша жәрдемақы азаматтың қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасына байланысты зейнетақы төлемдерімен немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерімен ауыстырылуы мүмкін.»;
18) 73-баптың 10-тармағының үшінші бөлігіндегі «(ерекше зиянды)» деген сөздер алып тасталсын;
19) 74-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 39-бабының тақырыбы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«39-бап. Салымшылардың, өздері үшін міндетті зейнетақы жарналары енгізілген, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың және агенттердің құқықтары мен міндеттері».
7. «Ең төмен әлеуметтiк стандарттар және олардың кепiлдiктерi туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2015 ж., № 10, 49-құжат; № 15, 78-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат):
21-бап «тұрғылықты жері жоқ адамдар» деген сөздерден кейін «, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар)» деген сөздермен толықтырылсын.
8. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; №23-ІІ, 170-құжат):
1) 1-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
9-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
«1) 50-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 1-2) тармақшасы «міндетті зейнетақы жарналарын» деген сөздерден кейін «, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «74-2-баптың» деген сөздер «2) 74-2-баптың» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақ алып тасталсын;
19-тармақта:
2) тармақшада:
жетінші абзацтағы «50 пайызы» деген сөздер «54 пайызы» деген сөздермен ауыстырылсын;
он үшінші абзацтағы «осы Заңның 64-бабының 4-тармағында көрсетiлген адамдар үшiн» деген сөздер алып тасталсын;
он бесінші абзацтағы «кезең зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есепке жатқызылады.» деген сөздер «кезең;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«8) «Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарындағы 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек қызметінің кезеңдері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есепке жатқызылады.»;
5) тармақшаның он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы ақпарат алмасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
23) тармақшаның он тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесімен жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы ақпарат алмасуды жүзеге асыруға;»;
2) 2-бапта:
1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Заңның 1-бабының 19-тармағы 1) тармақшасының он үшінші абзацы, 2) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2018 жылғы 1 шілдеге дейін мынадай редакцияда қолданыста болады:»;
мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) осы Заңның 1-бабының 19-тармағы 34) тармақшасының он үшінші және он төртінші абзацтары 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданыста болады:
«10. Мерзімдік сақтандыру төлемдері ай сайын, тоқсан сайын немесе зейнетақы аннуитеті шарты тараптарының келісімі бойынша өзгедей тәртіппен, бірақ осы Заңның талаптарына сәйкес жылына кемінде бір рет жүзеге асырылады.
Алғашқы сақтандыру төлемін сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтары аударылған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.»;
2-2) осы Заңның 1-бабының 19-тармағы 19) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданыста болады:
«2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін деректемелері алушының зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішінде көрсетілетін алушының банктік шотына аударады.
Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін аударуға, есепке жатқызуға және зейнетақы төлемдеріне байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу, олардың айырбасталу сомаларын қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;
2-3) осы Заңның 1-бабының 19-тармағы 2) тармақшасының оныншы абзацы 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданыста болады:
«2) міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең;»;»;
3) тармақшада:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:»;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«осы Заңның 1-бабының 19-тармағы 1) тармақшасының оныншы, он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтары мынадай редакцияда қолданыста болады:»;
отыз төртінші, отыз бесінші және отыз алтыншы абзацтар алып тасталсын;
3) 3-бапта:
1) тармақшадағы «он алтыншы және он жетінші» деген сөздер «он алтыншы, он жетінші және он сегізінші» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 19-тармақтың 19) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 34) тармақшасының он үшінші және он төртінші абзацтарын;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 2-тармағының 1) тармақшасын, 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 5 және 6-тармақтарын, 7-тармағының 1), 2), 5) және 6) тармақшаларын, 8, 9, 12, 13, 14, 15 және 16-тармақтарын, 19-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, оныншы, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтарын, 2) тармақшасының оныншы абзацын, 3) тармақшасының жетінші абзацын, 4) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын, 5) тармақшасының төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, оныншы, он бірінші, он үшінші және он төртінші абзацтарын, 12) тармақшасының төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он тоғызыншы абзацтарын, 13) тармақшасының екінші, үшінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші және жиырма тоғызыншы абзацтарын, 15), 17) және 18) тармақшаларын, 19) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 21) тармақшасын, 23) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он сегізінші және он тоғызыншы абзацтарын, 26) тармақшасының он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы және отыз бірінші абзацтарын, 28) тармақшасын, 29) тармақшасының бесінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 30) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 32) тармақшасын, 20-тармағын, 21-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.».