Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік
көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 366-құжат; 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 782-құжат; 2001 ж., № 10, 121-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2003 ж., № 15, 131-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 94-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 11, 59-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; 2012 ж., № 1, 1-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 11, 67-құжат):
1) 11-баптың оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Еңбек Даңқы» (Трудовая Слава).»;
2) 17-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-1-бап. «Еңбек Даңқы» орденімен өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және материалдық өндірістің басқа да салаларының жұмысшылары мен еңбеккерлері бір кәсіпорындағы, мекемедегі, ұйымдағы жемісті ұзақ жылғы еңбегі, сондай-ақ еңбек өнімділігін көтеруге және өнімнің сапасын жақсартуға, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін өндірістегі аса жоғары көрсеткіштері үшін наградталады.
«Еңбек Даңқы» ордені үш дәрежеден тұрады:
I дәрежелі «Еңбек Даңқы»;
II дәрежелі «Еңбек Даңқы»;
III дәрежелі «Еңбек Даңқы».
I дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау III дәреже, II дәреже және I дәреже ретімен жүргізіледі.
«Еңбек Даңқы» орденінің үш дәрежесінің иегерлері мәртебесі бойынша «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға теңестіріледі.».
2. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
1) 1-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
2) 1-1, 3 және 4-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі - МӘС бөлімшесі) - уәкілетті мемлекеттік органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;
2) мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар (бұдан әрі - жәрдемақылар) - бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, азаматтарға мүгедектігі туындаған, асыраушысынан айырылған кезде және жасына байланысты берілетін ай сайынғы ақшалай төлемдер;
3) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) уәкілетті мемлекеттік орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі;
5) уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын.»;
«3-бап. Жәрдемақылар тағайындау тәртібі
1. Жәрдемақылар тағайындау үшін өтініш жасау жәрдемақыға құқығы туындағаннан кейін, қандай да бір мерзіммен шектелмей кез келген уақытта жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Егер өтініш жасаған кезде адамға мүгедектік белгіленген болса, мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау туралы өтініш тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарымен қоса тұрғылықты жері бойынша Орталыққа немесе халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі - ХҚО) беріледі.
2-тармақтың 2) тармақшасының он екінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде, адам мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау үшін МӘС бөлімшесіне өтініш жасауға құқылы.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты жәрдемақылар тағайындау үшін өтініш тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарымен қоса жәрдемақыға құқығы бар адамның тұрғылықты жері бойынша Орталыққа немесе ХҚО-ға беріледі.
Жасына байланысты жәрдемақы тағайындау үшін адам «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш жасауға құқылы.
3. Азаматтарға жәрдемақы тағайындауды орталық атқарушы орган айқындаған тәртіппен уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді.
4. Өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса осы баптың 2-тармағында көрсетілген органда немесе ұйымда тіркелген күні жәрдемақы тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі.
Жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган бас тарту себептерін жазбаша түрде уәждеуге және өтініш жасаушыға құжаттарын қайтаруға міндетті.
5. Уәкілетті мемлекеттік органның шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
4-бап. Жәрдемақының бір түрінен екіншісіне ауыстыру
Жәрдемақы алатын адамның өтініші негізінде орталық атқарушы орган айқындаған тәртіппен өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса Орталықта тіркелген күнінен бастап жәрдемақының бір түрінен екіншісіне ауыстыру жүргізіледі.»;
3) 5-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жәрдемақылар тағайындау мерзімі өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса Орталықта тіркелген күнінен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.»;
4-тармақ алып тасталсын;
4) 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті мемлекеттік органның, Орталықтың, ХҚО-ның кінәсінен уақытында алынбаған жәрдемақылардың сомалары мерзімдері шектелмей, өткен уақыт үшін бір мезгілде төленеді.»;
5) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мүгедек адамға зейнетақы төлемдері тағайындалған кезде, мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлеу тоқтатылады немесе осы Заңның 12-бабының 5-тармағына сәйкес Орталықтан алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшері ескеріле отырып, қайта қаралады.»;
6) 9 және 10-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Мүгедектік топтары
Тіршілік ету әрекетінің, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелу дәрежесіне қарай мүгедектік үш топқа бөлінеді.
Мүгедектіктің себептерін, топтарын, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін, сондай-ақ мүгедектік туындаған уақытты МӘС бөлімшесі белгілейді.
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын орталық атқарушы орган әзірлейді және бекітеді.
10-бап. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау мерзімі
1. Мүгедектігі бойынша жәрдемақылар МӘС бөлімшесі бeлгілeгeн мүгедектіктің бүкіл кезеңіне тағайындалады.
2. Мүгедектік тобы өзгерген жағдайда, жаңа мөлшерде жәрдемақы төлеу мүгедектік тобы өзгертілген күннен бастап жүзеге асырылады.
Қайта куәландырылушы еңбекке қабілетті деп танылған жағдайда, жәрдемақы еңбекке қабілетті деп танылған күнге дейін төленеді.
3. Егер мүгедек адам қайта куәландыруға осы үшін тағайындалған мерзімде МӘС бөлімшесіне келмесе, онда оған жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрады, ал ол мүгедек деп қайта танылған жағдайда, егер МӘС бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедек деп таныса, бұл тоқтатылған күннен бастап, бірақ бір айдан аспайтын уақыт үшін қайта басталады.
Қайта куәландыру мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, жәрдемақы төлеу, егер МӘС бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедек деп таныса, төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта куәландыру күніне дейін, бірақ үш жылдан аспайтын уақыт үшін жүргізіледі. Бұл ретте, егер қайта куәландыру кезінде мүгедек адам мүгедектіктің басқа (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) тобына ауыстырылса, онда көрсетілген уақыт үшін жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленеді.».
3. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат; № 23, 925-құжат; 2000 ж., № 23, 411-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2004 ж., № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) - жәрдемақыға құқығы бар азаматтарға жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін ақшалай төлем;
2) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі - МӘС бөлімшесі) - уәкілетті мемлекеттік органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;
3) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) уәкілетті мемлекеттік орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі;
5) уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.»;
2) 4-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, сондай-ақ жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша мәртебесі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 6-баптарында айқындалған Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері, сондай-ақ жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша мәртебесі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7 және 8-баптарында айқындалған Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар;»;
3) 5-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңның 4-бабында көрсетілген адамдар жәрдемақы тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша Орталыққа немесе халыққа қызмет көрсету орталығына тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарымен қоса өтініш жасайды.
3-тармақтың 3) тармақшасының төртінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Осы Заңның 4-бабының 1-1), 7), 8) және 8-1) тармақшаларында көрсетілген адамдар жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті МӘС бөлімшесіне бере алады.»;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Жәрдемақылар тағайындау мерзімі өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса Орталықта тіркелген күнінен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.»;
4) 6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер мүгедек Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қайта куәландыру үшін МӘС бөлімшесіне келмесе, онда оған жәрдемақы төлеу оны қайтадан мүгедек деп таныған кезге дейін тоқтатыла тұрады.
Қайта куәландыру мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, жәрдемақы төлеу, егер МӘС бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедек деп таныса, төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта куәландыру күніне дейін, бірақ алты айдан аспайтын уақыт үшін жүргізіледі. Бұл ретте, егер қайта куәландыру кезінде мүгедек адам мүгедектіктің басқа (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) тобына ауыстырылса, онда көрсетілген уақыт үшін жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленеді.»;
5) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жәрдемақы төлеу оны тағайындау үшін негіздер жойылған немесе алушы қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.».
4. «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 647-құжат; 2002 ж., № 10, 105-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
1 және 5-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшесi;
2) мемлекеттік арнайы жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда осы Заңда белгіленген жұмыс өтілі бар адамдарға төленетін ақшалай төлем;
3) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.»;
«5-бап. Жәрдемақы тағайындау тәртібі мен мерзімі
1. Жәрдемақы тағайындау үшін өтініш жасау жәрдемақыға құқығы туындағаннан кейін, қандай да бір мерзіммен шектелмей кез келген уақытта жүзеге асырылады.
Бұл ретте жәрдемақы тағайындауға өтініш жасалған уақытқа жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан, жәрдемақы тағайындалады.
2. Жәрдемақыны алуға құқығы бар адам оны тағайындау туралы өтінішті тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарымен қоса тұрғылықты жері бойынша Орталыққа немесе халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі - ХҚО) береді.
3. Жәрдемақылар тағайындау мерзімі өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса Орталықта тіркелген күнінен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.
4. Өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса Орталықта немесе ХҚО-да тіркелген күні жәрдемақылар тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі.
Жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда, жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган бас тарту себептерін жазбаша түрде уәждеуге және өтініш берушіге құжаттарын қайтаруға міндетті.
5. Жәрдемақы орталық атқарушы орган айқындаған тәртіппен өтініш берілген күннен бастап тағайындалады.».
5. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат):
1) 1-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
2) 3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Адам (бұдан әрі - өтініш беруші) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуы үшін өз атынан немесе отбасы атынан белгіленген үлгідегі өтінішпен және тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарымен қоса тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына, ал ауылдық жерлерде - сол сияқты кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш жасайды.»;
3) 4-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті орган, халыққа қызмет көрсету орталығы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі құжаттарды тіркейді және өтініш берушіге құжаттарды қабылдағаны туралы растама береді.
Уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі құжаттарды қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде қорытынды дайындау үшін оларды учаскелік комиссияларға тапсырады.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған жағдайда оларды алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса уәкілетті органға береді.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау өтініш беруші ұсынған құжаттардың және мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің, сондай-ақ учаскелік комиссия қорытындысының негізінде жүзеге асырылады.»;
4) 5-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Учаскелік комиссиялар уәкілетті органнан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде қорытынды дайындайды және оны уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне береді.»;
5) 6-баптың 1-тармағының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын айқындау атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде ұсынылатын құжаттардың және мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің негізінде жүргізіледі.
Тұрғын үй көмегі мен атаулы әлеуметтік көмектен, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу шеңберіндегі мемлекеттік қолдау шараларынан басқа, белгіленген уақыт кезеңінде ақшалай немесе заттай нысанда алынған табыстардың барлық түрлері отбасының жиынтық табысына енгізіледі.».
6. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1, 4-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат):
1) 1-бапта:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшесi;»;
мынадай мазмұндағы 13-2) және 14-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-2) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - жергілікті атқарушы органның өңірлік деңгейде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі;»;
«14-1) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі - МӘС бөлімшесі) - әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;»;
2) 9-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы қабылданған шешім жөнінде Орталықтың құрылымдық бөлімшелері немесе халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - ХҚО) арқылы жазбаша нысанда өтініш берушіге хабарлауға;»;
3) 12-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда (егер өтініш берген кезде адамның жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленсе), асыраушысынан айырылған жағдайда, жұмысынан айырылған жағдайда Орталықтың құрылымдық бөлімшелеріне немесе ХҚО-ға әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;»;
мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3) және 1-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда Орталықтың құрылымдық бөлімшелеріне әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;
6-тармақтың 3) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-2) жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі алғаш рет белгіленген кезде МӘС бөлімшесіне еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;
1-3) жұмыссыз адам ретінде тіркелген кезде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;
1-4) жұмысынан айырылған жағдайда, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган мен осы тармақта көрсетілген өзге де мемлекеттік органдардың немесе ұйымдардың осы Заңда белгіленген әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын алуға құқықтарын шектеуге байланысты әрекеттеріне шағымдануға құқығы бар.»;
4) 14-баптың 2-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
5) 20-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш жасау өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көзделген тиісті мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатпен қоса әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өтініш беру арқылы жүзеге асырылады. Тізбесін халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттар өтінішке қоса беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде сұратылып отырған мәліметтердің жоқ екенін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде, сұрау салуды жүзеге асырған орган немесе ұйым өтініш берушіні қағаз жеткізгіштердегі құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Орталықтың құрылымдық бөлімшелері әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін қажетті құжаттар қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті органға береді.
3. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды қарайды және әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тартылған жағдайда, ол өтініш берушіні бас тарту себептері туралы хабардар етеді және ұсынылған құжаттарды Орталықтың құрылымдық бөлімшелері немесе ХҚО арқылы өтініш берушіге қайтарады.»;
6-тармақтың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: