1. Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын айқындау атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде ұсынылатын құжаттардың және мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің негізінде жүргізіледі.
Тұрғын үй көмегі мен атаулы әлеуметтік көмектен, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу шеңберіндегі мемлекеттік қолдау шараларынан басқа, белгіленген уақыт кезеңінде ақшалай немесе заттай нысанда алынған табыстардың барлық түрлері отбасының жиынтық табысына енгізіледі.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, үй малын, құсын және жер учаскесін (жер үлесін) кіріс бермейді деп айқындауға құқылы.
Жиынтық табысты есептеу тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.
2. Жан басына шаққандағы орташа табыс атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеп шығарылады.
7-бап. Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) отбасының әрбір мүшесіне есептелген кедейлік шегінің белгіленген айырмасы түрінде есептейді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Атаулы әлеуметтік көмекті алушы уәкілетті органды, ал ауылдық жерлерде - кент, ауы, ауылдық округ әкімін атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін өзгерту үшін негіз болатын немесе оны алуға құқық беретін мән-жайлар туралы он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Отбасының құрамы және табыстар өзгерген жағдайда тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қайтадан есептеледі.
Алушы атаулы әлеуметтік көмектің мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабарламаған кезде көмектің мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған сәттен бастап қайта есептеледі, бірақ ол тағайындалған күннен ерте есептелмейді, ал өтініш берушінің атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер бергені анықталған жағдайда адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмекті ол тағайындалған кезеңге төлеу тоқтатылады.
Артық төленген сомалар өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Атаулы әлеуметтік көмекті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерді қолдау және ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды пайдалануға қол жеткізу қағидаларын орталық атқарушы орган әзірлейді және бекітеді.
8-бап. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеудің дұрыстығын бақылау
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеудің дұрыстығын бақылау тиісті бюджеттің атқарылуын бақылау шегінде жүзеге асырылады.
9-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
10-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының