16) 90-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жалға алушы немесе оның отбасы мүшелері қайтып оралған соң олар қосымша жалдаушылардан немесе уақытша тұрғындардан жалға беруші берген тұрғын үйді дереу босатуды талап етуге құқылы.
Қосымша жалдаушылар (уақытша тұрғындар) тұрғын үйді босатудан бас тартқан жағдайда, жалға алушының немесе оның отбасы мүшелерінің талап етуі бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан басқа тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілместен сот шешімі негізінде шығарылуы мүмкін.»;
17) 91-баптың 1-тармағындағы «тұрғындарды (жалға алушының) көшірмей» деген сөздер «тұрғындардың (жалға алушылардың) тұрғын үйді босатуынсыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 97-бапта:
1-тармақтағы «ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер «астананың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «республикалық маңызы бар қалалардың, астананың,» деген сөздер «астананың, республикалық маңызы бар қалалардың,» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 101-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Осы бапта көрсетілген адамдардың тұрғын үйді босатуына, оларды шығаруға осы Заңның 14-тарауында көзделген негіздер бойынша жол беріледі.»;
20) 14-тараудың тақырыбында:
«үйлерді» деген сөз «үйді» деген сөзбен ауыстырылсын;
«және олардан шығару» деген сөздер алып тасталсын;
21) 103-бапта:
тақырыптағы «және жалдаушыны (қосымша жалдаушыны) тұрғын үйден шығару» деген сөздер алып тасталсын;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жалдау (қосымша жалдау) шарты бұзылған жағдайда, сондай-ақ осы Заңда көзделген басқа да негіздер бойынша жалдаушы (қосымша жалдаушы) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді босатуға тиіс. Олай болмаған жағдайда ол сот шешімі негізінде шығарылуы мүмкін.
3. Ата-анасының қамқорлығысыз қалған кәмелетке толмаған балаларға қатысты мемлекеттік тұрғын үй қорынан басқа жарамды тұрғын үй және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер берілместен тұрғын үйді босату немесе одан шығару туралы талаптар қоюға жол берілмейді.»;
22) 104-бапта:
тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«104-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан басқа тұрғын үй беру арқылы тұрғын үйді босату
1. Осы Заңның 107-бабында, 108-бабының 1-тармағында, 111 және 114-баптарында көзделген жағдайлардан басқа, азаматтар өздеріне тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй беріле отырып, мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді босатады.»;
3-тармақтағы «Үйден шығару» деген сөздер «Үйді босату» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 105-бапта:
тақырыптағы «үйден шығару» деген сөздер «үйді босату» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 5) тармақшасында:
«бұзылуы» деген сөзден кейін «мүмкін» деген сөзбен толықтырылсын;
«тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй беріліп шығарылуы мүмкін» деген сөздер «өзіне тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй беріліп тұрғын үйді босатады» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 106-бапта:
тақырыптағы «үйлерден шығарылуына» деген сөздер «үйлерді босатуына» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді босатуына байланысты азаматтарға берілетін басқа тұрғын үй осы Заңның 75 және 76-баптарының талаптарына сай келуге және олар босатқан тұрғын үйдің көлемінен кем болмауға тиіс.»;
6-тармақтың бірінші бөлігіндегі «азаматтарды шығаруға» деген сөздер «азаматтардың тұрғын үйді босатпауына байланысты оларды шығаруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 107-бапта:
тақырыптағы «шығару» деген сөз «тұрғынжайды босату» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) және 11) тармақшалардағы «шығаруға» деген сөз «, тұрғынжайды босатуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша тұрғын үй босатылмаған жағдайда, азаматтар сот шешімі негізінде шығарылуы мүмкін.»;
26) 108-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шарт жасасып, тұрғын үй алған адамдардың көрінеу құқыққа сыйымсыз әрекеттері салдарынан тұрғын үйді жалға алу (қосымша жалға алу) шарты жарамсыз деп танылған жағдайда, олар тұрғын үйді босатуға тиіс. Олай болмаған жағдайда олар сот шешімі негізінде басқа тұрғын үй берілместен шығарылуы мүмкін.
2. Егер тұрғын үйді жалға алу (қосымша жалға алу) шарты осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлардан басқа негіздер бойынша жарамсыз деп танылса, шартта аталған азаматтар тұрғын үйді босатуға тиіс. Олай болмаған жағдайда олар сот шешімі негізінде өздерінің бұрын тұрып келген тұрғын үйі немесе тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй беріліп шығарылуы мүмкін. Басқа тұрғын үй беру міндеті шартты жарамсыз деп тануға әрекеті негіз болған заңды тұлғаға жүктеледі. Бұл жағдайда соттың шешімінде берілетін тұрғын үйдің мекенжайы көрсетілмеуі мүмкін.»;
27) 111-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«111-бап. Қызметтік тұрғынжайларды босату және олардан шығару»;
1-тармақта:
«шығарылуға жатады» деген сөздер «қызметтік тұрғынжайды босатады» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Олай болмаған жағдайда олар сот шешімі негізінде шығарылуы мүмкін.»;
1-1-тармақта:
«шығарылуға жатады» деген сөздер «қызметтік тұрғынжайды босатады» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Олай болмаған жағдайда олар сот шешімі негізінде шығарылуы мүмкін.»;
2-тармақтағы «қызметтік тұрғын үйден шығару» деген сөздер «, осы бапта көзделген негіздер бойынша қызметтік тұрғынжайды босату» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 114-бапта:
тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«114-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы жатақхананы босату және одан шығару
1. Еңбек шарты бойынша жұмыс істеген және осы еңбек қатынастарын тоқтатқан адамдар, сондай-ақ оқу орындарында оқыған және олардан шығып қалған адамдар өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерімен қоса өздеріне жұмысына немесе оқуына байланысты берілген мемлекеттік тұрғын үй қорының жатақханасын босатуға тиіс.
Осы талап орындалмаған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар басқа тұрғын үй-жай берілместен сот тәртібімен шығарылуға жатады.
Осы ереже еңбек шарты немесе жергілікті атқарушы органдардың және кәсіпорындар (мекемелер) әкімшіліктерінің өзге де шешімдері негізінде мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлме үлгісіндегі тұрғын үй-жайларда тұру құқығын алған адамдарға, сондай-ақ қоныстанған кезінен бастап осы Заң күшіне енгенге дейін іс жүзінде тұрып жатқан басқа да адамдарға қолданылмайды.»;
2-тармақта:
«жатақханадан басқа тұрғын үй-жай берілместен» деген сөздер «басқа тұрғын үй-жай берілместен жатақханаларды босатуы, олардан» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
19. «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 1) тармақшасындағы «облыс, республикалық маңызы бар қала, астана» деген сөздер «астана, облыс, республикалық маңызы бар қала» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-бапта:
2) тармақша «шарттарға (келісімдерге)» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының атынан» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшада:
«республиканың» деген сөз «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«республика Парламентіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Құрылтайына» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің республиканың жұмылдыру дайындығы туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 6-баптың тақырыбы мен бірінші абзацындағы «Парламентінің», «Парламенті» деген сөздер тиісінше «Құрылтайының», «Құрылтайы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 7-бапта:
7) тармақшадағы «заңнамалық актілері» деген сөздер «заңдары» деген сөзбен ауыстырылсын;
14) тармақшадағы «(республикалық маңызы бар қалалардың, астананың)» деген сөздер «(астананың, республикалық маңызы бар қалалардың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 7-1-баптың 1) тармақшасындағы «облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана» деген сөздер «астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 9-бапта:
тақырыптағы «Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана» деген сөздер «Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздер «Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшада:
«азаматтарды» деген сөз «Қазақстан Республикасының азаматтарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «(астананың, республикалық маңызы бар қаланың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
5) тармақшадағы «азаматтарды» деген сөз «Қазақстан Республикасының азаматтарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) және 8) тармақшалардағы «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздер «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 5) тармақшасындағы «азаматтарды» деген сөз «Қазақстан Республикасының азаматтарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 10-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «заңнамалық актілерінде» деген сөздер «заңдарында» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 11-бапта:
1-тармақтағы «азаматтар» деген сөз «Қазақстан Республикасының азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «азаматтарға» деген сөз «Қазақстан Республикасының азаматтарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 19-баптағы «азаматтарды» деген «Қазақстан Республикасының азаматтарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 19-1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «заңнамалық актілерінде» деген сөздер «заңдарында» деген сөзбен ауыстырылсын.
20. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «облыс, республикалық маңызы бар қала, астана», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың», «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың» деген сөздер тиісінше «астана, облыс, республикалық маңызы бар қала», «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың», «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың», «Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «заң актілері» деген сөздер «заңдар» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 5-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «Парламент пен» деген сөздер «Құрылтай мен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 7-баптың 2-тармағының 1-1) тармақшасындағы «Парламентінің,» деген сөз «Құрылтайының, Қазақстан Халық Кеңесінің,» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 25-бапта:
тақырыптағы «Шетелдіктер» деген сөз «Шетел азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «шетелдіктер» деген сөз «шетел азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын.
21. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «шетелдіктердің», «Шетелдіктердің», «шетелдіктер», «Шетелдіктер» деген сөздер тиісінше «шетел азаматтарының», «Шетел азаматтарының», «шетел азаматтары», «Шетел азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-баптың бірінші бөлігіндегі «Парламенті» деген сөз «Құрылтайы» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 22-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «заңнамалық актілерінде» деген сөздер «заңдарында» деген сөзбен ауыстырылсын.
22. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «шетелдіктердің», «шетелдіктерге», «шетелдіктер», «Шетелдіктер» деген сөздер тиісінше «шетел азаматтарының», «шетел азаматтарына», «шетел азаматтары», «Шетел азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) бүкіл мәтін бойынша «құпиялар болып табылатын», «құпия болып табылатын», «құпиялары болып табылатын» деген сөздер тиісінше «құпияларды құрайтын», «құпияны құрайтын», «құпияларын құрайтын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 2-тараудың тақырыбындағы «Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 5-баптың екінші бөлігіндегі «Қазақстанның» деген сөз «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 6-бапта:
тақырыптағы «Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
бірінші бөлікте:
«Парламенті» деген сөз «Құрылтайы» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «парламенттік» деген сөз алып тасталсын;
6) 14-баптың 11) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
23. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «заң актілерінен», «заң актілерімен», «заң актілерінде», «Қазақстан Республикасының заң актілеріне», «Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерін», «Заң актілерінде», «заңнамалық актілерде», «Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде», «Қазақстан Республикасының заң актілерінде», «заң актілеріне», «заңнамалық актілеріне» деген сөздер тиісінше «заңдардан», «заңдармен», «заңдарда», «Қазақстан Республикасының заңдарына», «Қазақстан Республикасының басқа да заңдарын», «Заңдарда», «заңдарда», «Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында», «Қазақстан Республикасының заңдарында», «заңдарға», «заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-баптың бірінші бөлігі «қол жеткізу;» деген сөздерден кейін «жалпыұлттық бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттарын нығайту;» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 23-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың» деген сөздер «астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 41-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «шетелдіктер» деген сөз «шетел азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын.
24. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «шетелдіктер», «Шетелдіктер» деген сөздер тиісінше «шетел азаматтары», «Шетел азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) бүкіл мәтін бойынша «заңнамалық актілеріне», «заңнамалық актілерінде», «заңнамалық актісіне», «заң актілеріне», «Қазақстан Республикасының заң актілеріне», «заң актілерімен» деген сөздер тиісінше «заңдарына», «заңдарында», «заңына», «заңдарға», «Қазақстан Республикасының заңдарына», «заңдармен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) бүкіл мәтін бойынша «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың», «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың», «Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана», «облыс, республикалық маңызы бар қала және астана», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы», «облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы», «облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық мәслихаттың», «облыс, республикалық маңызы бар қала, астана», «тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың» деген сөздер тиісінше «астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың», «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың», «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар», «Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың», «Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың», «Астана, облыс және республикалық маңызы бар қала», «астана, облыс және республикалық маңызы бар қала», «Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала», «астананы, облысты, республикалық маңызы бар қаланы», «астанадағы, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы», «астана, облыс, республикалық маңызы бар қала мәслихатының», «астана, облыс, республикалық маңызы бар қала», «астананың, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 1-бапта:
3-1) тармақшада:
«ұсынатын ұйымдар» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын достық үйлері» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«Астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы өңірлік достық үйлері жұмыс істейді.
Республикалық Достық үйінің құқықтық мәртебесі және оны қаржыландыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады;»;
5) 4-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Әкімдер тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тұруға міндетті.»;
6) 6-бапта:
24-тармағы 6) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтың 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін жасырын немесе ашық дауыс беру арқылы сайлау;»;
24-тармағы 6) тармақшасының төртінші абзацы 2026 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2-11-тармақ алып тасталсын;
7-тармақ алып тасталсын;
7) 20-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-4) тармақшамен толықтырылсын:
«3-4) бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутат кері шақырып алынса;»;
6-тармақтағы «педагогтік, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін басқа қызметпен» деген сөздер «оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге де қызметпен» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 23-баптың 2-тармағындағы «Парламенті Палаталарының төрағаларымен консультациялардан» деген сөздер «Құрылтайының Төрағасымен консультациядан» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 24-1-бап алып тасталсын;
10) 27-баптың 1-тармағында:
27) тармақшада:
«заңнамалық актілерінде» деген сөздер «заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«азаматтардың» деген сөз «Қазақстан Республикасы азаматтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
33-1) тармақшаның екінші абзацындағы «Облыстардың, астананың, Шымкент қаласының» деген сөздер «Астананың, облыстардың, Шымкент қаласының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 52) тармақшамен толықтырылсын:
«52) этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау мақсатында коммуналдық мемлекеттік мекемелер нысанында достық үйлерін құруды және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.»;
24-тармағының 11) тармақшасы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
11) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«32-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімін тағайындау, лауазымынан босату және өкілеттігін тоқтату тәртібі
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімін:
облыс әкімі осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісінше аудан және облыстық маңызы бар қала мәслихатының келісімімен тағайындайды;
облыс әкімі не Қазақстан Республикасының Президенті өз қалауы бойынша оның өкілеттігін тоқтатады және лауазымынан босатады.».
25. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «заңнамалық актілерінде», «заң актілерінде», «заң актілеріне» деген сөздер тиісінше «заңдарында», «заңдарында», «заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларындағы «республиканың» деген сөз «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 6-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің екінші сөйлеміндегі «есептеу.» деген сөз «есептеу:» деген сөзбен, бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «Республикасы Парламентінің» деген сөздер «Республикасының Құрылтайы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 13-баптағы «республикалық маңызы бар қалалық, астаналық», «республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер тиісінше «астаналық, республикалық маңызы бар қалалық», «астананың, республикалық маңызы бар қаланың», «Астананың, республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын.
26. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-баптағы «Республика күні» деген сөздер «Қазақстан Республикасы күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-бапта:
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«15 наурыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;»;
тоғызыншы абзац алып тасталсын.
27. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-бапта:
3-тармақта:
42) тармақшадағы «теңіз және шағын көлемді кемелерді» деген сөздер «теңіз кемелерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
42-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-3-тармақпен толықтырылсын:
«3-3. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне мыналар жатады:
1) шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
2) шағын көлемді кемеде кеме құжаттарының болуын тексеру;
3) жеке және заңды тұлғалардың шағын көлемді кеменің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақтауын мемлекеттік бақылау мен қадағалау, олардың бұзылуын анықтау және жолын кесу жөніндегі шараларды қабылдау;
4) жеке және заңды тұлғалардан азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне кіретін барлық мәселе бойынша қажетті ақпаратты, материалдарды, анықтамалық деректерді сұрату;
5) өз құзыреті шегінде тексеру нәтижелері бойынша актілер жасау және Қазақстан Республикасы заңнамасының, стандарттау жөніндегі құжаттардың және шағын көлемді кеменің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормалардың анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар енгізу;
6) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда шағын көлемді кемелерді әкімшілік ұстауды жүзеге асыру, шағын көлемді кемелерді жете тексеруді жүргізу;
8) жүзу қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қатер төнген кезде шағын көлемді кемелердің қозғалысын (пайдаланылуын) тоқтата тұру және оған тыйым салу;
9) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тарту;