5) 5-баптың 2) тармақшасындағы «Парламенті» деген сөз «Құрылтайы» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 23-баптың 1-тармағының 14) тармақшасындағы «шетелдіктің» деген сөз «шетел азаматының» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 30-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацында:
«Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Халық Кеңесінің,» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 31-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының бесінші абзацындағы «шетелдіктермен» деген сөз «шетел азаматтарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 43-бапта:
2-тармақта:
«Парламенті Палаталарының бейінді тұрақты комитеттерінің» деген сөздер «Құрылтайының тұрақты комитетінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
«Парламенті Палатасының» деген сөздер «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
«бейінді» деген сөз алып тасталсын;
10) 45, 46, 64 және 71-баптардағы «Парламентінде», «Парламентіне», «Парламентінің» деген сөздер тиісінше «Құрылтайында», «Құрылтайына», «Құрылтайының» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармағы 11) тармақшасы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
11) 69-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «заңсыз иемденілген» деген сөздер алып тасталсын;
12) 73-бапта:
1-тармақта:
бірінші және екінші бөліктердегі «Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Құрылтайына» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «Парламентінде» деген сөз «Құрылтайында» деген сөзбен ауыстырылсын;
13) 81-баптың 5-тармағындағы, 90-баптың 1, 3-тармақтарындағы және 4-тармағының бірінші бөлігіндегі «Парламентіне», «Парламентінің», «Парламенті» деген сөздер тиісінше «Құрылтайына», «Құрылтайының», «Құрылтайы» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 92-бапта:
3-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «Парламенті Мәжілісі мен Сенатының жалпы отырыстарында» деген сөздер «Құрылтайының отырысында» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Құрылтайы» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «Парламенті Палаталарының» деген сөздер «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен Сенатының жалпы отырыстарында» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Құрылтайының отырысында» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Құрылтайы» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «Парламенті Палаталарының» деген сөздер «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
15) 94, 95, 98, 99 және 122-баптардағы «Парламенті», «Парламентіне», «Парламентінде» деген сөздер тиісінше «Құрылтайы», «Құрылтайына», «Құрылтайында» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 123-бапта:
тақырыптағы «Парламентінде» деген сөз «Құрылтайында» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақта:
«Парламенті» деген сөздер «Құрылтайы өз отырысында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«өз кезегімен қарау арқылы Палаталардың бөлек отырысында - алдымен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде, содан кейін Сенатында» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «Парламенті» деген сөз «Құрылтайы» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Құрылтайы» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацта:
«Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Парламенті Палаталарының» деген сөздер «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
«бейіндік» деген сөз алып тасталсын;
3-тармақтың бірінші абзацындағы «Парламенті Палаталарының» деген сөздер «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақта:
«Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатында» деген сөздер алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасының Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Құрылтайының отырысында» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 168-баптың 2-тармағының алтыншы бөлігіндегі, 3-тармағы бірінші бөлігінің 27) тармақшасындағы және 5-тармағы екінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «шетелдіктер», «шетелдіктің» деген сөздер тиісінше «шетел азаматтары», «шетел азаматының» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. 2026 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне:
1) бүкіл мәтін бойынша «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана», «Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» және «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың» деген сөздер тиісінше «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар», «Астана, облыстар, және республикалық маңызы бар қалалар», «Астананың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың», «астананың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың» және «Астананың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-баптың екінші бөлігіндегі «шетелдіктерге» деген сөз «шетел азаматтарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 14-баптың 5-тармағының екінші бөлігіндегі «Заңына» деген сөз «Конституциялық заңына» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 49-баптың 3-тармағының 6) тармақшасындағы «Парламенті» деген сөз «Құрылтайы» деген сөзбен ауыстырылсын.
12. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-баптың екінші бөлігінде:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауы және лауазымнан босатуы;»;
сегізінші абзацтағы «Қазақстан теңгесі» деген сөздер «теңге» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 8 және 9-баптардағы «Қазақстан теңгесімен», «қазақстан теңгесі» деген сөздер тиісінше «теңгемен», «теңге» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 13-баптың бірінші бөлігіндегі «Парламент Сенатының келісімімен» деген сөздер алып тасталсын;
4) 20-баптың екінші бөлігіндегі «заң актілеріне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 20-4-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметпен айналысуға құқығы бар.»;
6) 36-баптың бірінші бөлігіндегі «Қазақстан теңгесінің» деген сөздер «теңге» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 38-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы (ақша бірлігі) - теңге. Теңге 100 тиыннан тұрады.»;
8) 39-бапта:
«Қазақстан Ұлттық банкінің заң актілерінде,» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Ұлттық Банкінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан теңгесі» деген сөздер «теңге» деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 42-баптың үшінші бөлігіндегі «Қазақстан теңгесі» деген сөздер «теңге» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 50-баптағы «заң актілерінде» деген сөздер «заңдарында» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 58-баптағы «Қазақстан теңгесінің», «Қазақстан теңгесі», «Қазақстан теңгесіне» деген сөздер тиісінше «теңгенің», «теңге», «теңгеге» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
14-2-баптың бесінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының» деген сөздер «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «бастығы», «бастығының», «бастығына» деген сөздер тиісінше «Бастығы», «Бастығының», «Бастығына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-1-баптың үшінші бөлігіндегі «облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 1-2-бапта:
2-тармақта:
2) тармақшадағы «Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы» деген сөздер «Республикасының Вице-Президенті» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «Парламенті Мәжілісінің» деген сөздер «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «Республика» деген сөз «Қазақстан Республикасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы «экс-президенті» деген сөз «экс-Президенттері» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «1) - 9) тармақшаларында» деген сөздер «1), 2), 3), 4), 5), 8) және 9) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 2-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «бостандықтарына,» деген сөзден кейін «ар-намысына,» деген сөзбен толықтырылсын;
5) 4-1-баптың екінші бөлігіндегі «Республика Президенті» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Президенті» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 8-баптың 1) және 4) тармақшаларындағы «жеке басының қадір-қасиетіне», «жеке басының қадір-қасиеті» деген сөздер тиісінше «ар-намысына, қадір-қасиетіне», «ар-намысына, қадір-қасиеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 9-баптың бірінші бөлігінде:
2) тармақшадағы «жеке басының қадір-қасиеті» деген сөздер «ар-намысына, қадір-қасиеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін және (немесе) әскери қызметшілерін қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға жіберу;»;
8) 17-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің саяси партия мен кәсіптік одақта болуға, қандай да бір саяси партияға немесе қоғамдық-саяси қозғалысқа қолдау көрсетуге немесе сыни пікір білдіруге құқығы жоқ.».
15. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
бірінші бөліктегі «Республикаға» деген сөз «Қазақстан Республикасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік наградаларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.»;
2) 4-бапта:
екінші бөлікте:
«Парламенті» деген сөз «Құрылтайы» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Үкіметі,» деген сөзден кейін «Қазақстан Халық Кеңесі,» деген сөздермен толықтырылсын;
«министрліктер, мемлекеттік комитеттер, басқа» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөліктегі «басқа министрліктер мен мемлекеттік комитеттері,» деген сөздер алып тасталсын;
3) 11-бап мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:
«- Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын өзге де ордендер.»;
4) 15-баптағы «Республиканың» деген сөз «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 18-бап мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«- Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын өзге де медальдар.»;
6) 23-баптағы «осы Заңда баяндалған» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 24-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы он жетінші абзацпен толықтырылсын:
«- Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын өзге де құрметті атақтар.»;
8) 27-бап мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«- Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын өзге де алқалар.»;
9) 39-1-баптың бірінші бөлігіндегі «Республикадан» деген сөз «Қазақстан Республикасынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 42-баптың екінші бөлігіндегі «Мемлекет басшысының» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Президентінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 44-баптағы «республиканың» деген сөз «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын.
16. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеке адамның және қоғамның қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін, Егемендігі мен Тәуелсіздігін, унитарлығын, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғауды қамтамасыз ету;»;
2) тармақшада:
«Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасын,» деген сөздер алып тасталсын;
«Парламентін» деген сөз «Құрылтайын» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 2-баптың 1-тармағының 4) тармақшасында:
«Конституциялық құрылысын күштеп» деген сөздер «конституциялық құрылыс негіздерін күштеп» деген сөздермен ауыстырылсын;
«өзгертуге,» деген сөзден кейін «аумақтық» деген сөзбен толықтырылсын;
«қауіпсіздігін әлсіретуге» деген сөздер «ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 6-баптың тақырыбындағы «республиканың» деген сөз «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 8-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «Республика», «Республиканың» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының», «Қазақстан Республикасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 9-баптың 1 және 2-тармақтарындағы «облыстары, республикалық маңызы бар қалалар және астана», «облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана» деген сөздер «астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 12-бапта:
бірінші бөлікте:
1) тармақшадағы «Парламентін» деген сөз «Құрылтайын» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, аумақтық тұтастығын, бұзуға және қауіпсіздігін әлсіретуге» деген сөздер «конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуге, аумақтық тұтастығын бұзуға және ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «шет ел заңды тұлғалары мен азаматтарының,» деген сөздер «шетелдік заңды тұлғалардың, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың,» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақшада:
«шетелдіктер» деген сөз «шетел азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Республика» деген сөз «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-2) және 20-1) тармақшалардағы «шетелдіктер», «шетелдіктерге» деген сөздер тиісінше «шетел азаматтары», «шетел азаматтарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «шетелдікті» деген сөз «шетел азаматын» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 13-бапта:
2) тармақшадағы «құрылысты күшпен» деген сөздер «құрылыс негіздерін күштеп» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «шетелдіктер» деген сөз «шетел азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) тармақшадағы «заңнамалық актілерінде» деген сөздер «заңдарында» деген сөзбен ауыстырылсын.
17. «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «Қоғамдық бірлестіктер туралы заңдар», «қоғамдық бірлестіктер туралы заңдары», «Қоғамдық бірлестіктер туралы заңдарды», «заң актілерінен», «заң актілерімен», «заңнамалық актілерімен», «Заң актілерінде», «заң актілері», «заң актілеріне», «заңнамалық актілерінде», «заң актілерінде» деген сөздер тиісінше «Қоғамдық бірлестіктер туралы заңнама», «қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы заңнаманы», «заңдардан», «заңдарда», «заңдарымен», «Заңдарда», «заңдары», «заңдарына», «заңдарында», «заңдарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-бап «кәсіптік одақтар» деген сөздерден кейін «, этномәдени қоғамдық бірлестіктер» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 4-баптың екінші бөлігінде:
«заңсыз араласуына,» деген сөздерден кейін «сондай-ақ» деген сөзбен толықтырылсын;
«міндеттерін» деген сөз «функцияларын» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 5-бапта:
төртінші бөлікте:
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
«негіздегі» деген сөзден кейін «саяси» деген сөзбен толықтырылсын;
«шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың» деген сөздер «шетелдік заңды тұлғалардың, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөліктегі «адамгершілік негіздеріне қастандық жасайтын» деген сөздер «қоғамның адамгершілік болмысына нұқсан келтіретін» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 7-баптың төртінші бөлігіндегі «бір облыс, республикалық маңызы бар қала және астана» деген сөздер «астана, бір облыс және республикалық маңызы бар қала» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
«7-1-бап. Этномәдени бірлестіктер
1. Этномәдени бірлестік деп Қазақстан этностарының дәстүрін, тілдері мен мәдениетін сақтау және дамыту саласындағы азаматтардың мүдделерін қанағаттандыру мақсатында қоғамдық бірлестіктің, қоғамдық қордың, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым танылады.
2. Этномәдени бірлестіктің атауында «этномәдени бірлестік» деген сөздер қамтылуға тиіс, оларды этномәдени бірлестіктің атауында ғана пайдалануға жол беріледі.
Этномәдени бірлестіктің толық және қысқартылған атауы және оның нышандары Қазақстан Республикасында тіркелген мемлекеттік органдардың, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға байланысты таратылған саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің атауы мен нышандарын толық немесе елеулі бөлігінде қайталамауға тиіс.
3. Этномәдени бірлестіктер жалпыұлттық бірлік пен ынтымақтастық, этносаралық және конфессияаралық келісім қағидаттарын нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады.
4. Этномәдени бірлестіктер өз мақсаттарына жету үшін коммуналдық мемлекеттік мекеме нысанында құрылатын достық үйлерімен өзара іс-қимыл жасайды.»;
7) 11-бапта:
бірінші бөліктегі «шетелдіктердің» деген сөз «шетел азаматтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және өзге де соттардың Төрағалары мен судьяларының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелерінің, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жұмыскерлерінің, әскери қызметшілердің саяси партияда, кәсіптік одақта болуға, қандай да бір саяси партияға немесе қоғамдық-саяси қозғалысқа қолдау көрсетуге немесе сыни пікір білдіруге құқығы жоқ.»;
алтыншы бөліктегі «тиіс» деген сөз «міндетті» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 23-баптың бірінші және үшінші бөліктеріндегі «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздер «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын.
18. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «заңнамалық актілеріне», «заңнамалық актілерінде» және «заң актілерінде» деген сөздер тиісінше «заңдарына», «заңдарында» және «заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 4-тармағындағы «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздер «Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 9-бапта:
тақырыптағы «шетелдіктердің» деген сөз «шетел азаматтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «шетелдіктер» деген сөз «шетел азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 10-3-баптың тақырыбындағы, 1-тармағындағы және 2-тармағының бірінші абзацындағы «Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздер «Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 23-баптың 2-тармағындағы «жалға алушыларды шығарудың» деген сөздер «тұрғын үйді босату» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 24-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қолданылу мерзімі және тоқтатудың өзге де негіздері көзделмейтін шартты жалдауға беруші жалдаушыны кемінде үш ай бұрын ескерте отырып, кез келген уақытта бұза алады. Шарт тоқтатылған не бұзылған кезде жалдаушы өзімен бірге тұратын барлық адаммен қоса тұрғын үйді босатуға тиіс. Олай болмаған жағдайда жалдаушы өзімен бірге тұратын барлық адаммен қоса сот шешімі негізінде басқа тұрғын үй берілместен шығарылуы мүмкін.»;
7) 25-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жалдау мерзімі өткеннен кейін жалдаушының шартты жаңарту құқығы болмайды және ол жалдауға берушінің талап етуі бойынша тұрғын үйді босатуға тиіс. Олай болмаған жағдайда жалдаушы сот шешімі негізінде басқа тұрғын үй берілместен шығарылуы мүмкін. Жалдау шарты жалдауға берушінің талап етуі бойынша жалдаушы жалдау шартының талаптарын сақтамаған жағдайда, сондай-ақ дәлелді тосын жағдайлар болған кезде не осы Заңның 107-бабының 1), 2), 3), 4) және 11) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.»;
8) 26-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қосымша жалдау шарты тоқтатылған не оны жалдаушы бұзған кезде қосымша жалдаушы тұрғын үйді босатуға тиіс. Олай болмаған жағдайда қосымша жалдаушы сот шешімі негізінде басқа тұрғын үй берілместен шығарылуы мүмкін.
5. Жалдаушы тұрғын үйіне уақытша тұрғындарды олармен қосымша жалдау шартын жасаспай кіргізуге құқылы. Уақытша тұрғындардың тұру шарттарын жалдаушы айқындайды. Уақытша тұрғындар жалдаушының талап етуі бойынша кез келген уақытта, кемінде жеті жұмыс күні бұрын ескертіле отырып тұрғын үйді босатуға тиіс. Олай болмаған жағдайда олар сот шешімі негізінде шығарылуы мүмкін.»;
9) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«27-бап. Жалдау шарты тоқтатылған жағдайда қосымша жалдаушылар мен уақытша тұрғындардың тұрғын үйді босатуы
Жалдау шарты тоқтатылған кезде бір мезгілде қосымша жалдау шарты тоқтатылады. Қосымша жалдаушылар мен уақытша тұрғындар жалдау шарты тоқтатылған кезде тұрғын үйді босатуға тиіс. Олай болмаған жағдайда олар сот шешімі негізінде шығарылуы мүмкін.»;
10) 30-баптың тақырыбы және 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«30-бап. Меншік иесінің отбасы мүшелерінің және басқа да тұрғындардың тұрғын үйді босатуы»;
«2. Меншік иесінің еркі бойынша (сату, сыйға тарту) тұрғын үйді (тұрғын үй-жайды) меншіктену құқығы тоқтатылған кезде, егер тұрғын үйді сатып алушымен жасалған шарт бойынша өзгеше көзделмесе, меншік иесінің отбасы мүшелері, меншік иесі отбасының бұрынғы мүшелері және уақытша тұрғындар басқа тұрғын үй-жай берілместен тұрғын үйді босатуға тиіс. Олай болмаған жағдайда олар сот шешімі негізінде шығарылуы мүмкін.
Тұрғынжайдың меншік иелері болатын кәмелетке толмағандардың мүдделерін қозғайтын меншік құқығының тоқтатылуы осы Заңның 13-бабының 3-тармағында көзделген нормаларда реттеледі.»;
11) 31-баптың 4-тармағындағы «Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздер «Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 34-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздер «астананың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 67-баптың 4-тармағындағы «Парламенті Палаталарының» деген сөздер «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
14) 71-баптың 2-тармағындағы «республикалық маңызы бар қалаларда, астанада» деген сөздер «астанада, республикалық маңызы бар қалаларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 78-баптың 3-тармағындағы «республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздер «астананың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;