17) 72-бап алып тасталсын;
18) 79-баптың 1-тармағында:
«қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген және өзінің туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа алған балалары бар шетелдіктерге» деген сөздер «сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген және өзінің туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа алған жетім балалары (жетім баласы) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалары (баласы) бар шетел азаматтарына, қандастарға» деген сөздермен ауыстырылсын»;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
19) 81-бапта:
1-тармақтағы «қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген шетелдіктерге» деген сөздер «жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген шетел азаматтарына, қандастарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «алған балалары» деген сөздер «алған жетім балалары (жетім баласы) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалары (баласы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
2) тармақшадағы «балалары» деген сөз «жетім балалары (жетім баласы) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалары (баласы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген шетел азаматтарына, қандастарға - бала туған күннен бастап, бірақ Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері бойынша тіркелген күннен кейін тағайындалады.»;
20) 83-бап алып тасталсын;
21) 84-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындалмаған баланың (балалардың) анасы қайтыс болған жағдайда, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем баланың (балалардың) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын заңды өкіліне тағайындалады.»;
3-тармақтағы «алынған балалар» деген сөздер «алынған жетім балалар (жетім бала) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (бала)» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 86, 87, 88 және 89-баптар алып тасталсын;
23) 90-бапта:
1-тармақтағы «қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген шетелдіктерге» деген сөздер «сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген шетел азаматтарына, қандастарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған балалар» деген сөз «қорғаншылыққа алынған жетім балалар (жетім бала) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (бала)» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 92-бап алып тасталсын;
25) 93-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «шетелдіктер» деген сөз «, жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген шетел азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 95-бап алып тасталсын;
27) 99-баптың 3-тармағы 6) тармақшасындағы «адамдар жұмыссыз адам ретінде тіркелмейді.» деген сөздер «адамдар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлемдерді, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді алушылар, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік төлемдер, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған адамдар жұмыссыз адам ретінде тіркелмейді.»;
28) 103-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «Парламенті» деген сөз «Құрылтайы» деген сөзбен ауыстырылсын;
9-тармағының 29) - 61) тармақшалары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
29) 113-бапта:
2-тармақтағы «Мансап орталығы алушыны субсидияланатын жұмыс орнына, кәсіптік оқуға жіберген кезде» деген сөздер «Алушы осы Кодекстің 109-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген кәсіптік оқудан өткен кезде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.»;
30) 114-бап алып тасталсын;
31) 115-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйесінен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыны осы Кодекстің 109-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген кәсіптік оқуға жіберу туралы мәліметтерді алу;»;
32) 118-бапта:
1-тармақта:
төртінші абзацтағы «айдан отыз алты айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда - ұзақтығы үш айға» деген сөздер «және одан көп айға әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда - ұзақтығы үш айға, бірақ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған мерзімнен асырылмай тағайындалады.» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші, алтыншы және жетінші абзацтар алып тасталсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының жеті еселенген мөлшерінің қырық бес пайызынан аспауға тиіс.»;
5-тармақ «отырып» деген сөзден кейін «, әлеуметтік төлем соңғы рет алынған айдан кейінгі он екі ай өткен соң» деген сөздермен толықтырылсын;
33) 119-бап алып тасталсын;
34) 120-бапта:
3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін айқындау, көрсету шарттарын және оны көрсету қажеттілігінің жоқтығы туралы қорытынды шығару өлшемшарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
7. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
8. Учаскелік комиссиялар туралы ережені уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді және бекітеді.
9. Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді және бекітеді.
10. Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша кедейлік шегін уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған кедейлік шегінің мөлшері негізінде жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын есептейді.»;
35) 121, 122, 123, 124, 125 және 127-баптар алып тасталсын;
36) 128-баптың 4) тармақшасындағы «осы Кодекстің 122-бабының 4-тармағында көрсетілген» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
37) 129 және 130-баптар алып тасталсын;
38) 170-бапта:
2-тармақтағы «осы Кодексте көзделген» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай редакциядағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Уәкілетті мемлекеттік орган:
мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау тәртібін;
еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау тәртібін;
мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртібін айқындайды.»;
39) 171-бап алып тасталсын;
40) 175-бапта:
6-тармақтың бірінші бөлігі «, бұған жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын, бала кезінен мүгедектігі бар он сегіз жастан асқан балаларға оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін жәрдемақы тағайындалатын жағдай кірмейді» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының тағайындалған, алушы уақтылы талап етпеген сомасы өткен уақытқа, бірақ оны алуға жүгінгенге дейінгі үш жылдан аспайтын уақытқа төленеді.»;
41) 178, 179 және 182-баптар алып тасталсын;
42) 183-баптың 1-тармағында «қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген шетелдіктерге» деген сөздер «сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген шетел азаматтарына, қандастарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
43) 185-бап алып тасталсын;
44) 187-баптың 1-тармағындағы «қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген шетелдіктерге» деген сөздер «сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген шетел азаматтарына, қандастарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
45) 189-бап алып тасталсын;
46) 190-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «шетелдіктер» деген сөз «, жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген шетел азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
2) тармақшадағы «басқа» деген сөз «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында санамаланған басқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6), 7) және 8) тармақшаларында санамаланған басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;»;
8) тармақшадағы «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына» деген сөздер «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері», «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атақтарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
9), 10), 13), 14), 15) тармақшалар және 16) тармақшадағы «адамдар;» деген сөз «адамдар жатады.» деген сөздермен ауыстырылып, 17) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді және бекітеді.
5. Уәкілетті мемлекеттік орган:
ұрыс қимылдарына қатысқан кезде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатын ұрыс қимылдары жүргізілген қалалар мен кезеңдердің тізбесін;
ұрыс қимылдарына қатысқан кезде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатын басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңдердің тізбесін;
ұрыс қимылдарына қатысқан кезде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатын ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттердің, аумақтар мен кезеңдердің тізбесін;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін наградаларға жатқызылған, наградтау кезінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатын бұрынғы КСР Одағы медальдарының тізбесін бекітеді.»;
47) 191 және 193-баптар алып тасталсын;
48) 194-баптың 3-тармағында:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Кеңес Одағының батырларына, Социалистік Еңбек ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері», «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атақтарына ие болған адамдарға - 138,63 айлық есептік көрсеткіш;»;
10), 11), 14), 15), 16), 17) тармақшалар және 18) тармақшадағы «көрсеткіш;» деген сөз «көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.» деген сөздермен ауыстырылып, 19) тармақша алып тасталсын;
49) 195-бап алып тасталсын;
50) 195-1-бапта:
3-тармақта:
үшінші абзацтағы «осы Кодексте көзделген» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскерлерде «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезінде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты болмаған жағдайда, осы баптың 1-тармағының 1, 2) және 3) тармақшаларында көзделген төлемдерді жүзеге асыру жұмыс берушіге жүктеледі.
Осы тармақтың ережелері мемлекеттік мекемелер болып табылатын жұмыс берушілерге қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны алушыға тағайындалған, бірақ ол талап етпеген сомалар өткен уақытқа, бірақ оларды алуға жүгінген күнге дейінгі үш жылдан аспайтын уақытқа төленеді.
5. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, оны төлеуді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.»;
51) 195-2 және 195-5-баптар алып тасталсын;
52) 202-бапта:
3-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацында:
«тұратын» деген сөзден кейін «немесе қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан» деген сөздермен толықтырылсын;
«зейнетақы төлемдері» деген сөздерден кейін «, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мына көлемде:
осы Кодекстің 210-бабына сәйкес тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдері мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес;
осы Кодекстің 177 және 236-баптарына сәйкес тағайындалған мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен емес көлемде жүргізіледі.»;
екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын;
4-тармақ «кезеңіне» деген сөзден кейін «немесе қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жазасын өтеу кезеңіне» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан шыққан немесе қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінен босатылған жағдайда мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және жасына байланысты зейнетақы төлемі, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы шыққан немесе босатылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап толық көлемде қайта басталады.»;
53) 216-бапта:
6-тармақта:
бірінші бөлік «тұратын» деген сөзден кейін «немесе қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқан» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтардан шыққан немесе қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінен босатылған жағдайда еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемі шыққан немесе босатылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап толық көлемде қайта басталады.»;
54) 217-бапта:
1-тармақтағы «осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен инфляцияның деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерде» деген сөздер «нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 19) тармақшасындағы «да» деген сөз алып тасталсын;
55) 218 және 219-баптар алып тасталсын;
56) 229-бапта:
2-тармақтағы «осы Кодексте көзделген» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Уәкілетті мемлекеттік орган:
асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлем мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау;
асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау тәртібін айқындайды.»;
57) 230-бап алып тасталсын;
58) 234-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге» деген сөздер «Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген шетел азаматтарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақшадағы «және егер он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектігі бар адамдар болып танылса, осы жастан асқан» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақшадағы «әжесі отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелері болып есептеледі» деген сөздер «әжесі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
6) күндізгі оқу нысаны бойынша жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша оқитын бала кезінен мүгедектігі бар адамдар оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан асқанша отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелері болып есептеледі.»;
3-тармақтағы «он сегіз жастан асқан» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
«11. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының тағайындалған, алушы уақтылы талап етпеген сомасы өткен уақытқа, бірақ оны алуға жүгінген күнге дейінгі үш жылдан аспайтын уақытқа төленеді.»;
59) 237, 238 және 241-баптар алып тасталсын;
60) 262-бап мынадай мазмұндағы 8, 9, 10 және 11-тармақтармен толықтырылсын:
«8. 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған бюджеттік субсидияларды алушыларға төленетін төлем 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылады.
9. 2026 жылғы 31 желтоқсандағы ахуал бойынша бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алушы болып табылатын адамдарға бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі уақытты қоса алғанда жалғасады.
10. 2026 жылғы 31 желтоқсандағы ахуал бойынша жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушы болып табылатын адамдарға жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем бекітілген мерзімге дейін жалғасады.
11. 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған, осы Кодекстің 177-бабының 8-тармағында көзделген жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын мүгедектігі бар жеті жасқа дейінгі балалар, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда, Байқоңыр қаласында тұратын жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар балалар, Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жәрдемақы алу құқығын сақтайды.»;
61) 263-баптың 6-тармағында:
2) тармақшада:
екінші абзац «тұрып жатқан» деген сөздерден кейін «немесе қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан» деген сөздермен толықтырылсын;
«төлемдері» деген сөзден кейін «, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мына көлемде:
осы Кодекстің 210-бабына сәйкес тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдері мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жасына байланысты ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес;
осы Кодекстің 177 және 236-баптарына сәйкес тағайындалған мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жасына байланысты ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен емес көлемде жүргізіледі.»;
бесінші және алтыншы абзацтар алып тасталсын;
4) тармақшада:
екінші абзац «тұрып жатқан» деген сөздерден кейін «немесе қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші және төртінші абзацтар алып тасталсын;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан шыққан немесе қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен босатылған жағдайда шыққан немесе босатылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемі толық көлемде қайта басталады.».
10. 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
1) бүкіл мәтін бойынша «заңнамалық актілеріне», «заңнамалық актілерінде», «заңнамалық актілері», «заңнамалық актілердің», «заңнамалық актілерді», «заңнамалық актісінде», «заңнамалық актілерінің» деген сөздер тиісінше «заңдарына», «заңдарында», «заңдары», «заңдардың», «заңдарды», «заңында», «заңдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 148-баптың 3-тармағының 2) тармақшасын және 8-тармағы сегізінші бөлігінің екінші абзацын қоспағанда, бүкіл мәтін бойынша «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар, астана», «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыс, республикалық маңызы бар қала, астана», «Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана», «облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана», «Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана» деген сөздер тиісінше «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «астана, облыс, республикалық маңызы бар қала», «Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала,», «астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар», «Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 1-баптың 3-тармағында:
«Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармағы 3) тармақшасының үшінші абзацы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
«аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың),» деген сөздер алып тасталсын;
4) 3-баптың 1) және 22) тармақшаларындағы «Парламенті» деген сөз «Құрылтайы» деген сөзбен ауыстырылсын;