10) тармақшадағы «анықталған ішкі су көлігінің (соның ішінде шағын көлемді кемелердің) жұмыс істеуін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды» деген сөздер «ішкі су көлігінің жұмыс істеуін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) тармақша алып тасталсын;
8) 17-1-бапта:
тақырыптағы «(оның ішінде шағын көлемді кемелерді)» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кемелерді қарап тексеру кеменің (оның мемлекеттік тіркелген орнына қарамастан), экипаждың кемелерді қауіпсіз пайдалануды регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін анықтау мақсатында жүргізіледі. Кемелерді қарап тексеру капитанның немесе бірінші штурманның (капитанның аға көмекшісінің) қатысуымен тұрақта тұрған, сол сияқты жүзіп келе жатқан кезде де жүргізілуі мүмкін.
Ішкі суларда жүзетін кемелерді қарап тексеру навигацияаралық кезеңнен кейін, ал «өзен-теңізде» жүзетін кемелерді теңізде пайдаланғаннан кейін олар ішкі су жолдарына кірген кезде жүргізіледі.
Кемелерді бақылау мақсатында қарап тексеру навигация кезеңінде екі айда бір реттен жиілетпей немесе көлік оқиғасы болған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда жүргізіледі.»;
4 және 5-тармақтар алып тасталсын;
9) мынадай мазмұндағы 17-3, 17-4 және 17-5-баптармен толықтырылсын:
«17-3-бап. Шағын көлемді кемелерді бақылау мен қадағалау
Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары:
1) шағын көлемді кемелердің пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігі тұрғысынан оларды қарап тексеруді жүргізу;
2) пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сай келмейтін шағын көлемді кемелерді ұстау;
3) шағын көлемді кемелерді пайдалану қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төнген кезде шағын көлемді кемелердің қозғалысын тоқтата тұру және оларға тыйым салу;
4) шағын көлемді кемелердің жұмыс істеуін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;
5) шағын көлемді кемелердің мәселелері бойынша сараптамаларға қатысуға тиісті мамандарды тарту;
6) шағын көлемді кемелердің алкогольден, есірткіден және уытқұмарлықтан масаң күйде болған кеме жүргізушілерін кеме жүргізуден шеттету және оларды медициналық куәландыруға жіберу;
7) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу арқылы шағын көлемді кемелерді бақылайды және қадағалайды.
17-4-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының шағын көлемді кемелерді қарап тексеруді жүргізуі
1. Шағын көлемді кемелерді қарап тексеру шағын көлемді кеменің (оның мемлекеттік тіркелген орнына қарамастан), экипаждың шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін анықтау мақсатында жүргізіледі. Шағын көлемді кемелерді қарап тексеру шағын көлемді кемені жүргізушінің қатысуымен тұрақта тұрған, сол сияқты жүзіп келе жатқан кезде де жүргізілуі мүмкін.
Шағын көлемді кемелерді қарап тексеру навигацияаралық кезеңнен кейін жүргізіледі.
Шағын көлемді кемелерді бақылау мақсатында қарап тексеру навигация кезеңінде екі айда бір реттен жиілетпей немесе көлік оқиғасы болған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда жүргізіледі.
2. Шағын көлемді кемелерді қарап тексеру кезінде мыналар тексерілуге тиіс:
1) кеме билеті;
2) өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына берілетін куәлік;
3) техникалық куәландырудан өткендігі;
4) шағын көлемді кемедегі жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтеру нормаларының, жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулердің, жолаушылар мен жүктердің дұрыс орналастырылуының сақталуы;
5) құтқару, өртке қарсы және су төгу құралдарының болуы;
6) борттарда тіркеу нөмірінің болуы;
7) тұрған жеріне қарамастан, кеме корпусын тесіп өткен ойықтардың болмауы, кеменің гермобөліктерінің және (немесе) әуе жәшіктерінің болмауы немесе тұмшалануының бұзылуы;
8) руль құрылғысының конструкцияда көзделген бекіту бөлшектерінің болуы немесе оның құрамдас бөліктерінің зақымдалуы, оның жұмыс істеу сенімділігінің қамтамасыз етілмеуі;
9) отын ағуының, дірілдің болмауы, бәсеңдеткіштің болуы және жарамдылығы, қозғалтқышты қашықтан басқару жүйесінің зақымдалуы, реверс-редуктордың сенімді қосылуының (ажыратылуының) қамтамасыз етілмеуі, реверс қосылып тұрған кезде қозғалтқыштың (мотордың) іске қосылуын бұғаттауыштың жарамсыздығы;
10) кеменің жиынтықтамасы мен жабдығының кеме типіне сәйкестігі;
11) айырым оттарының болуы, жарамдылығы немесе сәйкестігі;
12) кемені оның белгіленген сыныбына сәйкес келетін бассейндерде (аудандарда) пайдалану;
13) руль, сигнал, зәкір және арқандап байлау құрылғысының болуы және жарамдылығы;
14) орнатылған қозғалтқыштың ең жоғары қуатының сәйкестігі.
3. Шағын көлемді кемені қарап тексеру нәтижелері бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкері, әскери қызметшісі шағын көлемді кеменің атауын (нөмірін) және тіркеу нөмірін, кеме иесін (кеме жүргізушіні), қарап тексеру күнін көрсете отырып, шағын көлемді кемені қарап тексеру актісін жасайды. Шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкері, әскери қызметшісі анықталған бұзушылықтардың тізбесін және оларды жою мерзімдерін көрсете отырып нұсқама шығарады. Кеме құжаттары болмаған кезде және жүзу қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайларда, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкері, әскери қызметшісі осы Заңның 7-2-бабының 3-тармағында көзделген жедел ден қою шараларын қабылдайды.
Жедел ден қою шарасы қолданылған кезде осы шараның қолданылу мерзімі (қажет болған кезде) көрсетілген қадағалау актісі ресімделеді, оның нысанын уәкілетті орган айқындайды.
Шағын көлемді кемені қарап тексеру актісі және нұсқама уәкілетті орган бекітетін нысандар бойынша екі данада жасалады және оларға азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкері, әскери қызметшісі және кеме жүргізуші қол қояды. Кеме жүргізуші шағын көлемді кемені қарап тексеру актісіне немесе нұсқамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бас тартудың мәлімделген уәждері көрсетіле отырып жазба жасалады.
Шағын көлемді кемені қарап тексеру актісінің және нұсқаманың бірінші данасы - кеме иесінде, екіншісі азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органында сақталады.
Қадағалау актісі екі данада жасалады, оған азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкері, әскери қызметшісі және кеме жүргізуші қол қояды. Кеме жүргізуші қадағалау актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бас тартудың мәлімделген уәждері көрсетіле отырып жазба жасалады.
Қадағалау актісінің бірінші данасы - кеме иесінде, екінші данасы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органында сақталады.
Шағын көлемді кемеге қарап тексеру жүргізген, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлері, әскери қызметшілері шағын көлемді кемені қарап тексеру актісіндегі, нұсқамадағы және қадағалау актісіндегі жазбалардың анықтығына жауапты болады.
17-5-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі
1. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы цифрлық жүйелер деректерін, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау негізінде жүзеге асырады.
2. Шағын көлемді кемелерге арналған орынтұрақ базалардың иелері бақылау және қадағалау субъектілері болып саналады.
3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары - бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау және қадағалау субъектісіне беру, бақылау және қадағалау субъектісіне әкімшілік жүктемені азайту.
4. Бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау және қадағалау субъектілеріне беру үшін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жасау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салдарын жою мүмкін болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.
5. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне бұзушылықтарды жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жасалады.
6. Ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту мен алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
7. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мына жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымда алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы осындай орган сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
8. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
9. Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
11. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.».
36-тармақ 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
36. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 20-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 4-7) тармақшамен толықтырылсын:
«4-7) Еңбек ресурстарын дамыту орталығы;»;
мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-7) тармақшасында көрсетілген кредиттік есепті алушы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 10-бабының 1-2-тармағында көзделген мәліметтерді алуға құқылы.»;
2-тармақта:
«және 4-5)» деген сөздер «, 4-5) және 4-7)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 21-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы Заңның 20-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінің 4-7) тармақшасында көрсетілген кредиттік есепті алушы:
1) кредиттік тарих субъектісі туралы кредиттік есепті алуға оның келісімін алғаны туралы растауды мемлекет қатысатын кредиттік бюроға ұсынуға;
2) кредиттік есепке қатысты құпиялылықты сақтауға және онда қамтылған ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етпеуге;
3) кредиттік есепте көрсетілген мәліметтерді Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген мақсаттар үшін ғана пайдалануға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.».
37. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «заңнамалық актілерімен», «заңнамалық актілерінде», «заңнамалық актілеріне» деген сөздер тиісінше «заңдарында», «заңдарында», «заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-баптың 30) тармақшасындағы және 3-баптың 1) тармақшасындағы «егемендікті», «егемендігін» деген сөздер тиісінше «Егемендікті», «Егемендігін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 2-тараудың тақырыбындағы «Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 5-баптың 2-тармағында:
«Республика Парламентін» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Құрылтайын» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақшадағы «Парламент палаталарының бірлескен отырысының» деген сөздер «Құрылтайдың» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 6-бапта:
«Парламентінің», «Парламенті» деген сөздер тиісінше «Құрылтайының», «Құрылтайы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) қорғаныс және Қарулы Күштер мәселелері бойынша тыңдау өткізеді.»;
6) 7-баптың 1) тармақшасындағы және 8-баптың 6) тармақшасындағы «республиканың», «республика» деген сөздер «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 9-баптың 7-5) тармақшасындағы «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 18-бапта:
1-тармақтағы «егемендігін» деген сөз «Егемендігін» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «тәуелсіздігі» деген сөз «Тәуелсіздігі» деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 22-баптың 2-тармағының 26-5) тармақшасындағы «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 28-баптың 1-тармағындағы «Парламенті» деген сөз «Құрылтайы» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 32-баптың 2-тармағындағы «Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын.
38. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 9) тармақшасындағы «Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 2-баптың 2-тармағындағы «тәуелсіздігінен» деген сөз «Тәуелсіздігінен» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 4-баптың 4-тармағының 2) тармақшасындағы «Парламенті» деген сөз «Құрылтайы» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 5-баптың 6-тармағының 1) тармақшасындағы «Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 12-баптың 1-тармағында:
«Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының» деген сөздер «Құрылтай Төрағасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Парламент» деген сөз «Құрылтай» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 13-баптың 2-тармағындағы «Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 14-бапта:
«62-бабына» деген сөздер «61-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Парламенті» деген сөз «Құрылтайы» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 16-баптың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларындағы «Парламентіне» деген сөз «Құрылтайына» деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 17-баптың 1) тармақшасындағы «Парламенті» деген сөз «Құрылтайы» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 18-баптың 1-тармағының екіншi бөлігіндегі «Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Құрылтайына» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 24-баптың 2-тармағында:
«Парламенті» деген сөз «Құрылтайы» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
12) 29-баптың 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларындағы «Парламентіне» деген сөз «Құрылтайына» деген сөзбен ауыстырылсын;
13) 30-баптың 1-тармағында:
«62-бабына» деген сөздер «61-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Парламенті» деген сөз «Құрылтайы» деген сөзбен ауыстырылсын.
39-тармақ 2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
39. «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы Заң Алатау қаласының аумағында туындайтын қоғамдық қатынастарға Қазақстан Республикасының Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы заңнамасында реттелмеген бөлігінде қолданылады.»;
2) 11-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Бурабай ауданында, Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында, Жетісу облысының Панфилов ауданында және Алакөл көлінің жағалауында, Алматы облысының Талғар ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында және Зайсан ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын аумақтарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 15-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Жекелеген аумақтарда орналастырылған казино мен ойын автоматтары залдарына шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың, ойын мекемесінің жұмыскерлерінің және еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысты ойын мекемесінде болатын өзге де адамдардың ғана кіруіне жол беріледі.
Мұндай аумақтардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.».
40-тармақ 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
40. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
18-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіне орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
41. «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың», «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың» деген сөздер тиісінше «астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың», «Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың», «Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) бүкіл мәтін бойынша «шетелдік», «шетелдіктің» және «шетелдіктер» деген сөздер тиісінше «шетел азаматы», «шетел азаматының» және «шетел азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 7-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «Парламентіне» деген сөз «Құрылтайына» деген сөзбен ауыстырылсын.
42. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «заңнамалық актілермен», «заңнамалық актілерінде» деген сөздер тиісінше «заңдарда», «заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-баптың 4-тармағындағы «Шетелдіктерге» деген сөз «Шетел азаматтарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 17-баптың 1-тармағындағы «азамат» деген сөз «жеке тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 47-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «азамат» деген сөз «жеке тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 58-баптың 3-тармағына орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
6) 103-1-бапта:
тақырып «кепілдік берген» деген сөздерден кейін «білікті» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке сот орындаушылары істердің әлеуметтік маңызы бар санаттарын орындау кезінде жеке тұлғаларға мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетеді.»;
2, 3, 4 және 5-тармақтар «кепілдік берген» деген сөздерден кейін «білікті» деген сөзбен толықтырылсын;
7) 106-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы бірінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сот шешімінсіз тұрғын үйден шығарып жіберуге жол берілмейді.»;
«меншік иесін» деген сөздер «борышкерді» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 119-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «заң көмегі тегін» деген сөздер «өзі ақысын төлемейтін білікті заң көмегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 141-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың» деген сөздер «астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 143-баптың 5-тармағындағы «Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 144-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы «ғылыми, оқытушылық немесе шығармашылық қызметті» деген сөздер «оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметті» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 146-баптың 2-1-тармағындағы «республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер «астананың, республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 148-баптың 1-тармағының 7-1) тармақшасы «ретінде» деген сөзден кейін «білікті» деген сөзбен толықтырылсын;
14) 149-баптағы «ғылыми, оқытушылық немесе шығармашылық қызметті» деген сөздер «оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметті» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 152-баптың 1-тармағындағы «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер «Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 161-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының әрбір облысының, республикалық маңызы бар қаласының және астанасының» деген сөздер «Астананың, әрбір облыстың және республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 163-1-баптың 1-тармағының 3-2) тармақшасындағы «облыстардың, аудандардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздер «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 172-1-баптың 4) тармақшасындағы «ғылыми, оқытушылық немесе өзге де шығармашылық қызметті» деген сөздер «оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметті» деген сөздермен ауыстырылсын.
43. «Сыртқы барлау туралы» 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 1) тармақшасының бесінші абзацындағы «құрылысын» деген сөз «құрылыс негіздерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 9-баптың 1) тармақшасындағы «Парламенті» деген сөз «Құрылтайы» деген сөзбен ауыстырылсын.
44. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 16-4-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 25-баптың екінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «егемендігіне» деген сөз «Егемендігіне» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 64-баптың 5-тармағындағы «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер тиісінше «Астананың, республикалық маңызы бар қаланың», «астананың, республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 74-1-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацында:
«шетелдікке» деген сөз «шетел азаматына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«шетелдіктермен» деген сөз «шетел азаматтарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
ескертпенің 2) тармақшасының төртінші абзацындағы «заңнамалық актісінің» деген сөздер «заңының» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 76-баптың 5-тармағының үшінші бөлігіндегі «заңнамалық актілерінде» деген сөздер «заңдарында» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 79, 96, 98 және 100-баптардағы «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың» деген сөздер тиісінше «астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың», «Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын.