7) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлерінің лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттары;
8) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында өтініш берілетін күнге тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төмен талап етілетін рейтингінің болуын куәландыратын құжат;
9) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға қарсылығының жоқ екені туралы жазбаша хабарламасы не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы мәлімдемесі:
10) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына қолданыстағы лицензияның бар екені туралы жазбаша растамасы;
11) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтініш ұсынудың алдындағы екі жыл ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген пруденциялық нормативтер мен сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзбағаны туралы жазбаша растамасы;
12) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін өз филиалының қызметіне байланысты міндеттемелер филиал тарапынан орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған жағдайда оларды осы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сөзсіз, дереу орындайтыны туралы жазбаша міндеттемесі;
13) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қолданыстағы лицензиясының көшірмесі;
14) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабында көзделген, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын есептік тіркеу құжаттары;
15) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны бергені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға құқылы.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган қарап жатқан кез келген сәтте кері қайтарып алуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру тәртібі, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген құжаттың мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беруден бас тарту мынадай негiздердің кез келгені бойынша жүргiзiледi:
1) осы баптың 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) ұсынылған құжаттардың осы баптың 2-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау;
4) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 8) және 11) тармақшаларында белгіленген талаптарды сақтамау;
5) осы Заңның 28-бабы 1-тармағының 4) және 7) тармақшаларында көрсетілген негіздер;
6) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы атауының осы Заңның 23-бабы 7-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;
7) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты анық емес ақпарат беру.
Уәкілетті орган осы баптың 5-тармағында көзделген мерзімдерде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беруден бас тарту негіздерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын бас тарту туралы жазбаша хабардар етеді.
4. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға берiлген рұқсаттың күші:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған;
2) уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған;
3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат берілген күннен бастап екі ай ішінде Корпорацияда есептік тіркеуден өтпеген;
4) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы есептік тіркеуден өткен күннен бастап үш ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алмаған жағдайларда, жойылды деп есептеледі.
5. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап елу жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру туралы хабарлама Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және Корпорацияға жіберіледі.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны беру туралы шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсаттың заңды күші болады.
6. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын есептік тіркеуді Корпорация Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға берген рұқсаты негізінде жүзеге асырады.
7. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тұрған жері деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы ережеде көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған жері танылады.»;
19) 33-баптың 13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын ашуға осы Заңда көзделген шарттарда рұқсат етіледі.»;
20) 34-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және солардың негізінде сақтандыру қызметі жүргізілетін құжаттарға қол қою құқығына ие Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшысы және оның орынбасарлары, өзге де басшылары, бас бухгалтер Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлері болып танылады. Қазақстан Республикасы бейрезидент- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының кемінде екі басшы қызметкері Қазақстан Республикасының резиденті болуға тиіс.
Басшы және оның орынбасарлары, бас бухгалтер Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлері болып танылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы атқарушы орган басшысының не атқарушы органының, заңды тұлғаның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адамның, басқа Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары басшысының лауазымын атқаруға құқылы емес.»;
3-тармақта:
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешімді қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін, не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары, ірі қатысушы - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушы (сақтандыру холдингі) - заңды тұлғасының басшысы болған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.
Көрсетілген талап уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін, не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;
5) осы және (немесе) өзге де қаржы ұйымында, осы және (немесе) өзге де Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындау (сайлау) күніне дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам да сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған, тиісті функциялар берілген) не заңды тұлға сақтандыру холдингі мәртебесін алған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде тиісті функцияларды уәкілетті органмен келіспей жүзеге асыруға құқылы.
Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге ұсынылмаған не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайларда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерінің міндеттерін уәкілетті органның келісімінсіз, осы тармақта белгіленген мерзімнен асырып атқаруға (уақытша болмағанда оны алмастыруға) тыйым салынады.
Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
Осы Заңның 27-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдарға келісім беру үшін құжаттар ұсынылған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге аталған адамдарға келісім беру не келісім беруден бас тарту туралы шешімді заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттарды алған күннен бастап тоғыз жұмыс күні ішінде жібереді.
Осы Заңның 16-4-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасына және 30-1-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасына сәйкес, жаңадан ашылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдарға келісім беру үшін құжаттар ұсынылған кезде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокеріне аталған адамдарға келісім беру не келісім беруден бас тарту туралы шешімді Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының есептік тіркелгенін растайтын құжаттарды алған күннен бастап тоғыз жұмыс күні ішінде жібереді.
Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдарға келісім беруден бас тартылуына байланысты құжаттар қайтадан ұсынылған кезде құжаттарды уәкілетті орган осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген мерзімде қарайды.»;
8-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) басшы қызметкерлердің осы Заңның 16-2-бабында, осы бапта немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлері үшін), «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында және «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерге, оның ішінде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан алған мәліметтер де жатады.»;
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, сақтандыру брокерінде басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) берген келісімді уәкілетті органның кері қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге қаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болып табылады.»;
21) 36-5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысымен, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы ережеде исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңеске исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне қойылатын, сақталуы міндетті өзге де талаптарды айқындау құқығы берілуі мүмкін.»;
22) 36-7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«36-7-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысына қойылатын қосымша талаптар
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы ережеде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мәліметтерден бөлек, мыналар:
1) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің мақсаттары;
2) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұрақты жұмыс істейтін органының - исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ оны құру тәртібі және исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің мүшелеріне қойылатын талаптар;
3) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес мақұлдаған, исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сыйақы алудың шарттары және тәртібі қамтылуға тиіс.»;
23) 37-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалына сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша ұқсас қызмет түрлерін жүзеге асыруға қолданыстағы лицензиялар болған кезде береді.»;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сақтандыру ұйымы сақтандыру ұйымын құруға (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын ашуға) рұқсат алу кезiнде бизнес-жоспарда көрсетiлген талаптарды орындау мерзiмi өткенге дейiн сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алу үшiн уәкiлеттi органға жүгінуге құқылы емес.»;
8-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Брокерлік қызметтің қосымша түрі бойынша сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алу үшін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 5) тармақшаларында белгіленген құжаттар;
2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының резерв ретінде қабылданатын активтері мөлшерінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ең төмен мөлшерге сәйкестігін растайтын құжаттар.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Уәкілетті орган лицензия беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Осы Заңның 27-бабы 1-1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына лицензия беру туралы құжаттар ұсынылған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге лицензия беру не беруден бас тарту туралы шешімді заңды тұлға мемлекеттік тіркелген күннен бастап тоғыз жұмыс күні ішінде жібереді.
Осы Заңның 16-4-бабының 1-тармағына және 30-1-бабының 2-тармағына сәйкес, ашылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалына лицензия беру туралы құжаттар ұсынылған кезде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокеріне лицензия беру не беруден бас тарту туралы шешімді филиал есептік тіркелген күннен бастап тоғыз жұмыс күні ішінде жібереді.
Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, ашылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына лицензия беруден бас тартылуына байланысты құжаттар қайта ұсынылған кезде уәкілетті орган құжаттарды осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімде қарайды.
Өтініш беруші лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган құжаттар алынған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту береді.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Өтініш беруші лицензияны қайта ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган құжаттар алынған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту береді.»;
мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
«13. Осы баптың 7-2, 7-3 және 8-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданылмайды.»;
24) 38-баптың 1-тармағында: