5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартын жасау тәртібі мен ерекшеліктері, сондай-ақ сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымы инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтандыру ұйымында бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия болған кезде өзі дербес басқаруға не оларды сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беруге құқылы.
Сақтандыру ұйымының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беру шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастырылған активтерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымына инвестициялық басқаруға беру шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттарын жасасуды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді және меншікті қаражат бойынша және инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастырылған активтер бойынша бөлек қаржылық есептілік пен алғашқы статистикалық деректерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық Банкке ұсынады.
Сақтандырушының пайдасына сақтанушының қатысуына байланысты төлемдерді есепке жазу аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша жүргізіледі.»;
8) 15-1-бапта:
2-1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларды тану мақсаттары үшін:
осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы түсініледі;
осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы түсініледі.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының үлестес тұлғалары деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес осындай деп танылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғалары танылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ұсынатын мәліметтер негізінде өзінің үлестес тұлғаларын есепке алуды жүргізеді.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына осы тармақтың талаптарын қолдану мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы түсініледі.»;
9) 16-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1 және 3-1-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының интернет-ресурсында мынадай ақпарат орналастырылады:
1) толық атауы, мекенжайы (орналасқан жері), телефон нөмірлері, жұмыс режимі;
2) есептік тіркеу және бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы туралы ақпарат, оның интернет-ресурсы;
4) өткен есепті үш жыл үшін аудиторлық ұйым растаған, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігі, ал еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шоғырландырылмаған қаржылық есептілігі;
5) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша өткен есепті үш жыл үшін жылдық есептілігі (бар болса);
6) осы баптың 2-тармағының 3), 5), 6), 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшаларында көрсетілген ақпарат.»;
«3-1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының интернет-ресурсында мынадай ақпарат орналастырылады:
1) толық атауы, мекенжайы (орналасқан жері), телефон нөмірлері, жұмыс режимі;
2) есептік тіркеу және бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері туралы ақпарат, оның интернет-ресурсы;
4) өткен есепті үш жыл үшін аудиторлық ұйым растаған, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігі, ал еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) брокерінің шоғырландырылмаған қаржылық есептілігі;
5) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) брокері филиалының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша өткен есепті үш жыл үшін жылдық есептілігі (бар болса);
6) осы баптың 2-тармағының 3), 5), 6), 9) және 10) тармақшаларында, 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген ақпарат.»;
5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесінің құрамына кіретін сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының тізбесі;»;
10) 16-1-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат етіледі.»;
7-тармақ алып тасталсын;
11) 16-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-2-бап. Сақтандыру брокерінің құрылтайшыларына қойылатын талаптар
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе оның қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалы қызметкерлерінің сақтандыру брокерін құруға немесе оның қызметіне, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға немесе оның қызметіне қатысуына тыйым салынады.
2. Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары мен қызметкерлері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қызметкерлері бір мезгілде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында лауазымдарды атқара алмайды.»;
12) мынадай мазмұндағы 16-4-баппен толықтырылсын:
«16-4-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашу
1. Қазақстан Республикасы бейрезиденті-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы қазақ немесе орыс тіліндегі өтініш уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша мынадай құжаттармен қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашу туралы шешімі;
2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы туралы ереженің жобасы;
3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің құрылтай құжаттарының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған) көшірмелері;
4) уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері туралы мәліметтер, оның ішінде аяқталған соңғы екі қаржы жылы үшін аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілік (бар болса шоғырландырылған есептілікті қоса алғанда);
5) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының ұйымдық құрылымы және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
6) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлерінің лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттары;
7) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиал ашуына қарсылығының жоқ екендігі туралы жазбаша хабарламасы не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы мәлімдемесі;
8) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінде сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына қолданыстағы лицензиясының бар екені туралы жазбаша растамасы;
9) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің өтініш ұсынудың алдындағы екі жыл ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыруды реттейтін заңнамасының талаптарын бұзбағаны туралы жазбаша растамасы;
10) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің құрылтайшысында (құрылтайшыларында) экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар бойынша сотталғандығының жоқтығы туралы, сондай-ақ құрылтайшының (құрылтайшылардың) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерін заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиядан айырған, оны мәжбүрлеп тарату, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған кезден бастап бір жылдан аспайтын кезеңде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері мемлекетінің өзге қаржы ұйымының басшы қызметкері ретінде қызметті жүзеге асырмағаны туралы жазбаша растамасы. Көрсетілген талап Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерін лицензиядан айырғаннан, оны мәжбүрлеп тарату, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады;
11) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің қолданыстағы лицензиясының көшірмесі;
12) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабында көзделген, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын есептік тіркеу құжаттары;
13) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны бергені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға құқылы.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган қарап жатқан кез келген сәтте кері қайтарып алуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беруден бас тарту мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:
1) ұсынылған құжаттардың осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау;
3) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасында белгіленген талаптарды сақтамау;
4) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалы атауының осы баптың 8-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;
5) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокеріне қатысты анық емес ақпарат беру.
Уәкілетті орган осы баптың 5-тармағында көзделген мерзімдерде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беруден бас тарту негіздерін көрсете отырып, одан бас тартылғаны туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
3. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға берілген рұқсаттың күші:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған;
2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат берілген күннен бастап екі ай ішінде Корпорацияда есептік тіркеуден өтпеген;
3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы есептік тіркеуден өткен күннен бастап үш ай ішінде сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алмаған жағдайларда, жойылды деп есептеледі.
4. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының есептік тіркелу кезіне қарай оның резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастырады. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібі және олардың ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
5. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап елу жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы хабарлама Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокеріне және Корпорацияға жіберіледі.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалына сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны беру туралы шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға берілген рұқсаттың заңды күші болады.
6. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын есептік тіркеуді Корпорация Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен, уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға берген рұқсаты негізінде жүзеге асырады.
7. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының құқықтық мәртебесі Корпорацияда есептік тіркеумен және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның болуымен айқындалады.
8. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы өз атауы ретінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы туралы ережеде көрсетілген атауды пайдаланады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы өз атауында Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің атауын, сондай-ақ «филиал» деген сөзді пайдалануға міндетті.
9. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының тұрған жері деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы туралы ережеде көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған жері танылады.»;
13) 17-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру брокері меншікті қаражатын Қазақстан Республикасының банктеріндегі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарындағы депозиттерге орналастыруға құқылы.»;
14) 20-бап мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Осы баптың 1, 1-1, 2, 3, 4, 5, 8, 9, 10 және 11-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылмайды.
Аудиторлық ұйым Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің қаржы жылының қорытындылары бойынша қаржылық есептілігінің аудиторлық есебінің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокеріне ұсынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы оларды уәкілетті органға қазақ немесе орыс тілінде ұсынуға міндетті.»;
15) 22-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының құқықтық мәртебесі филиалдың Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы ретінде Корпорацияда есептік тіркелуімен және сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның болуымен айқындалады.»;
16) 23-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы өз атауы ретінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы ережеде көрсетілген атауды пайдаланады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы өз атауында Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауын, сондай-ақ «филиал» деген сөзді пайдалануға міндетті.»;
17) 27-баптың 8-тармағы алып тасталсын;
18) мынадай мазмұндағы 30-1-баппен толықтырылсын:
«30-1-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашу
1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мынадай шарттар орындалған кезде Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға жүгінуге құқылы:
1) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жиынтық активтерінің сомасы бес миллиард АҚШ долларына балама сомадан төмен болмауға тиіс;
2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандырудың барлық саласы мен сыныбында сақтандыруды (қайта сақтандыруды) жүзеге асыру бойынша кемінде он жылдық тәжірибесінің болуы;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекет қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроримзді қаржыландырудың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысушы болып табылады, сондай-ақ Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобымен (ФАТФ) ынтымақтастықты жүзеге асырады;
4) уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасында келісімнің болуы.
Уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасындағы келісімде бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны, банк құпиясын, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын құпия ақпаратты алмасу тәртібі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашу, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және оның филиалының қызметін лицензиялау, басшы қызметкерлерін келісу, қызметін реттеу, бақылау мен қадағалау (оның ішінде қызметіне тексерулер жүргізу) және тоқтату мәселелері бойынша ынтымақтасу тәртібі, сондай-ақ бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсаттары үшін өзара іс-қимылдың өзге де мәселелері қамтылуға тиіс;
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға қарсылық білдірмейтіні туралы жазбаша хабарламасының не көрсетілген мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы мәлімдемесінің болуы;
6) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына қолданыстағы лицензиясының бар екені туралы жазбаша растамасының болуы.
2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру туралы қазақ немесе орыс тіліндегі өтініш уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша мынадай құжаттармен қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашу туралы шешімі;
2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы ереженің жобасы;
3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған) көшірмелері;
4) уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы мәліметтер, оның ішінде соңғы аяқталған екі қаржы жылы үшін аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілік (бар болса шоғырландырылған есептілікті қоса алғанда);
5) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының ұйымдық құрылымы және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
6) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды адамы не құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берілген адам бекіткен, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының актуарийі қол қойған, «жалпы сақтандыру» саласында ашылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін таяудағы үш жылға және «өмірді сақтандыру» саласында ашылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін бес жылға әзірленген Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бизнес-жоспары;