78. «Қарсы барлау қызметі туралы» 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 24, 125-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):
1) 1-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) байланыс желісінің және ақпараттандыру объектілерінің жедел мониторингі - байланыс желісі арқылы берілетін немесе ақпараттандыру объектілерінде өңделетін ақпараттан барлау-нұқсан келтіру әрекетінің белгілерін жасырын табу;»;
2) 11-баптың 1-тармағының 7) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) нәрселерді, заттарды және деректерді жедел табу, зерттеу, тіркеу;»;
«11) байланыс желісінің және ақпараттандыру объектілерінің жедел мониторингі;».
79-тармақ 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
79. «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 9, 20-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат):
1-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) кредитор - берешек бойынша борышкерге талап ету құқығы бар екінші деңгейдегі банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым.».
80-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
80. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат):
2-баптың 14-тармағында:
«2021» деген цифрлар «2023» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«акционерлік қоғамдарда» деген сөздерден кейін «(олардың құқықтық мирасқорларында)» деген сөздермен толықтырылсын.
81. «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 23, 87-құжат; 2019 ж., № 24-І, 119-құжат; № 24-ІІ, 123-құжат; 2020 ж, № 13, 67-құжат; № 14, 68-құжат):
81-тармақтың 1) тармақшасы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1) 25-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Табиғи монополия субъектілері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бизнес-әріптестер тізілімін құру, жүргізу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ақпарат береді.»;
2) 26-бапта:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
«24-1) уәкілетті органмен табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік бұру каналдары бар магистральдық каналдарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін беру жөніндегі сенімгерлік басқару шартын келісуге;»;
26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«26) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайларды және осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында көзделген реттелетін қызметті қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметті өндіру және (немесе) ұсыну, табиғи монополия субъектісінің сенімгерлік басқаруға берілетін активтерін кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін шаруашылықаралық және шаруашылықішілік бұру каналдары бар магистральдық каналдарды сенімгерлік басқаруға беру кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын, меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде тиесілі мүлікті сенімгерлік басқаруға, лизингті қоса алғанда, мүліктік жалдауға (жалға алуға) бермеуге міндетті.
Шаруашылықаралық және шаруашылықішілік бұру каналдары бар магистральдық каналдарды сенімгерлік басқаруға берген жағдайда, сенімгерлік басқарушы суды каналдар арқылы беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке уәкілетті орган бекіткен тариф деңгейінен аспайтын бағада каналдар бойынша су беру жөнінде қызметтер көрсетеді;»;
81-тармақтың 3) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 33-баптың 4-тармағындағы «қайта қаржыландыру» деген сөздер «базалық» деген сөзбен ауыстырылсын.
82. «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2019 ж., № 7, 38-құжат):
82-тармақтың 1) тармақшасы 2020 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
1) 14-бап мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) осы Заңның талаптарына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің салынған объектісі мемлекеттік меншікке берілген жағдайда, арнайы экономикалық аймақтың қатысушысымен арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясынан бір мезгілде жекеше әріптес болып табылатын арнайы экономикалық аймаққа қатысушының пайдасына уақытша жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруға байланысты арнайы экономикалық аймақ құрылатын, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу;»;
82-тармақтың 2) тармақшасы 2020 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
2) 16-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін арнайы экономикалық аймақ шекараларындағы жер учаскесімен бірге беру арнайы экономикалық аймақтың шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту үшін негіз болып табылмайды.
Арнайы экономикалық аймақтар шекараларындағы жер учаскесінде орналасқан мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі арнайы экономикалық аймақтың аумағында қалады.»;
3) 17-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 295-2-бабына сәйкес, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде он бес миллион еселенген мөлшерінде инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтін, инвестициялар туралы келісім жасасқан арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқық режимінің жұмыс істеу мерзімі, арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың құқықтары мен міндеттері инвестициялар туралы келісімнің қолданылу мерзіміне сақталады.»;
82-тармақтың 3) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2020 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің салынған объектісі мемлекетттік меншікке берілген жағдайда, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарына сәйкес мемлекеттік әріптеске беру үшін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысына уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын иеліктен шығарады. Осы бапқа сәйкес уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын иеліктен шығару арнайы экономикалық аймақ құрылатын, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін кейінгі жер пайдалану (қосалқы жалдау) шартын тоқтату үшін негіз болып табылады.»;
4) 18-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған, аяқталмаған келісімшарттар бойынша - инвестициялық салықтық преференцияларды қолданатын ұйымдар;»;
82-тармақтың 5) тармақшасы 2020 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
5) 39-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің салынған объектісі мемлекеттік меншікке берілген жағдайда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жекеше әріптес болып табылатын арнайы экономикалық аймақ қатысушысының пайдасына уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын иеліктен шығару;»;
6) 56-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«56-бап. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік осы Заңға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
83. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2019 ж., № 8, 45-құжат):
1-баптың 13-тармағының 4) тармақшасында:
бесінші абзац алып тасталсын;
он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген автокөлік құралын тоқтату үшін негіздерді интеллектуалды көлік жүйесі айқындайды.».
84. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2019 ж., № 23, 105-құжат; 2020 ж., № 10, 39-құжат; № 13, 67-құжат):
84-тармақтың 1) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 17-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің 1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 19-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік корпорация әлеуметтік төлемдерді тағайындауға қажетті құжаттар қабылданған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде немесе әлеуметтік төлемдерді проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындауға келісім алынған күннен бастап оларды, жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді тағайындауға қажетті, беру мерзімі екі жұмыс күнінен аспайтын құжаттарды қоспағанда, қорға береді.»;
8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тағайындалу мерзімі барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күннен бастап немесе «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы әлеуметтік төлемдер тағайындауға келісім алынған күннен бастап алты жұмыс күнінен аспайтын жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді қоспағанда, әлеуметтік төлемдерді тағайындау мерзімі сегіз жұмыс күнінен аспайды.».
84-тармақтың 3) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 39-баптың 4-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің 1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі» деген сөздермен ауыстырылсын.
85-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
85. «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2019 ж., № 24-II, 121-құжат; 2020 ж., № 16, 77-құжат):
8-бапта:
4-тармақтың үшінші абзацындағы «мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.» деген сөздер «мөлшерінде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«сабақтан тыс спорт сабақтарын жүргізу үшін - базалық лауазымдық айлықақысының жүз пайызы мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.»;
5-тармақ «ұйымында» деген сөзден кейін «, сондай-ақ әдістемелік кабинетте» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болатын осы Заңның 1-бабы 59-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацын;
2) 2020 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 82-тармағының 1), 2) тармақшаларын, 3) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 5) тармақшасын;
3) 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 6) тармақшасын, 2-тармағы 3) тармақшасының үшінші абзацын, 5) тармақшасын, 8-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының үшінші абзацын, 3) тармақшасын, 9-тармағының 5) тармақшасын, 8) тармақшасының бірінші және екінші абзацтарын, 10-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының үшінші, төртінші, алтыншы - тоғызыншы абзацтарын, 3) тармақшасын, 11-тармағының 1) тармақшасын, 12-тармағының 4) тармақшасын, 16-тармағын, 17-тармағының 1), 2) тармақшаларын, 3) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарын, 4) тармақшасын, 6) тармақшасын, 7) тармақшасының екінші - жиырма екінші абзацтарын, 8) тармақшасын, 9) тармақшасын, 10) тармақшасын, 11) тармақшасының екінші - төртінші, он екінші, он үшінші абзацтарын, 13) - 18) тармақшаларын, 20) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарын, 21) - 30) тармақшаларын, 20, 23, 25-тармақтарын, 29-тармағының 5) тармақшасын, 30 - 34-тармақтарын, 35-тармағы 1) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жиырмасыншы, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы абзацтарын, 3), 4), 5), 18) - 23) тармақшаларын, 24) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтарын, 30), 31) тармақшаларын, 36-тармағы 2) тармақшасының төртінші - жетінші абзацтарын, 3) тармақшасының үшінші, алтыншы - оныншы, он үшінші абзацтарын, 4), 5) тармақшаларын, 7) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарын, 8) - 11) тармақшаларын, 38, 39, 41, 44, 45, 46-тармақтарын, 49-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының бесінші - жетінші абзацтарын, 3) тармақшасын, 4) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы абзацтарын, 5) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын, 6) тармақшасының екінші - төртінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 7) және 8) тармақшаларын, 9) тармақшасының екінші - үшінші абзацтарын, 10) тармақшасының төртінші, бесінші, тоғызыншы, он төртінші және он бесінші абзацтарын, 11), 12) тармақшаларын, 18) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарын, 51-тармағының 1) тармақшасын, 3) тармақшасын, 4) тармақшасын, 56-тармағының 1), 2) тармақшаларын, 4) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарын, 61-тармағының 2) тармақшасын, 64-тармағының 2), 21) тармақшаларын, 68-тармағының 1) - 7) тармақшаларын, 8) тармақшасының екінші, үшінші, алтыншы - оныншы абзацтарын, 9) тармақшасын, 74-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацын, 77-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацын, 79-тармағын;
4) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 5) тармақшасын, 2-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацын, 4) тармақшасын, 3-тармағының 3) тармақшасын, 7-тармағын, 8-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацын, 9-тармағы 8) тармақшасының үшінші абзацын, 10-тармағы 2) тармақшасының бесінші абзацын, 4) тармақшасын, 11-тармағының 2) тармақшасын, 12-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларын, 14-тармағы 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 7), 8), 10) тармақшаларын, 15-тармағының 2) тармақшасын, 3) тармақшасын, 4) тармақшасының үшінші, алтыншы, сегізінші, он бірінші, он екінші абзацтарын, 5) тармақшасын, 6) тармақшасының екінші абзацын, 7) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарын, 8) тармақшасын, 9) тармақшасын, 17-тармағының 12) тармақшасын, 20) тармақшасының екінші абзацын, 18, 19, 22, 28-тармақтарын, 29-тармағының 1) тармақшасын, 35-тармағының 13) тармақшасын, 36-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын, 3) тармақшасының төртінші, бесінші, он екінші абзацтарын, 6) тармақшасын, 7) тармақшасының екінші абзацын, 52-тармағын, 56-тармағының 3) тармақшасын, 4) тармақшасының екінші абзацын, 5) тармақшасын, 58-тармағының 5), 14), 16) тармақшаларын, 59-тармағының 1), 2) тармақшаларын, 3) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарын, 4) тармақшасын, 61-тармағының 1) тармақшасын, 3) тармақшасын, 5) тармақшасын, 8) - 15) тармақшаларын, 64-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші, оныншы - он алтыншы абзацтарын, 3) - 6) тармақшаларын, 9) - 12) тармақшаларын, 14) тармақшасының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он бірінші - он үшінші, он бесінші - жиырма тоғызыншы абзацтарын, 15), 16) тармақшаларын, 17) тармақшасының төртінші - тоғызыншы абзацтарын, 19) тармақшасының екінші, үшінші, бесінші - сегізінші, оныншы, он бірінші абзацтарын, 20), 22) және 23) тармақшаларын, 66-тармағының 1) тармақшасын, 68-тармағы 8) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 10) тармақшасын, 69-тармағы 1) тармақшасының екінші - оныншы абзацтарын, 2) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтарын, 3) тармақшасын, 72-тармағын, 77-тармағы 1) тармақшасының екінші және төртінші абзацтарын, 2) тармақшасын, 80-тармағын, 81-тармағының 3) тармақшасын, 84-тармағының 1), 3) тармақшаларын, 85-тармағын;
5) 2021 жылғы 4 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 61-тармағының 4), 6) және 7) тармақшаларын;
6) 2021 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 49-тармағы 2) тармақшасының екінші - төртінші абзацтарын, 4) тармақшасының екінші - бесінші, жетінші абзацтарын, 5) тармақшасының төртінші абзацын, 6) тармақшасының бесінші - жетінші абзацтарын, 9) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарын, 10) тармақшасының үшінші, сегізінші, оныншы - он үшінші, он алтыншы, он жетінші абзацтарын, 13) - 17) тармақшаларын, 18) тармақшасының бесінші - он екінші абзацтарын, 64-тармағы 1) тармақшасының төртінші - тоғызыншы абзацтарын, 7), 8), 13) тармақшаларын, 14) тармақшасының бесінші, алтыншы, он төртінші абзацтарын, 17) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын, 18) тармақшасын, 19) тармақшасының он екінші абзацын, 69-тармағы 1) тармақшасының он бірінші - он үшінші абзацтарын, 2) тармақшасының жетінші - тоғызыншы абзацтарын;
7) 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 9-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын, 2) тармақшасын, 35-тармағының 15), 25), 28), 29) тармақшаларын, 36) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 39) тармақшасын, 37-тармағы 1-тармақшасының екінші - бесінші абзацтарын, 2), 3), 4) тармақшаларын, 51-тармағының 2) тармақшасын, 5) тармақшасының төртінші абзацын, 63-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацын, 65-тармағының 3) тармақшасын, 67-тармағын, 81-тармағының 1) тармақшасын;
8) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 37-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Мыналар:
1) осы Заңның 1-бабы 48-тармағы 1) тармақшасы үшінші абзацының күші республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессия шарттары бойынша 2017 жылғы 17 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады;
2) осы Заңның 1-бабы 49-тармағы 10) тармақшасы сегізінші абзацының күші 2021 жылғы 1 мамырдан кейін жасалған банктік шот және (немесе) банктік салым шарттарына қолданылады;
3) осы Заңның 1-бабы 49-тармағы 16) тармақшасы он екінші абзацының және 17) тармақшасының күші 2021 жылғы 1 мамырға дейін барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған қатысушы банктердің депозиторларына қолданылады деп белгіленсін;
Барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған қатысушы банктердің депозиторлары 2021 жылғы 1 мамырдан бастап 2022 жылғы 1 мамырды қоса алғанда кепілді өтем төлеу үшін:
кепілді өтем төлеу туралы келісім жасалған банк-агентке;
төлемдердің электрондық порталы не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға жүгінуге құқылы;
4) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер 2021 жылғы 1 маусымға дейін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен төлемдердің электрондық порталына қосылу және оған қол жеткізу шарттары мен тәртібін айқындайтын келісім жасасуға міндетті;
5) осы Заңының 1-бабы 49-тармағы 10) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтары 2021 жылғы 1 мамырға дейін қолданылады деп белгіленсін.
3. Осы Заңның 1-бабы 49-тармағы 5) тармақшасы үшінші абзацының, 6) тармақшасы төртінші абзацының, 10) тармақшасы он бесінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 1 мамырға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның депозиторларға кепілді өтемді төлеу жөніндегі міндеттемелері қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату) туралы мәліметтер бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген күннен бастап бір жыл өткен соң, бірақ қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күннен бастап бес жылдан кейін тоқтатылуға жатады.»;
«8) қатысушы банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылу кезеңіне тағайындалатын уақытша әкімшіліктен, мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) тарату комиссиясынан кепілдік берілетін депозиттер бойынша депозиторлардың тізімін, сондай-ақ кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілді өтемнің есеп-қисабын уақтылы ұсынуды талап етуге;»;
«3. Қатысушы банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылу кезеңіне тағайындалатын уақытша әкімшілік (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының тарату комиссиясы) қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға кепілдік берілген депозиттер бойынша депозиторлардың тізімін, сондай-ақ қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнге жасалған кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілді өтемнің есеп-қисабын ұсынуға міндетті.».
4. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-3-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 2 қаңтар
№ 399-VІ