Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының конкурстық тарату массасы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының конкурстық тарату массасына инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлік кірмейді. Көрсетілген мүлік, сондай-ақ инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелер тарату комиссиясының басқа ислам банкіне немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалына беруіне жатады.
Ислам банкін, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалын таңдау және оларға қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлкін және инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелерін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының активтерін, оның ішінде резерв ретінде қабылданған активтерін және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақшаны пайдалануға құқылы.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының активтері, оның ішінде резерв ретінде қабылданған активтері жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы кредиторларының талаптарын осы Заңның 13-1-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес уәкілетті органға бұрын ұсынылған жазбаша міндеттемеге сәйкес қанағаттандырады.
Уәкілетті орган тарату туралы есепті бекітеді және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешім қабылдайды.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімі аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшін белгіленген тәртіппен архивке тапсыруға және бұл туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы есептік тіркеуден шығарылғаннан кейін қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясы бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға филиалдың есептік тіркеуден шығарылғаны туралы анықтаманың көшірмесін ұсынады.
6. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін банк қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыру және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) негіздері бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырған жағдайда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімі мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады:
1) осы баптың 5-тармағы он төртінші бөлігінің ережелері қолданылмайды;
2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыруды қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясы осы Заңның 74-2-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы активтерінің, оның ішінде резерв ретінде қабылданған активтерінің және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақшаның есебінен жүргізеді;
3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, оның ішінде резерв ретінде қабылданған активтері және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақша жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасында Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін тарату рәсімінің барысы мен нәтижелері туралы ақпарат алмасу осы Заңның 13-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген келісімде көзделген негізде және тәртіппен жүзеге асырылады.
7. Уәкілетті орган қызметі ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларының қызметін бақылауды осы Заңның 74-4-бабына сәйкес жүзеге асырады.»;
17-тармақтың 30) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
30) 75-бапта:
2-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылмайды.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Заңның банктерге қатысты қолданылатын ережелері (1, 3, 5, 5-1, 10, 10-1, 11-1, 11-2, 13, 14, 15, 16, 16-1, 16-2, 16-3, 17, 17-1, 17-2, 18, 19, 21, 23, 24, 25, 28, 47-1, 48-1, 52-4, 52-7, 52-9, 52-13, 52-14, 52-15, 52-16, 52-17, 54-1, 59-1, 59-2, 59-3, 60, 60-1, 61, 61-2, 61-4, 61-9, 61-10, 61-11, 61-12, 61-13, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 67-1, 68, 68-1, 70, 71, 72, 74, 74-1, 74-3, 76-1, 78-баптарды қоспағанда) осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылады.
Осы Заңның 8-1, 20, 26, 27, 30, 31, 31-1, 34, 35, 36, 39, 40, 40-5, 45, 45-1, 50, 52-12, 56, 57, 61-5, 61-6, 61-7, 73-баптарында көзделген, уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктерге байланысты құқықтық қатынастарды реттеу саласындағы өкілеттіктері, оның ішінде осы Заңды іске асыру мақсатында нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға арналған өкілеттіктері Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына байланысты құқықтық қатынастарға қолданылады.».
18-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 9-10, 52-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 119-құжат; № 24-II, 122-құжат; 2020 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 39-құжат; № 13, 67-құжат; № 19-20, 81-құжат; 2020 жылғы 17 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
10-2-бап мынадай мазмұндағы 10-27) тармақшамен толықтырылсын:
«10-27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;».
19-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
19. «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 87-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 15, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат):
47-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы және 48-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасының» деген сөздер «Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
20-тармақ 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
20. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-I, 143-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 74-құжат):
21-бапта:
1-тармақтың 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, банктерден, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарынан және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, сондай-ақ өзге де ұйымдардан аудиттелетін субъектіге қатысты мәліметтерді сұратуға;»;
2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсынуға;».
21. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; 2019 ж., № 8, 46-құжат; № 21-22, 90-құжат):
мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:
«11-1-бап. Жобалау қызметі
1. Стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарда белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жобалық басқару арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Жобалық басқару жөніндегі уәкілетті орган Мемлекеттік органдарды жобалық басқарудың үлгілік регламентін бекітеді.
Жобалық басқару жөніндегі уәкілетті орган деп жобалық басқару саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган түсініледі.».
22-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
22. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 21, 382-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2005 ж., № 7-8, 22-құжат; 2007 ж., № 14, 102-құжат; 2011 ж., № 4, 37-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 12, 87-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2017 ж., № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 23, 103-құжат):
1) 2-бап:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) біржолғы зейнетақы төлемдеріне арналған арнайы шоттар - тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жатқызу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті операторда біржолғы зейнетақы төлемдерін алушы ашатын ағымдағы банктік шот;»;
2) 3-баптың 8-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып тұрғын үй жағдайларын жақсарту деп тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган бекітетін, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларында айқындалған мақсаттар түсініледі.»;
3) 5-баптың 1-тармағы 3) тармақшасындағы «қарыздарын беру тұрғын үй құрылысы жинақ банктері қызметінің негізгі түрлері болып табылады.» деген сөздер «қарыздарын беру;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жатқызу үшін арнайы шоттар ашу және жүргізу тұрғын үй құрылысы жинақ банктері қызметінің негізгі түрлері болып табылады.».
23-тармақ 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
23. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат):
1) 2-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заң кәсіпкерлік қызмет түрі ретінде сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі негізгі ережелерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру брокерлерін құру, олардың қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын ашу, олардың қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ерекшеліктерін, өзге де жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру нарығында қызмет ету шарттарын, сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеу міндеттерін және сақтандыру қызметін бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету қағидаттарын айқындайды.»;
«4. Осы Заңның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру брокерлеріне қатысты қолданылатын ережелері (10-1, 10-2, 10-3, 16-2, 16-3, 21, 24, 25, 25-1, 26, 26-1, 27, 28, 30, 31, 32, 35, 40, 48, 49, 50, 51, 52, 53-4, 54-1, 55-1, 55-2, 55-3, 55-4, 55-5, 55-6, 56, 59, 60, 61, 62, 63, 65, 66, 69, 69-1, 71, 74-1-баптарды қоспағанда) осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.
Осы Заңның 6, 9, 11-1, 12, 15-1, 15-2, 16, 17, 20, 31-1, 34, 36-2, 36-3, 37, 37-1, 46, 47, 52-1, 53, 53-1, 75, 75-1, 77, 79, 81, 82-баптарында көзделген, уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру брокерлеріне байланысты құқықтық қатынастарды реттеу саласындағы өкілеттіктері, оның ішінде осы Заңды іске асыру мақсатында нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға арналған өкілеттіктері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына байланысты құқықтық қатынастарға қолданылады.»;
2) 3-бапта:
мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы - Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыратын, заңды тұлға болып табылмайтын оқшауланған бөлімшесі;
8-2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы - Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру қызметін (қайта сақтандыру қызметін) жүзеге асыратын, заңды тұлға болып табылмайтын оқшауланған бөлімшесі;»;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылар - өз қызметін уәкілетті органның тиісті лицензиялары негізінде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы, актуарий;»;
3) 4-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға және орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi, сондай-ақ өзара сақтандыру қоғамдарының сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты, «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметі сақтандыру қызметi болып табылады.
3. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға және орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi исламдық сақтандыру қызметі болып табылады.»;
4) 5-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы банктерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының резидент-жеке және заңды тұлғаларынан Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) төлеуге байланысты төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыруына тыйым салынады.»;
5) 11-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне жатпайтын кәсіпкерлік қызмет ретінде мәмілелерді жүзеге асыруына және операцияларды жүргізуіне тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандыру қызметінен басқа, сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға құқылы.
«Өмірді сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандыру қызметінен басқа, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз сақтанушыларына тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде қарыздар беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуға құқылы.»;
3-1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы, оның түрлері, шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік беруге жататын сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлесін сатып алады.»;
6) 11-1-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қағидалары мен ішкі қағидаларын - директорлар кеңесі, ал Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының осы қағидаларын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы бекітеді.»;
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қағидалары мен ішкі қағидаларын исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің оң қорытындысы болған кезде - директорлар кеңесі, ал Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының осы қағидаларын исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің оң қорытындысы болған кезде Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы бекітеді.»;
7) 12-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру ұйымының филиалын қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарын ескере отырып, сатып алу сомасы шегiнде қарыздар беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуға құқылы.»;