5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) тағайындауға (сайлауға) ұсынылып отырған кандидаттардың арасынан басшы қызметкерге келісім берілмесе (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, ашылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы үшін);»;
мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) осы Заңның 16-4-бабының 4-тармағына және 46-бабының 12-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру жөніндегі талаптар орындамалса;
7) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша ұқсас қызмет түрлерін жүзеге асыруға қолданыстағы лицензиялары болмаса;
8) осы Заңның 34-бабы 1-1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлерінің ішінде кемінде екі Қазақстан Республикасының резидент-басшы қызметкердің болуы жөніндегі талап сақталмаса жүргізіледі.»;
25) 43-бапта:
3), 5) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат бередi;»;
«5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға келісім береді;»;
«13) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссияларының қызметiне бақылауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі мен шарттарын айқындайды;»;
26) 44-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметіне тексеру жүргізу кезінде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан осы Заңның 30-1-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі туралы ақпарат алуға құқылы.»;
27) 46-баптың 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Уәкілетті орган қаржы жүйесінің тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету, инвесторларды, сақтанушыларды (сақтандырылушыларды, пайда алушыларды) қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілейді.
Уәкiлеттi орган қосымша пруденциялық нормативтерді, оның ішінде аннуитеттік сақтандыру бойынша сақтандыру резервтерінің орнын толтыратын активтерді инвестициялау бойынша қосымша нормативтерді белгілеуге құқылы.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы есептік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастырады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібі және олардың ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен міндеттерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымдарының филиалдарын жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі, нысандары, оны Ұлттық Банкке ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциалдық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелері, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібі және олардың ең төмен мөлшері Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының осы Заңда көзделген исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру ерекшеліктері ескеріле отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының пруденциалдық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі, нысандары, оны Ұлттық Банкке ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциялық нормативтерін белгіленген деңгейден төмен емес деңгейде ұстап тұру жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, оның ішінде уәкілетті органның талап етуі бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайын жақсарту бойынша, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын, осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген активтерін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде ұлғайту бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын, осы тармақтың оныншы бөлігінде көрсетілген шаралар жеткізіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған міндеттемелерді бұрын уәкілетті органға осы Заңның 30-1-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 12) тармақшасына сәйкес ұсынылған жазбаша міндеттемеге сәйкес орындайды.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы уәкілетті органның жазбаша нұсқамада көрсетілген бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептіліктегі және (немесе) өзге де есептіліктегі деректерді түзету жөніндегі талаптарын орындамаған кезде пруденциялық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.
Осы баптың 3, 5, 6 және 10-2-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданылады.»;
28) 48-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Заңның 25-1-бабында көзделген шарттарға сәйкес келетін қамтамасыз етілмеген қарыз тартуды қоспағанда, банктерден, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарынан меншікті капиталының мөлшерінен асатын мөлшерде қарыз қаражатын үш айдан астам мерзімге тартуға;»;
29) 53-3-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Филиалына уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген талаптарды қойған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайын жақсарту бойынша, оның ішінде резерв ретінде қабылданатын, осы Заңның 46-бабының 12-тармағында көзделген активтердің мөлшерін ұлғайту, оның қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және уәкілетті органның талаптарына сәйкес келтіру арқылы тәуекелдерді барынша азайту бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шаралар жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған міндеттемелерді бұрын уәкілетті органға осы Заңның 30-1-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 12) тармақшасына сәйкес ұсынылған жазбаша міндеттемеге сәйкес орындайды.»;
30) 53-5-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалына бұрын оларға қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, мынадай санкцияларды қолдануға құқылы:
1) осы Заңның 54-бабының 1-2-тармағында көзделген негіздер бойынша лицензияның қолданысын тоқтата тұру;
2) осы Заңның 55-бабының 1-2-тармағында көзделген негіздер бойынша лицензиядан айыру.»;
31) 54-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы лицензиясының қолданысы мынадай негіздердің бірі бойынша алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін:
1) осы баптың 1-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 2-4), 2-6), 2-7), 4), 5), 7), 8), 9), 10), 10-1), 11), 12), 13) және 16) тармақшаларында көзделген негіздер;
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының осы Заңның 16-4-бабының 4-тармағына және 46-бабының 12-тармағына сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, резерв ретінде қабылданатын активтердің мөлшеріне қойылатын талаптарды сақтамауы;
3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органның осы Заңның осы бабының 4-тармағына және 46-бабының 4-тармағына сәйкес қойған талаптарын орындамауы;
4) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы үшін осы Заңның 11-бабының 3-тармағына сәйкес тыйым салынған қызметті жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қызметі процесінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды сақтамау;
6) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының немесе сотының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруға лицензиясының қолданысын тоқтата тұруы.»;
32) 55-бап мынадай мазмұндағы 1-2 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«1-2. Уәкілетті орган мынадай негіздердің бірі бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезиденті-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім шығаруға құқылы:
1) осы баптың 1-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 2-3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер;
2) осы Заңның 54-бабы 1-2-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) бұзушылық;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденттері болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының немесе сотының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерін сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыруы;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекет сотының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) туралы шешім қабылдауы;
5) осы Заңның 72-1-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда соттың Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдауы.»;
«5. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім оны уәкілетті орган қабылдаған күннен бастап күшіне енеді. Лицензиядан айыру туралы қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы шешімге шағым жасауға құқылы.»;
33) 67-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті түрде тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзі жасасқан сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелін сақтандырудың берілетін сыныптары бойынша лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылар болып табылатын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына беру бойынша шаралар қабылдауға міндетті.»;
34) мынадай мазмұндағы 72-1-баппен толықтырылсын:
«72-1-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату
1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы рұқсатының не уәкілетті органның рұқсаты болған кезде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңнамасы бойынша осындай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы тиісті мемлекеттің қаржылық қадағалау органы мәлімдемесінің (қызметті ерікті түрде тоқтату) негізінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімі бойынша;
2) уәкілетті органның лицензиядан айыру туралы шешімінің (қызметті мәжбүрлеп тоқтату) негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтату рәсімдерінде кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады.
Қызметін ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының кредиторлар комитетінің құрамын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясының ұсынуы бойынша уәкілетті орган бекітеді.
Кредиторлар комитетін қалыптастырудың және оның қызметінің ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
3. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы өзі жасасқан сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелін сақтандырудың берілетін сыныптары бойынша лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылар болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалына беру бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру портфелін сақтандырудың берілетін сыныптары бойынша лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылар болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалына бергеннен кейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту, сондай-ақ сақтандыру портфелін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтiнiшхатқа тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленетiн құжаттар қоса берілуге тиiс.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату осы Заңның 67-бабының 3, 5 және 6-тармақтарында және 68-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат алғаннан кейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын тарату туралы есеп бекiтілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешім қабылдайды.
Қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясы қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерінде белгiленедi.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға байланысты барлық шығыстар Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданған активтерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражаты есебінен ғана жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданған активтерін Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының барлық кредиторларының талаптары қанағаттандырылғаннан кейін пайдаланады.
4. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыруына байланысты, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) туралы шешіміне байланысты жүргізіледі.
Сот Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін уәкілетті органның оны лицензиядан айыруына байланысты емес негіз бойынша мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган оны лицензиядан айыру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
5. Уәкілетті органның шешіміне байланысты Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айырған күннен бастап Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясы тағайындалады, ол Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімін жүзеге асырады.
Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясы оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айырған күннен бастап: