1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты шығыстар жүргізіледі;
2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлерінің өкілеттіктері тоқтатылады, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы, ал қажет болған кезде өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шеттетіледі және жұмыстан шығарылады;
3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары), органдары, басшы қызметкерлері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлкіне билік етуге құқылы болмайды;
4) кредиторлардың, мемлекеттік кірістер органдарының талаптары, оның ішінде даусыз тәртіппен қанағаттандыруға жататын талаптары бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының банктік шоттарынан ақшаны өндіріп алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлкіне өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді;
5) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қатысты соттардың бұрын қабылдаған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;
6) үш ай ішінде сақтандыру портфелін беру жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы лицензиядан айырылған күннен бастап сақтандыру портфелін беру тәртібі мен ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, сақтандыру портфелін беру, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты барлық шығыстар Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданған активтерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражаты есебінен ғана жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімі осы Заңның 70-бабының 2, 3-тармақтарына және 72-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясының құрамына енгізілген уәкiлеттi орган қызметкерлерiнің еңбегіне ақы төлеуге байланысты шығыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты шығыстарды уәкiлеттi органның қаржыландыруына тыйым салынады.
Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату тәртiбi, тарату комиссиясының төрағасына және мүшелерiне қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.
Қызметті мәжбүрлеп тоқтату тәртібі және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.
Тарату комиссиясы төрағасының және мүшесінің құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сыйақыға құқығы, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының істері мен мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктердің көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және кредиторлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, олармен жасасатын келісімде реттеледі.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясының төрағасына, мүшелерiне және өзге де тартылған қызметкерлерге төленетiн сыйақының ай сайынғы мөлшерi олардың әрқайсысына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын жалақының он еселенген ең төмен мөлшері сомасынан аспауға тиiс.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату, конкурстық массасы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалған тәртiппен қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлкін өткізуді тарату комиссиясы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалған тәртіппен жүргізеді.
Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын лицензиядан айырғанға дейін бір жыл ішінде ол жасасқан мәмілені осы Заңның 70-бабының 1-1-тармағында көзделген негіздер бойынша соттың жарамсыз деп тануы туралы талап қоя алады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, оның ішінде резерв ретінде қабылданған активтерін және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақшаны пайдалануға құқылы.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, оның ішінде резерв ретінде қабылданған активтері жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы кредиторларының талаптарын бұрын уәкілетті органға осы Заңның 30-1-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 12) тармақшасына сәйкес ұсынылған жазбаша міндеттемеге сәйкес қанағаттандырады.
Уәкiлеттi орган тарату туралы есепті бекітеді және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешім қабылдайды.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен архивке тапсыруға және бұл туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы есептік тіркеуден шығарылғаннан кейін қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясы бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға филиалдың есептік тіркеуден шығарылғаны туралы анықтаманың көшірмесін ұсынады.
6. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) негіздері бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айырған жағдайда Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімі мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады:
1) осы баптың 5-тармағы он алтыншы бөлігінің ережелері қолданылмайды;
2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыруды қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясы осы Заңның 72-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, оның ішінде резерв ретінде қабылданған активтерінің және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақшаның есебінен жүргізеді;
3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, оның ішінде резерв ретінде қабылданған активтері және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақша жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасында Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату рәсімінің барысы мен нәтижелері туралы ақпарат алмасу осы Заңның 30-1-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген келісімде көзделген негізде және тәртіппен жүзеге асырылады.
7. Уәкiлеттi орган қызметі ерiктi түрде және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалдарының тарату комиссияларының қызметiн бақылауды осы Заңның 73-бабына сәйкес жүзеге асырады.»;
35) 74-бапта:
1-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы Ұлттық Банкке бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша анық әрі толық есептілікті және өзге де есептілікті уақтылы ұсынуға міндетті.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілігінің және өзге де есептiлігінің тiзбесі, нысандары, оны Ұлттық Банкке ұсыну мерзiмдерi мен тәртiбi уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленедi.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы анық емес (толық емес) есептілікті ұсынған жағдайда, олардың бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілігін және өзге де есептiлігін түзетуді талап етуге құқылы.»;
36) 75-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру резервтерi бойынша мiндеттi актуарий қорытындысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жылдық қаржылық есептілігiнiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша жылдық есептілігінің ажырамас бөлiгi болып табылады және уәкiлеттi органға ұсынылуға жатады.»;
37) 76-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«76-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері және сақтандыру холдингі қызметінің негізгі көрсеткіштерін жариялау
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - жылдық шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті оларда ұсынылған мәліметтердің анықтығы тәуелсіз аудиторлық расталғаннан кейін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жылдық жиналысы жылдық қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін бухгалтерлік балансты, пайдалар мен шығындар туралы есепті аудиторлық растаусыз уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгілеген тәртіппен және мерзімдерде тоқсан сайын жариялайды.
Сақтандыру холдингтері жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды.
Осы тармақтың талаптары сақтандыру холдингтері болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қолданылмайды.
2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы:
бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша жылдық есептілікті;
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілігін және онда ұсынылған мәліметтердің анықтығы аудиторлық расталғаннан және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері бекіткеннен кейін аудиторлық есепті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін активтер мен міндеттемелер туралы есепті, кірістер мен шығыстар туралы есепті аудиторлық растаусыз, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тоқсан сайын жариялайды.»;
38) 80-бапта:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ұйыммен жасалған ақпарат беру туралы шарттар негізінде сақтандырушылар, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары;»;
4-тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ұйыммен сақтандыру есептерін алу туралы жасалған шарттар негізінде сақтандырушылар, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары;»;
«9) ұйыммен жасалған ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттың және дерекқор субъектісі келісімінің негізінде банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтандыру есебін алушылар болып табылады.»;
39) 81-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары лицензияда көрсетілген сақтандырудың барлық сыныбы бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты ұсынады.»;
40) 84-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын есептік тіркеу туралы анықтаманы;».
24. «Қазақстанның Даму Банкi туралы» 2001 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 83-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 15, 85-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 11, 37-құжат; № 23, 105-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):
5-бап 9) тармақшасындағы «жүзеге асыруға құқылы.» деген сөздер «жүзеге асыруға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес синдикатталған қаржыландыруға қатысуға және (немесе) банк-агенттің және (немесе) кепілді басқарушының функцияларын орындауға құқылы.».
25-тармақ 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
25. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 144-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; 2020 ж., № 14, 72-құжат):
27-баптың 1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шетелге шығатын турист туристі міндетті сақтандыру шартын жасасуға ниет білдірген сақтандыру ұйымының немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының атауын сұратуға;».
26. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 14, 51-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-I, 119-құжат; 2020 ж., № 10, 48-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 68, 71-құжаттар; 2020 жылғы 17 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 17-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) объектіні жобалау, сараптау, салу және кейіннен пайдалану процесінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ еңбекті қорғау, өрт және жарылыс қауіпсіздігі, санитариялық және экологиялық қауіпсіздік, мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік нормативтерді сақтамау, оның ішінде мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорына енгізілген отандық өндірістің материалдарын, жабдықтарын, бұйымдары мен конструкцияларын қолданбау;».
27. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-І, 60-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 45-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 24-I, 118-құжат; № 24-II, 123-құжат; 2020 ж., № 14, 68-құжат; 2020 жылғы 10 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергетика, көлік және мемлекеттік наградалар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 12-баптың 2-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-2. Вагондарды сатып алуға және теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақының мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кредиттеудің немесе қаржылық лизингтің бүкіл мерзіміне бюджет қаражаты есебінен субсидияланады.»;
2) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 34-42), 34-43) және 34-44) тармақшалармен толықтырылсын:
«34-42) теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
34-43) теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты әзірлеу және бекіту;
34-44) теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау;».
28-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
28. «Кредиттiк серiктестiктер туралы» 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 5, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2016 ж., № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат):
17-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кредиттік серіктестіктер өз қызметін кредиттік серіктестіктің жоғары органы - кредиттік серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы бекітетін, кредиттік серіктестіктің микрокредиттер беру қағидаларының, кредиттік комитет туралы ережесінің және ішкі ережелерінің негізінде жүзеге асырады.