«4-1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы атынан Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі ғана Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айыру туралы шешімге шағым жасауға құқылы.
Барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы банктік немесе өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.»;
17-тармақтың 18) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
18) 48-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 17), 18), 19) және 20) тармақшалармен толықтырылсын:
«17) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының осы Заңның 42-бабы 6-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, резерв ретінде қабылданатын активтердің мөлшеріне қойылатын талаптарды сақтамауы;
18) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының немесе сотының Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің барлық немесе мәні бойынша ұқсас жекелеген банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясының қолданысын тоқтата тұруы не одан айыруы;
19) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекет сотының Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) туралы шешім қабылдауы;
20) осы Заңның 74-5-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда соттың Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдауы.»;
1-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-4. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтату «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша, банкке ерікті түрде таратылуға рұқсат, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат берілген кезде жүзеге асырылады.»;
19) 50-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-9) тармақшамен толықтырылсын:
«4-9) кредиторлар синдикатына қатысушы банктің банк-агентке Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді беруі;»;
20) 51-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:
17-тармақтың 20) тармақшасының екінші абзацы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақша «тұрғын үй төлемдерін» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
17-тармақтың 20) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және қызметі мәжбүрлеп тоқтату процесінде тұрған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының ақшасына;»;
17-тармақтың 21) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
21) 52-5-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалы уәкілетті органның лицензиясы болған кезде Қазақстан Республикасының аумағында:
1) осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген банк операцияларын;
2) егер бұл филиал туралы ережеде көзделсе, осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарды сақтай отырып, осы Заңның 30-бабының 2-1-тармағында көзделген банк операцияларының және өзге де операциялардың, бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтің жекелеген түрлерін (осы Заңның 30-бабы 11-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген операцияларды қоспағанда) жүзеге асыруға құқылы.»;
17-тармақтың 22) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
22) 54-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық және өзге де есептілiктi қоса алғанда, банктердің қаржылық және өзге де есептiлiгінiң тізбесі, нысандары, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзiмдерi мен тәртiбi уәкiлеттi органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілігінің және өзге де есептілігінің тізбесі, нысандары, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Банктер операциялар мен оқиғаларды есепке алуды Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.»;
3-тармақ алып тасталсын;
17-тармақтың 23) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
23) 55-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«55-бап. Банк және банк холдингі қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiн жариялау
1. Банктер жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сай келетін аудиторлық ұйым оларда ұсынылған мәліметтердің анықтығын растағаннан кейін және банк акционерлерінің жылдық жиналысы қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды, сондай-ақ уәкілетті органның талап етуі бойынша банктің интернет-ресурсында уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тізбеге және мерзімдерге сәйкес өзге де есептілікті орналастырады.
Банктер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін бухгалтерлік балансты, пайдасы мен шығыны туралы есепті аудиторлық растаусыз уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тоқсан сайын жариялайды.
Банк холдингтері жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімде жариялайды.
Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының банк холдингі болып табылатын бейрезиденттеріне қолданылмайды.
2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы:
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының бухгалтерлiк есепке алу деректері бойынша жылдық есептілікті;
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің шоғырландырылмаған қаржылық есептілігін, аудиторлық ұйым онда ұсынылған мәліметтердің анықтығын растағаннан және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі бекіткеннен кейін аудиторлық есепті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы уәкiлеттi органның талап етуі бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының интернет-ресурсында уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тізбеге және мерзімдерге сәйкес өзге де есептілікті орналастырады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін активтер мен міндеттемелер туралы есепті, кірістер мен шығыстар туралы есепті аудиторлық растаусыз, тоқсан сайын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды.»;
17-тармақтың 24) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
24) 57-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Осы баптың 1, 1-1, 1-3, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылмайды.
Аудиторлық ұйым Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкіне қаржы жылының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің қаржылық есептілігінің аудиторлық есебінің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын ұсынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы оларды қазақ немесе орыс тілінде уәкілетті органға ұсынуға міндетті.»;
17-тармақтың 25) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
25) 61-6-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларын қолдану мақсаттары үшін меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті деп резерв ретінде қабылданатын активтердің жеткіліктілік коэффициенті түсініледі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қаржылық есептілігі деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілік түсініледі.»;
4-тармақта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Филиалы қаржылық жағдайы орнықсыз Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жағдайын жақсарту жөнінде, оның ішінде осы Заңның 42-бабы 6-тармағының екінші бөлігінде көзделген, резерв ретінде қабылданатын активтердің мөлшерін ұлғайту, оның қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және уәкілетті органның талаптарына сәйкес келтіру арқылы тәуекелдерді барынша азайту жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі қабылдайтын шаралар жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі бұрын уәкілетті органға осы Заңның 13-1-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес ұсынылған жазбаша міндеттемеге сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған міндеттемелерін уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде орындайды.»;
екінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Қаржылық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары банктің ірі қатысушысымен, банк холдингімен, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкімен келісілуге тиіс.»;
17-тармақтың 26) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
26) 61-7-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасын және 3-тармағын қолдану мақсаттары үшін меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті деп резерв ретінде қабылданатын активтердің жеткіліктілік коэффициенті түсініледі.»;
17-тармақтың 27) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
27) 61-8-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы төлемге қабілетсіз Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының санатына жатқызылған жағдайда уәкілетті орган кейіннен төлемге қабілетсіз Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтата отырып, оны барлық банк операцияларын және өзге операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырады.»;
17-тармақтың 28) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
28) 69-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке» деген сөздер «жүйесіне қатысушы болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеке тұлғалардың депозиттерін Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару осы Заңның 30-бабы 13-тармағының үшінші бөлігінде көзделген шарттар сақтала отырып жүзеге асырылады.»;
екінші бөліктегі «басқа банкке» деген сөздер «депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1-тармақтың бірінші бөлігінде түзету орыс тіліндегі мәтінге енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2-тармақтың екінші бөлігінде түзету орыс тіліндегі мәтінге енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2-1-тармақтың 3) тармақшасындағы «қатысушы болып табылатын басқа банкке» деген сөздер «қатысушы болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына» деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақтың 29) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
29) мынадай мазмұндағы 74-5-баппен толықтырылсын:
«74-5-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату
1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы рұқсатының не уәкілетті органның рұқсаты болған кезде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің заңнамасы бойынша осындай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы тиісті мемлекеттің қаржылық қадағалау органы мәлімдемесінің (қызметті ерікті түрде тоқтату) негізінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің шешімі бойынша;
2) уәкілетті органның лицензиядан айыру туралы шешімінің немесе осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда сот шешімінің (қызметті мәжбүрлеп тоқтату) негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтату рәсімдерінде кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады.
Қызметін ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының кредиторлар комитетінің құрамын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының ұсынуы бойынша уәкілетті орган бекітеді. Кредиторлар комитетін қалыптастырудың және оның қызметінің ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
3. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы жеке тұлғалардың депозиттерін оларды тікелей төлеу не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару арқылы қайтару жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару және (немесе) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару жүзеге асырылғаннан кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
Өтінішхатқа Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тиісті органы бекіткен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының өз қызметін тоқтатуға дайындалу мерзімдері мен кезеңдері туралы іс-шаралар тізбесі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының өз міндеттемелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін қаражатының жеткіліктілігін куәландыратын активтер мен міндеттемелер туралы есеп және тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін басқа да қажетті мәліметтер қоса берілуге тиіс.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару тәртібі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату осы Заңның 69-бабының 2, 2-1 және 5-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат алған кезде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы тарату комиссиясын құрады.
Қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын тарату туралы есеп бекітілгеннен кейін күнтізбелік жеті күн ішінде оны уәкілетті органға ұсынуға міндетті. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешім қабылдайды.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату рәсімі аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшін белгіленген тәртіппен архивке тапсыруға және бұл туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға байланысты барлық шығыстар Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының резерв ретінде қабылданған активтерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің қаражаты есебінен ғана жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының резерв ретінде қабылданған активтерін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының барлық кредиторының талаптары қанағаттандырылғаннан кейін пайдаланады.
4. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату уәкілетті органның осы Заңда көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айыруына байланысты, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін банк қызметін жүргізуге арналған лицензиядан айыру және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) туралы шешіміне байланысты жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуды сондай-ақ сот уәкілетті мемлекеттік органдардың, жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа негіздер бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату туралы өтінішіне (талап қоюына) байланысты жүргізеді.
Соттың Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешімі осы бапта белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату рәсімін жүргізу үшін уәкілетті органға жіберіледі. Соттың осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген негіз бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырылады.
5. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күннен бастап уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясын тағайындайды, ол Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімін жүзеге асырады.
Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясы оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күннен бастап:
1) мыналарға:
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға;
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының пайдасына түскен ақшаны есепке жатқызуға;
банктік шоттары жабылған тұлғалардың пайдасына түскен және түсетін ақшаны, сондай-ақ қате көрсетулер бойынша түскен және түсетін ақшаны қайтаруға;
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын лицензиядан айырғаннан кейін клиенттің Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің алдында берешегінің болмауы немесе клиенттің Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің алдындағы бар берешегін өтеуі шартымен клиенттердің өздерінің банктік шоттарына түскен ақшаны аудару жөніндегі нұсқауларын орындау бойынша шығыстарға байланысты жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы клиенттерінің және филиалдың өзінің банктік шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылады;
2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлерінің өкілеттіктері тоқтатылады, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы, ал қажет болған кезде өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шеттетіледі және жұмыстан шығарылады;
3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің құрылтайшылары (қатысушылары), органдары, басшы қызметкерлер Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлкіне билік етуге құқылы болмайды;
4) кредиторлардың, мемлекеттік кірістер органдарының талаптары, оның ішінде даусыз тәртіппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының банктік шоттарынан ақшаны өндіріп алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлкіне өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді;
5) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қатысты соттардың бұрын қабылданған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;
6) негізгі борышты, сыйақыны және тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өтеу жөніндегі міндеттемелерді жасалған банктік қарыз шарттарына және өзге де мәмілелерге сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының борышкерлері орындайды.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімі осы Заңның 73-бабының 3, 4, 4-1, 5 және 6-тармақтарына және 74-2-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты барлық шығыстар Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының резерв ретінде қабылданған активтерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің қаражаты есебінен ғана жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының құрамына енгізілген уәкілетті орган қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге байланысты шығыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты шығыстарды уәкілетті органның қаржыландыруына тыйым салынады.
Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату тәртібі, тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату тәртібі және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
Тарату комиссиясы төрағасының және мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сыйақыға құқығы, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының істері мен мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктердің көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және олармен кредиторлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып жасасқан келісімде реттеледі.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына, мүшелеріне және тартылған өзге де қызметкерлерге төленетін сыйақының ай сайынғы мөлшері олардың әрқайсысына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын жалақының он еселенген ең төмен мөлшері сомасынан аспауға тиіс.