3-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін, не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары, ірі қатысушы - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушы (банк холдингі) - заңды тұлғасының басшысы болған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.
Көрсетілген талап уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін, не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады.
Осы тармақшаның талабы көрсетілген банктердің акцияларын осы Заңның 17-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг иеленгенге дейін тағайындалған (сайланған) басшы қызметкерлерді қоспағанда, дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде тиесілі, өздеріне қатысты осы Заңға сәйкес қайта құрылымдау жүзеге асырылған банктердің басшы қызметкерлеріне қолданылмайды;»;
5) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5) осы және (немесе) өзге де қаржы ұйымында, осы және (немесе) өзге де Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
6-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган өтініш берушіге жаңадан құрылатын банктің (ашылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдарға келісім беру не келісім беруден бас тарту туралы шешімді заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының есептік тіркелгенін) растайтын құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жібереді.»;
8-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) басшы қызметкерлердің осы бапта немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері үшін), «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сай келмеуі;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерге, оның ішінде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан алған мәліметтер де жатады.»;
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді уәкілетті органның кері қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге қаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болып табылады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Ұлттық компанияларды қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атқарушы органының басшысы банктің атқарушы органының басшылары үшін осы бапта белгіленген талаптарға сай болуға тиіс. Көрсетілген талаптарға сай келген жағдайда, басшы лауазымға уәкілетті органның келісімінсіз тағайындалады (сайланады). Атқарушы органның басшысы осы баптың талаптарына сай келмеген жағдайда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органның талабы бойынша оны қызметтен шеттетеді.
Уәкілетті орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атқарушы органының басшысына осы Заңның 46-бабы 1-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген қадағалап ден қою шарасын қолданған жағдайда, осы ұйым осы адаммен еңбек шартын бұзуға не атқарушы орган басшысының өкілеттіктерін тоқтату бойынша шаралар қабылдауға міндетті.»;
17-тармақтың 8) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
8) 26-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банк операцияларын, сондай-ақ осы Заңда белгiленген өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияларды уәкiлеттi орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Заңның талаптарына сәйкес өз құзыреті шегінде және уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi айқындайтын тәртiппен бередi.
Осы Заңның 52-5-бабында көзделген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияларды уәкілетті орган ислам банктеріне ғана береді.
Осы Заңның 52-5-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) 5) және 6) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияларды уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдарына ғана береді.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияларды уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша ұқсас банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге қолданыстағы лицензиясы болған кезде береді.
Уәкiлеттi орган лицензияны беру немесе қайта ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктердің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жүзеге асыруына рұқсат берілген операциялардың атауларын нақтылауға құқылы.
Лицензияны беру үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
2. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында көзделген құжатты алғаннан кейін және осы Заңның 16-бабының 4-тармағына сәйкес жарғылық капиталға ақы төлегеннен кейін өтініш беруші жарғылық капиталға ақы төленген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға көрсетілген талаптың орындалғанын растайтын құжаттарды, сондай-ақ «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, банк ашуға арналған өтiнiште көрсетілген жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті.
Өтініш беруші банк қызметін жүзеге асыруды бастағанға дейін барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін үй-жайды, жабдықты және бухгалтерлік есепке алу мен бас бухгалтерлік кітапты жүргізуді автоматтандыру бойынша бағдарламалық қамтылымды дайындауға, тиісті персоналды жалдауға, банк қызметін және өзге де қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекітуге, банктің директорлар кеңесіне ішкі аудит қызметі туралы, кредит комитеті туралы ережелерді бекіттіруге міндетті.
Банк өзінің атқарушы органы орналасқан елді мекенде автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйеге орталықтандырылған қолжетімділігі бар меншікті үй-жайдың болуын қамтамасыз етуге міндетті, оған қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделеді.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы филиалдың есептік тіркелгенін растайтын құжатты алғаннан және осы Заңның 42-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес резерв ретінде қабылданатын активтерді қалыптастырғаннан кейін активтер қалыптастырылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға көрсетілген талаптың орындалғанын растайтын құжаттарды, сондай-ақ «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға арналған өтiнiште көрсетілген жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы банк қызметін жүзеге асыруды бастағанға дейін осы тармақтың екінші бөлігінің талаптарын орындайды және Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының деректерді өңдеу орталығы (сервері) бар меншікті үй-жайының болуын қамтамасыз етеді, оған қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделеді.»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган жаңадан құрылатын банкке (ашылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының есептік тіркелгенін) растайтын құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензияны не лицензия беруден уәжделген бас тартуды береді.»;
17-тармақтың 9) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
9) 27-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) осы Заңның 42-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру жөніндегі талап орындалмаған;
2-2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша ұқсас банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге қолданыстағы лицензиясы болмаған;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге арналған лицензияны алуды қалайтын заңды тұлғаның басшы қызметкері осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес келмеген, тағайындауға (сайлауға) ұсынылатын кандидаттардың арасынан басшы қызметкерге келісім берілмеген (жаңадан құрылатын банк, ашылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы үшін);»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) осы Заңның 20-бабының 1-1-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлерінің ішінде кемінде екі Қазақстан Республикасының резидент-басшы қызметкердің болуы жөніндегі талап сақталмаған жағдайларда жүргізіледі.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, лицензия беруден бас тартуды алған жағдайда, өтініш беруші сәйкессіздіктерді жояды және лицензия беруден бас тартуды жіберуге негіз болған түзетілген құжаттарды ұсына отырып, лицензия алуға өтінішпен қайта жүгінеді.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша лицензия беруден бас тартуды алған жағдайда, өтініш беруші сәйкессіздіктерді жояды және келісім беруден бас тартылған адамдардың орнына осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттарын ұсына отырып, лицензия алуға өтінішпен қайта жүгінеді.»;
17-тармақтың 10) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
10) 29-бапта:
6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қосымша үй-жайларының саны ұлғайған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген міндетті шартты орындау туралы талап Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылады.»;
8-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қосымша үй-жайларының саны ұлғайған немесе оның үй-жайларының саны азайған жағдайда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қосымша үй-жайларының санын ұлғайту немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының үй-жайларының санын азайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы уәкілетті органға филиалдың осындай шешімінен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының көрсетілген үй-жайларының мекенжайлары қамтылған үзінді көшірмені ұсынуға міндетті.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Қазақстан Республикасында бейрезидент-банктердің филиалдарын ашуға осы Заңда көзделген шарттарда рұқсат етіледі.»;
15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Осы баптың 6, 7, 8-1, 11 және 13-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасы резидент-банкінің филиалын не филиалының қосымша үй-жайын немесе өкілдігін және бейрезидент-банкі филиалының қосымша үй-жайын не өкілдігін жабуды талап етеді.»;
11) 30-бапта:
17-тармақтың 11) тармақшасының екінші - төртінші абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында, 11-тармағының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының банк қызметі болып табылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы уәкілетті органның лицензиясы болған кезде Қазақстан Республикасының аумағында осы баптың 12-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.»;
11-тармақта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) сейфтік операциялар: сейфтік жәшіктерді, шкафтарды және үй-жайларды жалға беруді қоса алғанда, құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарды және өзге де қаржы құралдарын, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтер.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көрсетілген операцияларды банктерден басқа, құжаттандырылған нысанда шығарылған қаржы құралдарын сақтау жөніндегі қызметтерді көрсету мақсатында орталық депозитарий жүзеге асыруға құқылы.»;
12-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін банк осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының ережелерін есепке алмай Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес брокерлік қызметті лицензия негізінде жүзеге асырады.»;
17-тармақтың 11) тармақшасының он екінші, он үшінші абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
13-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген шарттардан басқа, жеке тұлғадан бір жүз жиырма мың АҚШ доллары баламасына тең сомадан төмен болмайтын салымды қабылдау Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүргізу шарты болып табылады.»;
17-тармақтың 12) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) 36-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұрғын үй төлемдерін» деген сөздерден кейін «, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
17-тармақтың 13) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
13) 40-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларды тану мақсаттары үшін:
осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында банк деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі түсініледі;
осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында банк деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі түсініледі;
осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында банк деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы түсініледі.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың және осы баптың 1-тармағының талаптарын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолдану мақсаттары үшін банктің директорлар кеңесі деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тиісті басқару органы түсініледі.»;
17-тармақтың 14) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
14) 42-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Уәкілетті орган қаржы жүйесінің тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету, депозиторлар мен кредиторлардың заңды мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілейді.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастырады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары) үшін пруденциалдық нормативтер және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) пруденциалдық нормативтерді орындауы туралы есептілік тізбесі, нысандары, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жағдайының қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы мәселені шешу мақсатында уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерінің белгілі бір күнгі мөлшерін айқындауға құқылы.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы уәкілетті органның жазбаша нұсқамада көрсетілген бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептіліктегі және (немесе) өзге де есептіліктегі деректерді түзету жөніндегі талаптарын орындамаған кезде пруденциялық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, резерв ретінде қабылданатын активтердің жеткіліктілік коэффициентін бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы уәкілетті органға қайта капиталдандыру жоспарын жіберуге тиіс. Жоспарды резерв ретінде қабылданатын активтердің жеткіліктілік коэффициенті бұзылған күннен бастап бір ай ішінде, бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар мен мерзімдерді егжей-тегжейлі сипаттай отырып ұсыну қажет.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерінің жеткіліктілік коэффициентін қолдау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі уәкілетті органның талап етуі бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жағдайын жақсарту, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде ұлғайту жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.»;
17-тармақтың 15) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
15) 44-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметіне тексеру жүргізген кезде уәкілетті орган осы Заңның 13-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің қызметі туралы ақпаратты алуға құқылы.»;
17-тармақтың 16) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
16) 46-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасын қолдану мақсаттары үшін меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті деп резерв ретінде қабылданатын активтердің жеткіліктілік коэффициенті түсініледі.»;
17-тармақтың 17) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
17) 47-2-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: