Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметшілері болып табылмайтын, Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы бекітетін талаптарға сәйкес келетін адамдар енгізілуі мүмкін.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің құрамы мен жұмыс регламентін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекітеді.
3. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің отырыстарында Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы төрағалық етеді.
4. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.»;
6) 19-бапта:
15-тармақтың 6) тармақшасының екінші абзацы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
бірінші бөліктегі «(Директорат)» деген сөз алып тасталсын;
екінші бөліктегі «Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының ұсынуы бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
7) 29-бапта:
екінші бөлікте:
15-тармақтың 7) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтары 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін;»;
үшінші абзацтағы «ставкаларының деңгейлерiн» деген сөздер «мөлшерлемелерін» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстанның Ұлттық Банкі инфляция бойынша орта мерзімді перспективаға арналған нысаналы бағдарларды белгілейді.»;
15-тармақтың 8) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) 34-бапта:
тақырыптағы «Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі» деген сөздер «Қазақстан Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатының негізгі құралы және ақша-кредит саясатының операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу үшін бағдар болып табылады.»;
15-тармақтың 9) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) 51-3-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен» деген сөздер «базалық мөлшерлемесінен» деген сөздермен ауыстырылсын.
16-тармақ 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
16. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 68-құжат):
1) 6-2-бап мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалын есептік тіркеу кезінде Бизнес-сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмi электрондық хабарлама арқылы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган рұқсатының бар-жоғы туралы мәліметтерді алады.»;
2) 12-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңды тұлғаның, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалының мемлекеттік (есептік) тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттың болуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензия алуды талап ететiн қызметтi бастау үшiн негiз болып табылмайды. Заңды тұлғаның, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалының лицензияланатын қызмет саласындағы құқықтық қабiлетi тиiстi лицензия алынған кезден бастап пайда болады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен лицензияның қолданысы тоқтатылған немесе ол жарамсыз деп танылған кезден бастап тоқтатылады.»;
3) 14-1-бап мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың ережелері қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалына қолданылады.»;
4) 16-1-бап мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалы осы Заңның осы бабы бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларында және 16-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген құжаттардың негізінде есептік тіркеуден шығарылуға жатады.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалын есептік тіркеуден шығару қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның филиал қызметін ерікті немесе мәжбүрлеп тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешімінің негізінде жүзеге асырылады.».
17. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-І, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 119-құжат; 2020 ж., № 9, 31, 33-құжаттар; № 12, 61, 63-құжаттар; № 13, 67-құжат; № 14, 75-құжат):
17-тармақтың 1) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
1) 2-1-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының үлестес тұлғалары деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес осылай деп танылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің үлестес тұлғалары танылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі ұсынатын мәліметтердің негізінде өзінің үлестес тұлғаларының есебін жүргізеді.»;
17-тармақтың 2) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
2) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
«4-1-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы
1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің заңды тұлға болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, Корпорацияда есептік тіркеуден өткен және уәкілетті органның лицензиясы негізінде банк қызметін жүзеге асыратын оқшауланған бөлімшесі болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы өз атауы ретінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы туралы ережеде көрсетілген атауды пайдаланады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы өз атауында Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің атауын, сондай-ақ «филиал» деген сөзді пайдалануға міндетті.
3. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тұрған жері деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы туралы ережеде көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрған жері танылады.»;
3) 8-бапта:
9-тармақ 14) тармақшасындағы «жалға берумен айналысуға құқылы.» деген сөздер «жалға берумен айналысуға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес синдикатталған қаржыландыруға қатысуға және (немесе) банк-агенттің және (немесе) кепілді басқарушының функцияларын орындауға құқылы.»;
17-тармақтың 3) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:
«14. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына осы Заңның 30-бабының 2-1-тармағында және 52-5-бабының 4-тармағында көзделген банк қызметіне жатпайтын кәсіпкерлік қызмет, сондай-ақ осы баптың 10-тармағының 2) тармақшасында көзделген қызмет ретінде операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
17-тармақтың 4) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
4) 8-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Банктің осы мәмілені алдын ала банктің директорлар кеңесінде бекіттіріп алмай, құны банктің меншікті капиталының он пайызынан асатын активтерді кепілге немесе ауыртпалықтың өзге нысанына беруіне тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының осы мәмілені алдын ала Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінде бекіттіріп алмай, құны Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының активтері сомасының он пайызынан асатын, резерв ретінде қабылданған активтерді кепілге немесе ауыртпалықтың өзге нысанына беруіне тыйым салынады.»;
5) 11-1-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға уәкілетті органның рұқсатын алу жөніндегі талап осы Заңның 8-бабы 13-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген банк холдингтеріне қолданылмайды. Көрсетілген банк холдингтері еншілес ұйым құрылған не еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлестері немесе дауыс беретін акциялары сатып алынған жағдайда, заңды тұлға мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде уәкілетті органды еншілес ұйымның құрылғаны немесе сатып алынғаны туралы хабардар етуге міндетті.»;
3-тармақ «Қазақстан Республикасының резиденттері-еншілес банктерді» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ осы Заңның 8-бабы 13-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген банк холдингтерінің еншілес ұйымдарын» деген сөздермен толықтырылсын;
17-тармақтың 6) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
6) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:
«13-1-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашу
1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі мынадай талаптар орындалған кезде Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға жүгінуге құқылы:
1) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің жиынтық активтерінің сомасы жиырма миллиард АҚШ долларына балама сомадан төмен болмауға тиіс;
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекет қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысушы болып табылады, сондай-ақ ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобымен (ФАТФ) ынтымақтастықты жүзеге асырады;
3) уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының арасында келісімнің болуы.
Уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының арасындағы келісімде бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны, банк құпиясын, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын құпия ақпаратты алмасу тәртібі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашу, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің және оның филиалының қызметін лицензиялау, басшы қызметкерлерін келісу, қызметін реттеу, бақылау мен қадағалау (оның ішінде қызметіне тексерулер жүргізу) және тоқтату мәселелері бойынша ынтымақтасу тәртібі, сондай-ақ бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсаттары үшін өзара іс-қимылдың өзге де мәселелері қамтылуға тиіс;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға қарсылық білдірмейтіні туралы жазбаша хабарламасының не көрсетілген мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы мәлімдемесінің болуы;
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің банк қызметін жүзеге асыруға қолданыстағы лицензиясының бар екені туралы жазбаша растауының болуы.
2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы қазақ немесе орыс тіліндегі өтініш уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша мынадай құжаттармен қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашу туралы шешімі;
2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы туралы ереженің жобасы;
3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің құрылтай құжаттарының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған) көшірмелері;
4) уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі туралы мәліметтер, оның ішінде аяқталған соңғы екі қаржы жылы үшін аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілік (бар болса шоғырландырылған есептілікті қоса алғанда);
5) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының ұйымдық құрылымы және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
6) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің лауазымды адамы не Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген адам бекіткен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының бизнес-жоспары. Бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді, оған қызмет стратегиясын, қызмет бағыттары мен ауқымдарын, қаржылық перспективаларды ашып көрсету (бюджет, активтер мен міндеттемелер туралы есеп, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылы үшін кірістер мен шығыстар туралы есеп, маркетинг жоспары (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының клиентурасын қалыптастыру), еңбек ресурстарын тарту жоспары, тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру кіреді;
7) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлерінің лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттары;
8) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінде өтініш берілетін күнге тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төмен талап етілетін рейтингінің болуын куәландыратын құжат;
9) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға қарсылығының жоқ екені туралы жазбаша хабарламасы не Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы мәлімдемесі;
10) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінде банк қызметін жүзеге асыруға қолданыстағы лицензиясының бар екені туралы жазбаша растауы;
11) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің өтініш ұсынудың алдындағы екі жыл ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген пруденциялық нормативтер мен сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзбағаны туралы жазбаша растамасы;
12) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін өз филиалының қызметіне байланысты міндеттемелер филиал тарапынан орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған жағдайларда оларды осы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің сөзсіз және дереу орындайтыны туралы жазбаша міндеттемесі;
13) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы орналасқан Қазақстан Республикасының аумағында деректерді өңдеу орталығы (сервері) бар меншікті үй-жайының бар екенін растайтын мәліметтер және құжаттар;
14) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің қолданыстағы лицензиясының көшірмесі;
15) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабында көзделген құжаттар.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға құқылы.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган қарап жатқан кез келген сәтте кері қайтарып алуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беруден бас тарту мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:
1) осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу;
2) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 8) және 11) тармақшаларында белгіленген талаптарды сақтамау;
3) бизнес-жоспардың және өзге де ұсынған құжаттардың:
алғашқы үш қаржы (операциялық) жылы өткеннен кейiн Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы қызметiнiң рентабельдi болатынын;
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тәуекелдi шектеуге қойылатын талаптарды сақтауға және тиiсті басқару құрылымын құруға ниетті екенін;
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының өз қызмет жоспарларына сәйкес келетін ұйымдық құрылымының бар екенін;
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының өз қызмет жоспарларына сәйкес келетін есепке алу және бақылау құрылымы бар екенін көрсетпеуі;
4) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы атауының осы Заңның 4-1-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;
5) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін бас тарту негіздері туралы жазбаша хабардар етеді.
4. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға берiлген рұқсаттың күші:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған;
2) уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын банк операцияларын немесе өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған;
3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат берілген күннен бастап екі ай ішінде Корпорацияда есептік тіркеуден өтпеген;
4) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы есептік тіркеуден өткен күннен бастап үш ай ішінде банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алмаған жағдайларда, жойылды деп есептеледі.
5. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап алпыс бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы хабарлама Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкіне және Корпорацияға жіберіледі.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға берілген рұқсаттардың есебін жүргізеді.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны беру туралы шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға берілген рұқсаттың заңды күші болады.
6. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын есептік тіркеуді Корпорация уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға берген рұқсаты негізінде жүзеге асырады.»;
7) 20-бапта:
17-тармақтың 7) тармақшасының екінші - жиырма екінші абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және солардың негізінде банк операциялары жүргізілетін құжаттарға қол қою құқығына ие Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшысы және оның орынбасарлары, өзге де басшылары, бас бухгалтер Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері болып танылады. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының кемінде екі басшы қызметкері Қазақстан Республикасының резиденті болуға тиіс.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшысы атқарушы орган басшысының не атқарушы органның, заңды тұлғаның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адамның, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің басқа филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары басшысының лауазымын атқаруға құқылы емес.»;