2. Инвестициялар туралы келісімдер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес келетін инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жасалады.
3. Инвестициялар туралы келісімде инвестициялық преференциялардың түрлері, оларды берудің шарттары мен тәртібі айқындалады.
4. Инвестициялар туралы келісімнің мерзімі, оны өзгертудің және бұзудың тәртібі мен шарттары инвестициялар туралы келісімде айқындалады.
5. Инвестициялар туралы келісімге тараптардың келісуі бойынша өзгерістер енгізілген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда инвестициялар туралы келісімнің ережелері жасалған күнінен бастап жиырма бес жыл бойы өз қолданысын сақтайды.
6. Инвестициялар туралы келісім жасасқан заңды тұлғаның «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 80-1-тарауына сәйкес қосылған құн салығы мен акциздер есепке алынбай, құрылыс-монтаждау жұмыстары құнының жиырма пайызына дейін өтем алуға және жабдық сатып алуға құқығы бар.».
10. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VІ, 114-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 118, 119-құжаттар; 2020 ж., № 9, 31-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 63-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 68, 72-құжаттар; № 16, 77-құжат):
10-тармақтың 1) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
1) 155-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған, қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың және (немесе) оларға қосымшалардың қолданысын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі дауланып отырған құқықтық актінің, оның жазбаша нұсқамаларының, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған, қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) қолдану жөніндегі, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының санатына жатқызу туралы, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының санатына жатқызу және оларға реттеу шараларын қолдану туралы дауланып отырған құқықтық актінің қолданысын тоқтата тұруға қатысты талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдауға жол берілмейді.»;
2) 156-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақшада:
10-тармақтың 2) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жауапкерге тиесілі және оның өзіндегі немесе басқа да тұлғалардағы мүлікке тыйым салу (банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының корреспонденттік шотындағы ақшаға және сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған репо операциялар бойынша нысана не клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар, сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша қамтамасыз ету болып табылатын маржалық жарналар болып табылатын мүлікке, сондай-ақ жалақы сомалары түсетін банктік шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) болуы мүмкін.»;
10-тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзацы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
екінші абзац «зейнетақы жинақтарына,» деген сөздерден кейін «тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдеріне,» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы - тоғызыншы абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Жауапкерге тиесілі және банктегі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалындағы ақшаға тыйым салу түріндегі талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымда тыйым салу қолданылатын ақша сомасы көрсетілуге тиіс. Тыйым салу қолданылатын ақша сомасын талап қоюдың бағасын негізге ала отырып сот айқындайды.»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының дауланып отырған құқықтық актісінің (қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған, қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың және (немесе) оларға қосымшалардың қолданысын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі құқықтық актіні, оның жазбаша нұсқамаларын, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған, қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) қолдану жөніндегі, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының санатына жатқызу туралы, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының санатына жатқызу және оларға реттеу шараларын қолдану туралы құқықтық актіні қоспағанда) қолданысын тоқтата тұру;»;
10-тармақтың 3) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
3) 158-баптың бірінші бөлігінің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) шоттардың нөмірлері мен нақты банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы белгілі болған жағдайда, жауапкерге тиесілі және банктік шоттардағы ақшаға тыйым салу үшін банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға дереу ұсыну үшін қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы өтінішхатты мәлімдеген адамға талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды жібереді немесе табыс етеді.»;
10-тармақтың 4) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 239-баптың бірінші бөлігіндегі «қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін» деген сөздер «базалық мөлшерлемесін» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат; 2020 ж., № 9, 29-құжат; № 10, 39-құжат; № 11, 57-құжат; № 12, 63-құжат; № 16, 77-құжат; 2020 жылғы 20 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) тармақша 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
1) 8-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің сақтандыру ұйымы үшін көзделген ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған және қызметін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалына қолданылады.»;
2) тармақша 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 113-баптың 3-тармағындағы және 4-тармағының екінші бөлігіндегі «қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі» деген сөздер «1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі» деген сөздермен ауыстырылсын.
12. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-І, 23-II, 110-құжат; 2018 ж., № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 24-I, 118-құжат; 2020 ж., № 10, 39-құжат; № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат):
12-тармақтың 1) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 93-баптың 2-тармағында:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін және пайыздарды есепке жазу үшін қолданылатын қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пайыздарды есепке жазу үшін қолданылатын базалық мөлшерлемесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың 2) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 111-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің» деген сөздер «базалық мөлшерлемесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың 3) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 124-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың 4) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
4) 128-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылса - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап;».
13. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2020 ж., № 13, 66-құжат):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 43-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«43-1-бап. Жобалық басқару»;
2) 4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) жобалық басқару жөніндегі уәкілетті орган - жобалық басқару саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
3) мынадай мазмұндағы 43-1-баппен толықтырылсын:
«43-1-бап. Жобалық басқару
1. Стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарда белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жобалық басқару арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Жобалық басқару жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдарды жобалық басқарудың үлгілік регламентін бекітеді.».
14. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2020 ж., № 15-I, 15-II, 76-құжат):
1) 7-бапта:
14-тармақтың 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 60-1) тармақшамен толықтырылсын:
«60-1) емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
86) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«86) дербес медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды денсаулық сақтау саласындағы басқа да дерекқорлармен байланыстыратын телекоммуникация желілеріне қосу қағидаларын әзірлейді және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;»;
2) 57-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жеке тұлғалардың дербес медициналық деректерін қамтитын денсаулық сақтауды ақпараттандыру объектілерін қорғауды, жеке тұлғалардың дербес медициналық деректерінің сақталуы мен құпиялылығын, сондай-ақ пациенттің өзінің дербес деректеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету;»;
3) 58-баптың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) дербес медициналық деректердің агрегаторы - уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес дербес медициналық деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды, қорғауды және беруді жүзеге асыратын дербес деректер операторы;
4) дербес медициналық деректердің иесі - өзіне қатысты осы деректер қалыптастырылған дербес медициналық деректер субъектісі (жеке тұлға);»;
4) 61-баптың 4 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдарға жеке тұлғаның дербес медициналық деректеріне қол жеткізу құқығы дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен цифрлық денсаулық сақтау субъектілерінің қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату қағидаларында айқындалған тәртіппен беріледі.»;
«9. Талдамалық, статистикалық қызметті, ғылыми және өзге де зерттеулерді жүзеге асыру үшін медициналық деректер иесіздендірілген түрде пайдаланылады.»;
5) 62-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дербес медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы және дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.»;
6) 66-баптың 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Денсаулық сақтау объектілерін құруды (реконструкциялауды) және (немесе) пайдалануды көздейтін ерекше маңызы бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар бойынша әлеуетті жекеше әріптестерге, концессионерлерге немесе жобаны іске асыру мақсатында құрылған жаңа заңды тұлғаның (консорциумның) құрылтайшыларына (қатысушыларына) техникалық жағынан күрделі денсаулық сақтау объектілерін салу немесе пайдалану жөніндегі жобаларды іске асыру тәжірибесінің (құрылтайшылардың (қатысушылардың) бірінің тәжірибесінің) болуы туралы қосымша (арнайы) біліктілік талабы қойылады.»;
14-тармақтың 7) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 67-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жеке тұлғалардың біржолғы зейнетақы төлемдері;»;
14-тармақтың 8) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) 69-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаларға емделуге біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен ақы төлеуге;»;
9) 110-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сатуды жүзеге асыратын адамдар сатып алушының жиырма бір жасқа толғанына күмән туындаған жағдайда:
1) жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуді талап етуге;
2) егер жеке басты куәландыратын құжат көрсетілмесе, темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сатудан бас тартуға міндетті.»;
16-тармақтың бірінші бөлігіндегі «демеушілік етуге және алкогольді сусындарды имитациялайтын өнімді» деген сөздер «демеушілік етуге және оларды жарнамалауға, алкогольді өнімді, алкогольді сусындарды имитациялайтын өнімді» деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Алкогольді өнімді сату кезінде алкогольді өніммен сауданы жүзеге асыратын адамдар сатып алушының жиырма бір жасқа толғанына күмән туындаған жағдайда:
1) жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуді талап етуге;
2) егер жеке басты куәландыратын құжат көрсетілмесе, алкогольді өнімді сатудан бас тартуға міндетті.»;
14-тармақтың 10) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) 195-баптың 3) тармақшасы төртінші абзацындағы «көрсетілетін медициналық көмекті қамтитын қосымша көлемі.» деген сөздер «көрсетілетін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаларға бірыңғай зейнетақы төлемдері есебінен ұсынылатын медициналық көмекті қамтитын қосымша көлемі.».
15. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 6, 11-құжат; № 9, 21-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат; № 14, 75-құжат):
1) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
«3-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің стратегиялық жоспары мен меморандумы
1. Қазақстанның Ұлттық Банкі бес жылдық кезеңге арналған стратегиялық жоспар әзірлейді, онда Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен нысаналы индикаторларын айқындайды.
Стратегиялық жоспарды Қазақстан Республикасының Президентімен не оның уәкілеттік беруі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысымен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекітеді.
2. Қазақстанның Ұлттық Банкі кезекті қаржы жылына арналған меморандумды жыл сайын әзірлейді, онда Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы жоспарлы кезеңде қол жеткізуді (орындауды) қамтамасыз етуге міндеттенетін түйінді нысаналы индикаторлар қамтылады.
Меморандумға Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы қол қояды және оны Қазақстан Республикасының Президенті не оның уәкілеттік беруі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы бекітеді.
Қазақстанның Ұлттық Банкі жыл қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне меморандумның орындалуы туралы есепті ұсынады.»;
15-тармақтың 2) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 8-баптың 18-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18-1) валюталық реттеу, ақша-кредит статистикасы мен қаржы нарығы статистикасы, қолма-қол ақша айналысы, төлемдер және төлем жүйелері, қаржылық тұрақтылық, қаржы ұйымдары мен олардың үлестес тұлғаларын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды, кредиттік бюроларды және коллекторлық агенттіктерді реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады;»;
15-тармақтың 3) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 12-баптың екінші бөлігіндегі «мен Директорлар кеңесі (Директорат)» деген сөздер «, Ақша-кредит саясаты комитеті және Директорлар кеңесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 15-бапта:
екінші бөлікте:
15-тармақтың 4) тармақшасының үшінші абзацы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
63) және 65) тармақшалардағы «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар,» және «, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 65-2) тармақшамен толықтырылсын:
«65-2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы ұйымдары және олардың ірі қатысушылары, банктік холдингтер, банк конгломераттары, сақтандыру холдингтері, сақтандыру тобы, «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым, кредиттік бюро және коллекторлық агенттіктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен тәртібін;»;
15-тармақтың 4) тармақшасының алтыншы абзацы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
69) тармақшадағы «, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші бөлікте:
15-тармақтың 4) тармақшасының сегізінші абзацы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) инфляция бойынша орта мерзімді перспективаға арналған нысаналы бағдарларды белгілейді;»;
15-тармақтың 4) тармақшасының он бірінші, он екінші абзацтары 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің құрамына енгізу үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметшілері болып табылмайтын адамдарға қойылатын талаптарды бекітеді;»;
15-тармақтың 5) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
«18-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті және оның өкілеттіктері
1. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті ақша-кредит саясаты мәселелері бойынша шешімдер қабылдайтын орган болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті:
1) базалық мөлшерлемені белгілейді;
2) ақша-кредит саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілейді;
3) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының айрықша құзыретіне жатпайтын ақша-кредит саясатының өзге де мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды.
2. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның ақша-кредит саясаты, монетарлық операциялар, қаржылық тұрақтылық мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкінің өз функцияларына ақша-кредит саясаты, монетарлық операциялар, қаржылық тұрақтылық мәселелері кіретін құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының шешімі бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге де бөлімшелерінің басшылары кіреді.