64. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 ж., № 9, 31-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 75-құжат; № 16, 77-құжат):
1) 1-бапта:
64-тармақтың 1) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) біржолғы зейнетақы төлемі - осы Заңда белгіленген тәртіппен салымшы (алушы) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алып қоятын, міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы;»;
64-тармақтың 1) тармақшасының төртінші - тоғызыншы абзацтары 2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
3) тармақша «қызметті» деген сөзден кейін «, сондай-ақ осы Заңда айқындалған өзге де функцияларды» деген сөздермен толықтырылсын;
6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ерiктi зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалатын тәртіппен зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына салымшылар өз бастамасы бойынша салатын ақша және (немесе) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын кепілдік берілген депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы;
7) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт - талаптарын салымшы (алушы) ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолымен ғана қабылдайтын, ерікті зейнетақы жарналарына, жинақтарына және зейнетақы төлемдерін алуға байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы шарт;»;
8) тармақша «айқындалатын» деген сөзден кейін «, жеке тұлға өз бетінше айқындайтын және оның қалауы бойынша өзгертілуі мүмкін» деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша «, сондай-ақ кепілдік берілген депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен жүзеге асыратын жеке тұлға» деген сөздермен толықтырылсын;
64-тармақтың 1) тармақшасының оныншы - он алтыншы абзацтары 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 15-1) және 19-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«15-1) зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен емес ай сайынғы зейнетақымен қамсыздандыру үшін қажетті, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған, міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері;»;
«19-1) инвестициялық портфельді басқарушы - «Бағалы қағаздар рыногы туралы» және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензия негізінде инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті өз атынан және клиенттің мүддесінде және соның есебінен жүзеге асыратын, сондай-ақ зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін уәкілетті органның талаптарына сай келетін бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;»;
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22) кастодиан-банк - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе уәкілетті органның кастодиандық қызметке арналған лицензиясы бар екінші деңгейдегі банк;»;
мынадай мазмұндағы 37-1) тармақшамен толықтырылсын:
«37-1) уәкілетті оператор - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдеріне арналған арнаулы шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға (заңды тұлғалар), сол шоттарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетін кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуды жүзеге асырады;»;
64-тармақтың 2) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
2) 3-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасының сақтандыру ұйымдарына қатысты қолданылатын ережелері, осы Заңның 60-бабының 8-тармағын қоспағанда, Қазақстан Респуликасының аумағында уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде «өмірді сақтандыру» саласында сақтандыру шарттарын жасау және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.»;
64-тармақтың 3) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 5-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекет осы Заңның 31-бабының 1-1-тармағында және 32-бабының 1-1-тармағында аталған, сондай-ақ осы Заңның 35-1-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударуды жүзеге асырған адамдарға тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы жинақтарын алып қойған күннен не зейнетақы жинақтары инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударылған күннен бастап осы Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жеткенге дейінгі кезең ішінде жүзеге асырылған, инфляция деңгейі ескеріле отырып нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді.»;
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) зейнетақы активтері есебінен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметтің шарттары мен тәртібін белгілеу;
1-2) инвестициялық портфельді басқарушыларға осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес есептелген, инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу жөнінде қойылатын талаптарды белгілеу;»;
2) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына берілген зейнетақы активтерін қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің инвестициялық басқаруды жүзеге асыруы;»;
«7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін кастодиан-банкте сақтау жөніндегі талаптарды белгілеу;»;
64-тармақтың 4) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 6-баптың 1-1) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекітеді;»;
«5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекітеді;»;
64-тармақтың 5) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 7-баптың 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«8) орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін әзірлейді;»;
64-тармақтың 6) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 8-бап мынадай мазмұндағы 1-3), 1-4), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-3) өздеріне осы Заңның 35-1-бабына сәйкес зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін инвестициялық портфельді басқарушыларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ осы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
1-4) зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімін жүргізеді және өзінің интернет-ресурсында орналастырады;»;
«6) зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;
7) инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларын, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді.»;
64-тармақтың 7) тармақшасы 2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
7) 27-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ерікті зейнетақы жарналарын төлеудің мөлшері мен кезеңділігін жеке және заңды тұлға өз бетінше белгілейді.»;
64-тармақтың 8) тармақшасы 2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
8) мынадай мазмұндағы 27-1-баппен толықтырылсын:
«27-1-бап. Кепілдік берілетін депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке жатқызу
Кепілдік берілетін депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым ұсынған кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомалары бар салымшылардың (алушылардың) тізімі негізінде ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арасында жасалған келісімде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде есепке жатқызады.»;
64-тармақтың 9) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) 28-баптың 1-тармағындағы «Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми» деген сөздер «Республикасы Ұлттық Банкінің 1,25 еселенген базалық» деген сөздермен ауыстырылсын;
64-тармақтың 10) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан белгіленген график бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері және (немесе) зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес зейнетақы жинақтары есебінен сақтандыру ұйымынан сақтандыру төлемдері түрінде, сондай-ақ осы Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, 32-бабының 1-1-тармағында аталған адамдарға тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде жүзеге асырылады.
Егер осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында аталған адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы сақтандыру ұйымымен жасасқан зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан асып түссе, осы айырма салымшыға (алушыға) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан белгіленген график бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде төленеді.
Егер осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында аталған адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса, осы сома салымшыға (алушыға) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан бір рет төленеді.
Осы Заңның 31-бабы 1-1-тармағының екінші абзацында, 32-бабы 1-1-тармағының екінші абзацында аталған адамдарға міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемінің мөлшері салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырма сомасынан аспауға тиіс.
Осы Заңның 31-бабы 1-1-тармағының үшінші абзацында, 32-бабы 1-1-тармағының үшінші абзацында аталған адамдарға міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының біржолғы төлемінің мөлшері салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс. Орташа айлық кірісті алмастыру коэффициентін есептеу кезінде зейнеткерлікке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын кіріс есепке алынады.
Осы Заңның 31-бабы 1-1-тармағының төртінші абзацында, 32-бабы 1-1-тармағының төртінші абзацында аталған адамдарға міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемінің мөлшері салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспауға тиіс.»;
64-тармақтың 11) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11) 31-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) салымшы 45 жасқа толған кезде осы Заңның 59-бабының 1-тармағына сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен емес төлеммен қамтамасыз етуге зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде;»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Өз пайдасына немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының пайдасына тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының емделуіне ақы төлеу үшін міндетті зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдері құқығына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адамдар мынадай шарттардың бірі болған кезде:
егер салымшының жеке зейнетақы шотындағы міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен асатын болса;
егер зейнетақы мөлшері, ал осы Заңның 11-бабының 7-тармағында аталған адамдар үшін зейнетақы мен ай сайынғы қамтылым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен айқындалатын 40 пайыздан төмен емес деңгейде алушының орташа айлық кірісін алмастыру коэффициентін қамтамасыз етсе, ие болады. Орташа айлық кірісті алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнеткерлікке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын кірісі есепке алынады;
егер салымшы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған болса, ие болады.»;
64-тармақтың 12) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) 32-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында:
«зейнетақы мөлшерінен кем» деген сөздер «күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«елу» деген сөз «қырық» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Өз пайдасына немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының пайдасына тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының үшін емделуіне ақы төлеу үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдері құқығына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адамдар мынадай шарттардың бірі болған кезде:
егер салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотындағы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен асатын болса;
егер зейнетақы мөлшері, ал осы Заңның 11-бабының 7-тармағында аталған адамдар үшін зейнетақы мен ай сайынғы қамтылым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен айқындалатын 40 пайыздан төмен емес деңгейде алушының орташа айлық кірісін алмастыру коэффициентін қамтамасыз етсе, ие болады. Орташа айлық кірісті алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнеткерлікке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын кірісі есепке алынады;
егер салымшы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған болса, ие болады.»;
64-тармақтың 13) тармақшасы 2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
13) 33-бапта:
1-тармақ 3) тармақшасындағы «құжаттарды ұсынған адамдардың ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерiне құқығы туындайды.» деген сөздер «құжаттарды ұсынған;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы ерікті зейнетақы жарналары мен оларға есептелген инвестициялық кіріс сомалары шегінде кемінде бес жыл зейнетақы жинақтары бар адамдардың ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiне құқығы туындайды.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу тәртібін алушы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес өзі дербес айқындайды.»;
14) 34-бапта:
8-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттарға, кастодиандық шарттарға, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.»;
9-тармақта:
64-тармақтың 14) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтары 2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған, кепілдік берілетін депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке жатқызуды және есепке алуды жүзеге асыруға;»;
64-тармақтың 14) тармақшасының жетінші - тоғызыншы абзацтары 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен алушыларға және (немесе) уәкілетті операторға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға;
3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен зейнетақы жинақтарын, оның ішінде инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын және төлемдерді жеке есепке алуды жүзеге асыруға;»;
мынадай мазмұндағы 4-2), 4-3), 4-4), 5-1), 5-2), 9-1), 10-1) тармақшалармен, 19) тармақшадағы «болуы міндетті.» деген сөздер «болуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:
64-тармақтың 14) тармақшасының он бірінші - он үшінші абзацтары 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«4-2) осы Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, 32-бабының 1-1-тармағында аталған жеке тұлғаларға міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты ақы алмай ұсынуға міндетті.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсілі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында айқындалады;
4-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке алу, аудару, төлеу мәселелері бойынша уәкілетті оператормен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;
64-тармақтың 14) тармақшасының он төртінші абзацы 2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
4-4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арасында жасалған келісімде белгіленген тәртіппен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;»;
64-тармақтың 14) тармақшасының он бесінші - жиырма тоғызыншы абзацтары 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«5-1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және көлемде, инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты, оның ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттар жасасқан инвестициялық портфельді басқарушылардың тізбесін ашуға;
5-2) жыл сайын күнтізбелік жыл басталғанға дейінгі бір айдан кешіктірмей, алдағы жылға есептелген және қолданыста болатын зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шектерін кемінде екі баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында жариялау арқылы бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға;»;
«9-1) өзіне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшының, жеке тұлғаның инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау (өзгерту) туралы өтініші келіп түскен кезде, беруді жүзеге асырудан бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда осы Заңның 35-1-бабында айқындалған тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беруге;»;
«10-1) инвестициялық портфельді басқарушымен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушымен және кастодиан-банкпен кастодиандық шарт жасасуға;»;
«20) өзіне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшы, жеке тұлға осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған кезде зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына аударуды жүзеге асыруға;
21) салымшы қайтыс болған жағдайда мұрагерлер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішпен жүгінген кезде зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына аударуды жүзеге асыруға міндетті.»;