61-тармақтың 2) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
2) 2-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы Заңның екінші деңгейдегі банктерге қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылады.»;
61-тармақтың 3) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 3-баптың 1-2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) меншікті мүлкін өткізу;»;
61-тармақтың 4) тармақшасы 2021 ж. 4 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 7-баптың 2-тармағында:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) қатысушылардың (акционерлердің) құрамы өзгерген жағдайда, бұл туралы және қатысушылардың (акционерлердің) осы Заңның 14-бабы 6-тармағының талаптарына сай келуі туралы уәкілетті органға мұндай өзгеріс болған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде жазбаша хабарлауға;»;
8-1) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақшада белгіленген талап ломбардтарға қолданылмайды;»;
61-тармақтың 5) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 8-баптың 2-тармағындағы «осы Заңның 20-бабының 3 және 4-тармақтарында» деген сөздер «микрокредит алуға қажетті құжаттардың тізбесінде, сондай-ақ микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнаманы жүргізу тәртібінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
61-тармақтың 6) тармақшасы 2021 ж. 4 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 14-бапта:
2 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алу (қайта ресімдеу) үшін уәкілетті органға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған құжаттардан басқа, микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларында айқындалған жағдайларда, микроқаржылық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттарды ұсынады.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағында көзделген, сондай-ақ жарғылық капиталдың ұлғаюына алып келетін, микроқаржы ұйымының орналасқан жерін өзгерту жағдайларында жүзеге асырылады.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу кезінде микроқаржы ұйымының біліктілік талаптарына сай келуін тексеру лицензияны қайта ресімдеуге себеп болған негіз микроқаржылық қызмет түрінің немесе ұйымдық-құқықтық нысанның өзгеруіне не орналасқан жерін өзгертумен байланысты жарғылық капиталдың ұлғаюына алып келген жағдайларда жүзеге асырылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті микроқаржы ұйымы лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туындаған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде береді.»;
«5. Атқарушы органның (алқалы немесе жеке-дара) бірінші басшысы мен мүшелері, байқау кеңесінің (болған кезде) мүшелері, директорлар кеңесінің (болған кезде) мүшелері, бас бухгалтер микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері деп танылады.
Мынадай:
1) жоғары білімі жоқ;
2) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
3) уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқарушы органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары, ірі қатысушы - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушы (банк холдингі) - заңды тұлғасының басшысы болған жеке тұлға микроқаржы ұйымының басшы қызметкері бола алмайды.
Көрсетілген талап уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;
4) осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында, осы және (немесе) өзге Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған жеке тұлға микроқаржы ұйымының басшы қызметкері бола алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады;
5) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындау (сайлау) күніне дейін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылған;
6) қатарынан төрт және одан көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу жөніндегі берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлем күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын, бұрын қаржы ұйымының басқарушы органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) - эмитент-заңды тұлғаның басқарушы органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған жеке тұлға микроқаржы ұйымының басшы қызметкері бола алмайды. Көрсетілген талап осы тармақшада көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап бес жыл бойы қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Микроқаржы ұйымының ірі қатысушысы микроқаржы ұйымы атқарушы органының басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.
Алқалы атқарушы орган мүшелерінің саны кемінде үш адамды құрауға тиіс.
Жеке-дара атқарушы орган бір адамнан тұрады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы шаруашылық серіктестік нысанында құрылған микроқаржы ұйымына қолданылмайды.»;
6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) уәкілетті орган банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын ірі қатысушы - жеке тұлға не ірі қатысушы - заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары болған не болып табылса, дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иелене және (немесе) пайдалана және (немесе) оларға билік ете алмайды.»;
61-тармақтың 7) тармақшасы 2021 ж. 4 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
«14-1-бап. Микроқаржы ұйымының филиалдары мен өкілдіктерін құру, жабу
1. Микроқаржы ұйымы уәкілетті органның келісімінсіз Қазақстан Республикасының аумағында да, оның шегінен тыс жерде де өзінің оқшауланған бөлімшелерін - филиалдары мен өкілдіктерін құруға құқылы.
2. Микроқаржы ұйымы өзінің филиалы немесе өкілдігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында есептік тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде олардың құрылғаны туралы уәкілетті органды:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының белгісі соғылған филиал немесе өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;
2) филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтаманы;
3) филиалдың немесе өкілдіктің бірінші басшысына берілген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса бере отырып, жазбаша хабардар етуге міндетті.
3. Микроқаржы ұйымы филиалының микроқаржы ұйымымен бірыңғай балансы және микроқаржы ұйымының атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.
Микроқаржы ұйымының филиалы бір облыс шегінде бірнеше мекенжай бойынша орналасқан үй-жайларға ие болуға құқылы.
Микроқаржы ұйымының астанада және (немесе) республикалық маңызы бар қалада орналасқан филиалы бірнеше мекенжай бойынша:
астанада және (немесе) республикалық маңызы бар қалада;
астанаға (республикалық маңызы бар қалаға) іргелес жатқан облыс шегінде орналасқан үй-жайларға ие болуға құқылы.
4. Микроқаржы ұйымының өкілдігі микроқаржы ұйымының атынан және тапсыруы бойынша әрекет етеді және микроқаржылық қызметті жүзеге асырмайды.
5. Филиал «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында есептік тіркелген күннің немесе микроқаржы ұйымының тиісті органы микроқаржы ұйымының жұмыс істеп тұрған филиалының қосымша үй-жайларының, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы үй-жайларының санын көбейту туралы шешім қабылдаған күннің алдындағы үш ай ішінде уәкілетті органның микроқаржы ұйымына микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру түрінде санкцияны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 211-бабының бірінші және үшінші бөліктерінде, 227-бабының үшінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазаларды қолданбауы микроқаржы ұйымының филиалдар құруының, жұмыс істеп тұрған филиалдарының қосымша үй-жайларының, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы үй-жайларының санын көбейтудің міндетті шарты болып табылады.
6. Филиал, өкілдік туралы ережелерге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында есептік қайта тіркеуді талап ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде микроқаржы ұйымы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында есептік қайта тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға филиал, өкілдік туралы ережелерге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.
Филиал, өкілдік туралы ережелерге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында есептік қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде микроқаржы ұйымы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының микроқаржы ұйымының хатын қабылдағаны туралы белгісі соғылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға микроқаржы ұйымының көрсетілген хатының көшірмесін, филиал, өкілдік туралы ережелерге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті.
7. Микроқаржы ұйымы филиалының қосымша үй-жайларының саны көбейген немесе микроқаржы ұйымы филиалы үй-жайларының саны азайған жағдайда, микроқаржы ұйымының органы тиісті шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде микроқаржы ұйымы уәкілетті органға микроқаржы ұйымы органының шешімінен микроқаржы ұйымы филиалының көрсетілген үй-жайларының мекенжайларын қамтитын үзінді көшірмені қоса бере отырып, қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлама ұсынуға міндетті.
8. Микроқаржы ұйымы өзінің филиалы және (немесе) өкілдігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында есептік тіркеуден шығарылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органды микроқаржы ұйымы филиалының және (немесе) өкілдігінің есептік тіркеуден шығарылғанын растайтын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құжатының көшірмесін қоса бере отырып, олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы жазбаша хабардар етуге тиіс.
9. Уәкілетті орган осы баптың 3, 5 және 7-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, микроқаржы ұйымының филиалын не филиалының қосымша үй-жайын немесе өкілдігін жабуды талап етеді.»;
61-тармақтың 8) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) 15-бапта:
1-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Заңның 11, 12, 13-баптарында, 14-бабының 5 және 6-тармақтарында, 14-1-бабының 3-тармағында белгіленген талаптардың бірі сақталмаған;»;
6) тармақшадағы «сақталмаған жағдайларда жүргізіледі.» деген сөздер «сақталмаған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алуға өтініш беру үшін осы Заңның 31-бабының 2-1-тармағында белгіленген мерзім сақталмаған жағдайларда жүргізіледі.»;
2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құқықтан бас тартылған, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 3), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бас тарту алынған кезде, микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде тіркелген заңды тұлға бас тартуды алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде өзінің атауынан «микроқаржы ұйымы», «кредиттік серіктестік», «ломбард» деген сөздерді, олардан туындайтын сөздерді немесе көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру қызметін жүзеге асыратынын болжайтын аббревиатураны алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.»;
61-тармақтың 9) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) 16-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қызметін осы Заңның 14-бабының 5 және 6-тармақтарында, 14-1-бабының 3, 5 және 7-тармақтарында көзделген талаптарды бұза отырып жүзеге асырған;»;
61-тармақтың 10) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) 20-бап алып тасталсын;
61-тармақтың 11) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11) 24-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ заңды тұлғалардың микроқаржылық қызмет санатына жататын, жүзеге асырылатын қызмет көрсетулерді жарнамалауына тыйым салынады.»;
61-тармақтың 12) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) 27-баптың бірінші бөлігінде:
2) тармақша алып тасталсын;
4-1) және 4-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1) микроқаржы ұйымы (ломбардты қоспағанда) қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу тәртібін және оның шекті мәнін айқындайды;
4-2) микрокредит алуға қажетті құжаттардың тізбесін, сондай-ақ микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнаманы жүргізу тәртібін айқындайды;»;
7) тармақша мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«2021 жылға дейін микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар ретінде тіркелген, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алуға осы Заңның 31-бабының 2-1-тармағында белгіленген мерзім ішінде өтініш жасамаған заңды тұлғаларды;»;
61-тармақтың 13) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
13) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«30-бап. Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.»;
61-тармақтың 14) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) 31-бап мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. 2021 жылға дейін құрылған және 2021 жылғы 1 наурызға дейін уәкілетті органға микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алуға өтініш бермеген микроқаржы ұйымдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта ұйымдастырылуға не таратылуға жатады.
2-2. Ешбір тұлға, егер ол көрсетілген ұйымдар өзінің қызметін қайта ұйымдастыру немесе тарату арқылы ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдауына байланысты микроқаржы ұйымдарының тізілімінен алып тасталған жағдайды қоспағанда, уәкілетті орган микроқаржы ұйымдарының тізілімінен алып тастау туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде құрылтайшысы (акционері, қатысушысы) не басшы қызметкері бұрын микроқаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болған заңды тұлға болып табылса, микроқаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін не орналастырылған акцияларын дербес өзі немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иелене және (немесе) пайдалана және (немесе) оларға билік ете алмайды.
2-3. Микроқаржы ұйымдары микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алуға өтініш бергенге дейін орналасқан жері осы Заңның 14-1-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін филиалдардың үй-жайларын жабуға міндетті.»;
61-тармақтың 15) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) 31-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-1-бап. Микроқаржы ұйымының қаржы өнімдерінің бекітілгені туралы хабардар етуі
Микроқаржы ұйымы уәкілетті органды қаржы өнімдерін бекітуге уәкілеттік берілген микроқаржы ұйымы органының қаржы өнімдерін бекіткені туралы олар бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Микроқаржы ұйымы бекітілгені туралы уәкілетті органды хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі, уәкілетті органды микроқаржы ұйымының қаржы өнімдерінің бекітілгені туралы хабардар ету тәртібі, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.».
62. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 5-6, 29-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 21-I, 121-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 21-22, 90-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат):
1) 18-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы, ұялы байланыс абоненттік құрылғысы және «электрондық үкіметтің» шлюзінде, «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған ақпараттандыру объектілері арқылы;»;
2) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «электрондық үкіметтің» веб-порталы және «электрондық үкіметтің» шлюзінде, «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған ақпараттандыру объектілері арқылы жүзеге асырылады.».
63. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 7, 35-құжат; 2015 ж., № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 24, 115-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат; № 14, 75-құжат):
1) 9-бап мынадай мазмұндағы 9-2) және 9-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмесі электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына сақтауға берілген;
63-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
9-3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау шарттарымен кәсіпкерлік субъектілерінің тікелей өз кәсіпкерлік қызметіне қатысты дербес деректері бизнес-әріптестердің тізілімін қалыптастыру үшін пайдаланылған;»;
2) 12-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Дербес деректерді сақтауды меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға Қазақстан Республикасының аумағындағы базада жүзеге асырады.»;
3) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дербес деректер қорғалуға жатады, оған мемлекет кепілдік береді және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
4) 22-баптың 1-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіпке сәйкес:»;
3) тармақшадағы «азайтуды қамтамасыз ететін дербес деректерді қорғау жөніндегі қажетті шараларды қолдануға міндетті.» деген сөздер «азайтуды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік техникалық қызметке электрондық ақпараттық ресурстардағы қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуге зерттеп-қарауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстардағы қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдаланатын, сақтайтын, өңдейтін және тарататын ақпараттандыру объектілеріне қолжетімділік беруді қамтамасыз ететін дербес деректерді қорғау жөніндегі қажетті шараларды қолдануға міндетті.»;
5) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«23-бап. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау
Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау ерекшеліктері осы Заңға және Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
6) 27-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) және 7-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындауна қажетті және жеткілікті дербес деректер тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді;»;
«7-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша электрондық ақпараттық ресурстардағы қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуге зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;».