1-1) индустриялық сертификат - өтініш берушінің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімінде бар екенін растайтын құжат;»;
мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) кәсіпкерлік субъектілері - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер, шаруа (фермер) қожалықтары;»;
2) 11-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұлттық палата кәсіпкерлік субъектілері үшін бірыңғай интернет-порталды және «Бизнеске арналған үкімет» веб-порталын құрады және оларды қолдауды, әкімшілендіруді және дамытуды жүзеге асырады.»;
65-тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) 14-бап мынадай мазмұндағы 17), 18) және 19) тармақшалармен толықтырылсын:
«17) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бизнес-әріптестердің тізілімін жасайды және жүргізеді;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-әріптестер тізілімінің деректерін қорғау үшін құпиялылықты қамтамасыз етеді және қажетті, оның ішінде құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды;
19) бизнес-әріптестер тізілімінің базасында қызметтер көрсетуді ұсынады.
Көрсетілетін қызметтердің тізбесін және оларды отандық және шетелдік кәсіпкерлік субъектілеріне, мемлекеттік органдарға және өзге де тұлғаларға ұсыну тәртібін Ұлттық палатаның Съезі айқындайды.».
66. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 24-I, 118-құжат; 2020 ж., № 11, 54-құжат; № 14, 68-құжат; № 16, 77-құжат):
66-тармақтың 1) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-баптың 10) тармақшасы екінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«кепiлмен қамтамасыз етiлмеген қарыз (микрокредит) алуға арналған шарттардан туындайтын талаптар бойынша кредиторлар - қаржы ұйымдары;»;
2) 44-баптың 1-тармағы «кредитордың (кредиторлардың)» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агенттің» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 45-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агенттің өтінішіне осындай қатысушылардың Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қабылданған борышкерді банкрот деп тану немесе оңалту рәсімін қолдану туралы арызбен сотқа жүгіну туралы шешімі қоса беріледі.»;
4) 72-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент синдикатталған қарыз шарты негізінде кредиторлар синдикатына әрбір қатысушы бойынша жеке талаптарды мәлімдейді.»;
5) 77-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, синдикатталған қарыз туралы шартқа сәйкес қаржыландыру үлесі жиынтығында қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде үштен екісін құрайтын кредиторлар синдикатына қатысушылар сотқа осындай жүгіну туралы шешім қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент борышкердің синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы сотқа жүгінуге құқылы.»;
6) 88-баптың 3-тармағының 8) тармақшасы «кепілді кредиторға» деген сөздерден кейін «және (немесе) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агентке» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 90-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент синдикатталған қарыз шарты негізінде кредиторлар синдикатына әрбір қатысушы бойынша жеке талаптарды мәлімдейді.»;
8) 97-баптың 3-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«кепілге салынған мүлікке қатысты - кепілді кредитор немесе Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент кепілге салынған мүлікті заттай қабылдаудан бас тартқан не кепілді кредитор немесе Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент осы Заңның 104-1-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде уақытша басқарушының ұсынысына жауап ұсынбаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде түгендеу жүргізуге және түгендеу туралы есепті кредиторлар комитетіне ұсынуға міндетті.»;
9) 103-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Егер кепілге салынған мүлік синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету нысанасы болып табылса, кепіл нысанасын өткізуден түскен ақша, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес синдикатталған қаржыландыру кезінде кредит беруді жүзеге асыратын кредиторлар арасында олардың кепілмен қамтамасыз етілген талаптарының мөлшеріне пропорционалды түрде бөлінеді.»;
10) 104-1-бапта:
2-тармақ «кепілді кредиторға» деген сөздерден кейін «және (немесе) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агентке» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент кредиторлар синдикатына қатысушыларды кепілге салынған мүлікті заттай қабылдау туралы банкроттықты басқарушының келіп түскен ұсынысы туралы хабардар етуге міндетті.»;
3-тармақта:
«Кепілді кредитор» деген сөздерден кейін «және (немесе) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агенттің келісіміне синдикатталған қарыз туралы шартқа сәйкес қаржыландыру үлесі жиынтығында қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде үштен екісін құрайтын кредиторлар синдикатына қатысушылардың шешімі қоса беріледі.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент кепілге салынған мүлікті заттай қабылдауға келісім білдірген жағдайда, кепілге салынған мүлікті бағалауға және күтіп-ұстауға байланысты әкімшілік шығыстарды, сондай-ақ кредиторлар талаптары тізілімінің бірінші кезегінің құрамына енгізілген кредиторлардың еңбекке ақы төлеу жөніндегі талаптарын кредиторлар синдикатына қатысушылар осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімде осындай мүлік заттай қабылданғанға дейін өздерінің синдикатталған қарыз шартына сәйкес кепілмен қамтамасыз етілген талаптарының мөлшеріне пропорционалды түрде өтуге тиіс.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер кепілге салынған мүлік синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету нысанасы болып табылса, мұндай мүлік кредиторлар синдикатына қатысушыларға олардың синдикатталған қарыз шартына сәйкес кепілмен қамтамасыз етілген талаптарының мөлшеріне пропорционалды түрде үлестік меншікке беріледі.»;
6-тармақтың екінші абзацы «- кепілді кредитор» деген сөздерден кейін «және (немесе) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
1) тармақша «кепілді кредитор» деген сөздерден кейін «және (немесе) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «кепілді кредитор» деген сөздерден кейін «және (немесе) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақ «Кепілді кредитор» деген сөздерден кейін «және (немесе) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент» деген сөздермен толықтырылсын.
67-тармақ 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
67. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 14, 49-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 24-I, 119-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 12, 61-құжат; № 14, 68-құжат; № 16, 77-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:
«26-1) интеллектуалды көлік жүйесі - жол жүрісі мен жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті басқаруды, мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін өзара байланысты автоматтандырылған жүйелердің, сондай-ақ автоматты режимде жұмыс істейтін, Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы және автомобиль көлігі туралы заңнамасын құқық бұзушылықтарды тіркейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарының, аспаптар мен жабдықтардың кешені;»;
27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«27) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі - Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен автомобиль көлігі саласындағы жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметпен байланысты құжаттарды тіркеуді, есепке алуды, өңдеу мен сақтауды және осындай құжаттар туралы қалыпқа түсірілген ақпаратты тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар мен тасымалдау процесіне қатысушыларға беруді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;»;
2) 31-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметке мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) криминалдық және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда және Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы және автомобиль көлігі туралы заңнамасын құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты тиісті уәкілетті органдарға жедел түрде береді;»;
3) 54-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жол парағын, алып жүретін жүкке арналған құжатты (тауар-көлік жүкқұжатын), сондай-ақ көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркелгендерді қоспағанда, көлік құралына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттарды өзімен бірге алып жүруге және ішкі істер органдарының, көліктік бақылау органдарының және мемлекеттік кірістер органдарының оған уәкілеттілік берілген лауазымды адамдарының талабы бойынша оларға тексеру үшін беруге;».
68. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-II, 120-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат; № 14, 68, 72, 75-құжаттар; № 16, 77-құжат):
68-тармақтың 1) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-баптың 6), 8) және 15) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) лицензия - лицензиар жеке немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалына қауіптіліктің жоғары деңгейімен байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызметтің кіші түрін жүзеге асыруға беретін бірінші санаттағы рұқсат;»;
«8) лицензиат - лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалы;»;
«15) рұқсат - рұқсат беру органдары лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асыратын, жеке немесе заңды тұлғаның, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалының қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру құқығын растау;»;
68-тармақтың 2) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
2) 3-баптың 2-тармағының 5-1) тармақшасы алып тасталсын;
68-тармақтың 3) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
3) 29-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шетелдік заңды тұлға, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын өтініш беруші өзінің осы баптың 3-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттары болмаған кезде өтініш беруші туралы осыған ұқсас мәліметтерді қамтитын басқа да құжаттарды ұсынады.»;
68-тармақтың 4) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
4) 32-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалы үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;»;
68-тармақтың 5) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
5) 33-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) заңды тұлға-лицензиаттың, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға-лицензиат филиалының атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда);»;
68-тармақтың 6) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
6) 35-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалының қызметі тоқтатылғанда;»;
68-тармақтың 7) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
7) 49-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жеке немесе заңды тұлғаның, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалының қызметі немесе жекелеген қызмет түрлері немесе әрекеттері (операциялары) тоқтатыла тұрған жағдайда рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне тиісті мәліметтер енгізіледі.»;
8) 1-қосымшада:
68-тармақтың 8) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
53-жолдың 3-бағанында:
4, 5, 8, 13 және 14-тармақтар «Банктердің», «банктер», «банктің», «Банктерге» деген сөздерден кейін тиісінше «, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының», «, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары», «Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының,», «, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
68-тармақтың 8) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 27-тармақпен толықтырылсын:
«27. Тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жатқызу үшін жеке тұлғалардың ағымдағы банктік шоттарын ашуы және жүргізуі.»;
68-тармақтың 8) тармақшасының алтыншы - оныншы абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
57-жолда:
2-баған «банктері» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары» деген сөздермен толықтырылсын;
3-бағанда:
3-тармақ «банкінің» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ «банкінің» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының» деген сөздермен толықтырылсын;
68-тармақтың 9) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
9) 2-қосымшада:
68-жолдың 2 және 3-бағандары «Банк», «банк» деген сөздерден кейін тиісінше «, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын» деген сөздермен толықтырылсын;
69-жолдың 2 және 3-бағандары «құруға» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 69-1-жолмен толықтырылсын:
«
69-1 | Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын құруға рұқсат беру | Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Басқармасының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерін ашуға рұқсат беру туралы (рұқсат беруден бас тарту туралы) қаулысы | Мерзімсіз рұқсат; конкурс рәсімін қолдануға келмейді; рұқсат беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды |
»;
245-жолда:
2-баған «таратуға» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға» деген сөздермен толықтырылсын;
3-баған «таратуға» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға» деген сөздермен толықтырылсын;
251-жолдың 2 және 3-бағандары «таратуға» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға» деген сөздермен толықтырылсын;
68-тармақтың 10) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) 3-қосымшаның 54-тармағы алып тасталсын.
69. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 106-құжат; № 24-I, 118-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат):
1) 1-баптың 19-тармағында:
69-тармақтың 1) тармақшасының екінші - оныншы абзацтары 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) тармақшаның он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
19) тармақшада:
алтыншы және жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алушының банктік шотына және (немесе) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан біржолғы зейнетақы төлемдері үшін уәкілетті оператор ашқан арнайы шоттарға аударады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алушының банктік шотына аударады.»;
мынадай мазмұндағы сегізінші және тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
«Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен аударуға, есепке жатқызуға және зейнетақы төлемдеріне байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу, олардың айырбасталу, уәкілетті оператордың біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жатқызуына және (немесе) кейіннен аударуына байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу сомаларын қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Осы Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, 32-бабының 1-1-тармағында аталған адамдарға уәкілетті оператордың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдеріне байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу аталған адамдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;
69-тармақтың 1) тармақшасының он бірінші - он үшінші абзацтары 2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
23) тармақшаның үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілетін депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке жатқызуды және есепке алуды жүзеге асырады және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.