10-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарымен мәмілелер жасасқан кезде маржалық немесе өзге де қамтамасыз етуді енгізу жағдайларын қоспағанда, зейнетақы активтерін кепiлге беруге;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарымен мәмілелер жасасқан кезде маржалық немесе өзге де қамтамасыз етуді, сондай-ақ тендерлерге және (немесе) конкурстарға қатысқан кезде қамтамасыз етуді енгізу жағдайларын қоспағанда, меншікті активтерді кепiлге беруге;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарын сатып алуды, сондай-ақ қамтамасыз ете отырып, бағалы қағаздармен қарыз беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыруды қоспағанда, қарыздарды кез келген тәсілдермен беруге;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың талаптары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері және (немесе) меншікті активтері есебінен жүзеге асырылатын бағалы қағаздармен «репо» операцияларына қолданылмайды.»;
64-тармақтың 15) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) 35-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«35-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару тәртібі. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясы»;
64-тармақтың 16) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16) мынадай мазмұндағы 35-1-баппен толықтырылсын:
«35-1-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін басқару, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу тәртібі
1. Инвестициялық портфельді басқарушының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен инвестициялық портфельді басқарушы арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт (бұдан әрі - зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт) негізінде жүзеге асырылады.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры инвестициялық портфельді басқарушымен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасасады және зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасасқаннан кейін бір жұмыс күні ішінде осы Заңның 34-бабы 9-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес осындай инвестициялық портфельді басқарушы туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
3. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың үлгілік нысаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт осы баптың 11-тармағында көрсетілген кастодиан-банктегі шоттарға зейнетақы активтері келіп түскен күннен бастап күшіне енеді.
4. Инвестициялық портфельді басқарушы инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес есептелген зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасында теріс айырма пайда болған жағдайда, кейіннен осы соманы өтеу жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың соңындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтары осы инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруында болған, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшыларға, жеке тұлғаларға аудару үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде меншікті капитал есебінен осы теріс айырманы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өтейді.
5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына беруді бір мезгілде мынадай шарттар орындалған кезде жүзеге асырады:
1) өзіне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшының, жеке тұлғаның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша және құжаттарды қоса бере отырып, инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау (өзгерту) туралы жазбаша өтінішінің болуы;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы және кастодиан-банк арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың, сондай-ақ кастодиандық шарттың болуы;
3) өзіне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшының, жеке тұлғаның инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына берілуге жататын зейнетақы жинақтары:
өзіне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшының, жеке тұлғаның зейнетақы жинақтарының нақты сомасы мен өзіне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшының, жеке тұлғаның зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспайды;
не сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда, олардың жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспайды;
4) өзіне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшының, жеке тұлғаның өтінішінде көрсетілген инвестициялық портфельді басқарушы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келеді.
6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде осы баптың 5-тармағының 3) тармақшасында белгіленген шектеуді ескере отырып, осы өтініште көрсетілген зейнетақы жинақтары сомасына сәйкес келетін сомада зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беруді жүзеге асырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шарттар орындалмаған және (немесе) толық емес құжаттар топтамасы ұсынылған жағдайларда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өтініш келіп түскен күннен кейін бес жұмыс күні ішінде зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына беруден бас тартады.
7. Инвестициялық портфельді басқарушы өзінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін басқа тұлғаға сенімгерлік басқаруға беруге құқылы емес.
8. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт мынадай жағдайларда:
1) инвестициялық портфельді басқарушы уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде қадағалап ден қою шараларын қолдану негіздерін жоймаған жағдайда;
2) инвестициялық портфельді басқарушы осы Заңның 8-бабының 1-3) тармақшасына сәйкес зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай келмеген жағдайда (инвестициялық портфельді басқарушы зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімінен алып тасталған жағдайда);
3) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруында зейнетақы активтері мен олар бойынша міндеттемелердің болмау шартымен, оның бастамасы бойынша;
4) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін сақтауды және есепке алуды жүзеге асыратын кастодиан-банк лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған не одан айырылған және кастодиан-банк лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған не одан айырылған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде басқа кастодиан-банкпен жаңа кастодиандық шарт жасаспаған жағдайларда бұзылады.
9. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт бұзылған кезде инвестициялық портфельді басқарушы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына беру жөніндегі рәсімдерді жүзеге асырады.
10. Инвестициялық портфельді басқарушыға осы Заңға қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының нормалары қолданылады.
11. Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері таңдауды инвестициялық портфельді басқарушы жүзеге асыратын кастодиан-банктегі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының шоттарында сақталады және есепке алынады.
Бір инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға берілген зейнетақы активтерін сақтауды және есепке алуды бір кастодиан-банк жүзеге асыруға тиіс.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың үлгілік нысаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында белгіленеді.»;
17) 39-бапта:
64-тармақтың 17) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
тақырып «кәсіптік зейнетақы жарналары» деген сөздерден кейін «, ерікті зейнетақы жарналары» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың бірінші абзацы «кәсіптік зейнетақы жарналары» деген сөздерден кейін «, ерікті зейнетақы жарналары» деген сөздермен толықтырылсын;
64-тармақтың 17) тармақшасының төртінші - тоғызыншы абзацтары 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1), 4-1), 4-2), 4-3) және 4-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен асатын міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алуға;»;
«4-1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өзіне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшының, жеке тұлғаның зейнетақы жинақтарының нақты сомасы мен өзіне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшының, жеке тұлғаның зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспайтын сомада зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау туралы өтінішті беруге;
4-2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен өзінің зейнетақы жинақтарын бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру үшін инвестициялық портфельді басқарушыны өзгерту туралы өтінішті жылына бір реттен жиілетпей ұсынуға;
4-3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруына қайтаруға (зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына алғашқы берілгеннен кейін кемінде екі жыл өткен соң) өтініш ұсынуға;
4-4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі құжаттарында көзделген өзге де ақпаратты алуға;»;
64-тармақтың 18) тармақшасы 2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
18) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«40-бап. Салымшының (алушының) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты
1. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және салымшылардың (алушылардың) құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі және өзге де құқықтық қатынастары белгіленеді.
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу тәртібі мен оның үлгілік нысаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотын ашу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен ерікті зейнетақы жарналарын аудару кезінде агенттер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде жүзеге асырылады.
3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотын ашу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен ерікті зейнетақы жарналарын аудару кезінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жеке тұлғадан өз пайдасына немесе үшінші тұлғаның пайдасына түскен бастапқы жарнаның негізінде жүзеге асырылады.
4. Салымшы (алушы) ерікті зейнетақы жарнасының сомасы келіп түскен күннен бастап ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылды деп есептеледі.
5. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына салымшының (алушының) кепілдік берілетін депозиті бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын аударған жағдайда, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арасында жасалған келісімде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым ұсынған кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомалары бар салымшылардың (алушылардың) тізімі негізінде жасалады.»;
19) 50-бапта:
64-тармақтың 19) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салымшының (алушының), Мемлекеттік корпорацияның, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан-банктің және өзіне зейнетақы активтері осы Заңның 35-бабының 2-тармағына және 35-1-бабына сәйкес активтерді инвестициялық басқаруға арналған шарт негізінде берілген инвестициялық портфельді басқарушылардың борыштары бойынша міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына, өсімпұлдарға, зейнетақы активтеріне және зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе өндіріп алуды қолдануға, оның ішінде санамаланған субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда, жол берілмейді.»;
4-тармақта:
64-тармақтың 19) тармақшасының бесінші - сегізінші абзацтары 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) осы Заңның 35-1-бабына сәйкес инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарына орналастыруға;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерін, оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен, 6) тармақшадағы «төлеуге пайдаланылады.» деген сөздер «төлеуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
64-тармақтың 19) тармақшасының оныншы, он бірінші абзацтары 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«3-1) осы Заңның 35-1-бабына сәйкес зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беруге;»;
«7) ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарын сатып алуға немесе сатуға байланысты брокерлік комиссияларды, биржалық алымдарды және өзге де шығыстарды төлеуге;
64-тармақтың 19) тармақшасының он екінші абзацы 2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
8) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылған хабарламасы негізінде салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотынан кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын қайтаруға пайдаланылады.»;
64-тармақтың 20) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
20) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«53-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық портфельді басқарушының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақылары
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысының шамасы зейнетақы активтерінің айына 0,01 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің комиссиялық сыйақысының шекті шамасы инвестициялық кірістің 2,0 пайызынан аспайтын шекте белгіленеді.
3. Инвестициялық портфельді басқарушының комиссиялық сыйақысының шекті шамасы инвестициялық кірістің 7,5 пайызынан аспайтын шекте белгіленеді.
4. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысының шекті шамасы:
1) инвестициялық кірістің 15 пайызынан аспайтын шекте;
2) зейнетақы активтерiнiң айына 0,05 пайызынан аспайтын шекте белгiленедi.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысын өндіріп алу тәртібі және оның шамасы ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленеді.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің комиссиялық сыйақысының шамасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы жыл сайын бекітеді.
Инвестициялық портфельді басқарушының комиссиялық сыйақысының шамасын осы ұйымның басқарушы органы жыл сайын бекітеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, инвестициялық портфельді басқарушының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысының шамасы жылына бiр реттен жиі өзгертiлмейді.».
64-тармақтың 21) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
21) 55-бапта:
2-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқарушы органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары, ірі қатысушы - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушы - заңды тұлғасының басшысы болған адам бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.
Көрсетілген талап уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдары санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;
5) осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында, осы және (немесе) өзге Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім қайтарып алынған адам бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан күнтізбелік он екі ай бойы қолданылады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындау (сайлау) күніне дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам да бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындала алмайды (сайлана алмайды);»;
9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімді уәкілетті органның кері қайтарып алуы өзге қаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында осы басшы қызметкерге бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алу үшін негіз болып табылады.»;
64-тармақтың 22) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
22) 59-баптың 2-тармағындағы «зейнетақы мөлшерінен» деген сөздер «күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
64-тармақтың 23) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
23) 60-бапта:
6-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы және 7-1-тармақтың 2) тармақшасындағы «зейнетақы мөлшерінен» деген сөздер «күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдері ай сайын жүзеге асырылады.
Сақтандыру ұйымы алғашқы ай сайынғы сақтандыру төлемін зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының сомасы сақтандыру ұйымына аударылған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ сақтанушы:
ерлер - 55 жасқа;
әйелдер:
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52 жасқа;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52,5 жасқа;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53 жасқа;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53,5 жасқа;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54 жасқа;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54,5 жасқа;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 55 жасқа;
осы Заңның 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдар 50 жасқа толғаннан кейін жүзеге асырады.».
65. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат; 2014 ж., № 12, 82-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 8, 46-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2020 ж., № 9, 29-құжат):
1) 1-бапта:
1) және 1-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Бизнеске арналған үкімет» веб-порталы - жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларына, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйе;