56-тармақтың 2) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
2) 42-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған;»;
56-тармақтың 3) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 58-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасы «төлемдерін» деген сөзден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 62-баптың 3-тармағының екінші бөлігінде:
56-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақша «төлемдерін» деген сөзден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
56-тармақтың 4) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату (қызметін мәжбүрлеп тоқтату) процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының ақшасына;»;
56-тармақтың 5) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 98-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерінен;».
57. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 23, 103-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 68-құжат; № 16, 77-құжат; 2020 жылғы 17 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 39-бап мынадай мазмұндағы 4-1 және 5-1-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде тұрақты емес ұшуды орындайтын азаматтық әуе кемесін пайдаланушының бас офисі Қазақстан Республикасының аумағында орналасуға тиіс және ұйымның қызметі мен операцияларын бағыттауға, бақылауға және үйлестіруге әсер ететін операциялық-қаржылық шешімдер құзыретті мемлекеттік органдардың тексеруі үшін қолжетімді болуға тиіс.»;
«5-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымды осы баптың 4-тармағына сәйкес орындалған ұшудың күні мен мақсаты туралы хабардар етпеу не хабарламада анық емес ақпарат ұсыну, сондай-ақ осы баптың 4-1 және 5-тармақтарының талаптарын бұзу пайдаланушы сертификатын кері қайтарып алуға негіз болып табылады.»;
2) 45-баптың 2-тармағының екінші бөлігі 3) тармақшасындағы «жарамды деп таныған жағдайда ғана Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеледі.» деген сөздер «жарамды деп таныған;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4), 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) жүктерді тасымалдауға арналған әуе кемелерін пайдаланудың күнтізбелік мерзімі (әуе кемесі шығарылған күннен бастап тіркелген күнге дейін есептелетін мерзім) жиырма бес жылдан аспайтын;
5) жүктерді тасымалдауға арналған әуе кемесінің ұшу циклдерінің саны бойынша және сағат бойынша есептелетін ресурсы белгіленген зауыт ресурсының (дайындаушы зауыттың немесе конструкторлық бюроның ресми растауымен) үштен екі бөлігінен аспайтын;
6) жүктерді тасымалдауға арналған борттың жай-күйі мен тұрған жері туралы деректерді жер үсті және спутниктік арналар арқылы беруді қамтамасыз ететін жабдық болған жағдайда ғана Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеледі.»;
3) 46-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) мүлікке ауыртпалық салу болған жағдайлардан басқа кезде пайдаланудың күнтізбелік мерзімі әуе кемесі шығарылған күннен бастап қырық жылдан асатын, бір жылдан астам ұшу жарамдылығының жарамды сертификаты болмаған;».
58. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 106, 108-құжаттар; № 24-І, 118, 119-құжаттар; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 12, 61-құжат; № 14, 68-құжат; № 19-20, 81-құжат; 2020 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 17 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 14-бапта:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорынның өзіне бекітіліп берілген мүлікті (өзі өндірген өнімді сатуын қоспағанда) иеліктен шығаруына немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуіне, филиалдар (өкілдіктер) құруына жазбаша келісім береді;»;
26) тармақша алып тасталсын;
26-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«26-1) мемлекеттік материалдық резервті және арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жедел басқаруындағы мүлікті қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша, жүктелген функцияларды орындауға қажетті мүлікпен қамтамасыз етеді;»;
2) 15-бап мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық мемлекеттік кәсіпорынның өзіне бекітіп берілген мүлікті (өзі өндірген өнімді сатуын қоспағанда) иеліктен шығаруына немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуіне, филиалдарды (өкілдіктерді) құруына келісім беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;»;
3) 17-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;
4) 18-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;
58-тармақтың 5) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 45-баптың 3-тармағындағы «қайта қаржыландыруының ресми ставкасы» деген сөздер «базалық мөлшерлемесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 98-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сауда-саттыққа шығарылған, мемлекетке тиесілі, акционерлік қоғамдар акцияларының жүз пайызы және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарына қатысу үлестері өткізілген үш сауда-саттық нәтижелері бойынша өткізілмеген жағдайда, осы заңды тұлғалар қосылу не бірігу арқылы қайта ұйымдастырылуға немесе таратылуға жатады.»;
7) 100-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сауда-саттық ашық болуға тиіс. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, қоршаған табиғи ортасын қорғауды, сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын айрықша жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен тендер жабық болуы мүмкін.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бір ғана қатысушы қатысқан аукциондар, егер қатысушы бастапқы немесе жарияланған бағаны растаса, өткізілді деп танылады.
Бір ғана қатысушы қатысқан тендерлер, егер қатысушы бастапқы бағадан кем емес құнды ұсынса, өткізілді деп танылады.»;
8) 100-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасы тәуелсіз консультанттар немесе бағалаушы ұсынған жекешелендіру объектісінің құнын бағалау туралы есептің негізінде айқындалады және оны мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия белгілейді.»;
9) 101-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны сатушы оны өткізуден кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын жариялауға тиіс. Хабарлама мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде жариялануға тиіс.»;
4-1 және 4-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Аукцион екі әдіспен:
бағаны көтеру;
бағаны төмендету әдісімен өткізіледі.
Бағаны көтеру әдісі қолданылатын аукционды өткізу кезінде жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасына тең болады.
Бағаны төмендету әдісі қолданылатын аукционды өткізу кезінде жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы алғашқы бағаны 3-ке тең болатын арттыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.
Жекешелендіру объектісі бірінші сауда-саттыққа бағаны көтеру әдісі қолданылатын аукционға шығарылады.
Екінші сауда-саттыққа жекешелендіру объектісі алғашқы бағаның елу пайызы мөлшерінде ең төмен баға белгіленіп, бағаны төмендету әдісі қолданылатын аукционға шығарылады.
Үшінші сауда-саттыққа жекешелендіру объектісі ең төмен баға белгіленбей, бағаны төмендету әдісі қолданылатын аукционға шығарылады.
Әрбір кейінгі аукцион алдыңғы аукцион күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей өткізіледі.
4-2. Жекешелендіру объектісі бірінші тендерге шығарылған кезде жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы алғашқы бағаға тең болады.
Жекешелендіру объектісі екінші және үшінші тендерге шығарылған кезде бастапқы баға алдыңғы тендердің бастапқы бағасының елу пайызына төмендетіледі.
Әрбір кейінгі тендер алдыңғы тендер күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей өткізіледі.»;
10) 102-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сату туралы хабарлама мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында және қор биржасының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялануға тиіс. Сату туралы хабарлама қор биржасында сауда-саттық өткізу басталардан кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын жариялануға және сауда-саттықтың басталу күні, сауда-саттықты өткізу орны, сату объектісі мен оның мөлшері туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды шет мемлекеттердің қор биржаларында сатуға жол беріледі.
Мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды шет мемлекеттердің қор биржаларында сату кезінде сол мемлекеттің заңнамасы қолданылады.»;
11) 103-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сатушының жекешелендіру объектісін сату туралы хабарламаны мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде жариялауын, сондай-ақ тәуелсіз консультанттың әлеуетті сатып алушыларға (инвесторларға) сату туралы ұсынысты жіберуін;»;
12) 105-бапта:
4-тармақта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің тікелей атаулы сату туралы шешімі объектінің және стратегиялық инвестордың атауын, сондай-ақ стратегиялық инвесторға қойылатын осы тармақта көрсетілген міндеттемелер тізбесінен міндеттемелерді қабылдау туралы талаптарды және міндеттемелердің орындалу мерзімдерін қамтиды.»;
төртінші және бесінші бөліктер алып тасталсын;
13) 106-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сенімгерлік басқарушы немесе жалдаушы (жалға алушы) тендердің әлеуетті қатысушыларына қатысты бәсекелестікке қарсы болып табылмайтын талаптар мен шарттар белгілене отырып, осы Заңның 100 және 101-баптарына сәйкес тендер негізінде таңдалады.»;
58-тармақтың 14) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) 108-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте кейіннен енгізілетін сомаларға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі негізге алына отырып пайыздар есепке жазылады.»;
15) мынадай мазмұндағы 120-1-баппен толықтырылсын:
«120-1-бап. Қорғаныс объектілерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары бойынша иеліктен шығару
Қорғаныс объектілерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары бойынша иеліктен шығару «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;
58-тармақтың 16) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16) 140-баптың 4-тармағының үшінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 2,5 еселенген ресми» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2,5 еселенген базалық» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 145-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын тиісті сала уәкілетті органының ұсынуы бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жазбаша келісуімен:
1) филиалдар, өкілдіктер құруға;
2) акционерлік қоғамдардың өзіне тиесілі акцияларына билік етуге;
3) үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілгерлік немесе кепілдік беруге құқылы.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын тиісті сала уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жазбаша келісуімен ғана дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға, қарыздар беруге құқылы.»;
18) 153-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазыналық кәсіпорын тиісті сала уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жазбаша келісуімен дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға құқылы.»;
19) 213-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекет жекелеген негіздер бойынша сатып алған мемлекеттік мүлікті өткізу мынадай тәртіп сақтала отырып жүргізіледі:
1) мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия шарты) негізінде сауда ұйымдары арқылы:
жарамдылық (сақталу) мерзімі шектелген азық-түлік тауарлары;
бұрын пайдалануда болған өнеркәсіп тауарлары (көлік құралдарынан, антикварлық бұйымдар мен тауарлардан басқа) өткізіледі;
2) қор биржасындағы сауда-саттықта бағалы қағаздар өткізіледі;
3) осы бөліктің 1) тармақшасында көрсетілмеген өзге де мүлік аукциондарда өткізіледі.
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, аукциондарда екінші сауда-саттық нәтижелері бойынша өткізілмеген мүлік мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия шарты) негізінде сауда ұйымдары арқылы өткізуге беріледі.
Ең төмен баға бойынша өткізілмеген мүлікті пайдалану және жою тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.».
59. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 66-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 24-ІІ, 124-құжат):
59-тармақтың 1) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 26-1) және 26-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«26-1) технологиялық қажеттіліктер - технологиялық отынды және (немесе) мұнай өнімдерін жылу энергиясын алуға және мұнай өнімдерін өндірушінің жабдықтарды пайдалану режиміне және олардың технологиялық сипаттамаларына байланысты өзге де технологиялық процестеріне пайдаланудың өндірістік процесі;
26-2) технологиялық отын - шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу процесінде бөлінетін және мұнай өнімдерін өндіруші жылу энергиясын алуға және мұнай өнімдерін өндірушінің жабдықтарды пайдалану режиміне және олардың технологиялық сипаттамаларына байланысты өзге де технологиялық процестеріне жіберген ауыспалы құрамдағы газ тәрізді, сұйық және (немесе) қатты отын;»;
59-тармақтың 2) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 12-бапта:
1-тармақ 10) тармақшасындағы «қабылдауға міндетті.» деген сөздер «қабылдауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) технологиялық қажеттіліктер үшін пайдаланылатын технологиялық отын көлемдерін есепке алуды жүргізуге;
12) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу кезінде алынатын және технологиялық қажеттіліктер үшін пайдаланылатын технологиялық отынды мұнай берушілерден сатып алуға міндетті.»;
2-тармақтағы «8) және 9)» деген сөздер «8), 9), 11) және 12)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 18-бап мынадай мазмұндағы 13 және 14-тармақтармен толықтырылсын:
59-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды
«13. Мұнай өнімдерін өндіруші алыс-беріс шикізатын қайта өңдеген жағдайда, қайта өңдеу процесінде, оның ішінде жылу энергиясын алу және жабдықтардың пайдаланылу режиміне және технологиялық сипаттамаларына байланысты өзге де технологиялық процестерді жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ сақтау, төгу-құю операцияларын жүргізу кезінде және мұнай өңдеу зауытының технологиялық қондырғыларында авариялық жағдайлар болған жағдайларда жоғалған шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің көлемдері мұнай берушінің меншігі болып табылады немесе оған өзге де заңды негіздерде тиесілі болады.
59-тармақтың 3) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтары 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14. Мұнай беруші мұнай өнімдерін өндірушіге осындай мұнай берушіге тиесілі алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу нәтижесінде алынған технологиялық отынды өткізеді.
Бұл ретте мұнай беруші мұнай өнімдерін өндірушіге алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу кезінде технологиялық қажеттіліктер үшін пайдаланылған технологиялық отынды сатып алуға байланысты шығыстарды мұнай беруші мен мұнай өнімдерін өндіруші арасындағы шартта белгіленген тәртіппен және шарттарда өтейді.»;
59-тармақтың 4) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 19-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережелері технологиялық қажеттіліктер үшін мұнай өнімдерін өндірушіге технологиялық отынды өткізу жағдайларына қолданылмайды.»;
3-тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл ретте мұнай берушінің технологиялық қажеттіліктер үшін мұнай өнімдерін өндірушіге технологиялық отынды өткізуі есепке алатын бақылау аспаптарын қолданбай жүзеге асырылады.».
60. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 72-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 49-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-II, 124-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат):
1) 1-баптың 42) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«42) шикі газ - қалыпты атмосфералық температура мен қысым кезінде жер қойнауынан газ тәріздес күйде алынатын, үлес салмағына қарамастан кез келген көмірсутектер, оның ішінде тазартылмаған табиғи, ілеспе, қатпарлы газ, көмір қабаттарындағы метан, сондай-ақ олардың құрамындағы көмірсутекті емес газдар;»;
2) 3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңның ережелері:
1) сұйытылған мұнай газын сыйымдылығы бір килограмнан аз баллондарда өткізу кезінде туындайтын;
2) мұнай өнімдерін өндірушілер технологиялық қажеттіліктерге өндіретін және пайдаланатын газды өндіру және оның айналымы саласындағы қатынастарға қолданылмайды.».
61. «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 24-I, 119-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 75-құжат):
61-тармақтың 1) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-бапта:
6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы - микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін жеке немесе заңды тұлға;
6-2) мінсіз іскерлік бедел - өтелмеген немесе алынбаған сотталғандының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;»;