Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарламаны алғаннан кейін кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитор атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы шегінде қайтаруды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотындағы қалдық кепілді өтемнің талап етілмеген сомасынан аз болған жағдайда, жетіспейтін бөліктің орнын толтыруды депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арнайы резерв қаражаты есебінен жүзеге асырады.»;
18) 22-бапта:
1-тармақта:
49-тармақтың 18) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның төленген (төленетін) кепілді өтемнің сомалары жөніндегі талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алынған ақша;»;
49-тармақтың 18) тармақшасының бесінші - он екінші абзацтары 2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
7) тармақшадағы «ақша шегінде және есебінен арнайы резерв қалыптастырады.» деген сөздер «ақша;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотынан қайтарылған жағдайда, осы Заңның 21-1-бабының 5-тармағына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынған ақша шегінде және есебінен арнайы резерв қалыптастырады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнайы резерві:
кепілді өтемді төлеу;
банк мүлкінің мөлшері мен басқа банкке (банктерге) берілетін кепілдік берілетін депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері арасындағы айырманың орнын толтыру;
депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен жасалған кепілді өтемді төлеу туралы келісімде айқындалған шарттарда және тәртіппен депозиторларға кепілді өтемді төлеу жөніндегі рәсімдерді орындауға байланысты шығыстарды банк-агентке өтеу;
осы Заңның 21-1-бабының 5-тармағына сәйкес кепілді өтемнің талап етілмеген сомасының жетіспейтін бөлігінің орнын толтыру үшін пайдаланылуы мүмкін.».
50. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 114-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 23-ІІ, 172-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 19-20, 86-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат; № 17-18, 78-құжат):
1) 23-баптың 2-тармағында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен:
1) ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының объектілерін және қорғаныс мұқтажы үшін объектілерді салу, жайластыру, олардың жұмыс істеуі үшін;
2) ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылысжайларын салу және олардың жұмыс істеуі үшін және шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген жер учаскелерін ғана;
3) осы Заңның 84-2-бабының 1-тармағына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндіру үшін және шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген жер учаскелерін ғана;
4) туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылым (жолдар, электр беру желілері, құбыржолдар) салу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді.»;
мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Барлауға арналған келісімшарт немесе барлауға арналған лицензия бойынша барлау не геологиялық бөлу учаскесі шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде ресурстары мен қорлары Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес пайдалы қатты қазбалардың ресурстары мен қорларын бағалау туралы есеппен расталған пайдалы қатты қазбалар кен орнының табылуы пайдалы қатты қазбаларды өндіру үшін осы тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыруға негіз болып табылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін пайдалы қатты қазбаларды өндіру мақсаттары үшін ауыстырған кезде:
1) жер қойнауын пайдаланушының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ауыстырылатын учаске алаңының екі еселенген мөлшерінде орман дақылдарын өтемдік отырғызу, сондай-ақ жұмыстар аяқталғаннан кейін пайдалы қатты қазбаларды өндіру учаскесінің құнарлы қабатын қалпына келтіруді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді қабылдауы;
2) экологиялық әсер етуге бағалау жүргізу;
3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының болуы;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар орналасқан елді мекендерде бұқаралық ақпарат құралдарында жазып-көрсете отырып, кең ауқымда қоғамдық тыңдаулар өткізу өндіру жөніндегі операцияларды жүргізудің басталу шарттары болып табылады.
Бұл ретте жер учаскесін үшінші тұлғаларға немесе кепілге беруге жол берілмейді.»;
үшінші бөліктің бірінші абзацындағы «Бұл ретте ерекше» деген сөздер «Ерекше» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 48-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Заңның 84-2-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге;»;
3) мынадай мазмұндағы 84-2-баппен толықтырылсын:
«84-2-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Заңның 23-бабы 2-тармағының екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінің ережелері осы бап қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған не берілген пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған келісімшарт немесе пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия бойынша барлау не геологиялық бөлу учаскесі шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде табылған кен орнында ғана пайдалы қатты қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндіру мақсаттары үшін қолданылады.
2. Осы Заңның 48-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында белгіленген тыйым салу пайдалы қатты қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін осы бап қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған және берілген келісімшарттар мен лицензияларға қолданылмайды.».
51. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 21-22, 90-құжат; 2020 ж., № 10, 39-құжат):
51-тармақтың 1) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
1) 3-баптың 4-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарын және бейрезидент-заңды тұлғалардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттарын қоспағанда, банктерде, бейрезидент-банктердің филиалдарында және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда банктік шоттарды ашу және жүргізу;»;
51-тармақтың 2) тармақшасы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, мекемелерінің және өзге де заңды тұлғаларының ақпараттық жүйелері үшін электрондық ақпараттық ресурс болып табылады.»;
51-тармақтың 3) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
3) 9-бапта:
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктер, бейрезидент-банктердің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар сәйкестендіру нөмірін ескеруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қалыптастыру алгоритміне сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірінің және (немесе) есептеу алгоритміне сәйкес жеке сәйкестендіру нөміріндегі бақылау разрядының дұрыс көрсетілуін бақылауға міндетті.»;
8-тармақтың 4) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«резидент-банктерде, бейрезидент-банктердің филиалдарында ағымдағы шоттар ашатын бейрезидент-заңды тұлғаларды мемлекеттік кірістер органында салық төлеушілер ретінде тіркеу кезінде жүзеге асырылады.»;
10-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) резидент-банктің, бейрезидент-банк филиалының орналасқан жері бойынша:
резидент-банктерде, бейрезидент-банктердің филиалдарында ағымдағы шоттар ашатын және осы тармақтың 2) - 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру жүргізілмейтін бейрезиденттер үшін жүзеге асырылады.»;
51-тармақтың 4) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
4) 10-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) бейрезидент-жеке тұлға резидент-банктегі, бейрезидент-банк филиалындағы ағымдағы шотын жапқан жағдайда;»;
3-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) қызмет нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалының қызметі тоқтатылған кезде;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) бейрезидент-заңды тұлға резидент-банктегі, бейрезидент-банк филиалындағы ағымдағы шотын жапқан жағдайда;»;
5) 11-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-3) және 3-4) тармақшалармен толықтырылсын:
51-тармақтың 5) тармақшасының төртінші абзацы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«3-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бизнес-әріптестердің тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына;
3-4) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін жүргізу мақсатында орталық депозитарийге;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жалпыға қолжетімді ақпаратты қоспағанда, жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ақпарат Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жеке немесе заңды тұлғаның келісімімен беріледі.».
52-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
52. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 68-құжат; № 24, 124-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 74-құжат):
1) 1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жария мүдделі ұйымдар - қаржы ұйымдары (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды, шаруашылық серіктестік нысанында құрылған, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), акционерлік қоғамдар (коммерциялық еместерін қоспағанда), жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін ұйымдардан басқа), астық қабылдау кәсіпорындары және жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдар, сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар;»;
2) 19-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Қаржы ұйымдары (банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда) жылдық қаржылық есептерін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде ұсынады.»;
3) 20-бапта:
3-тармақтағы «(Директорат)» деген сөз алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында, Қазақстанның Даму Банкінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актілер және оларға әдістемелік ұсынымдарды қабылдау арқылы жүзеге асырады.»;
6-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қаржы ұйымдары үшін:»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қаржы ұйымдарының (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарын сақтауына бақылауды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.».
53. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 68, 75-құжаттар):
38-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Байқоңыр» кешенінің мемлекеттік заңды тұлғаға бекітіліп берілген ғимараттарына (құрылыстарына, құрылысжайларына) құқықтарды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ меншік құқығымен басқа тұлғаға тиесілі жер учаскелерінде жер учаскесі меншік иесінің келісімімен, инвесторлар есебінен салынған өндірістік ғимараттарға (құрылыстарға, құрылысжайларға) құқықтарды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген жағдайларда, жер учаскесіне байланыстырылмай жүзеге асырылады.».
54. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 46-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 106-құжат; № 24-І, 119-құжат; № 24-ІІ, 122-құжат; 2020 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 39-құжат; № 11, 57-құжат; № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат; № 16, 77-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 44-2) тармақшамен толықтырылсын:
«44-2) мемлекеттік білім беру кредиті - білім алушыларға жоғары білім алуға ақы төлеу үшін берілетін нысаналы кредит;»;
2) 5-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 11-2) тармақшамен толықтырылсын:
«11-2) мемлекеттік білім беру кредитін беру және орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
3) 26-баптың 8-тармағы 6) тармақшасындағы «азаматтарын қабылдау үшін квота көзделеді.» деген сөздер «азаматтары үшін;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін;
8) кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін;
9) бала кезінен мүгедек балаларды, І, ІІ топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін қабылдау квотасы көзделеді.».
55. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 24, 126-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат):
1) 4-баптың 4-1), 5, 10) және 10-1) тармақшалары алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 4-3-баппен толықтырылсын:
«4-3-бап. Монополияға қарсы органның тауар биржалары саласындағы құзыреті
Монополияға қарсы орган:
1) тауар биржаларының қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді келіседі;
2) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) тауар биржасының монополияға қарсы органға есептер ұсыну қағидаларын бекітеді;
4) тауар биржаларының қызметіне талдау мен мониторинг жүргізеді;
5) коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тауар биржаларының қызметі және биржалық сауда мәселелері бойынша ақпаратты жариялайды;
6) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
7) тауар биржаларының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 6-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі «уәкілетті орган» деген сөздер «монополияға қарсы орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлармен тауар биржаларынан тыс жасалған мәмілелер мүдделі тұлғалардың, монополияға қарсы органның не прокурордың талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылады.»;
5) 24-баптың 3-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) монополияға қарсы органға: Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген мақсаттарда және тәртіппен, сондай-ақ осы Заңда көзделген құзыреті шеңберінде сұрау салуы бойынша ұсынылуға тиіс.»;
6) 27-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды монополияға қарсы орган олардың қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру жолымен жүзеге асырады.»;
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) электрондық тәсілмен - монополияға қарсы орган сұрау салған кезде бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына жіберілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынымды жіберген монополияға қарсы органға қарсылық жіберуге құқылы.»;
7) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«28-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамалары
Монополияға қарсы органның нұсқамаларын тауар биржалары нұсқамаларда көзделген мерзімде, бірақ оларды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей орындайды.».
56. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-ІІІ, 136-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; № 16, 56-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 106-құжаттар; № 24-І, 118-құжат; 2020 ж., № 12, 63-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 68-құжат; № 16, 77-құжат):
56-тармақтың 1) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
1) 4-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы Заңның екінші деңгейдегі банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.»;