5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған тәртіппен банк-агенттерге қойылатын талаптарды белгілейді;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған тәртіппен кепілді өтемді төлеуді жүзеге асыру үшін банк-агенттердің алдын ала тізбесін бекітеді;»;
6), 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
49-тармақтың 4) тармақшасының жетінші абзацы 2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
«6) қатысушы банкті консервациялау кезеңінде тағайындалатын банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің құрамына қатысады;»;
49-тармақтың 4) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
«8) тарату комиссиясы депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алдында өзі төлеген (төлейтін) кепілді өтемнің сомасы бойынша берешекті өтеген кезге дейін мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) тарату комиссиясының құрамына қатысады;
9) тарату комиссиясы депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алдында өзі төлеген (төлейтін) кепілді өтемнің сомасы бойынша берешекті өтеген кезге дейін мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) кредиторлар комитетінің құрамына қатысады.»;
5) 6-баптың 2-тармағында:
49-тармақтың 5) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
49-тармақтың 5) тармақшасының үшінші абзацының қолданысы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап 2021 ж. 1 мамырға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2-бабының 3-тармағының редакциясында қолданылды
«2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның депозиторларға кепілді өтемді төлеу жөніндегі міндеттемелері, осы Заңның 21-1-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кепілді өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл өткен соң және (немесе) кепілді өтемнің талап етілмеген сомалары осы Заңның 21-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылғаннан кейін тоқтатылуға жатады.»;
49-тармақтың 4) тармақшасының төртінші абзацы 2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
төртінші бөліктегі «21» және «5» деген цифрлар тиісінше «18» және «3» деген цифрлармен ауыстырылсын;
6) 7-бапта:
1-тармақтың 2) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызылған және (немесе) төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызылған қатысушы банктен, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктен (банкті уақытша басқарушыдан) жеке тұлғалардың депозиттері жөніндегі мәліметтерді, сондай-ақ кредитор мен борышкер бір тұлға болған жағдайда олардың міндеттемелері жөніндегі, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұратуға;»;
49-тармақтың 6) тармақшасының төртінші абзацының қолданысы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап 2021 ж. 1 мамырға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2-бабының 3-тармағының редакциясында қолданылды
«8) қатысушы банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылу кезеңіне тағайындалатын уақытша әкімшіліктен, мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) тарату комиссиясынан депозиторлар тізілімін және оған енгізілген өзгерістерді депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған нысан бойынша және тәртіппен уақтылы ұсынуды талап етуге;»;
49-тармақтың 6) тармақшасының бесінші - жетінші абзацтары 2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) депозиторларға осы Заңның 21-бабының 1-тармағында және 21-1-бабының 1-тармағында көзделген ақпаратты беруге және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуге міндетті.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның депозиторларға хабарлау тәртібін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайды;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым бұрынғы жұмыскерлерін қоса алғанда, өз жұмыскерлерінің қатысушы банктердің уақытша әкімшіліктері мен тарату комиссиялары мүшелерінің міндеттерін орындауы кезеңіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдер қабылдауына байланысты оларға қарсы талап қоюлар берілген жағдайда, оларды құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді.»;
49-тармақтың 7) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
7) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібі»;
49-тармақтың 8) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
8) 10-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру»;
1, 2, 3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру үшін банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) уәкілетті органның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензиясын алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға аталған лицензияның нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.
2. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіретін банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) уәкілетті органның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензиясын алған күні депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша жасалған өтінішті ұсыну арқылы қосылу шартына қосылуға міндетті.
Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіретін банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) қосылу шартына қосылу туралы өтініш ұсынбаған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым екі жұмыс күні ішінде осы факт туралы уәкілетті органға хабарлайды.
3. Уәкілетті орган қосылу шартына қосылу туралы өтініш ұсынбаған банкке (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес санкциялар қолдану туралы мәселені қарайды.
4. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым банктен (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалынан) қосылу шартына қосылуы туралы өтініш алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оған қатысушы банк куәлігін береді.
Қатысушы банк куәлігі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізіліміне ақпарат енгізілген күні беріледі.
5. Банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізіліміне ақпарат енгізілген күннен бастап депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болады.»;
9) 11-бапта:
49-тармақтың 9) тармақшасының екінші - үшінші абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банктің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) қосылу шартына қосылуы оның депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысуының міндетті шарты болып табылады.»;
49-тармақтың 9) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтары 2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақ 9) тармақшасындағы «шарттары қамтылуға тиіс.» деген сөздер «шарттары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) қатысушы банк куәлігін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қатысушы банктің депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен төлемдердің электрондық порталына қосылу және қол жеткізу шарттары мен тәртібін айқындайтын келісім жасасу міндеті қамтылуға тиіс.»;
10) 13-бапта:
1-тармақта:
49-тармақтың 10) тармақшасының үшінші абзацы 2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақша алып тасталсын;
49-тармақтың 10) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді, 2021 ж. 1 мамырға дейін қолданылды
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережесі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылмайды;»;
2-тармақта:
2) және 5-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
49-тармақтың 10) тармақшасының сегізінші абзацы 2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
«2) клиенттерге қатысушы банк куәлігінің нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, өзінің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысатыны туралы хабарлауға, сондай-ақ банктік шот шартын және (немесе) банктік салым шартын жасасқан кезде жазбаша немесе банктік шот шартында және (немесе) банктік салым шартында көзделген тәсілмен оларды депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы бекіткен нысан бойынша осы Заңда көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімдері мен тәртібі туралы, оның ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударуы туралы хабардар етуге;»;
49-тармақтың 10) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
«5-1) қатысушы банк депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына және (немесе) төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның сұрау салуы бойынша жеке тұлғалардың депозиттері жөніндегі мәліметтерді, сондай-ақ кредитор мен борышкер бір тұлға болған жағдайда олардың міндеттемелері жөніндегі, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді ұсынуға;»;
49-тармақтың 10) тармақшасының оныншы - он үшінші абзацтары 2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
7) тармақшадағы «қайтаруға міндетті.» деген сөздер «қайтаруға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым жүргізетін, кепілді өтемді төлеуді жүзеге асыру үшін банк-агенттердің алдын ала тізбесін бекіту жөніндегі рәсімдерге қатысуға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігі 8) тармақшасының ережесі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылмайды.»;
49-тармақтың 10) тармақшасының он төртінші және он бесінші абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
49-тармақтың 10) тармақшасының он бесінші абзацының қолданысы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап 2021 ж. 1 мамырға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2-бабының 3-тармағының редакциясында қолданылды
«3. Қатысушы банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылу кезеңіне тағайындалатын уақытша әкімшілік (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясы) қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнге жасалған депозиторлар тізілімін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайтын нысан бойынша және тәртіппен ұсынуға міндетті.
49-тармақтың 10) тармақшасының он алтыншы, он жетінші абзацтары 2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
Осы Заңның талаптарына сәйкес кепілді өтемді төлеу мақсаттары үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған қатысушы банк депозиторларының дербес деректерін жинауды және өңдеуді дербес деректер субъектілерінің немесе олардың заңды өкілдерінің келісімінсіз жүзеге асырады.
Бұл ретте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған қатысушы банк депозиторларының дербес деректерін өңдеуді және қорғауды Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.»;
49-тармақтың 11) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
11) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қатысушы банк мемлекеттік қайта тіркеу туралы (есептік қайта тіркеу туралы) анықтаманы алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымды өз атауының өзгергені туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.»;
49-тармақтың 12) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
12) 15-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қайта ұйымдастыру, тарату жолымен қатысушы банктің қызметін тоқтату немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметі ерікті түрде тоқтатылған кезде - Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға уәкілетті органның рұқсаты алынған күннен бастап;»;
4-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Қатысушы банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен уәкілетті органның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензиядан айыру, ерікті түрде қайта ұйымдастыру негіздері бойынша, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша шығарылған кезде жүйеден шығарылған банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) өзін шығарған күннен бастап үш ай ішінде жеке тұлғалардың депозиттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, тікелей төлеу арқылы не оларды басқа қатысушы банкке аудару арқылы қайтарып беруге міндетті.
Қатысушы банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен осы баптың 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша шығарылған кезде жүйеден шығарылған банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес депозиттерді қайтарып беруге міндетті.»;
49-тармақтың 13) тармақшасы 2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
13) 18-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған қатысушы банк депозиторға қатысты кредитор ретінде әрекет еткен жағдайда, кепілді өтемнің мөлшері аталған қатысушы банктің кепілдік берілген депозит сомасын және қарсы талаптарының сомасын есепке жатқызу нәтижесінде түзілген айырма сомасы негізге алына отырып, қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнге айқындалады.»;
49-тармақтың 14) тармақшасы 2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
14) 19-баптың 1-тармағындағы «белгіленген мөлшерде және тәртіппен» деген сөздер «белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
49-тармақтың 15) тармақшасы 2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
15) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Кепілді өтемді банк-агенттер арқылы төлеу
Кепілді өтем төлеуді депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілді өтем төлеуді жүзеге асыру үшін банк-агенттердің алдын ала тізбесінен таңдап алынған банк-агенттер арқылы жүргізеді.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қоятын талаптарға сай келетін банк-агенттер қатысушы банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күніне депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен кепілді өтемді төлеу туралы келісім жасасуға міндетті.
Кепілді өтем сомасын және депозиторларға кепілді өтемді төлеу жөніндегі рәсімдерді орындауға байланысты шығыстарды банк-агентке аудару шарттары мен тәртібі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен жасасқан кепілді өтемді төлеу туралы келісімде айқындалады.»;
49-тармақтың 16) тармақшасы 2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
16) 21-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде депозиторларға кепілді өтем төлеуді жүзеге асыратын банк-агенттердің тізбесін көрсете отырып, кепілді өтем төлеудің басталу күні, төлеу кезеңі мен орындары не осы Заңның 23-бабында көзделген жағдайда, кепілді өтемді төлеудің басталуын кейінге қалдыру туралы қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау арқылы, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабарлайды.»;
үшінші бөлікте:
«орны (орындары)» деген сөздер «орындары» деген сөзбен ауыстырылсын;
«мемлекеттік және орыс тілдерінде таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау арқылы» деген сөздер «таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау арқылы, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы қазақ және орыс тілдерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кепілді өтемді алу үшін депозитор кепілді өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл ішінде:
депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға төлемдердің электрондық порталы не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық нысанда;
осы Заңның 21-бабының 1-тармағында көрсетілген банк-агенттер тізбесінен таңдап алынған банк-агентке қағаз жеткізгіште кепілді өтемді төлеуге өтініш беруге құқылы.
3. Депозитордың барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған қатысушы банкке талап ету құқығы расталған кезде кепілді өтемді төлеу кепілді өтемді төлеуге өтініш және растайтын құжаттар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
4. Депозиторларға кепілді өтемді төлеу, сондай-ақ қатысушы банктерді, қатысушы банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылу кезеңіне тағайындалатын уақытша әкімшілікті және мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) тарату комиссиясын төлемдердің электрондық порталына қосу және олардың қол жеткізу тәртібін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайды.»;
5-тармақ алып тасталсын;
49-тармақтың 17) тармақшасы 2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
17) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:
«21-1-бап. Кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі өткенге дейін отыз жұмыс күні бұрын:
кепілді өтемді төлеу мерзімінің аяқталатын күні;
осы баптың 2-тармағында көзделген шарттар болған кезде кепілді өтемнің талап етілмеген сомасының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатыны туралы қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабарлайды.
Бұл ретте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі өткенге дейін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған тәртіппен, кепілді өтемді төлеуге өтініш жасамаған депозиторларға ақпарат берудің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдері мен нысандарын пайдаланады.
Депозитор осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі аяқталғанға дейін кепілді өтемді төлеуге өтініш жасамаған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударады.
2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына:
депозиторлар тізіліміндегі депозитордың дербес деректерінің (жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған күні) жеке тұлғалар туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесіндегі жеке тұлғаның дербес деректеріне (жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған күні) сәйкес келген, сондай-ақ депозитордың жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжат болған;
депозитордың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар жеке зейнетақы шоты болған жағдайларда, аударуды жүзеге асырады.
3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өзара іс-қимылы келісім негізінде жүзеге асырылады, онда:
1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында ақпарат алмасу тәртібі мен мерзімдері;
2) кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аудару, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға қайтару тәртібі, мерзімдері және шарттары қамтылуға тиіс.
4. Осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін берілген кепілді өтемді төлеуге өтініш депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген мерзім кезеңінде кепілді өтемді төлеуге өтініш беруге кедергі келтірген мынадай мән-жайлардың бірі болған кезде қарауына жатады:
депозитордың әскери қызметке кіруі;
депозитордың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болуы;
депозитордың мұрасын қабылдау және мұраны иемденуге немесе ашуға байланысты өзге де себептер;
депозитордың бас бостандығынан айыру орындарында болуы;
сот анықтаған өзге де мән-жайлар.
Кепілді өтемді төлеуге өтініш осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген мерзім кезеңінде кепілді өтемді төлеуге өтініш беруге кедергі келтірген мән-жайлардың бірінің болғанын растайтын құжаттар қоса беріле отырып, қағаз жеткізгіште беріледі.
Кепілді өтемді төлеуге өтініш қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату) туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген күнге дейін не кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударылған жағдайда «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдеріне құқық басталғанға дейін берілуі мүмкін.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілді өтемді төлеуге өтініш келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды.
5. Депозитор осы баптың 4-тармағына сәйкес кепілді өтемді төлеу туралы өтініш берген жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы баптың 3-тармағында көзделген келісімге сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына хабарлама жібереді.